Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және логикалық ойлау қабілетіне компьютерлік тестілеуден өткізу Қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 8 шілдедегі № 69 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 шілдеде № 9614 тіркелді

Қолданыстағы

      «Құқық қорғау органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің қызметкерлерін аттестаттау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және логикалық ойлауға компьютерлік тестілеуден өткізу Қағидалары бекітілсін.
      2. Кадр жұмысы департаментінің бастығы осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуге шаралар қабылдасын.
      3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің барлық қызметкерлері таныстырылсын.
      4. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасарына жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры                              А.Дауылбаев

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының  
2014 жылғы 8 шілдедегі
№ 69 бұйрығымен   
бекітілген     

Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және логикалық ойлауға компьютерлік тестілеуден өткізудің
Қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және логикалық ойлауға компьютерлік тестілеуден өткізудің Қағидалары Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелері қызметкерлерін (бұдан әрі – аттестатталушылар) аттестаттаудан өткізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және логикалық ойлауға компьютерлік тестілеуді өткізудің тәртібін белгілейді.
      2. Тестілеуді өткізудің мақсаты – Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілеттілігін әділ бағалау.
      3. Аттестатталушыларды компьютерлік тестілеу Бас прокуратурамен тестілеу залында, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының қызметкерлерін тестілеу жүйесі» ақпараттық жүйесінде «Он-лайн» режимінде мемлекеттік немесе орыс тілдерінде өткізіледі.
      Компьютерлік тестілеу процесі қорғалатын Прокуратура органдарының біртұтас көлік ортасының арналары бойынша аудио – бейне хаттамамен бейнеконференцбайланысын пайдалану арқылы жүргізіледі.
      4. Компьютерлік тестілеудің әділдігі тестілеудің қорытындыларын автоматтандырылған санау шарттарының, уақытының және мазмұнының стандарттылығымен қамтамасыз етіледі.
      5. Прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің кадр бөлімшелері (бұдан әрі – кадр бөлімшелері):
      1) міндетті түрде тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірін, туылған кезін, білімін, мамандығын, аттестаттау кезіндегі қызметін, сыныптық шенін көрсете отырып компьютерлік тестілеуге жататын аттестатталушылардың тізімін әзірлейді. Жеке мәліметтер Қазақстан Республикасының азаматының жеке тұлғасын куәландыратын құжатқа сәйкес толтырылады (жеке басының куәлігінің тілінде);
      2) аттестатталушы қызметкерлерді компьютерлік тестілеуді өткізудің орны, мерзімі және уақыты туралы хабардар етеді;
      3) аттестатталушы қызметкердің компьютерлік тестілеуге уақтылы келуін және жалпы жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету және жүйелік әкімшілеуді жөнге келтіру және орнату аясында арнайы білімі бар техникалық маманның болуын қамтамасыз етеді.
      «Он-лайн» режимінде компьютерлік тестілеуге жататын аттестатталушы қызметкерлердің тізімдері кадр бөлімшелерімен компьютерлік тестілеу басталғанға дейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей Бас прокуратураның Кадр жұмысы департаментіне ұсынылады.

2. Тестілеуді өткізудің тәртібі

      6. Тестілеу өткізетін жай аттестатталушылардың ыңғайлы отыруына сәйкес, ал компьютерлер бейнеконференц байланысының тура көрінетін аумағына орналастырылуы қажет.
      7. Тестілеу басталар алдында (тестілеу басталғанға дейін 30 минут бұрын) кадр бөлімшесінің өкілімен тиісті прокуратура органының, ведомствосының және мекемесінің ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімшесінің өкілдерінің қатысуымен техникалық құралдарын (компьютерлерді, бейнеконференцбайланысын, принтерлерді) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және логикалық ойлауға компьютерлік тестілеу процесіне жіберу туралы осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша акт толтырылып қол қойылады.
      Кадр бөлімшесінің өкілі аттестатталушылардың қатысуымен логиндер мен жасырын сөздер салынған конвертті ашады, сондай-ақ аттестатталушылар туралы жеке мәліметтердің компьютерлік тестілеу бағдарламасына дұрыс және мүлтіксіз енгізілуін қамтамасыз етеді.
      8. Тестілеу өткізу кезінде жайда тек аттестатталушылар ғана болады. Сонымен бірге кадр бөлімшесінің өкілдерінің, сондай-ақ техникалық маманның қатысуы міндетті.
      9. Өзін-өзі нашар күйде сезінетін аттестатталушылар өздерінің жай-күйлері туралы тестілеу басталар алдында кадр бөлімшесінің өкіліне хабарлаулары қажет. Бұндай жағдайда бұл қызметкерлерді тестілеуден өткізу сол күннің ішінде немесе басқа күні тестілеу кестесіне сәйкес өткізіледі.
      10. Аттестатталушыларда жеке сәйкестендіру нөмірі бар Қазақстан Республикасының азаматының жеке тұлғасын куәландыратын құжаттары болуы шарт. Өздерінде Қазақстан Республикасының азаматының жеке тұлғасын куәландыратын құжаттары жоқ аттестатталушылар компьютерлік тестілеуге жіберілмейді.
      11. Тестілеу басталғанға дейін аттестатталушылар жүйенің пайдаланушысының басшылығымен қолдарын қойып таныстырылады.
      12. Тестілеу келесі тәртіпте жүргізіледі: заңнаманы білуге арналған тестілеу (100 сұрақ), логикалық ойлау (10 сұрақ).
      13. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған және логикалық тестілеуді орындауға берілетін жалпы уақыт 110 минутты құрайды. Оның ішінде 90 минут Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуді орындауға және 20 минут логикалық тестілеуді орындауға бөлінеді.
      14. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу бойынша шекті мәнін прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелері қызметкерлерінің лауазымдарының барлық санаттары үшін нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан 70% дұрыс жауап құрайды.
      15. Логикалық тестілеу бойынша төменгі шекті мәні белгіленбейді.
      16. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тесттер, осы Қағидаларға қоса берілген 2-қосымшаға сәйкес, № 5 блокты қоспағанда, прокурорлық қадағалаудың бағыттары бойынша прокурорлық қадағалаудың мамандануына сәйкес, ұйымдық-кадрлық және талдау қызметі бойынша әр блокқа 40 сұрақ және арнайы 60 сұрақты енгізе отырып 10 блок бойынша орналастырылады.
      17. Осы Қағидаларға 2-Қосымшаның № 1-4 блоктарының тестілеу сұрақтары келесі қызметкерлердің заңнаманы білуіне компьютерлік тестілеуден өтуге арналған:
      Бас прокуратураның басқарма/бөлім прокурорларын;
      Бас прокуратура Институтының басқарма/бөлім прокурорларын;
      аудан прокуратурарларының және оларға теңестірілген прокуратуралардың бөлім бастықтарын;
      аудан прокурорларының және оларға теңестірілген прокурорлардың көмекшілері мен аға көмекшілерін;
      қызмет өткерудің шекті жасына жеткен және соңғы үш жылда қызмет өткерудің шекті жасына жететін аттестатталушы қызметкерлерді;
      прокуратура органдарындағы (құқық қорғау органдарындағы немесе мемлекеттік қызметтегі) өтілі 1 жылдан аспайтын аттестатталушы қызметкерлерді өткізуге арналған.
      Сонымен бірге бұл қызметкерлер өз қалаулары бойынша тестілеуден өту үшін төрт блоктың біреуін таңдауға құқылы (№№ 1, 2, 3, 4 блоктар).
      18. Осы Қағидаларға 2-қосымшадағы №№ 6-1, 6-2, 6-3 және 6-4 блоктарының тестілеу сұрақтары бойынша:
      ҚСжАЕАЖК-нің басқарма/бөлім прокурорлары мен аға прокурорларын;
      ҚСжАЕАЖК-нің облыстық органдарының басқарма/бөлім прокурорлары мен аға прокурорларын;
      ҚСжАЕАЖК-нің облыстық органдарының және ҚСжАЕЖК-нің қызмет өткерудің шекті жасына жеткен, сондай-ақ соңғы үш жылда қызмет өткерудің шекті жасына жететін аттестатталушы қызметкерлерін;
      ҚСжАЕАЖК-нің облыстық органдарының және ҚСжАЕЖК-нің прокуратура органдарындағы (құқық қорғау органдарындағы немесе мемлекеттік қызметтегі) өтілі бір жылдан кем аттестатталушы қызметкерлерін заңнаманы білуге компьютерлік тестілеуден өткізуге арналған.
      Сонымен бірге аталған қызметкерлер өз қалаулары бойынша тестілеуден өту үшін көрсетілген төрт блоктың біреуін таңдауға құқылы (№ 6-1, 6-2, 6-3 және 6-4 блоктар).
      19. Осы Қағидаларға 2-қосымшадағы № 7 блоктың тестілеу сұрақтары:
      Бас әскери прокуратураның басқарма/бөлім бастықтарын;
      Бас әскери прокурордың көмекшілері мен аға көмекшілерін;
      Бас әскери прокуратураның басқарма/бөлім прокурорлары мен аға прокурорларын;
      аймақтардың/гарнизондардың әскери прокурорлардың орынбасарларын;
      аймақтардың/гарнизондардың әскери прокуратуралардың бөлім бастықтарын;
      аймақтардың/гарнизондардың әскери прокурорлардың көмекшілері мен аға көмекшілерін заңнаманы білуге компьютерлік тестілеуден өткізуге арналған.
      20. Осы Қағидалардың 2-қосымшасындағы № 5 блоктың тестілеу сұрақтары заңнаманы білуге арналған компьютерлік тестілеуден келесі қызметкерлерді:
      Бас Прокурордың Аппаратының басшысы;
      Бас прокуратураның Департамент бастықтарын және олардың орынбасарларын;
      Бас Прокурордың ерекше тапсырмалар бойынша аға көмекшілері;
      облыс прокурорларын және оларға теңестірілген прокурорларды, олардың орынбасарларын;
      ҚСжАЕАЖК төрағасын және оның орынбасарларын;
      Бас прокуратура Институтының директорын және оның орынбасарларын;
      Бас прокуратураның дербес басқармаларының бастықтарын және олардың орынбасарларын;
      Бас прокуратураның басқарма бастықтарын және олардың орынбасарларын, Бас Прокурордың аға көмекшілерін;
      Бас прокуратураның бөлім бастықтарын, Бас Прокурордың көмекшілерін, басқарма, бөлім аға прокурорларын;
      ҚСжАЕЖК-нің облыстық органдарының бастықтарын және олардың орынбасарларын;
      ҚСжАЕЖК-тің басқарма/бөлім бастықтарын, олардың орынбасарларын;
      ҚСжАЕЖК-тің облыстық органдарының бөлім бастықтарын;
      Бас прокуратура Институтының басқарма/бөлім бастықтарын, олардың орынбасарларын;
      Бас прокуратура Институтының басқарма/бөлім аға прокурорларын;
      облыстық прокуратуралардың және оларға теңестірілген прокуратуралардың басқарма/бөлім бастықтарын, олардың орынбасарларын;
      облыс прокурорларының және оларға теңестірілген прокурорлардың көмекшілерін, аға көмекшілерін;
      аудан прокурорларын және оларға теңестірілген прокурорларды;
      аудан/қала прокурорларының және оларға теңестірілген прокурорлардың орынбасарларын басқа аттестатталушы тұлғаларды (қалауы бойынша) өткізуге арналған.
      21. Логикалық тестілеу текст үзінділерінен тұрады және оның артында мақұлдау бар. Аттестатталушы қызметкер төменде көрсетілген үш жауаптың бір нұсқасын таңдауы тиіс:
      1) мақұлдау үзіндінің мазмұнына немесе одан туындайтынлогикалық  салдарға «ҚАРАМА ҚАРСЫ»;
      2) мақұлдау мәні бойынша үзіндінің мазмұнына «ҰҚСАС» немесе логикалық түрде осы ақпараттан немесе пікірден туындауы мүмкін;
      3) қосымша ақпаратқа ие болмай осы мақұлдау үзіндінің мазмұнына немесе одан туындайтын логикалық салдарға ұқсаса немесе қарама-қарсы деп «АЙТА АЛМАЙМЫН».
      22. Тестілеуге бөлінген уақыт аяқталған соң компьютерлік жүйе автоматтандырылған түрде тестілеуді тоқтатады және қорытындысын береді.
      23. Тестілеу кезінде бағдарламалық қамтамасыз ету немесе компьютерлік техника ақауға ұшыраған жағдайда жүйе аттестатталушы қызметкерге берілген есептік жазбаға қайталап кіруді жүзеге асырады.
      Сонымен бірге қайталап кірген кезде жүйе тестілеуді ол үзіліп қалған жерден жалғастырады.
      Уақыт және қорытындылар ақау орын алған сәттегі мәнге қалпына келтіріледі.
      Бір есептік жазба бойынша қосымша тестілеуге жол берілмейді.
      24. Жүйенің негізгі серверіне кіру мүмкін болмаған жағдайда техникалық маман резервтік серверге қосуды жүзеге асыруы тиіс.
      25. Тестілеу кезінде аттетстатталушы қызметкерлерге тестілеу өткізіліп жатқан жайдан шығуға, алатын-беретін электрондық қондырғыларды (соның ішінде ұялы телефондарды, дербес портативтік компьютерлерді немесе басқа электрондық құралдарын), қағаз тасымалдағыштарын пайдалануға тыйым салынады.
      26. Аталған тыйым салынған құралдарды пайдалану дерегін анықтаған кезде кадр бөлімшесінің өкілімен тиісті акт толтырылады. Аттестатталушы қызметкер тестілеу залынан шығарылады.
      Тестілеуден одан әрі өткізу тоқтатылады және аттестатталушы қызметкер Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және логикалық ойлауға арналған компьютерлік тестілеуден өтпеген деп саналады.
      27. Тестілеу процесі бейнеконференцбайланысымен хаттамалынады және ақпараттық тасымалдағыштарында мұрағатталынып, аттестаттау аяқталғанға дейін Бас прокуратурада сақталынады.
      28. Компьютерлік тестілеудің қорытындысын есептеу жүйемен автоматтандырылған түрде жүргізіледі.
      29. Тестілеу аяқталғаннан кейін кадр бөлімшесінің өкілі аттестатталушы қызметкерді тестілеудің қорытындысымен қолын қойдырып таныстырады.

Қазақстан Республикасының прокуратура
органдары, ведомстволары мен    
мекемелерінің қызметкерлерін    
аттестаттаудан өткізу кезінде    
Қазақстан Республикасының      
заңнамасын білуге және логикалық  
ойлауға компьютерлік тестілеуден  
өткізудің Қағидаларына       
1-қосымша            

                                                                нысан

Қазақстан Республикасының
заңнамасын білуге және логикалық
ойлауға компьютерлік тестілеуден өткізуге
техникалық құралдарды жіберу
АКТІСІ

______________ қаласы                     _______ жылдың «__» _______
                                             ____ сағ. ___ мин.

      Біз төменде қол қоюшылар:
      ____________________________________________________________
                      (өкілдің лауазымы, тегі, аты)
      ________________________________________ прокуратураның
              (прокуратураның атауы)
      ____________________________________________________________
                 (өкілдің лауазымы, тегі, аты-жөні)
техникалық құралдарды – саны ___ бірлік компьютер, ____ бірлік
принтер және бейнеконференцбайланысты прокуратура органдары,
ведомстволары мен мекемелерінің қызметкерлерін аттестаттау кезінде
«Он-лайн» режимінде Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және
логикалық ойлауға компьютерлік тестілеуге жіберу туралы осы актіні
толтырдық.

      Тегі, аты-жөні: ___________________________________________
      Тегі, аты-жөні: ___________________________________________
      Тегі, аты-жөні: ___________________________________________

Қазақстан Республикасының     
прокуратура органдары,       
ведомстволары мен мекемелерінің   
қызметкерлерін аттестаттаудан    
өткізу кезінде Қазақстан      
Республикасының заңнамасын білуге 
және логикалық ойлауға компьютерлік
тестілеуден өткізудің Қағидаларына
2-қосымша             

Прокурорлық қадағалаудың бағыттары, ұйымдастыру-кадр және талдау қызметі бойынша мамандандыру

      1. № 1 БЛОК (жалпы қадағалау)
      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын (14 сұрақ), «Прокуратура туралы» (12 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (5 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттің қызметшілерінің Ар-намыс кодексін (бұдан әрі – Ар-намыс кодексі) (4 сұрақ) білуге сұрақтардан тұрады.
      Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнаулы бөлімі «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының кодексінен (10 сұрақ), Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінен (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» (10 сұрақ), «Мемлекеттік сатып алу туралы» (10 сұрақ), «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» (7 сұрақ),  «Заңсыз жолмен алынған табысты заңдастыруға (ақшаны жылыстыру) және терроризмді қаржыландыруға қарсы тұру туралы»(7 сұрақ), «Құқықтық нормативтік актілер туралы» (6 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын білуге арналған сұрақтардан тұрады.
      2. № 2 БЛОК (қылмыстық-құқықтық)
      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын (14 сұрақ), «Прокуратура туралы» (12 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (5 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Ар-намыс кодексін (4 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
      Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнайы бөлімі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексін (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқарушылық кодексін (10 сұрақ), «Жедел іздестіру қызметі туралы» (10 сұрақ), «Терроризмге қарсы тұру туралы» (10 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын білуге арналған сұрақтардан тұрады.
      3. № 3 БЛОК (азаматтық-құқықтық)
      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын (14 сұрақ), «Прокуратура туралы» (12 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (5 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Ар-намыс кодексін (4 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
      Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнайы бөлімі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (15 сұрақ), Азаматтық іс жүргізу кодексін (15 сұрақ), Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының кодексін (10 сұрақ), Бас Прокурордың 28 желтоқсан 2010 жылғы № 88 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 6737 санымен тіркелген) Атқарушылық өндірісінің заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты (15 сұрақ), Бас Прокурордың 2012 жылғы 13 желтоқсандағы №151 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 8288 санымен тіркелген) Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығына қадағалау және соттарда мемлекет мүддесіне өкілдік етуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты (5 сұрақ) білуге сұрақтардан тұрады.
      4. № 4 БЛОК (ұйымдық-кадрлық)
      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын (14 сұрақ), «Прокуратура туралы» (12 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (5 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Ар-намыс кодексін (4 сұрақ) білуге сұрақтардан тұрады.
      Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнаулы бөлімі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін (10 сұрақ), «Құқық қорғау қызметі туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік қызмет туралы» (10 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (10 сұрақ), «Мемлекеттік құпиялар туралы» (5 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 68 Жарлығымен бекітілген бекітілген Заңдылық пен құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының Үйлестіру Кеңесі туралы Ережесін (5 сұрақ) білуге сұрақтардан тұрады.
      5. № 5 БЛОК (арнайы)
      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын (14 сұрақ), «Прокуратура туралы» (12 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (5 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Ар-намыс кодексін (4 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
      Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнаулы бөлімі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (5 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексін (5 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқарушылық кодексін (3 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (3 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (5 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексін (5 сұрақ), Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының кодексін (3 сұрақ), Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін (5 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» (2 сұрақ), «Мемлекеттік сатып алу туралы» (2 сұрақ), «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» (2 сұрақ), «Заңсыз жолмен алынған табысты заңдастыруға (ақшаны жылыстыру) және терроризмді қаржыландыруға қарсы тұру туралы» (2 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (1 сұрақ), «Жедел іздестіру қызметі туралы» (2 сұрақ), «Терроризмге қарсы тұру туралы» (2 сұрақ), «Құқық қорғау қызметі туралы» (5 сұрақ), «Мемлекеттік қызмет туралы» (2 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (2 сұрақ), «Мемлекеттік құпиялар туралы» (2 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» (2 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын білуге сұрақтардан тұрады.
      6. № 6-1 БЛОК (ҚСжАЕАЖК – ұйымдық-кадрлық және талдау қызметі)
      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын (14 сұрақ), «Прокуратура туралы» (12 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (5 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Ар-намыс кодексін (4 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
      Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнаулы бөлімі «Құқық қорғау қызметі туралы» (20 сұрақ), «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есептер туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік қызмет туралы» (17 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы №1050 Жарлығымен бекітілген Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті туралы Ережені (8 сұрақ) білуге сұрақтардан тұрады.
      7. № 6-2 БЛОК (ҚСжАЕАЖК-құқықтық статистиканы қалыптастыру)
      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын (14 сұрақ), «Прокуратура туралы» (12 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (5 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Ар-намыс кодексін (4 сұрақ) білуге сұрақтардан тұрады.
      Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнаулы бөлімі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (5 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексін (5 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексін (5 сұрақ), Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының кодексін (5 сұрақ), «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есептер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (8 сұрақ), Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығымен бекітілген Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті туралы Ережені (8 сұрақ), Бас Прокурордың 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 83 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 7293 санымен тіркелген) Қылмыстар, оқиғалар туралы арыздарды, хабарламаларды, шағымдарды, соның ішінде электронды форматтағы және басқа ақпаратты қабылдау, тіркеу, есепке алу, және қарау туралы Нұсқаулықты (10 сұрақ), Бас Прокурордың 2011 жылғы 18 қарашадағы № 122 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 7330 санымен тіркелген) Қылмыстар, оқиғалар, қылмыстық істер туралы арыздарды, хабарламаларды, шағымдарды және басқа ақпаратты, оларды тергеу, прокурорлық қадағалау және сотпен қараудың біртұтас карточкалық есепке алуын жүргізу (Біртұтас бірыңғайландырылған статистикалық жүйе) жөніндегі Нұсқаулықты (10 сұрақ), Бас Прокурордың 2011 жылғы 16 қарашадағы № 109 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 7315 санымен тіркелген) «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» № 1-ОЛ нысандағы есеп, Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алудың Ережелерін (7 сұрақ) білуге сұрақтардан тұрады.
      8. № 6-3 БЛОК (ҚСжАЕАЖК-арнайы есепке алуды жүргізу)
      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын (14 сұрақ), «Прокуратура туралы» (12 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (5 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Ар-намыс кодексін (4 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
      Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнаулы бөлімі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (7 сұрақ), «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есептер туралы» (8 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» (7 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығымен бекітілген Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті туралы Ережені (5 сұрақ), Бас Прокурордың 2004 жылғы 29 сәуірдегі № 23 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 2843 санымен тіркелген) Арнайы есепке алудың жеке түрлерін жүргізу және пайдалану ережелерін (20 сұрақ), Бас Прокурордың 2013 жылғы 19 маусымдағы № 63 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 8518 санымен тіркелген) Тексерулерді тағайындау туралы актілерді, тексерулердің мерзімдерін уақытша тоқтату, қайта жаңғырту, ұзарту туралы хабарламаларды, тексеруді жүргізетін құрамның өзгеруін тіркеу және тексерулер және олардың қорытындылары туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын берудің Ережелерін (13 сұрақ) білуге сұрақтардан тұрады.
      9. № 6-4 БЛОК (ҚСэАЕАЖК-аудандық өкілдік үшін)
      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын (14 сұрақ), «Прокуратура туралы» (12 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (5 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Ар-намыс кодексін (4 сұрақ) білуге сұрақтардан тұрады.
      Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнаулы бөлімі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (5 сұрақ), «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есептер туралы» (5 сұрақ), Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығымен бекітілген Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеті туралы Ережені (5 сұрақ), Бас Прокурордың 2004 жылғы 29 сәуірдегі № 23 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 2843 санымен тіркелген) Арнайы есепке алудың жеке түрлерін жүргізу және пайдалану ережелерін (15 сұрақ), Бас Прокурордың 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 83 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 7293 санымен тіркелген) Қылмыстар, оқиғалар туралы арыздарды, хабарламаларды, шағымдарды, оның ішінде электронды форматтағы және басқа ақпаратты қабылдау, тіркеу, есепке алу, қарау туралы Нұсқаулықты (7 сұрақ), Бас Прокурордың 2011 жылғы 18 қарашадағы № 122 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 7330 санымен тіркелген) Қылмыстар, оқиғалар, қылмыстық істер туралы арыздарды, хабарламаларды, шағымдарды және басқа ақпаратты, оларды тергеу, прокурорлық қадағалау және сотпен қараудың біртұтас карточкалық есепке алуын жүргізу (Біртұтас бірыңғайландырылған статистикалық жүйе) жөніндегі Нұсқаулықты (10 сұрақ), Бас Прокурордың 2012 жылғы 2 наурыздағы № 19 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 7490 санымен тіркелген) Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңнаманы қолдануға бақылауды және прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты (5 сұрақ), Бас Прокурордың 2013 жылғы 19 маусымдағы № 63 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 8518 санымен тіркелген) Тексерулерді тағайындау туралы актілерді, тексерулердің мерзімдерін уақытша тоқтату, қайта жаңғырту, ұзарту туралы хабарламаларды, тексеруді жүргізетін құрамның өзгеруін тіркеу және тексерулер және олардың қорытындылары туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын берудің Ережелерін (8 сұрақ) білуге сұрақтардан тұрады.
      10. № 7 БЛОК (әскери прокуратура)
      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын (14 сұрақ), «Прокуратура туралы» (12 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (5 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Ар-намыс кодексін (4 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
      Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнаулы бөлімі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (3 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексін (3 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (2 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексін (2 сұрақ), Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының кодексін (2 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқарушылық кодексін (2 сұрақ), «Жедел іздестіру қызметі туралы» (2 сұрақ), «Мемлекеттік құпиялар туралы» (2 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» (2 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (2 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа әскерлер мен әскери құралымдардың Тәртіптік жарғысын (3 сұрақ), Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызметінің Жарғысын (3 сұрақ), «Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы» (4 сұрақ), «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» (7 сұрақ), «Ұлттық қауіпсіздік туралы (4 сұрақ), «Төтенше жағдайлар туралы» (4 сұрақ),  «Әскери жағдай туралы» (4 сұрақ), «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы күштері туралы» (7 сұрақ), «Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы туралы» (2 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын білуге сұрақтардан тұрады.