Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңнаманың қолданылуын бақылауды және прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 2 наурыздағы № 19 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 28 наурызда № 7490 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 4 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Бас Прокурорының 05.01.2022 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне прокуратура органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 374-IV Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру мақсатында, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4) және 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңнаманың қолданылуын бақылауды және прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы қоса берілген нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) бұйрықты Бас әскери және көлік прокурорларына, Астана, Алматы және облыс прокурорларына және Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдасын.

      3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Бас Прокуроры

А. Дауылбаев


  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2012 жылғы 2 наурыздағы
№ 19 бұйрығымен
бекітілді

Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу
саласындағы заңнаманың қолданылуын бақылауды және
прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы нұсқаулық
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық 1995 жылғы 21 желтоқсандағы "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Прокуратура туралы заң), 2003 жылғы 22 желтоқсандағы "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мемқұқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы заң), 2011 жылғы 6 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мембақылау және қадағалау туралы заң) және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес әзірленді және мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңнаманың қолданылуын бақылауды және прокурорлық қадағалауды жүзеге асыруды нақтылайды.

      2. Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі түсініктер қолданылады:

      1) бақылау – құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының тексерілетін құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері (бұдан әрі – субъектілер) қызметін құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келу мәніне тексеру және қадағалау жөніндегі жүзеге асыру барысында және соның қорытындысы бойынша прокурорлық қадағалау актілерін енгізбестен құқықтық шектеу сипатындағы шаралар қабылдануы мүмкін қызметі;

      2) прокурорлық қадағалау – құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының және нормативтік құқықтық актілерінің нақты және бірыңғай қолданылуына жоғарғы қадағалауды жүзеге асыру барысында және соның қорытындысы бойынша прокурорлық қадағалау актілерін енгізе отырып, құқықтық шектеу сипатындағы шаралар қабылдануы мүмкін құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары жүзеге асыратын жоғарғы қадағалау;

      3) субъектілер – 2003 жылғы 22 желтоқсандағы "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1 бабы 13) тармақшасында және 2007 жылғы 17 қаңтардағы "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1 бабы 5) тармақшасында белгіленген субъектілер;

      4) уәкілетті прокурор – сыныптық шен берілген және құқық қорғау органының заңда белгіленген қызметін орындайтын, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының штатында қызметте тұрған қызметкері.

      3. Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында заңдылықты қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) және оның аумақтық органдары:

      1) субъектілер ұсынатын мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәліметтерінің толықтығына, объективтілігіне, дұрыстығына, жеткіліктілігіне соттың және қылмыстық қудалау органының іс жүргізу қызметіне араласпастан прокурорлық қадағалауды жүзеге асырады;

      2) 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Прокуратура туралы заңға сәйкес құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын анықтауға, жоюға және алдын алуға бағытталған бақылау және қадағалау шараларының кешенін жүзеге асырады;

      3) бақылау және қадағалау органдары жүзеге асыратын тексерулерді тағайындау туралы актілерді тіркеуден оларды тағайындау кезінде Мембақылау және қадағалау туралы заңның бұзылуы анықталған жағдайда, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7353 санымен тіркелген "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүзеге асыратын тексерулерді мемлекеттік тіркеуді, есепке алуды және бақылауды жүргізу туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 25 қарашадағы № 125 бұйрығына сәйкес бас тартады;

      4) мемлекеттік органдардың құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі статистикалық қызметін үйлестіреді.

      4. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңнаманың қолданылуына бақылау және прокурорлық қадағалауды жүзеге асырудың басымдығы ретінде:

      1) мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастырған және арнайы есепке алуды жүргізген кезде адамның және азаматтың, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерінің мүлтіксіз сақталуы;

      2) құқықтық статистикалық және құжатталған ақпараттың толықтығын, объективтілігін, дұрыстығын және жеткіліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған заңнаманың нақты және бірыңғай қолданылуы;

      3) бақылау және қадағалау қызметін жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар тексерулерді есепке алуды жүргізу арқылы кәсіпкерлікті қорғауға және қолдауға бағытталған заңнаманың қолданылуы;

      4) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7293 санымен тіркелген "Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге де ақпаратты қабылдау, тіркеу, есепке алу, соның ішінде электронды форматта және қарау жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 83 бұйрығының қолданылуы есептелсін.

      5. 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Мемқұқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы заңның 4-бабында белгіленген міндеттер мен принциптерді іске асыру субъектілердің ақпараттық есепке алу құжаттарын (бұдан әрі – АЕҚ) және есептілік нысандарын уақтылы ұсынуын, оларды толтырудың толықтығы мен дұрыстығын, автоматтандырылған банкілердің және деректер қорының мониторингін бақылау және прокурорлық қадағалау, есеп көрсеткіштеріне логикалық бақылауды жүргізу арқылы, сонымен қатар электрондық ақпаратпен және картотекалық есепке алумен есептік және есепке алу деректеріне тексерулер (салыстырып тексерулер) жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

      6. Субъектіні тексеру – мынадай әрекеттердің біреуін жасау арқылы уәкілетті прокурорлар жүргізетін бақылау мен қадағалау нысандарының бірі:

      1) уәкілетті прокурордың тексерілетін субъектілерге баруы;

      2) бақылау мен қадағалаудың басқа нысандарын жүргізу кезінде қажетті ақпаратты талап етуді болдырмастан, тексеру мәніне қатысты қажетті ақпаратты сұрату;

      3) Прокуратура туралы заңның 6-бабына сәйкес тексерілетін субъектілерді шақырту.

      7. Тексеру мәні тексерілетін субъектілердің мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген талаптарды орындауы.

      8. Тексерулер мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылық жағдайын талдау негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының (бұдан әрі – Бас прокуратура) тапсырмалары бойынша жоспарланады және жүргізіледі.

      9. Тексерулер қатаң түрде құзырет шеңберінде және бір айлық мерзім ішінде ұйымдастырылады. Тексеруді тағайындайтын уәкілетті прокурор жұмыс көлемінің көптігіне байланысты тексеру мерзімін ұзарта алады. Тексерулер тексеру жүргізу туралы қаулы болған кезде жүзеге асырылады.

      10. Тексеру жүргізу туралы қаулыны шығаруға Комитет Төрағасы, оның орынбасарлары, Комитеттің аумақтық басқармаларының бастықтары және олардың орынбасарлары, сондай-ақ олардың орнын алмастырушы адамдар құқылы.

      11. Тексеру жүргізу туралы қаулыда мыналар көрсетіледі:

      1) қаулының нөмірі мен күні;

      2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының атауы;

      3) тексеру жүргізуге уәкілетті прокурордың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және лауазымы;

      4) тексерілуші субъектінің атауы және орналасқан жері;

      5) тағайындалған тексерудің мәні;

      6) тексеру жүргізу мерзімі;

      7) тексеру жүргізудің құқықтық негіздері;

      8) тексерілетін субъектінің құқықтары мен міндеттері;

      9) қаулыға қол қоюға уәкілетті адамның қолы және құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының мөрі.

      12. Тексеру нәтижесі бойынша дайындалған анықтаманың көшірмесі қол қоя отырып танысу үшін тексерілетін субъектінің басшысына тапсырылады.

      13. Тексерілетін субъектілерді тексеру мынадай түрлерге бөлінеді:

      1) жоспарлы;

      2) жоспардан тыс.

      14. Жоспарлы тексеруді Комитет немесе оның аумақтық органдары бекіткен тексерулер жоспарының негізінде нақты бір тексерілетін субъектіге қатысты уәкілетті прокурор тағайындайды.

      15. Жоспарлы тексерулерді мынадай кезеңділікпен жүзеге асырады:

      Комитет:

      1) орталық республикалық мемлекеттік органдарда жылына бір реттен кем емес;

      2) мемлекеттік органдардың облыстық, аудандық және соларға теңестірілген бөлімшелерінде үш жылда бір реттен кем емес.

      Комитеттің аумақтық органдары:

      1) облыстық және соларға теңестірілген мемлекеттік органдарда жылына бір реттен кем емес;

      2) мемлекеттік органдардың аудандық және соларға теңестірілген бөлімшелерінде жылына бір реттен кем емес.

      Көрсетілген кезеңділік мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары жүзеге асыратын тексерулерді есепке алу саласында жүргізілетін тексерулерге таратылмайды.

      16. Жоспардан тыс тексеруді нақты тексерілетін субъектіге қатысты уәкілетті прокурор тағайындайды, онда жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша, сондай-ақ Бас прокуратураның тапсырмалары бойынша жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің мүдделерін қозғайтын заңнаманың бұзылуын дереу жою талап етіледі.

      17. Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңнаманың бұзылуы тексеру барысында, сондай-ақ салыстырып тексерулер мен мониторингтер жүргізу барысында да анықталуы мүмкін.

      18. Бақылау-қадағалау қызметі барысында анықталған мемлекеттік құқықтық статистика саласындағы заңнама талаптарының бұзылуы бойынша есептерге тиісті есептік кезеңдерде түзету жүргізіледі.

      19. Заң бұзушылықты анықтауға және жоюға бағытталған қадағалауды жүзеге асыру барысында уәкілетті прокурорлар өз өкілеттіліктері аясында, 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2709 "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабы негізінде прокурорлық қадағалау актілерін енгізеді.

      20. Уәкілетті прокурорлар дайындаған прокурорлық қадағалау актілеріне Комитет Төрағасы, оның орынбасарлары, Комитеттің аумақтық органдарының бастықтары, олардың орынбасарлары қол қояды.

      21. Прокурорлық қадағалау актісін енгізетін уәкілетті прокурор оның тиісті орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.

      22. Прокурорлық қадағалау актісін жан жақты және толық қарау үшін оны субъекті қараған кезде уәкілетті прокурор қатысуды қамтамасыз етеді.

      23. Орталық органдарға бағытталған прокурорлық қадағалау актілері Комитет арқылы жолданады, ал облыстық, аудандық (қалалық) және оларға теңестірілген бөлімшелерге – Комитеттің аумақтық органдары жолдайды.

      24. Уәкілетті прокурордың ұсынысы және заңды қызметіне кедергі жасау және өзге де заңды талаптары бойынша шара қолданбаған жағдайда субъектілердің кінәлі жауапты тұлғаларын Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБК) 520 және 522 баптарына сәйкес белгіленген әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қойылсын.

      25. Прокурорлық қадағалау актілерін орындамау, сол сияқты оның қызметіне кедергі жасау, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеп соқса, тиісті облыстық, аудандық және оларға теңестірілген прокурорларға кінәлі лауазымды тұлғаларды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚК) 321-1 бабына сәйкес заңмен белгіленген қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәселені шешу үшін қажетті құжаттардың қосымшасымен ақпарат жолдансын.

2. Мемлекеттік құқықтық статистика саласындағы заңнаманың
қолданылуын бақылау және прокурорлық қадағалау

      26. Уәкілетті прокурорлар мемлекеттік құқықтық статистика саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында субъектілер ұсынатын есептік деректердің есепке алыну және есептелу жағдайына, толықтығына және дұрыстығына бақылауды және прокурорлық қадағалауды жүзеге асырады.

      27. Мемлекеттік құқықтық статистика саласындағы заңнаманың қолданылуын бақылау және прокурорлық қадағалау:

      1) қылмыстық-құқықтық статистика;

      2) азаматтық-құқықтық статистика;

      3) әкімшілік-құқықтық статистика салаларында жүзеге асырылады.

      28. Бақылау және прокурорлық қадағалау:

      1) қаралған қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер, оларды жасаған адамдар туралы статистикалық деректерді қарауға уәкілетті органдардың олардың жиналуын, өңделуін, қалыптастырылуын;

      2) есепке алу бірліктерін қоюдың толықтығы мен уақтылы болуына салыстырып тексеру, тексеру және мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.

      29. Мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру саласындағы негізгі бұзушылықтарға:

      1) Бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйенің Автоматтандырылған деректер қорының (бұдан әрі – ББСЖ АДҚ) мәліметтерін тексеру, салыстырып тексеру және мониторингі арқылы анықталатын АЕҚ-ны уақтылы ұсынбау және енгізбеу, ұсынбау;

      2) деректер қоры мәліметтерін тексеру, салыстырып тексеру және мониторинг арқылы және есептің ішіндегі, сондай-ақ түрлі есептердің арасындағы АЕҚ деректемелерін қылмыстық істер, көрсеткіштерді салыстырып тексеру материалдарымен салыстыру арқылы анықталатын АЕҚ-да көрсетілген мәліметтерді бұрмалау;

      3) есептің ішіндегі, сондай-ақ түрлі есептердің арасындағы, прокуратура органдарының жұмысы туралы есептер мен ББСЖ деректер қорының арасындағы көрсеткіштерді тексеру және салыстырып тексеру арқылы анықталатын ұсынылатын есептердегі мәліметтерді бұрмалау;

      4) есепке алу-тіркеу тәртібін бұзу жатады.

Параграф 1. Қылмыстық-құқықтық статистика саласындағы
заңнаманың қолданылуын бақылау және прокурорлық қадағалау

      30. Қылмыстық-құқықтық статистика саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті прокурорлар субъектілердің:

      АЕҚ уақтылы ұсынуын;

      қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге де ақпаратты тіркеудің толықтығын қамтамасыз етуін;

      қылмыстарды тіркеудің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етуін;

      ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу көрсеткіштерінің дұрыстығына;

      қылмыспен келтірілген нұқсан және оның өтелуі туралы көрсеткіштердің дұрыстығына;

      алып қойылған есірткі заттары, психотроптық заттар және прекурсорлар туралы көрсеткіштердің дұрыстығына;

      тергеу және анықтау органдары қызметінің нәтижелері туралы статистикалық деректердің дұрыстығына;

      қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуы туралы көрсеткіштердің толықтығын қамтамасыз етуін;

      қылмыстық қудалау органдарының, прокурорлардың және соттардың есептерінің статистикалық деректерінің дұрыстығына бақылауды және прокурорлық қадағалауды жүзеге асырады.

      31. Уәкілетті прокурорлар қылмыстық-құқықтық салада қылмыстық сот ісін жүргізудің, атқарушылық іс жүргізудің қылмыстық-құқықтық статистикасын қалыптастырған кезде, қылмыс жасағаны үшін жаза және басқа да қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолданған кезде бақылауды жүзеге асыру мақсатында:

      1) Қазақстан Республикасы сот органдарының Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі (бұдан әрі – ҚР СО БААТЖ) және Комитеттің ББСЖ АДҚ арқылы прокурордың сотқа жолдаған қылмыстық істерінің және соттың өндіріске қабылдаған, сот қараған істерінің саны бойынша статистикалық ақпаратқа салыстырып тексеру жүргізеді;

      2) ҚР СО БААТЖ мәліметтерінің және прокурорлардың жұмысы туралы есеп көрсеткіштерінің негізінде қарсы тексерулер жүргізеді.

      32. Бұл саладағы прокурорлық қадағалау есепке алу бірліктерін (қылмыстар (ӨАЕК электрондық мәліметтері), қылмыс, қылмыстық істер, күдікті адамдар және қылмыстық істерін соттар қысқартқан қылмыс жасаған, сотталған адамдар туралы өтініштер, хабарламалар) қоюдың объективтілігіне және дұрыстығына мониторинг жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

      33. Қылмыстық-құқықтық статистика саласындағы заңнаманың алдын-ала тергеу мен анықтау мәселелері бойынша қолданылуын қадағалау АЕҚ мәліметтерін олардың реквизиттік деректерінің ББСЖ АДҚ-ға енгізілген материалдарға, сондай-ақ қылмыстық істердің және қадағалау өндірісінің материалдарына сәйкес келу мәніне зерделеу арқылы жүзеге асырылады.

      34. Қылмыстық-құқықтық салада қылмыстық сот ісін жүргізудің, атқарушылық іс жүргізудің қылмыстық-құқықтық статистикасын қалыптастырған кезде, қылмыс жасағаны үшін жаза және басқа да қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолданған кезде заңнаманың қолданылуын қадағалауды қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті прокурор:

      1) сотталушының (сотталғанның) электрондық АЕҚ деректемелерінің толтырылу толықтығы мен дұрыстығы мәніне ҚР СО БААТЖ-ға;

      2) ҚР СО БААТЖ-дан Комитет алған қылмыстық істер бойынша соттардың жұмысы туралы есептердің объективтілігі мен толықтығы, сондай-ақ электрондық АЕҚ толтырудың дәлдігі мәніне ҚР СО БААТЖ деректер қорына мониторингтер жүргізеді;

      3) ҚР СО БААТЖ мен Комитеттің ББСЖ деректер қорына есептен алынбаған, қайта біліктілген, сот қабілетсіз деп таныған қылмыстарды анықтау мәніне мониторинг өткізеді.

      35. Қылмыстық сот ісін жүргізудің, атқарушылық іс жүргізудің қылмыстық-құқықтық статистикасын қалыптастырған кезде, қылмыс жасағаны үшін жаза және басқа да қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолданудағы статистикалық деректердің бұрмалануын анықтау мақсатындағы қадағалау ҚР СО БААТЖ мәліметтерін Комитеттің ББСЖ-не мәлімет деректерінің объективтілігі мен дұрыстығы мәніне деректер мониторингін жүргізу арқылы мәліметтерді жүктеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

Параграф 2. Азаматтық-құқықтық статистика саласындағы
заңнаманың қолданылуын бақылау және прокурорлық қадағалау

      36. Уәкілетті прокурорлар азаматтық құқықтық қатынастардың, азаматтық сот ісін жүргізудің және атқарушылық өндірістің жағдайы туралы мемлекеттік статистиканы қалыптастыру саласында заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында прокурорлардың, соттардың, атқарушылық өндірістің және басқа да мемлекеттік органдардың жұмысы туралы есептік деректердің есепке алыну және есептілік жағдайына және дұрыстығына бақылау және прокурорлық қадағалауды жүзеге асырады.

      37. Бақылау тексеру барысында уәкілетті прокурорлар:

      1) ҚР СО БААТЖ мен Комитеттің ББСЖ ААЖ-сына деректердің енгізілген есепке алу мәліметтерінің уақтылы, толық, тұтас және жеткілікті болуын анықтайды;

      2) электрондық АЕҚ деректерін сот қаулыларымен салыстырып тексеруді жүргізеді;

      3) ведомстволық журналдармен және басқа да тіркеу құжаттарымен салыстырып тексерулер жүргізеді.

      38. Уәкілетті прокурорлар азаматтық-құқықтық саладағы құқықтық статистикалық ақпараттың объективтілігі мен дұрыстығына қадағалауды жүзеге асырады.

      39. Азаматтық-құқықтық саладағы есеп көрсеткіштерінің дұрыстығын анықтау кезінде ҚР СО БААТЖ мен Комитеттің ББСЖ ААЖ мәліметтерінің мониторингі жүргізіледі, солардың нәтижесі бойынша деректері талданады және талдау негізінде осы бағыттағы қадағалаудың тиімділігін жоғарылатуға бағытталған нақты ұсыныстар дайындалады.

      40. Қадағалау тексерулері кезінде азаматтардың конституциялық құқықтарының, заңды тұлғалардың және мемлекеттің заңды мүдделерінің сақталуына, мемлекет кірісіне және соның ішінде, мемлекеттік бюджетке соманы, сондай-ақ әкімшілік айппұлдарды өндіріп алудың толықтығына айырықша назар аударылады.

      41. Қадағалау тексерулерінде АЕҚ мен есептердің сот актілерінің деректеріне, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің және Қазақстан Республикасы Азаматтық-іс жүргізу кодексінің нормаларына сәйкестігіне назар аударылады.

      42. Комитет және оның аумақтық органдары тоқсан сайын азаматтық-құқықтық саладағы құқықтық статистикалық ақпараттың толықтығын, объективтілігін және дұрыстығын бақылау және прокурорлық қадағалау жағдайын талдайды.

      43. Өтініштерді есепке алу саласында уәкілетті прокурорлар есепке алу мәліметтерінің және жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша (бұдан әрі - өтініш) есептіліктің тұтастығын, объективтілігін, толықтығын және дұрыстығын бақылауды қамтамасыз етеді.

      44. Өтініштерді есепке алу және қарау тәртібі туралы бақылау тексерулері барысында уәкілетті прокурорлар субъектінің ведомстволық автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ААЖ) өтініштер бойынша есепке алу мәліметтерінің енгізілуінің уақтылы болуын, толықтығын анықтайды.

      ААЖ болмаған жағдайда ақпараттық есепке алу құжатында өтініштің мазмұны бойынша қысқаша деректердің тіркелуі және әрбір келіп түскен өтінішке тіркеу нөмірінің берілуі тексеріледі.

      45. Тексерулерді жүзеге асыру кезінде өтініштерді қарау және іс жүргізу жөніндегі бөлімшелердің басшысымен (жауапты қызметкермен) бірлесіп, өтініштерді есепке алу карточкасының мәліметтерін тиісті материалдармен салыстырып тексеру жүргізіледі (номенклатуралық істер, өтініштер, қарау мерзімдері, қарау мерзімін ұзарту туралы, қараусыз қалдыру туралы баянат немесе қызметтік хат, өтінішті құзыреттілігі бойынша басқа органға қайтадан жолдау туралы ілеспе хаттар).

      Өтініштерді есепке алу кезінде электрондық есепке алу нысанында - өтініштерді есепке алу карточкасында немесе ведомстволық есепке алу карточкасында ішінде өтініш субъектіге келіп түскен және ондағы мәліметтердің Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7315 санымен тіркелген Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 16 қарашадағы № 109 бұйрығымен бекітілген "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы" № 1-ОЛ статистикалық есебінде (бұдан әрі – 1-ОЛ есебі) көрсетілген күнінде өтініштерді есепке алу карточкасындағы есепке алу мәліметтерінің тізбесі бар тиісті жолдардың толтырылуы тексеріледі.

      Өтініштерді есепке алу карточкалары деректемелерінің "Адамдардың өтініштерін бірыңғай есепке алу" автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – АӨБЕ ААЖ) немесе субъектінің ведомстволық ақпараттық жүйесіне толтырылуының дұрыс болуына айырықша назар аударылады. Әсіресе, "Бақылу мерзімі", "Мерзім ұзартылды" және "Өтініш бойынша шешім" деректемелері.

      46. Уәкілетті прокурорлар өтініштерді есепке алу тәртібін регламенттейтін заңнаманың қолданылуына қадағалауды жүзеге асырады (бұдан әрі – заңнаманың қолданылуына қадағалау).

      47. Заңнаманың қолданылуын тексеру кезінде уәкілетті прокурорлар № 1-ОЛ есебін қалыптастыру кезіндегі мәліметтердің объективтілігіне және дұрыстығына қадағалауды жүзеге асырады.

      № 1-ОЛ есебі көрсеткіштерінің объективтілігі, дұрыстығы және жеткіліктілігі тіркеудің, есепке алудың толықтығымен және өтініштерді қарау нәтижелерін дұрыс көрсетумен және есепке алу ақпаратын жүргізу және субъектілердің тиісті бөлімшелерінің статистикалық есептілікті қалыптастыру жөніндегі жұмысты дұрыс ұйымдастыруымен қамтамасыз етіледі.

      48. Тексеруге 1-ОЛ есебінде көрсетілген, қанағаттандырудан бас тарту туралы, мерзімі ұзартылып және қарау мерзімі өтіп шешім қабылданған және қайталанған өтініштер санының дұрыстығы жатады.

      49. Уәкілетті прокурорлар қадағалау тәртібінде субъектілердің жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу және қарау саласындағы заңнаманы қолдануы бойынша қызметін тексереді.

      50. Комитет және оның аумақтық органдары тоқсан сайын ББСЖ ААЖ деректер қорына объективтілігі мен дұрыстығы мәніне мониторинг жүргізеді.

Параграф 3. Әкімшілік-құқықтық статистика саласындағы
заңнаманың қолданылуын бақылау және прокурорлық қадағалау

      51. Уәкілетті прокурорлар әкімшілік құқық бұзушылықтың және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірістің жағдайы туралы мемлекеттік құқықтық статистика саласындағы заңнаманың қолданылуына бақылау және прокурорлық қадағалауды жүзеге асырады.

      52. Бақылау субъектілердің әкімшілік-құқықтық статистикалық ақпаратты, сондай-ақ статистикалық деректердің бақылау тексерулері мен салыстырып тексерулерін ұсыну тәртібі мен мерзімдерін сақтауына тексеру жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

      53. Уәкілетті прокурорлар әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы есепті қалыптастырудың және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірістің объективтілігі мен дұрыстығына қадағалауды жүзеге асырады.

      54. Қадағалау тексерулері барысында төмендегі мәліметтерінің объективтілігі мен дұрыстығына айырықша назар аударылады:

      1) АЕҚ және есептердің, олардың уәкілетті органдар қаулыларының және сот актілерінің деректеріне, ӘҚБК нормаларына сәйкес келуінің;

      2) сот актілерінің өзгеруі туралы, соның ішінде жаза мөлшерінің төмендеуіне байланысты;

      3) бір жаза екіншісімен ауыстырылған сот актілерінің;

      4) тағайындалған жазалардың бірі алынуының;

      5) құқық бұзушының жазадан босатылуына байланысты істі қысқарту туралы.

      55. Қадағалау тексерулері кезінде құқық бұзушылардың орталықтандырылған есепке алуға қойылуының объективтілігі мен дұрыстығына назар аударылады.

      56. Қадағалау тәртібінде ҚР СО БААТЖ деректерінің және Комитеттің ақпараттық жүйелерінің мониторингі жүргізіледі, оның нәтижелері қадағалаудың тиімділігін арттыру жөніндегі нақты ұсыныстар мен кепілдемелерді әзірлей отырып талданады.

3. Арнайы есепке алу саласындағы заңнамалардың
қолданылуын бақылау және прокурорлық қадағалау

      57. Уәкілетті прокурорлар арнайы есепке алу саласында заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында субъектілер ұсынатын арнайы есепке алу мәліметтерінің объективтілігіне, дұрыстығына және толықтығына бақылауды және прокурорлық қадағалауды жүзеге асырады.

      58. Арнайы есепке алу мәліметтерінің толықтығы мен жеткіліктілігін қамтамасыз ету жөніндегі бақылау картотекалық қорларды және автоматтандырылған деректер банкін қалыптастыру арқылы жүргізіледі. Ол үшін уәкілетті прокурорлар тексерулер, өзара салысырып тексерулер жүргізеді, сондай-ақ олардың қызметінің талдау материалдарын дайындайды.

      59. Уәкілетті прокурорлар арнайы есепке алу саласындағы қадағалауды азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға әкелетін заңнаманың бұзылуларын анықтау мақсатында жүзеге асырады.

      60. Арнайы есепке алу саласындағы мәліметтердің объективтілігі мен дұрыстығын прокурорлық қадағалау:

      1) мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды ақпараттық қамтамасыз ету үшін құжатталған ақпаратты жинау, тіркеу және өңдеу;

      2) адамдарды арнайы есепке алуға қоюдың толықтығы мен уақтылы болуына салыстырып тексерулер, тексерулер, мониторингтер өткізу арқылы жүзеге асырылады.

      Деректер банкі мәліметтерінің мониторингі тұрақты негізде өткізіледі.

      61. Арнайы есепке алу саласындағы бұзушылықтарға:

      1) ұсынылған мәліметтердің жұмыс берушінің актілеріне, сот актілеріне және басқа да іс жүргізу құжаттарына және Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің нормаларына және еңбек қатынастарын реттейтін басқа да заңнамалық актілерге, ҚР ҚК және ҚР ҚІЖК нормаларына, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес келмеуі адамды тегі бойынша, дактилоскопиялық және іздестіру есепке алуға заңсыз қою, қабылдағыш-бөлгіштерден босатылған адамдарға мәліметтерді уақтылы ұсынбау, іздестіру (қылмыскерлерге қатысты) және тегі бойынша есепке алудан уақтылы шығармау және негізсіз шығару;

      2) адамдарды есепке қоймау немесе уақтылы қоймау, есепке алу мәліметтерінің бұрмалануы немесе толық болмауы, іздестіру істерін есептен заңсыз алып тастау, іздестіру істерін уақтылы қалыптастырмау және мемлекетаралық іздестіруді уақытында жарияламау, адамдарды шартты-уақытынан бұрын босату кезінде ҚР ҚК және ҚР ҚІЖК нормаларын бұзу жатады.

      62. Тегі бойынша есепке алуды жүргізу саласындағы заңнаманың қолданылуын бақылау және прокурорлық қадағалау қылмыс жасаған, қылмыстық жауапкершілікке тартылған, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған, белгілі бір лауазымды атқару құқығынан айырылған адамдарды, сотталғандарды, сауалнама деректері бойынша (тегі, аты және әкесінің аты, туған жылы мен туған жерін көрсете отырып) жалпы типтегі психиатрлық ауруханада мәжбүрлеп емдеу қолданылған, қоғамға қауіпті әрекеттер жасаған есі дұрыс емес адамдарды есепке алудың толықтығына мониторинг, салыстырып тексерулер және тексерулер арқылы жүзеге асырылады.

      63. Уәкілетті прокурор тегі бойынша есепке алудың объективтілігін, жеткіліктілігін бақылау мақсатында:

      1) сотталған адамдарға, сондай-ақ қылмыстық істері ақталмайтын негіздер бойынша қысқартылғандарға қатысты Арнайы есепке алу ААЖ-ға (бұдан әрі - АЕ) ҚР СО БААТЖ деректерімен салыстырып тексеру жүргізсін;

      2) АЕ ААЖ-ға қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамның мәліметтерін енгізген кезде сауалнама деректерінің дұрыстығы үшін ББСЖ-да мәліметтердің болуы мәніне ББСЖ мәліметтері бойынша (айып тағу туралы карточка) тексеру жүргізсін. Мұндай мәліметтер болмаған жағдайда адамды есепке қоюдың заңдылығын, атап айтқанда, айыпталушы ретінде тарту туралы қаулының болуы тексеріледі;

      3) өзара салыстырып тексерулер жүргізіледі:

      түзету мекемелерімен, соттармен және ішкі істер органдарымен сот Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінде көзделген шектеулерді жүктеген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға қатысты (шартты-мерзімінен бұрын босатылғандар; әкімшілік қадағалаудың белгіленуімен жаза мерзімін өтеуі бойынша);

      түзету мекемелерімен және ішкі істер органдарымен бас бостандығынан айыру орындарынан шартты-мерзімінен бұрын босатылған адамдарға, сондай-ақ босатылғаннан кейін қайталап қылмыс жасаған, оған әкімшілік қадағалау белгіленген адамдарға қатысты;

      тегі бойынша есепке алу бөлімшелерімен мәліметтерге және ББСЖ тиісті статистикалық деректерінің статистикасына деректер қорынан Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7330 санымен тіркелген "Қылмыстар, оқиғалар, қылмыстық істер, оларды тергеу, прокурорлық қадағалау және сотта қарау нәтижелері туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге де ақпаратты бірыңғай карточкалық есепке алуды жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты (Бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйе) (бұдан әрі – ББСЖ) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 18 қарашадағы № 122 бұйрығымен бекітілген 2.0 нысанды қылмыс жасаған адамның карточкасы бойынша мәліметтерді (деректер) тергеу (анықтау) органдары немесе соттар қабылдаған іс жүргізу шешімдері туралы мәліметтерімен ұсыну арқылы;

      4) тегі бойынша картотекалар және автоматтандырылған ақпараттық жүйелер бойынша тексерілетін адамдарда соттылықтың болуы (болмауы), жазаны өтеу орны мен уақыты, босату уақыты мен негізі, іздеуде болуы туралы мәліметтерді, қылмыс жасаған адамдар туралы, сондай-ақ ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы есепке алынатын деректерді алу үшін бақылау жүргізіледі.

      64. Тегі бойынша есепке алуды қадағалауды жүзеге асыру кезінде жалпы типтегі психиатрлық ауруханада мәжбүрлеп емдеу қолданылған, қоғамға қауіпті әрекеттер жасаған есі дұрыс емес адамдардың Комитеттің аумақтық органдарындағы есепке қойылуына айырықша назар аударылады.

      65. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын органдардың (адамдардың) есепке алу құжаттарын ұсыну тәртібі мен мерзімдерін тексерген кезде осы орган қылмыстық жауапкершілікке тартқан адамдардың тізімін талап ету және Комитеттің аумақтық органының тексерілген кезеңдегі ББСЖ 2.1 карточкасының тізімімен салыстырып тексеру.

      66. Тергеу (анықтау) органдарының немесе соттың іс жүргізу шешімдерінің түсуін бақылау жөніндегі картотекалар тергеу изоляторларының (бұдан әрі – ТИ) картотекаларымен салыстырып тексеріледі.

      67. Түзету мекемелерінде есепке алу мәліметтерінің Комитетке жолдану мерзімдерін тексеру.

      Қылмыстық-атқару инспекциясы органдарында (бұдан әрі – ҚАИ) тексеру жүргізу кезінде:

      1) есепке қойылған, шартты сотталғандар есебінен үкімді орындау мерзімін ұзарта отырып алынған, белгілі бір лауазымды немесе белгілі бір қызметті атқару құқығынан айырылған, қоғамдық, түзету жұмыстарына тартылған, бостандығы шектелген адамдардың тізімі тексеріледі;

      2) Комитеттің аумақтық органының картотекасында көрсетілген адамдарға ҚАИ хабарламасы бойынша шығарылған әліпбилік есепке алу карточкаларының болуы салыстырып тексеріледі және оларды ұсыну мерзімдері тексеріледі, ол үшін ілеспе хаттар бойынша есепке алу құжаттарының жолдану мерзімдері салыстырып тексеріледі;

      3) басқа облыстардың соттары соттаған адамдардың мәліметтері көрсетілген адамдардың есепке алу құжаттарының Комитеттің аумақтық органына жолдану мәніне тексеріледі;

      4) соттармен бірге шартты, қоғамдық жұмыстарға, түзету жұмыстарына, бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың көрсетілген жаза түрлерінен қасақана жалтаруына байланысты соттың бас бостандығынан айыруға ауыстыруына салыстырып тексерулер жүргізіледі;

      5) ішкі істер органдарымен бірге ҚАИ-да есепте тұрған, қайталап қылмыс жасаған адамдарға қатысты салыстырып тексерулер жүргізіледі.

      68. Соттарда ҚР СО БААТЖ жүйесіне: істі сотта қарау нәтижелері туралы ақпараттардың, жеке айптау істері бойынша заңды күшіне енген үкімдер (қаулылар) көшірмелерінің, соттылықты алу туралы қаулылар көшірмелерінің толықтығы тексеріледі.

      69. Адамды қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы мәліметтердің дұрыстығы ҚР ҚК 65-69 және 76 баптарының негізінде тексеріледі.

      70. АЕ ААЖ-ға заңды күшіне енген іс жүргізу шешімі бойынша мәліметтерді енгізген кезде олардың сот шығарған үкімдерге (қаулыларға) және ҚР ҚК және ҚР ҚІЖК нормаларына сәйкес келуі тексеріледі.

      71. Сот әрекетке қабілетсіз, әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп таныған адамдарды есепке алуды жүргізу бойынша тоқсан сайын АЕ ААЖ есепке алу мәліметтеріне ҚР СО БААТЖ деректерімен салыстырып тексерулер жүргізіледі.

      72. Бақылау тексеруін жүзеге асыру кезінде:

      1) ТИ-ден ілеспе хатқа қоса берілген бақылау тізіміне сәйкес есепке алу құжаттарының болуы;

      2) келіп түскен АЕҚ уақтылы ұсынылуы және дұрыс ресімделуі;

      3) дактилоскопиялық карталардағы және әліпбилік есепке алу карточкаларындағы саусақ іздерінің сапалы және бірдей болуы;

      4) дактилоскопиялық есепке алудың деректер қорына мәліметтерді енгізу мерзімдерін сақтау анықталады.

      73. Құжаттардың есепке уақтылы қойылуына бақылау тексеруін жүргізу мақсатында тергеу изоляторларына орналастырылған адамдардың тізімі (журналдары) салыстырып тексеріледі, сотталғандардың жеке ісінің деректерін Комитеттің аумақтық органына жіберу үшін дайындалған әліпбилік және дактилоскопиялық карталармен салыстыру үшін таңдап тексеріледі.

      74. Дактилоскопиялық есепке алу саласында заңнаманың қолданылуын қадағалау қылмыс жасаған, қылмыстық жауапкершілікке тартылған, ұсталған, белгілі мекенжайы немесе жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды олардың ТИ және қабылдағыш-бөлгіштердегі сауалнама деректері бойынша (тегі, аты және әкесінің аты, туған жылы мен жері көрсетіліп) есепке алудың объективтілігі мен дұрыстығын, сондай-ақ тұрақты мекенжайы немесе құжаттары жоқ ұсталған адамдарды қабылдағыш-бөлгіштерден босату мерзімдерінің сақталуына мониторингтер, салыстырып тексерулер және тексерулер жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

      75. ТИ-да қадағалауды жүзеге асыру тәртібінде:

      1) Комитеттің аумақтық органының және ТИ-ның бақылау картотекасына оның сәйкестілігіне және дұрыстығына салыстырып тексеру жүргізіледі;

      2) құжаттардың есепке уақтылы қойылуын тексеру мақсатында ТИ-на орналастырылған адамдардың тізіміне (журналдарына) және тұтқындалғандардың АЕҚ жолдау туралы ілеспе хаттарға, жазасын өтеу үшін бостандығынан айыру орындарында болған сотталғандардың хабарламаларына салыстырып тексерулер жүргізіледі;

      3) тұтқындалғандардың жеке ісіне таңдап тексеру жүргізіледі: жеке ісінің деректерін Комитеттің аумақтық органына жіберу үшін дайындалған әліпбилік есепке алу карточкаларымен және дактилоскопиялық карталармен салыстыру, жеке басын куәландыратын құжаттардан және қылмыстық ісіне қатысты құжаттардан енгізілген мәліметтердің сапасын, толықтығын және дұрыстығын тексеру;

      4) дактилоскопиялық карталарға саусақ іздерін алуды жүргізетін орындарды қарау (жабдықталуын, жағдайын) жүргізіледі.

      76. Қадағалауды жүзеге асыру мақсатында қабылдағыш-бөлгіштерде тексерулер жүргізіледі:

      1) ұсталғандарға журнал деректерімен жеке істерінің болуы, жеке іс нөмірлерінің журналдағы жазба нөміріне сәйкес келуі және ұсталғандарға тексеру материалдарының құрылу мерзімі;

      2) ұсталғанның жеке басын анықтау жөніндегі сұраулар мен жауаптардың болуы;

      3) қабылдағыш-бөлгіштерден босату хаттамасымен (немесе журналымен) Комитеттің аумақтық органына есепке алу мәліметтерін жолдау туралы ілеспе хаттарды (бақылау тізімдерімен) салыстырып тексеру арқылы ұсталғандардың АЕҚ жолдаудың уақтылы болуы;

      4) ұсталғандарға журналдармен салыстырып тексеру арқылы тексеру істерінің болуы. Бұл істерде ұсталғандарға қабылдағыш-бөлгіштің сұрауы бойынша Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің Бас ақпараттық-талдау орталығына және Комитеттің аумақтық органына ұсынылған мәліметтерді ескере отырып, арнайы тексеру жүргізу үшін материалдардың болуы және құрылу мерзімдері тексерілсін.

      77. Уәкілетті прокурорлар іздестіру есепке алуды жүргізу кезінде (анықтаудан, тергеуден, соттан және жазасын өтеуден жасырынған адамдарды, хабар-ошарсыз жоғалған адамдарды, жеке басы анықталмаған өліктерді):

      1) тіркеуге ұсынылған іздестіру ісінің іс жүргізу құжаттарын зерделеу арқылы іздестіру істерінің мерзімдеріне (іздеу жариялау туралы қаулы мен қылмыстық істі жүргізу туралы қаулының күндерін салыстыру);

      2) есепке алуға ұсынудың уақтылы болуына және іздеу туралы құжаттарды ресімдеудің сапасына;

      3) іздестіру істерін зерделеу және прокуратура органдары мен соттың іздеу жариялау туралы қаулыны жолдау мерзімдерін сақтауға бақылауды жүзеге асырады.

      78. Іздестіру есепке алудың толықтығы мен дұрыс болуы мақсатында Комитеттің аумақтық органының қызметкері:

      1) ҚР аумағынан тыс жүрген кінәлілерге қатысты ЕА ААЖ-ны ҚР ҚІЖК 50 бабы 1 бөлігі 5 тармағы бойынша тоқтатылған қылмыстық істер бойынша ББСЖ мәліметтерімен;

      2) ҚР СО БААТЖ, ББСЖ-ны ҚР ҚІЖК 50 бабы 1 бөлігі 2 тармағы және 304 бабы 3 тармағы бойынша тоқтатылған қылмыстық істер бойынша АЕ ААЖ деректерімен;

      3) соттан жасырынған адамдарға қатысты АЕ ААЖ-ны соттардың іздеу жарияланған адамдар туралы деректерімен;

      4) Соттық медицина орталықтарының филиалдарымен, медициналық мекемелермен, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығымен, сондай-ақ соттармен АЕ ААЖ-да тұрған хабар-ошарсыз жоғалған адамдарға қатысты (сот хабарсыз жоғалған деп танығандарға) салыстырып тексеру жүргізеді.

      Арнайы есепке алу мәліметтері пайдаланыла отырып, іздеудегі адамдардың жеке басын белгілеуге және сәйкестендіруге бағытталған жұмыс жүргізіледі.

      79. Іздестіру есепке алуды жүргізу саласындағы заңнаманың қолданылуын қадағалау анықтаудан, тергеуден, соттан және жазасын өтеуден жасырынған адамдарды, хабар-ошарсыз жоғалған адамдарды, жеке басы анықталмаған өліктерді және белгісіз ауруларды және денсаулық жағдайына байланысты өзі туралы мәлімдей алмайтын балаларды есепке алудың толықтығына тексеру жүргізумен жүзеге асырылады.

      80. Қадағалауды жүзеге асыру мақсатында мемлекетаралық іздеуді жариялауға жататын адамдардың мониторингін жүргізу және нәтижелері бойынша қадағалаушы прокурорға хабарланады.

      81. Қадағалау тәртібінде есепке алу құжаттары іздестіру есепке алуға түскен кезде мәліметтердің іздестіру істерінің деректеріне, қылмыстық істердің материалдарына және соттардың үкімдеріне, қаулыларына, сондай-ақ ҚР ҚК, ҚР ҚІЖК нормаларына сәйкес келуі зерделенеді.

      82. Іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарды қадағалау тәртібінде тексеру барысында іздестіру есепке алуды жүргізу саласындағы заңнаманың қолданылуы тексеріледі.

      83. Қысқартылған іздестіру істерін іздестіруі қысқартылған адамның іздестіру есепке алуында негізсіз болу мәніне зерделенеді.

      84. АЕ ААЖ мәліметтеріне іздеудегі адамдардың әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін мәніне мониторинг жүргізіледі.

      85. Мемлекеттік органдар жүзеге асыратын тексерулерді есепке алу саласында бақылау жүзеге асырылады:

      1) тексерулерді тағайындау, тоқтату, жаңарту, ұзарту және аяқтау, жүргізілмеген тексерулерді есептен алу кезіндегі, сондай-ақ тексеруге қатысатын адамдардың құрамын өзгерткен кездегі есепке алу құжаттарының толық және уақтылы қойылуына;

      2) тіркелген актілер және мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарына жүргізілген тексерулер бойынша салыстырып тексерулерді жүргізудің уақтылы болуына және сапасына;

      3) мемлекеттік органдардың тексеру жоспарларын кейін Бас прокуратураның ресми сайтында жариялануы үшін тексеру жоспарларын уақтылы ұсынуына;

      4) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының тексерулерді есепке алу саласында қалыптастырған ведомстволық есептіліктің толықтығы мен объективтілігіне бақылауды жүзеге асырады.

      86. Қадағалаудың осы бағыттағы аса маңызды міндеті ретінде тексерілуші субъектілердің тексерулерді тағайындау туралы актілерді тіркеу кезінде негізсіз және заңсыз тексерулерді болдырмау. Сол үшін уәкілетті прокурорлар мынадай қадағалау қызметтерін атқарады:

      1) тексерулерді тіркеуді жүзеге асыру кезінде тексеру жүргізудің құқықтық негіздерінің болуына тексеруді;

      2) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары тексерілетін субъектілердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында қолданыстағы заңнаманы бұзып шығарған тексеру тағайындау туралы актілерді тіркеуден бас тарту құқығын қолдануды;

      3) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының тексерулерді есепке алу және тіркеу саласында нормативтік құқықтық актілерді сақтау мәселелері бойынша қызметіне тексеру жүргізуді.

      87. Тексерулерді есепке алу саласындағы бақылау және қадағалау қызметтерін жүзеге асыру барысында уәкілетті прокурорлар Комитеттің ААЖ мүмкіндіктерін, ал қажет болған жағдайда басқа мемлекеттік органдардың ақпараттарын пайдалануға құқылы.

      88. Тексеру нәтижелеріне, сондай-ақ енгізілген ықпал ету шараларына болашақта заң бұзушылықты болдырмау бойынша пәрменді шаралар қабылдау мақсатында мониторингтер жүргізіледі және талданады.

      89. Адамдардың өліміне немесе жарақаттануына алып келген жол-көлік оқиғаларын есепке алу жөніндегі АЕҚ-ның толық және жеткілікті құрылуын бақылау мәліметтерді, оларда көрсетілген ақпараттарды және оларды субъектілерге уақтылы ұсынуды тексерумен жүзеге асырылады.

      90. Адамдардың өліміне немесе жарақаттануына алып келген жол-көлік оқиғаларын есепке алу бойынша бақылау тексерулері барысында авариялық және жол-көлік жарақаттануының, өлімінің көрсеткіштері ішкі істер және денсаулық сақтау органдарының деректерімен салыстырып тексеріледі.

      91. Қадағалау жұмысын жүзеге асыру кезінде адам шығыны немесе жарақаттануы бар жол-көлік оқиғаларының деректері құжаттамалық ресімдеудің объективтілігіне және дұрыстығына тексеріледі.

      92. Қадағалау тексерулері барысында адамдардың өліміне немесе жарақаттануына алып келген жол-көлік оқиғалары деректері бойынша құжатталған ақпарат мәліметтерінің әкімшілік, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларына сәйкестігіне айырықша назар аударылады.

      93. Бақылау тексеруі кезінде мемлекеттік қызметтен теріс себептермен шығарылған адамдарды есепке алу жөніндегі деректер банкі мәліметтерінің объективтілігі мен жеткіліктілігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметтерді атқаруға уәкілетті адамдардың, сондай-ақ әсіресе оларға теңестірілген, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін шығарылған адамдардың есепке алуға уақтылы қойылуына назар аударылады.

      94. Мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметтен теріс себептермен шығарылған адамдарды есепке алу саласында тексеру жүргізу кезінде олардың кадрлық қызметтері мен қызметкерлерінің Комитеттің аумақтық органдарының осындай адамдарға АЕҚ қою жөніндегі арнайы талаптарды орындауына назар аударылады.

      95. Қадағалауды жүзеге асыру барысында адамдарды осы есепке қоюдың 1999 жылғы 23 шілдедегі "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабы 1 бөлігі 1-1 тармағының 3), 4), 5), 7), 7-1), 7-2), 7-3), 7-4) тармақшаларында; 2011 жылғы 6 қаңтардағы "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80 бабы 1 бөлігі 1216 тармақтарында; 2012 жылғы 13 ақпандағы "Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 49 бабы 13) тармақшасында; Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 54 бабы 1 тармағының 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 15), 16) тармақшаларында; 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндет және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37 бабы 2 бөлігі 6 тармағында, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа әскерлерінде және әскери құрылымдарында әскери қызметтен өту ережесінің 174 тармағында белгіленген негіздер бойынша заңдылығы мен негізділігіне назар аударылады.

      96. Мемлекеттік қызметке түсуге үміткер адамдарды есепке алу бойынша тиісті қадағалау қамтамасыз етіледі.

      97. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі міндеттерге жету үшін уәкілетті прокурорлар құжатталған ақпараттың толықтығына бақылауды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдарды есепке алуды жүргізу кезінде (бұдан әрі - сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдарды есепке алу) заңнаманың қолданылуына қадағалауды жүзеге асырады.

      98. Тексеру кезінде құқық бұзушылықты анықтаған және Комитеттің аумақтық органдарына АЕҚ қойған орган (лауазымды тұлға) өкілетті органның (лауазымды тұлғаның) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы істі (материалды) қарау нәтижелері туралы мәліметтерін уақтылы ұсынуына айырықша назар аударылады.

      Осыған байланысты тұрақты негізде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдардың АЕ ААЖ-ның есепке алуына уақтылы қойылуына және мәліметтерінің уақтылы енгізілуіне бақылау жүзеге асырылады және уәкілетті органның оларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешімінің болуы тексеріледі.

      99. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдарды есепке алудың объективтілігі мен дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілері туралы деректер банкін жүргізу арқылы қадағалау жүзеге асырылады.

      100. Қадағалау қызметін жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдарды есепке қоюға арналған негіздердің заңдылығы тексеріледі. Бұл ретте, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін адамды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешімге заңмен белгіленген тәртіпте өзгеріс енгізу немесе күшін жою туралы мәліметтерге назар аударылады.

      101. Әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамдарды есепке алуды жүргізу саласында мынадай мәселелерге назар аударылады:

      1) адамдарды есепке қоймау немесе уақытында қоймауға;

      2) есепке алу мәліметтерінің бұрмалануына немесе толық болмауына;

      3) әкімшілік заңнаманың бұзылуына.

      102. Құжатталған ақпаратты қабылдау, өңдеу, жинау және топтастыру кезінде қадағалау тәртібінде есепке алу, бақылау, ведомстволық журналдарына және басқа да тіркеу құжаттарына салыстыра отырып тексеру жүргізіледі.

      103. Есепке алу мәліметтерінің дұрыстығына қадағалау тексерулерін жүргізу кезінде уәкілетті мемлекеттік органдардың және ұйымдардың (қабылдағыш-бөлгіштердің, әкімшілік тәртіпте тұтқындалған адамдарға арналған арнайы қабылдағыштардың, медициналық айықтырғыштардың, психоневрологиялық, наркологиялық диспансерлердің) азаматтардың жеке бас бостандығына конституциялық құқығын сақтауына назар аудару.

      104. Террористік әрекет жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған адамдарды және сот террористік деп таныған ұйымдарды; экстремизм жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған адамдарды және сот экстремистік деп таныған ұйымдарды есепке алуды жүргізуді бақылау есепке алудың уақтылы және толық болуын салыстырып тексеру және тексеру арқылы жүзеге асырылады.

      105. Қадағалау тәртібіндегі тексеру барысында арнайы есепке қою үшін ұсынылған құқық бұзушылықтар туралы, қылмыстар туралы, экстремизмге және террористік әрекетке байланысты қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдар туралы әкімшілік істер мәліметтерінің дұрыстығына назар аударылады.

      106. Қысқартылған қылмыстық істер мен қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулылар шығарылған материалдарды қабылдаған кезде қадағалау тәртібінде субъектілер толтырған және ұсынған АЕҚ-ның уақтылы қойылуы мен дұрыстығы мәніне салыстырып тексерулер жүргізіледі.

      107. АЕҚ-да көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы және қысқартылған қылмыстық істің ББСЖ АДҚ материалдарына және қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы қаулының бір мезгілде мұрағаттық істердің мұрағатқа, мұрағаттық қор істерінің тізімдемелеріне түсуі және шығып қалуы есепке алу журналында тіркеле отырып шығарылған материалдарға сәйкес келуі тексеріледі.

4. Комитеттің және оның аумақтық органының мемлекеттік құқықтық
статистика және арнайы есепке алу саласында бақылауды
және прокурорлық қадағалауды ұйымдастыруы және жүзеге асыруы

      108. Комитет:

      1) мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында заңнаманың қолданылуын бақылауды және прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі Комитеттің аумақтық органдарының қызметіне қадағалаудың осы бағытындағы жұмыстың тиімділігін арттыруға жағдай жасай отырып, басшылықты және бақылауды қамтамасыз етеді;

      2) прокурорлық қадағалауды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды жетілдіру, уәкілетті прокурорлардың біліктілігін арттыру, оларға әдістемелік және практикалық көмек көрсету жөніндегі жұмысты жүргізеді;

      3) жарты жылдық және жыл қорытындысы бойынша мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңнаманың қолданылуын бақылау және прокурорлық қадағалау жағдайына талдаулар жүргізеді;

      4) субъектілердің республикалық органдары ұсынатын мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәліметтерінің тұтастығына, объективтілігіне, дұрыстығына және толықтығына бақылауды және прокурорлық қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, сондай-ақ осы бағытта жалпы республика бойынша әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;

      5) орталықтандырылған деректер қорының мониторингін жүзеге асырады, ал Комитеттің аумақтық басқармалары оларды мынадай салаларда толықтыруды жүзеге асырады:

      қылмыстық-құқықтық салада – электрондық ӨАЕК-ні тексеру, қылмыстық қудалау органдары және қадағалаушы прокурорлар тұрақты негізде ұсынатын АЕҚ мәліметтерін енгізу, сондай-ақ ҚР СО БААТЖ мәліметтерін Комитеттің ББСЖ-на онкүндік сайын жүктеу арқылы;

      азаматтық-құқықтық салада – қадағалаушы прокурорлар ұсынатын АЕҚ мәліметтерін енгізу, ҚР СО БААТЖ мәліметтерін Комитеттің ББСЖ-на онкүндік сайын жүктеу, мемлекеттік органдардың деректер қорынан жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша мәліметтерді Комитеттің деректер қорына ай сайын жүктеу арқылы;

      әкімшілік-құқықтық салада – Әкімшілік істерді есепке алу журналын зерделеу, уәкілетті органдарға әкімшілік істерді қарау туралы мәліметтерді олардың тұрақты түрде қарауына жүктеу арқылы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған, сондай-ақ теріс себептермен жұмыстан шығарылған адамдар туралы мәліметтерді тұрақты түрде толықтыру арқылы;

      6) АЕ ААЖ, Автоматтандырылған дактилоскопиялық ақпараттық жүйеге мониторинг жүргізеді.

      109. Комитет және оның аумақтық органдары:

      1) қажеттілік туған жағдайда Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерімен және тиісті облыстық, аудандық және соларға теңестірілген прокурорлармен статистикалық құқықтық ақпаратпен алмасу арқылы жоспарлы және басқа да тексерулерді жүргізу кезінде, жеке тапсырмаларды орындау, қызметкерлер және арнайы прокурорларды бөлу кезінде жедел өзара әрекетті қамтамасыз етеді;

      2) бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылық және осы бағыттағы қадағалау қызметінің жағдайын жариялай отырып, прокуратура органдарының имиджін арттыру бойынша мақсатты жұмыстарды жүргізеді.

      110. Комитеттің аумақтық органдары:

      1) жылына 1 реттен кем емес құқық қорғау органдарының тиісті Үйлестіру кеңесінің қарауына құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылық жағдайы мәселелерін енгізеді;

      2) қажет жағдайда облыстық, аудандық және соларға теңестірілген прокурорлардың жанындағы алқа отырыстарында немесе бірлескен жедел кеңестерде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі прокурорлық қадағалаудың және ведомстволық бақылаудың жағдайын қарау туралы мәселеге бастама жасайды;

      3) жарты жылдық және жыл қорытындысы бойынша мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңнаманың қолданылуын бақылау және прокурорлық қадағалау жағдайына талдауларды жартыжылдық және жыл аяқталғаннан кейінгі айдың 15 күнінде Комитетке хабарлап, жүргізеді;

      4) облыстық және оларға теңестірілген мемлекеттік органдар, қылмыстық қудалау органдары, әскери соттар, әскери ұйымдар мен оларға бағынысты төменгі тұрған құрылымдық бөлімшелер ұсынатын және автоматтандырылған деректер қорындағы (ББСЖ АДҚ, АЕ ААЖ, АӨБЕ ААЖ) құқықтық статистикалық ақпараттың тұтастығына, объективтілігіне, дұрыстығына және толықтығына қадағалауды жүзеге асырады;

      5) қылмыстық-құқықтық статистика саласында:

      АЕҚ мен есептіліктің тұтастығын, объективтілігін, толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етеді;

      Комитеттің автоматтандырылған жүйелерінің күнделікті енгізілуін қамтамасыз етеді, соның ішінде есептерді қалыптастыру кезеңінде;

      он күндік сайын прокуратура органдарымен бірлесіп қойылған АЕҚ-ның уақтылы болуы, толықтығы және дұрыстығы бойынша салыстырып тексерулер жүргізеді, есептік деректердің бұрмалануына әкелетін АЕҚ-ны субъектілердің уақтылы ұсынбау деректерін облыс прокурорлары және соларға теңестірілгендердің жанында қарауға енгізеді;

      Комитеттің автоматтандырылған жүйелеріне ай сайын статистикалық деректердің толықтығы мен дұрыстығы, нәтижелері туралы қажет жағдайда Комитетке немесе қадағалаушы прокурорға хабарланатын АЕҚ-ның тиісті деректемелерін субъектілердің тиісті ресімдеуі мәніне мониторингтер жүргізеді;

      тоқсан сайын аудандық және оларға теңестірілген прокуратураларды тарта отырып қылмыстылық, ашу жағдайы, тергеу жұмысы мен анықтаудың көрсеткіштері туралы статистикалық деректердің дұрыстығына тексерулер жүргізеді;

      қылмыстар, қылмыстық қудалау органдарындағы есепке алу-тіркеу тәртібі туралы өтініштер мен хабарламаларды, шағымдар мен басқа да ақпаратты қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарау кезіндегі заңдылықты тексеруді жүзеге асырады;

      тиісті қылмыстық қудалау органдарының қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштер мен хабарламаларды электрондық тіркеуіне және қылмыстар мен оқиғалар туралы өтініштер мен хабарламалардың қабылданғаны туралы талон-хабарламаларды уақтылы жүргізуіне бақылауды жүзеге асырады;

      6) азаматтық-құқықтық статистиканы қалыптастыру саласында:

      азаматтық-құқықтық саладағы АЕҚ мен есептіліктің тұтастығын, объективтілігін, толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етеді;

      ай сайын ҚР СО БААТЖ деректер қорының ақпараттық ресурстарының деректерін Комитеттің деректер қорына жүктеуді қамтамасыз етеді және сот органдары құрған АЕҚ-ның статистикалық деректерінен туындайтын деректемелерінің толықтығы мен дұрыстығы мәніне мониторингтер жүргізеді;

      7) әкімшілік-құқықтық статистиканы қалыптастыру саласында:

      әкімшілік-құқықтық саладағы АЕҚ мен есептіліктің тұтастығын, объективтілігін, толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етеді, тоқсан сайын әкімшілік практика субъектілерімен әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған адамдар туралы деректер банкіне салыстырып тексерулер жүргізеді.

5. Комитеттің аумақтық органы өкілдерінің мемлекеттік құқықтық
статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңнаманың
қолданылуына бақылауды және прокурорлық қадағалауды
жүзеге асыруы

      111. Аудандық және оған теңестірілген буын субъектілері ұсынған құқықтық статистикалық ақпараттың толықтығы мен дұрыстығына бақылауды және прокурорлық қадағалауды өз қызметін аудан прокурорларымен және оларға теңестірілгендермен өзара әрекеттесе отырып жүзеге асыратын Комитеттің аумақтық органының өкілдері (бұдан әрі – аумақтық органдардың өкілдері) жүзеге асырады.

      112. Аудандарда немесе оларға теңестірілген аймақтарда аумақтық орган өкілдері болмаған, соның ішінде уақытша болмаған жағдайда мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру жөніндегі міндет Комитеттің аумақтық органының қызметкерлеріне жүктеледі.

      113. Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін аумақтық орган өкілдеріне (статистик-бас мамандар) субъектілерге өздігінен тексеру жүргізуге жол берілмейді. Қажет жағдайда тексерулер тек аудандық және оларға теңестірілген прокурорлармен бірлесіп жүргізіледі.

      114. Аумақтық орган өкілі бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртібінде:

      1) қадағалаудағы ауданның (қаланың, көліктік аймақтың, әскери гарнизонның) субъектілерінен және басқа да мемлекеттік органдарынан құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәселелері бойынша статистикалық және талдау ақпаратын, құқықтық мемлекеттік есептілікті, соның ішінде тергеуге дейінгі тексеру материалдарын, бас тарту материалдарын, әкімшілік істерді, алғашқы есепке алу құжаттары мен нысандарын деректерді өндіру және арнайы есепке алуды жүргізу, соның ішінде ақпараттандыру және сервис үшін қайтарымсыз алады;

      2) қадағалаудағы ауданның (қаланың, көліктік аймақтың, әскери гарнизонның) субъектілерінен алғашқы есепке алу және есептілік актілерінің толықтығы мен дұрыстығын, оларды Прокуратура туралы заңның 29 бабы 1 тармағы 3) тармақшасына сәйкес ұсынуын талап етеді;

      3) субъектілер ұсынған АЕҚ-ны дереу және дұрыс енгізу бойынша шаралар қабылдайды;

      4) егер АЕҚ құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзып құрылған болса, оларды қайта құруға қайтарады;

      5) қадағалаудағы ауданның (қаланың, көліктік аймақтың, әскери гарнизонның) субъектілері атына қадағалау және бақылауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша, Комитеттің аумақтық органы бастығының немесе оның орынбасарларының немесе олардың орнын алмастырушы адамдардың қолы қойылған ақпараттық хаттарды жолдайды;

      6) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында бұзушылықтарды анықтаған жағдайда тексерулердің, салыстырып тексерулердің және басқа да қадағалау нысандарының нәтижелері бойынша Комитеттің аумақтық органы бастығының алдына жобаны дайындай отырып, прокурорлық қадағалау актілерін енгізу туралы мәселеге бастама жасайды;

      7) есепке алу-тіркеу мәліметтерінің және есепке алу тәртібінің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында, соның негізінде АЕҚ мәліметтері қалыптасатын алғашқы есепке алу материалдарын, есептерді, арнайы есепке алуларды, соның ішінде тергеуге дейінгі тексеру материалдарын, бас тарту материалдарын, қылмыстық істерді талап етеді.

      115. Аумақтық органның өкілі:

      1) он күн сайын электрондық ӨАЕК мониторингін, салыстырып тексерулер, тексерулер өткізуге, олардың нәтижелері туралы Комитеттің аумақтық органына және қадағалаушы прокурорға хабарлауға;

      2) қылмыстық қудалау органдары мен қадағалаушы прокурорлардың АЕҚ қоюының толықтығы мен уақтылы болуына мониторингтер жүргізуге, олардың нәтижелері туралы Комитеттің аумақтық органына хабарлауға;

      3) Комитеттің аумақтық органы бастығының тапсырмасы бойынша Прокуратура туралы заңда көзделген басқа да міндеттерді орындауға міндетті.

6. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы
мемлекеттік органдардың статистикалық қызметтерін үйлестіру

      116. Мемлекеттік органдардың статистикалық қызметтерін үйлестірудің негізгі міндеттері:

      1) мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету;

      2) мемлекеттік органдардың статистикалық қызметінің тиімділігін арттыруға, оны құқықтық реттеуге бағытталған келісілген ұсыныстарды және әрекеттерді дайындау болып табылады.

      117. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы үйлестіру қызметінің шеңберінде уәкілетті прокурорлар облыстық, аудандық және соларға теңестірілген прокуратуралармен бірлесіп:

      1) мынадай жағдайлардың талдауын дайындауды жүзеге асырады:

      қылмыстылықтың, оның құрылымы мен динамикасының, даму үрдісін болжаудың, қылмысты болдырмау, бұлтартпау, анықтау, ашу және тергеу практикасын зерделеудің;

      есепке алу-тіркеу және есептілік тәртібінің, осы бағыттағы бұзушылықтарды анықтау, болдырмау және бұлтартпау практикасын зерделеудің;

      2) құқықтық статистикалық ақпаратты ұсына отырып заңдылықты және құқық тәртібін күшейту жөніндегі бірлескен іс-шараларды әзірлеу, келісу және орындауды;

      3) қылмыстылықпен күрес жөніндегі қызметті құқықтық реттеуді жетілдіру туралы ұсыныстардың.

      118. Уәкілетті прокурорлардың облыстық, аудандық және соларға теңестірілген прокурорлармен және басқа да мемлекеттік органдармен статистикалық қызметті үйлестіруінің негізгі нысандары:

      1) өзара ақпаратпен, соның ішінде қылмыстылық пен заңдылық жағдайы туралы құқықтық статистикалық ақпаратпен алмасу;

      2) құқықтық статистикалық ақпаратты қамтамасыз ете отырып қылмыстылықпен және құқық бұзушылықтармен күресті белсендіруге бағытталған үйлестірілген іс-шараларды жоспарлау және жүзеге асыру;

      3) қылмыстылық пен заңдылық жағдайын, соның ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы жағдайды құқық қорғау органдары Үйлестіру кеңесінің ведомствоаралық кеңестері мен отырыстарында бірлескен іс-шараларды әзірлей және жүзеге асыра отырып, мемлекеттік органдар басшыларының, бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен бірлесіп талқылау;

      4) келісілген әрекеттерді, заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі, соның ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы тексерулерді жүргізу үшін аймақтарға бірлесіп шығу;

      5) бірлескен ведомствоаралық жұмыс топтарын құру;

      6) жұмысшылардың біліктілігін арттыру, бірлескен семинарлар, конференциялар өткізу үшін құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдарының мүмкіндіктерін өзара қолдану;

      7) бірлескен бұйрықтарды, нұсқауларды шығару, ақпараттық хаттарды және басқа да ұйымдастыру-өкімдік құжаттарды дайындау;

      8) бірлескен бюллетеньдерді (жинақтарды) және басқа да ақпараттық басылымдарды шығару;

      9) заңнамаға қайшы келмейтін үйлестірудің басқа да нысандарын пайдалану.