Қылмыстар, оқиғалар, қылмыстық істер, оларды тергеу, прокурорлық қадағалау және сотта қарау нәтижелері туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге де ақпаратты бірыңғай карточкалық есепке алуды жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты (Бірыңғай бірізден

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 18 қарашадағы № 122 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 6 желтоқсанда № 7330 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 7 тамыздағы № 80 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 249-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 114-бабының 1-тармағына және «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 13 ақпандағы Заңының 9-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына және 16-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан инжиниринг» (Kazakhstan Engineering)» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 39,01 % мөлшеріндегі акцияларының мемлекеттік пакеті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берілсін.
      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген іс-шаралар аяқталғаннан кейін «Қазақстан инжиниринг» (Kazakhstan Engineering)» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 39, 01 % мөлшеріндегі акциялары пакеті Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне сенімгерлік басқаруға берілсін.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, Қорғаныс министрлігі, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов