"Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр э

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі № 124 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 8 сәуірде № 22516 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 164 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10662 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы қағидаларын, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу тәртібін бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы қағидалары, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу тәртібі бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы қағидалары, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу тәртібі";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы қағидалары, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу тәртібі (бұдан әрі – Қағидалар) "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 5-3) және 10) тармақшаларына сәйкес әзірленді және қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:

      1) аукциондық баға – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі өндіретін электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алуына арналған, аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша айқындалған және тиісті шекті аукциондық баға деңгейінен аспайтын баға;

      2) аукциондық сауда-саттық – аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы аукцион негізінде электрондық жүйеде ұйымдастыратын және өткізетін және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспары ескеріле отырып, осы жаңа объектілерді, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудың жаңа объектілерін салу жөніндегі жобаларды іріктеуге және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндіретін электр энергиясының аукциондық бағаларын айқындауға бағытталған процесс;

      3) басым шартты тұтынушылар (бұдан әрі – БШТ) – жұмыс істеп тұрған (2018 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген және уәкілетті орган Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесіне енгізбеген) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде иеленетін, өндіріп шығарған электр энергиясын осы аталған тұлға немесе тұлғалар тобы толық көлемде тұтынатын не жасалған екіжақты шарттарға сәйкес уағдаласқан бағалар бойынша тұтынушыларға өткізетін тұлға немесе құрамына шартты тұтынушылар және жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар кіретін тұлғалар тобы;

      4) беру айы – тиісті айдың бірінші күнінен басталатын, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінен электр энергиясын іс жүзінде берудің күнтізбелік айы;

      5) газ – шикі, тауарлық, сұйытылған мұнай газы және сұйытылған табиғи газ;

      6) жаңартылатын энергия көздерінен, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудан алынатын электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын шартты тұтынушылар (бұдан әрі – шартты тұтынушылар) – көмірді, газды, құрамында күкірт бар шикізатты, мұнай өнімдері мен ядролық отынды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар;

      Қазақстан Республикасынан тысқары жерден электр энергиясын сатып алатын электр энергиясы нарығының субъектілері;

      2016 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілгендерді қоспағанда, жиынтық қуаты отыз бес мегаваттан асатын, бір гидроторапта орналасқан қондырғылары бар гидроэлектр станциялары;

      7) жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тариф – Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 118 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10622 болып тіркелген) бекітілген, жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау Қағидаларына сәйкес, жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы белгілейтін, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының сатуына арналған тариф;

      8) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы (бұдан әрі – қаржы-есеп айырысу орталығы) – жүйелік оператор құратын және уәкілетті орган айқындайтын, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген және Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр желілеріне берілген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын осы Заңда көзделген тәртіппен орталықтандырылған сатып алуды және сатуды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      9) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым (бұдан әрі – өтініш беруші) – жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      10) жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектiсi (бұдан әрі – ЖЭК-ті пайдалану объектісі) – ЖЭК-ті пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және ЖЭК-ті пайдалану объектісін игеру үшін технологиялық тұрғыдан қажетті және ЖЭК-ті пайдалану объектісі меншік иесінің балансындағы, олармен өзара байланысты құрылыстар мен инфрақұрылым;

      11) коммерциялық есепке алу аспабы – электр қуатын, электр немесе жылу энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы;

      12) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі – қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуға арналған техникалық құрылғылар мен қондырғылардың және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату үшін технологиялық жағынан қажетті, олармен өзара байланысты құрылыстар мен инфрақұрылымның жиынтығы;

      13) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым – осы Заңға және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудан алынатын энергияны өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      14) тасқындық электр энергиясы – Қазақстан Республикасында электр энергиясын өндірудің-тұтынудың нақты теңгеріміне сәйкес көлемде Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес суды табиғат қорғау мақсатында ағызу кезеңінде энергия өндіруші ұйымдар (гидроэлектр станциялары) өндіретін және Заңда белгіленген тәртіппен электр энергиясына арналған шекті тариф бойынша қаржы-есеп айырысу орталығына өткізілетін электр энергиясы;

      15) тіркелген тариф – ЖЭК-ті пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын Заңда белгіленген тәртіппен қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алуына арналған тариф;

      16) уәкілетті орган – ЖЭК-ті пайдалануды қолдау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      17) электр энергиясын тұтыну аймағы – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын тұтынуға кедергі келтіретін техникалық сипаттағы шектеулері жоқ Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің бір бөлігі.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. ЖЭК-ті пайдаланатын барлық энергия өндіруші ұйымдар, басым шартты тұтынушының құрамына кіретін энергия өндіруші ұйымдарды және тасқындық электр энергиясын өндіруді және желіге босатуды жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдарды қоса алғанда, өзінің ЖЭК-ті пайдалану объектісінде, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісінде коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін пайдаланады. Коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі арқылы деректер өңірлік диспетчерлік орталықтарға беріледі.

      ЖЭК-ті пайдалану объектілеріндегі, электр энергиясын шоғырландыруға арналған құрылғылармен, дербес қоректендіру көздерімен, сондай-ақ резервтік қоректендіру электр желілерімен жарақтандырылған қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілеріндегі электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі осы құрылғылармен босатылатын және (немесе) тұтынылатын электр энергиясының коммерциялық есебін қамтамасыз етеді.

      ЖЭК-ті пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар ЖЭК-тің әртүрлі түрлерін пайдалана отырып, электр энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғыларды не ЖЭК-тің бір түрін пайдаланудан электр энергиясын өндіруге арналған, бірақ қаржы-есеп айырысу орталығына әртүрлі тіркелген тарифтер бойынша не аукциондық бағалар бойынша сатып алуға жататын техникалық құрылғыларды ЖЭК-ті пайдалану жөніндегі объектіде өндірілген электр энергиясының бөлек есепке алынуын қамтамасыз ететіндей етіп коммерциялық есепке алу аспаптарымен жарақтандырады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі жаңадан іске қосылатын объектілерде өндірілген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу тәртібі";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Сатып алу шартына қол қойылғаннан кейін Өтініш беруші қаржы-есеп айырысу орталығына мынадай құжаттарды жібереді:

      1) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген сатып алу шарты жасалатын ЖЭК-ті пайдалану объектісінің құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі – сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 18 (он сегіз) ай ішінде;

      2) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Сәулет қызметі туралы заң) 11-тарауына сәйкес бекітілген, оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК пайдалану объектісін пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін – сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 36 (отыз алты) ай ішінде ұсынады.

      Бұл ретте, осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім, егер ол өткенге дейін Сәулет қызметі туралы заңға сәйкес техникалық қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті ұйымнан (адамнан) ЖЭК-ті пайдалану объектісін салу жөніндегі жұмыстардың жалпы көлемінің кемінде 70%-ы көлемінде ЖЭК-ті пайдалану объектісі бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалғаны туралы растау ұсынылған жағдайда, күнтізбелік 1 (бір) жылға ұзартылады;

      3) оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК-ті пайдалану объектісі үшін энергия беруші ұйым мен өтініш беруші арасында қол қойылған тараптардың теңгерімдік тиесілігін шектеу және пайдалану жауапкершілігі актісінің көшірмесі – ЖЭК-ті пайдалану объектісін кешенді сынау басталғанға дейін тараптардың теңгерімдік тиесілігін шектеу актісіне қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде;

      4) энергия беруші ұйым мен оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК-ті пайдалану объектісі үшін өтініш беруші арасында қол қойылған ЖЭК-ті пайдалану объектісінде коммерциялық және техникалық есепке алу аспаптарын орналастыру схемасын қамтитын электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдау актісінің көшірмесін – электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдау актісіне қол қойылған күннен бастап және ЖЭК-ті пайдалану объектісін кешенді сынау басталғанға дейін 10 (он) жұмыс күні ішінде;

      5) ЖЭК-ті пайдалану объектісіндегі объектінің электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін пайдалануға беру туралы актінің көшірмесін – кешенді сынақ жүргізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде.";

      22, 23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Егер пайдалануға берілген ЖЭК-ті пайдалану объектісінің нақты параметрлері сатып алу шартында көрсетілген параметрлерден өзгеше болса, қаржы-есеп айырысу орталығы мен өтініш беруші қаржы-есеп айырысу орталығына ЖЭК-ті пайдалану объектісін пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісінің көшірмесі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде ЖЭК-ті пайдалану объектісінің сипаттамасын нақты мән-жайларға сәйкес келтіру және ЖЭК-ті пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне тиісті өзгерістер енгізу үшін сатып алу шартына тиісті қосымша келісім жасайды.

      23. Сатып алу шартын жасасқан өтініш беруші ЖЭК-ті пайдалану объектісінің электр қондырғыларын кешенді сынақтан өткізу аяқталғаннан кейін қаржы-есеп айырысу орталығына тұрақты түрде мынадай ақпаратты жібереді:

      1) айларға бөле отырып, электр энергиясын өндіру, желілерге босатудың алдағы жылға арналған болжамды көлемі – жыл сайын жиырмасыншы желтоқсанға қарай;

      2) алдағы тәуліктерге электр энергиясын жеткізудің болжамды тәуліктік графиктері – күн сайын Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 10 сағат 00 минутқа дейін;

      3) электр энергиясын желіге босатудың іс жүзіндегі айлық көлемі – берілген айдан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірілмей;

      4) электр энергиясын өндіру үшін ЖЭК-ті пайдалану объектісінде пайдаланылатын ЖЭК бастапқы ресурсының негізгі сипаттамалары туралы ақпаратпен бірге электр энергиясын желіге босатудың нақты тәуліктік сағат сайынғы көлемі – күн сайын Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 10 сағат 00 минутқа дейін;

      5) ЖЭК-ті пайдалану объектісі мен электр желілеріне ЖЭК-ті пайдалану объектісі қосылған энергия беруші ұйым арасында қол қойылған, қаржы-есеп айырысу орталығымен келісілген нысан бойынша электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алу актісінің көшірмесі – берілген айдан кейінгі айдың жетінші күнінен кешіктірілмей;

      6) генерациялайтын жабдықты жоспарлы жөндеуге шығарған жағдайда жөндеу жұмыстарының мерзімдері мен сипаты – жөндеу жұмыстары басталғанға дейін бір апта бұрын;

      7) авариялық бұзылу немесе құрылғылардың дұрыс жұмыс істемеуі, олардың зақымдануы немесе ЖЭК-ті пайдалану объектісінің генерациялау көрсеткішіне әсер ететін нормаланған көрсеткіштерден параметрлердің ауытқуы жағдайында электр энергиясының тәуліктік кестесінен мәжбүрлі ауытқу кезіндегі бұзушылықтар сипаты – тәулік ішінде.

      24. Сатып алу шартын жасасқан өтініш беруші ЖЭК-ті пайдалану объектісінің электр қондырғыларын кешенді сынақтан өткізу аяқталғаннан кейін өңірлік электр желілік компанияға және жүйелік операторға тәуліктік (алдағы тәуліктерге Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша күн сайын 10 сағат 00 минутқа дейін) және айлық (ай басталғанға дейін күнтізбелік он күн бұрын) электр энергиясын желіге беру графиктерін тұрақты түрде жібереді.";

      мынадай мазмұндағы 24-1 және 24-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "24-1. Сатып алу шартын жасасқан ЖЭК-ті пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар қаржы-есеп айырысу орталығына кешенді сынақтар жүргізгенге дейін 5 (бес) жұмыс күні бұрын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің 18-разрядты сәйкестендіру кодтарын ұсынады.

      24-2. Қаржы-есеп айырысу орталығымен сатып алу шартын жасасқан энергия өндіруші ұйымдар күн сайын Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 10 сағат 00 минутқа дейін жүйелік оператордың автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне алдағы операциялық тәуліктерге арналған электр энергиясын желіге босатудың болжамды көлемдері туралы ақпаратты енгізеді.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Тиісті қызметкерлер тиісті өтініш берушіде қолданылатын қауіпсіздік техникасына қойылатын талаптарды сақтаған жағдайда және ЖЭК-ті пайдалану объектісіне бару күні мен уақытын өтініш берушімен келіскен кезде сатып алу шартын жасасқан өтініш беруші қаржы-есеп айырысу орталығының, жүйелік оператордың және электр желілеріне ЖЭК-ті пайдалану объектісі қосылған энергия беруші ұйымның уәкілетті қызметкерлерінің коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алу және олардың қосылу схемасын тексеру үшін ЖЭК-ті пайдалану объектісіне және электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарына жұмыс уақытында кіруіне кедергі келтірмейді.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі жұмыс істеп тұрған объектілерде өндірілген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу тәртібі";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Қаржы-есеп айырысу орталығының техникалық-экономикалық негіздемесі бар жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінде өндірілген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу тәртібі";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі реконструкцияланған объектілерде өндірілген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу тәртібі";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын шартты тұтынушыларға орталықтандырылған сату тәртібі";

      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Шартты тұтынушылар:

      1) ай сайын беру айына дейін күнтізбелік 10 (он) күн бұрын қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясын өндірудің, желіге босатудың, энергия беруші ұйымдар мен тұтынушыларға берудің немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден қабылдап алудың болжамды айлық көлемдері туралы ақпарат жібереді;

      2) жыл сайын бірінші қарашаға қарай қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясын өндірудің, желіге босатудың, энергия беруші ұйымдар мен тұтынушыларға берудің алдағы жылға арналған болжамды көлемдері туралы ақпарат жібереді;

      3) ай сайын ЖЭК-ті пайдалану объектілерінен электр энергиясын берудің есепті айынан кейінгі айдың бесінші күніне дейін қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясын өндірудің, желіге босатудың немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден электр энергиясын қабылдаудың нақты көлемдері туралы ақпарат береді;

      4) күн сайын Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 10 сағат 00 минутқа дейін жүйелік оператордың автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне алдағы операциялық тәуліктерге арналған электр энергиясын желіге босатудың болжамды көлемдері туралы ақпаратты енгізеді.";

      61-тармақ алып тасталсын;

      61-1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "61-1. Жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген электр энергиясын желіге босату көлемінің нақты мәндері және шартты тұтынушылардың электр энергиясын желіге босату көлемі (электр энергиясының импортын қоса алғанда) жүйелік оператор есепті айда қалыптастыратын Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімімен айқындалады.";

      мынадай мазмұндағы 62-1-тармақпен толықтырылсын:

      "62-1. Қаржы-есеп айырысу орталығы осы Қағидалардың 62-тармағына сәйкес шартты тұтынушылар арасында электр энергиясын пропорционалды бөлген кезде қаржы-есеп айырысу орталығына тасқындық электр энергиясын жеткізуді жүзеге асыратын шартты тұтынушылардың электр энергиясын желіге босату көлемі Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгеріміне сәйкес тасқындық электр энергиясының тиісті көлеміне азайтылады.";

      71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. Егер қаржы-есеп айырысу орталығы Заңның 7-1-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес электр энергиясын сатудан алған ақша сомасы ағымдағы тоқсанда ЖЭК-ті пайдалануды қолдауға арналған шығындарды өтеу үшін қажетті мөлшерден аз немесе асып кетсе, қаржы-есеп айырысу орталығы қайта есептеуді жүргізеді және шығындарды электр энергиясын шартты тұтынушылар арасында келесі тоқсанға қайта бөледі.";

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Қаржы-есеп айырысу орталығының электр энергиясының тиісті үлесін күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша басым шартты тұтынушыларға қайта есептеу және қайта бөлу тәртібі";

      75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "75. Қаржы-есеп айырысу орталығы Заңның 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын сату шартының үлгілік нысанына сәйкес БШТ өкілімен ЖЭК-ті пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын сату шартын жасасады.";

      79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "79. ЖЭК-ті пайдалану объектісін пайдалануға бергенге дейін БШТ өзінің ЖЭК-ті пайдалану объектісінде электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі арқылы деректер өңірлік диспетчерлік орталықтарға беріледі.";

      85-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "85. Жбшт нақты – БШТ пайдалануға берген ЖЭК-ті пайдалану объектілерінің электр энергиясын өндірудің нақты жылдық көлемінің (немесе электр энергиясын өндіру кезінде күнтізбелік бір жылдан аз аз кезеңдегі көлемнің) шартты тұтынушылардың электр энергиясын тұтыну аймағын ескере отырып, желіге жіберу көлеміне арақатынасы мынадай формула бойынша айқындалады:

      Жбшт нақты = Vжэк бшт нақты г / V шт бшт нақты г*100%, мұндағы:

      V жэк бшт нақты г – БШТ пайдалануға берген ЖЭК-ті пайдалану объектісі өндірген электр энергиясының нақты көлемі;

      V шт бшт нақты г - БШТ құрамына кіретін шартты тұтынушылар желіге жіберген электр энергиясының нақты жылдық көлемі.

      Егер Жбшт нақты тең немесе Днақты ж немесе Қож үлкен болса, онда қаржы-есеп айырысу орталығы қайта есептеу және қайта бөлуді жүргізбейді.";

      88-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "88. Қаржы-есеп айырысу орталығы:

      1) БШТ беру айының қорытындысы бойынша осы Қағидалардың 84-тармағында көрсетілген көрсеткіштердің кез келгеніне жеткенге дейін ЖЭК-ті пайдалануды қолдауға арналған шығындарды БШТ-ға мынадай формула бойынша бөледі:

      Vбшт = (Vжэк ҚЕО нақты + Vжэк БШТ нақты) / (Vшт ҚЕО нақты +Vшт БШТ нақты) * Vшт БШТ нақты - Vжэк БШТ нақты, мұндағы:

      Vбшт – қаржы-есеп айырысу орталығының БШТ электр энергиясын күнтізбелік айда сату көлемі;

      Vжэк қео нақты – ЖЭК-ті пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату және тасқын электр энергиясын өндіретін және электр энергиясын тұтынудың тиісті аймағы бойынша қаржы-есеп айырысу орталығына өткізетін электр энергиясының нақты айлық көлемі;

      V шт бшт нақты – БШТ шартты тұтынушылары желіге жіберген электр энергиясының көлемін есепке алмағанда, тиісті тұтыну аймағында шартты тұтынушылар желіге берген электр энергиясының нақты айлық көлемі;

      V ЖБК факт – электр энергиясын тұтынудың тиісті аймағы бойынша ЖБК шартты тұтынушылары желіге жіберген электр энергиясының нақты айлық көлемі;

      V жэк бшт нақты – ЖЭК-ті пайдалану объектісі өндірген, электр энергиясын тұтынудың тиісті аймағы бойынша БШТ пайдалануға берген электр энергиясының нақты айлық көлемі;

      2) осы Қағидалардың 84-тармағында көрсетілген көрсеткіштердің кез келгенін беру айының қорытындысы бойынша БШТ-ға қол жеткізгенге дейін ЖЭК-ті пайдалануды қолдауға арналған шығындарды әрбір шартты тұтынушыға мынадай формула бойынша бөледі:

      V шт қео i = (Vжэк қео нақты + Vжэк бшт нақты)/(Vшт қео нақты +Vшт бшт нақты) * Vшт i, мұндағы:

      Vшт қео i – күнтізбелік айда ЖЭК-ті пайдаланатын, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату энергия өндіруші ұйымдар өндірген электр энергиясын және тасқын электр энергиясын шартты тұтынушыға сату көлемі;

      Vшт i – күнтізбелік айда осы шартты тұтынушы желіге жіберген электр энергиясының көлемі;

      3) осы Қағидалардың 84-тармағында көрсетілген көрсеткіштердің кез келгенін беру айының қорытындысы бойынша ЖЭК-ті пайдалануды қолдауға арналған шығындарды қаржы-есеп айырысу орталығы күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша БШТ-ға бөледі.";

      90, 91 және 92-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "90. БШТ-ға қайта бөлінетін электр энергиясын сату көлемін ЖЭК-ті қолдауға арналған тариф бойынша БШТ өкілі төлейді, ол қаржы-есеп айырысу орталығы төлем құжаттарын берген сәтте қолданыста болады.

      БШТ-ға электр энергиясының көлемі қайта бөлінген жағдайда, қаржы-есеп айырысу орталығы ЖЭК-ті пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын сатып алу көлемін жыл ішінде әрбір шартты тұтынушы үшін электр энергиясын тұтыну аймағын ескере отырып, ағымдағы күнтізбелік жылы желіге жіберу үлесіне барабар төмендету арқылы келесі күнтізбелік жылдағы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша шартты тұтынушыларға берілген электр энергиясының көлеміне қайта есептеу жүргізеді.

      91. Осы Қағидалардың 89-тармағына сәйкес есептелген БШТ-ға сату көлемдерін қайта бөлуді ескере отырып, әрбір шартты тұтынушы үшін күнтізбелік жыл ішінде электр энергиясын тұтынудың тиісті аймағы бойынша электр энергиясын қайта есептеу көлемі мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      Vесеп. шт i = Vқе бшт ж * Vшт i ж/ Vжэк еқо нақты ж, мұндағы:

      Vесеп. шт i – шартты тұтынушы үшін күнтізбелік жыл ішінде ЖЭК-ті пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын және тасқын электр энергиясын қайта есептеу көлемі;

      V жэк қео нақты ж – ЖЭК-ті, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды және тасқын электр энергиясын пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген және электр энергиясын тұтынудың тиісті аймағы бойынша қаржы-есеп айырысу орталығына өткізетін электр энергиясының нақты жылдық көлемі;

      Vшт i ж – шартты тұтынушыға ЖЭК-ті пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген электр энергиясын, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды және есептік жылда тасқындық электр энергиясын сату көлемі.

      92. Шартты тұтынушы үшін электр энергиясын сату көлемін төмендету ағымдағы жылы беру айында шартты тұтынушы үшін есептелген ЖЭК-ті, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды және тасқындық электр энергиясын пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген электр энергиясын сату көлемінен электр энергиясын қайта есептеу көлемін шегеру арқылы күнтізбелік жылдан кейінгі келесі айда бір жыл ішінде жүргізіледі.

      Егер шартты тұтынушы үшін электр энергиясын қайта есептеу көлемі ЖЭК-ті, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды және тасқындық электр энергиясын пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген шартты тұтынушы үшін беру айында есептелген электр энергиясын сату көлемінің шамасынан асып түскен жағдайда, көрсетілген шама жыл ішінде толық өзара есеп айырысқанға дейін келесі есеп айырысу айында шегерілуге тиіс.

      Егер ЖЭК-ті, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды және тасқындық электр энергиясын пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген, шартты тұтынушы үшін есептелген электр энергиясын сату көлемінің шамасы беру айында нөлге тең болған жағдайда, шартты тұтынушы үшін электр энергиясын қайта есептеу көлемі ағымдағы жыл ішінде толық өзара есеп айырысқанға дейін келесі есеп айырысу айында шегерілуге тиіс.";

      8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-тарау. Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңадан іске қосылатын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінде өндірілген электр энергиясын аукциондық бағалар бойынша орталықтандырылған сатып алу тәртібі";

      106-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "106. Сатып алу шартына қол қойылғаннан кейін өтініш беруші қаржы-есеп айырысу орталығына мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген сатып алу шарты жасалатын ЖЭК-ті пайдалану объектісінің құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі – күн электр станциялары үшін сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 12 (он екі) ай ішінде, жел және биогаз электр станциялары үшін сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 18 (он сегіз) ай ішінде, гидроэлектр станциялары үшін сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай;

      2) Сәулет қызметі туралы заңның 11-тарауында айқындалған тәртіппен бекітілген, оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК-ті пайдалану объектісін пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін – күн электр станциялары үшін сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай ішінде, жел және биогаз электр станциялары үшін сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 36 (отыз алты) ай ішінде, сгидроэлектр станциялары үшін сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 60 (алпыс) ай.

      Бұл ретте, көрсетілген мерзімдер, егер осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген мерзім өткенге дейін Сәулет қызметі туралы заңға сәйкес техникалық қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті ұйымнан (адамнан) ЖЭК-ті пайдалану жөніндегі объектіні салу жөніндегі жұмыстардың жалпы көлемінің кемінде 70%- ы көлемінде ЖЭК-ті пайдалану объектісі бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалғаны туралы растау ұсынылған жағдайда, күнтізбелік 1 (бір) жылға ұзартылады;

      3) оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК-ті пайдалану объектісі үшін энергия беруші ұйым мен өтініш беруші арасында қол қойылған тараптардың теңгерімдік тиесілігін шектеу және пайдалану жауапкершілігі актісінің көшірмесі – ЖЭК-ті пайдалану объектісін кешенді сынау басталғанға дейін тараптардың теңгерімдік тиесілігін шектеу актісіне қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде;

      4) энергия беруші ұйым мен оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК-ті пайдалану объектісі үшін өтініш беруші арасында қол қойылған ЖЭК-ті пайдалану объектісінде коммерциялық және техникалық есепке алу аспаптарын орналастыру схемасын қамтитын электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдау актісінің көшірмесін – электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдау актісіне қол қойылған күннен бастап және ЖЭК-ті пайдалану объектісін кешенді сынау басталғанға дейін 10 (он) жұмыс күні ішінде;

      5) сатып алу шартына қол қойған күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде оның талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді ұсынады;

      6) кешенді сынақ жүргізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ЖЭК-ті пайдалану объектісінің электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін пайдалануға беру туралы актінің көшірмесі;

      7) ЖЭК-ті пайдалану объектісін салуға алынған шетел валютасындағы кредиттік міндеттемелердің болуы туралы ақпаратты – жыл сайын бірінші қазанға қарай ұсынады.";

      мынадай мазмұндағы 9-тараумен толықтырылсын:

      "9-тарау. Қаржы-есеп айырысу орталығының қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу тәртібі

      111. Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын сатып алуға қаржы-есеп айырысу орталығымен сатып алу шартын жасасуға өтінімді оны және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектіні салу жөніндегі тиісті жобаны енгізген күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде мынадай құжаттарды қоса бере отырып, аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізіліміне береді:

      1) құрылтай құжаттары;

      2) тұлғаның сатып алу шартына қол қою өкілеттігін растайтын құжат;

      3) электр энергиясын берудің жоспарланған көлемі туралы ақпарат;

      4) өткен аукциондық сауда-саттықтың қорытындылары туралы жазбаша хабарламаның көшірмесі.

      112. Қаржы-есеп айырысу орталығы өтінімді және ұсынылған құжаттарды алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды. Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым осы Қағидалардың 111-тармағында көзделген құжаттарды толық көлемде ұсынбаған жағдайда, қаржы-есеп айырысу орталығы олар келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қайтару себептерін көрсете отырып, өтінімді қайтарады.

      Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым өтінім қайтарылған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтырады және/немесе қаржы-есеп айырысу орталығының ескертулерін жояды.

      113. Қаржы-есеп айырысу орталығы мынадай талаптарды орындау кезінде электр энергиясын сатып алу қалдықтарын энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйыммен шарт жасасады:

      1) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым осы Қағидалардың 111-тармағында көзделген құжаттарды ұсынса;

      2) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объект және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізіліміне енгізілсе;

      3) қаржы-есеп айырысу орталығы мен қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым арасында өтінімде көрсетілген қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектіде өндірілген электр энергиясын сатып алудың қолданыстағы шарты болмаса.

      114. Қаржы-есеп айырысу орталығы өтінім берушіге өтінімде көрсетілген мекенжай бойынша жібереді немесе осы Қағидалардың 111-тармағында көзделген құжаттар келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде сатып алу шарты жобасының екі данасын қаржы-есеп айырысу орталығы орналасқан жер бойынша қолма-қол өтінім берушінің уәкілетті өкіліне береді.

      115. Энергия өндіруші ұйымның сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді ұсынуы осы Қағидалардың 95, 96, 98, 99, 100-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады

      116. Банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап қолданылу мерзімі кемінде 61 (алпыс бір) ай алушының (бенефициардың) нұсқауы бойынша оларды толық немесе бөліп-бөліп орындау мүмкіндігін көздейтін қайтарып алынбайтын болып ұсынылады.

      117. Сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету мынадай жағдайларда осы Қағидалардың 98-тармағында белгіленген тәртіппен ұсталады:

      1) сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай өткеннен кейін 6 (алты) ай ішінде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген сатып алу шарты жасалатын қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісінің құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның көшірмесін ұсынбаған кезде – сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасының 30% - ы мөлшерінде;

      2) оған қатысты сатып алу шарты жасалатын Сәулет қызметі туралы заңның 11-тарауына сәйкес айқындалған тәртіппен бекітілген қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектіні қабылдау актісінің көшірмесін ұсынбаған кезде-сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасының 100% - ы мөлшерінде, ал осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету бөлігі ұстап қалған жағдайда, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі – Сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 60 (алпыс) ай ішінде сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасының 70% - ы.

      118. Сатып алу шартына қол қойылғаннан кейін қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым қаржы-есеп айырысу орталығына мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілер үшін сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай ішінде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген, оған қатысты сатып алу шарты жасалатын, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектінің құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі;

      2) Сәулет қызметі туралы заңның 11-тарауында айқындалған тәртіппен бекітілген, оған қатысты сатып алу шарты жасалатын қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектіні пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін-қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілер үшін сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 60 (алпыс) ай ішінде ұсынады;

      3) оған қатысты сатып алу шарты жасалатын, энергия беруші ұйым мен қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым арасында қол қойылған тараптардың теңгерімдік тиесілігін және пайдалану жауапкершілігін ажырату актісінің көшірмесі – тараптардың теңгерімдік тиесілігін ажырату актісіне қол қойылған күннен бастап және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісін кешенді сынау басталғанға дейін 10 (он) жұмыс күні ішінде;

      4) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объект үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін пайдалануға беру туралы актінің көшірмесі – кешенді сынақ жүргізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      5) энергия беруші ұйым мен қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі үшін қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым арасында қол қойылған, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектіде коммерциялық және техникалық есепке алу аспаптарын орналастыру схемасын қамтитын электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдау актісінің көшірмесі – электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдау актісіне қол қойылған күннен бастап және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісін кешенді сынау басталғанға дейін 10 (он) жұмыс күні ішінде;

      6) сатып алу шарты талаптарының орындалуын оған қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қаржылық қамтамасыз ету;

      7) ЖЭК-ті пайдалану объектісінің электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін пайдалануға беру туралы актінің көшірмесі – кешенді сынақ жүргізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде.

      119. Бұрын пайдалануда болған генерациялайтын қондырғылардың қалдықтарын энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі жаңадан іске қосылатын объектіде қолданылған жағдайда, тиісті ақпарат Сәулет, қызмет туралы заңның 11-тарауында айқындалған тәртіппен бекітілген қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектіні пайдалануға қабылдау актісінде көрсетіледі.

      120. Сатып алу шарты мынадай жағдайларда өз қолданысын тоқтатады:

      1) осы Қағидалардың 118-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектіні пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін ұсыну мерзімі бұзылған кезде;

      2) осы Қағидалардың 118-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді ұсынбаған кезде.

      121. Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарға және аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша сатып алу шартын жасайтын қаржы-есеп айырысу орталығына осы Қағидалардың 14, 15, 18, 19, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31 және 32-тармақтарының ережелері қолданылады.

      122. Сатып алу шарты және тиісті аукциондық баға сатып алу шартына сәйкес қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі өндірген электр энергиясын сатып алу басталған күннен бастап 15 (он бес) жыл өткен соң өз қолданысын тоқтатады.";

      мынадай мазмұндағы 10-тараумен толықтырылсын:

      "10-тарау. Қаржы-есеп айырысу орталығының тасқындық электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу тәртібі

      123. Тасқындық электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдар сатып алу шартын жасасу үшін жыл сайын 15 қаңтарға дейін қаржы-есеп айырысу орталығына мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) құрылтай құжаттары;

      2) тұлғаның сатып алу шартына қол қою өкілеттігін растайтын құжат;

      124. Қаржы-есеп айырысу орталығының тасқындық электр энергиясын сатып алу шартына қаржы-есеп айырысу орталығының бірінші басшысы немесе сатып алу шартына қол қоюға уәкілетті өзге тұлға екі данада қол қояды және тасқындық электр энергиясын өндіруді және желіге жіберуді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымға қол қоюға жіберіледі.

      125. Тасқындық электр энергиясын өндіруді және желіге жіберуді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымның бірінші басшысы немесе тасқындық электр энергиясын өндіруді және желіге жіберуді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымның атынан сатып алу шартына қол қоюға уәкілетті өзге тұлға қаржы-есеп айырысу орталығы дайындаған сатып алу шартына екі данада қол қояды және қол қойылған сату шартының бір данасын оны алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қаржы-есеп айырысу орталығына жібереді.

      126. Тасқындық электр энергиясын өндіруді және желіге жіберуді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйым қаржы-есеп айырысу орталығы қол қойған сатып алу шартына қол қоймаған және (немесе) қаржы-есеп айырысу орталығы тасқындық электр энергиясын өндіруді және желіге беруді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйым тарапынан қол қойылған сатып алу шартын алмаған жағдайда, тасқындық электр энергиясын өндіруді және желіге босатуды жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйым оны алған кезден бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде, сатып алу шарты жасалған болып саналады және Заңға сәйкес орындалуға жатады.

      127. Қаржы-есеп айырысу орталығына есеп айырысу кезеңінде берілген тасқындық электр энергиясы көлемінің нақты мәндері Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгеріміне сәйкес айқындалады.

      128. Қаржы-есеп айырысу орталығы тасқындық электр энергиясын өндіруді және желіге жіберуді жүзеге асыратын, сатып алу шартын жасасқан энергия өндіруші ұйымға энергия беруші ұйымның электр желісіне берілген электр энергиясы үшін беру айы аяқталған кезден бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткеннен кейін 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті шот негізінде ақы төлейді.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Н. Ногаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі