Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін тестен өтудің қағидалары мен шарттары, сондай-ақ лауазымдардың санаттары үшін шекті мәндер бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 8 шілдедегі № 69 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 шілдеде № 9614 тіркелді

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 08.04.2016 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Құқық қорғау органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін тестен өтудің қағидалары мен шарттары, сондай-ақ лауазымдардың санаттары үшін шекті мәндер бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 08.04.2016 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Кадр жұмысы департаментінің бастығы осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуге шаралар қабылдасын.
      3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің барлық қызметкерлері таныстырылсын.
      4. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасарына жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры                              А. Дауылбаев

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының  
2014 жылғы 8 шілдедегі
№ 69 бұйрығымен   
бекітілген     

Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін тестен өтудің қағидалары мен шарттары, сондай-ақ лауазымдардың санаттары үшін шекті мәндер

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 08.04.2016 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін тестен өтудің қағидалары мен шарттары, сондай-ақ лауазымдардың санаттары үшін шекті мәндер аттестаттауды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін (бұдан әрі – аттестатталатын адамдар) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және логикалық ойлау қабілетіне компьютерлік тестілеуден өткізудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 08.04.2016 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Тестілеуді өткізудің мақсаты – Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілеттілігін әділ бағалау.
      3. Аттестатталатын адамдарды компьютерлік тестілеу Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен (бұдан әрі – Бас прокуратура) Бас прокуратураның тестілеу залында, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының қызметкерлерін тестілеу жүйесі» ақпараттық жүйесінде «Он-лайн» режимінде мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
      Компьютерлік тестілеу процесі қорғалатын Прокуратура органдарының біртұтас көлік ортасының арналары бойынша аудио – бейне хаттамамен бейнеконференцбайланысын пайдалану арқылы жүргізіледі.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 08.04.2016 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      4. Компьютерлік тестілеудің әділдігі тестілеудің қорытындыларын автоматтандырылған санау шарттарының, уақытының және мазмұнының стандарттылығымен қамтамасыз етіледі.
      5. Прокуратура органдары, ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымдарының кадр қызметтері (бұдан әрі – кадр қызметтері):
      1) міндетті түрде тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірін, туылған кезін, білімін, мамандығын, аттестаттау кезіндегі қызметін, сыныптық шенін көрсете отырып компьютерлік тестілеуге жататын аттестатталушылардың тізімін әзірлейді. Жеке мәліметтер Қазақстан Республикасының азаматының жеке тұлғасын куәландыратын құжатқа сәйкес толтырылады (жеке басының куәлігінің тілінде);
      2) аттестатталушы қызметкерлерді компьютерлік тестілеуді өткізудің орны, мерзімі және уақыты туралы хабардар етеді;
      3) аттестатталушы қызметкердің компьютерлік тестілеуге уақтылы келуін және жалпы жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету және жүйелік әкімшілеуді жөнге келтіру және орнату аясында арнайы білімі бар техникалық маманның болуын қамтамасыз етеді.
      Кадр қызметтері «Он-лайн» режимінде компьютерлік тестілеуге жататын аттестатталатын адамдардың тізбесін компьютерлік тестілеуге дейін кемінде 10 жұмыс күні бұрын Бас прокуратураның Кадр жұмысы департаментіне тапсырады.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 08.04.2016 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Тестілеуді өткізудің тәртібі

      6. Тестілеу өткізетін жай аттестатталушылардың ыңғайлы отыруына сәйкес, ал компьютерлер бейнеконференц байланысының тура көрінетін аумағына орналастырылуы қажет.
      7. Алып тасталды - ҚР Бас Прокурорының 08.04.2016 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      8. Тестілеуді жүргізу кезінде бөлмеде тек қана аттестатталатын адамдар болады. Бұл ретте кадр қызметінің өкілі, сондай-ақ техникалық маман міндетті түрде қатысады.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 08.04.2016 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      9. Тестілеу сәтінде өзін-өзі дұрыс сезінбеген аттестатталатын адам бұл туралы тестілеу басталғанға дейін кадр қызметінің өкіліне хабарлайды. Бұл жағдайда мұндай адамдарды тестілеу басқа уақытта жүргізіледі.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 08.04.2016 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      10. Аттестатталушыларда жеке сәйкестендіру нөмірі бар Қазақстан Республикасының азаматының жеке тұлғасын куәландыратын құжаттары болуы шарт. Өздерінде Қазақстан Республикасының азаматының жеке тұлғасын куәландыратын құжаттары жоқ аттестатталушылар компьютерлік тестілеуге жіберілмейді.
      11. Тестілеу басталғанға дейін аттестатталушылар жүйенің пайдаланушысының басшылығымен қолдарын қойып таныстырылады.
      12. Тестілеу келесі тәртіпте жүргізіледі: заңнаманы білуге арналған тестілеу (100 сұрақ), логикалық ойлау (10 сұрақ).
      13. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған және логикалық тестілеуді орындауға берілетін жалпы уақыт 110 минутты құрайды. Оның ішінде 90 минут Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуді орындауға және 20 минут логикалық тестілеуді орындауға бөлінеді.
      14. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тест бойынша шекті мәндер прокуратура органдары, ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері лауазымдарының барлық санаттары үшін нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санының кемінде 70% болатын дұрыс жауаптарды құрайды.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 08.04.2016 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      15. Логикалық тестілеу бойынша төменгі шекті мәні белгіленбейді.
      16. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тесттер, осы Қағидаларға қоса берілген 2-қосымшаға сәйкес, № 5 блокты қоспағанда, прокурорлық қадағалаудың бағыттары бойынша прокурорлық қадағалаудың мамандануына сәйкес, ұйымдық-кадрлық және талдау қызметі бойынша әр блокқа 40 сұрақ және арнайы 60 сұрақты енгізе отырып 10 блок бойынша орналастырылады.
      17. Осы Қағидаларға 2-Қосымшаның № 1-4 блоктарының тестілеу сұрақтары келесі қызметкерлердің заңнаманы білуіне компьютерлік тестілеуден өтуге арналған:
      Бас прокуратураның басқарма/бөлім прокурорларын;
      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының (бұдан әрі – Академия) басқармаларының/бөлімдерінің прокурорлары, инспекторлары;
      аудан прокуратурарларының және оларға теңестірілген прокуратуралардың бөлім бастықтарын;
      аудан прокурорларының және оларға теңестірілген прокурорлардың көмекшілері мен аға көмекшілерін;
      аудандардың прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратуралардың прокурорлары, аға прокуроры;
      прокуратура органдарындағы (құқық қорғау органдарындағы немесе мемлекеттік қызметтегі) өтілі 1 жылдан аспайтын аттестатталушы қызметкерлерді өткізуге арналған.
      Сонымен бірге бұл қызметкерлер өз қалаулары бойынша тестілеуден өту үшін төрт блоктың біреуін таңдауға құқылы (№№ 1, 2, 3, 4 блоктар).
      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 08.04.2016 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      18. Осы Қағидаларға 2-қосымшадағы №№ 6-1, 6-2, 6-3 және 6-4 блоктарының тестілеу сұрақтары бойынша:
      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің (бұдан әрі – ҚСжАЕАК) басқармаларының/бөлімдерінің прокурорлары, аға прокурорлары;
      ҚСжАЕАЖК-нің облыстық органдарының басқарма/бөлім прокурорлары мен аға прокурорларын;
      ҚСжАЕАЖК-нің облыстық органдарының және ҚСжАЕЖК-нің қызмет өткерудің шекті жасына жеткен, сондай-ақ соңғы үш жылда қызмет өткерудің шекті жасына жететін аттестатталушы қызметкерлерін;
      ҚСжАЕАЖК-нің облыстық органдарының және ҚСжАЕЖК-нің прокуратура органдарындағы (құқық қорғау органдарындағы немесе мемлекеттік қызметтегі) өтілі бір жылдан кем аттестатталушы қызметкерлерін заңнаманы білуге компьютерлік тестілеуден өткізуге арналған.
      Сонымен бірге аталған қызметкерлер өз қалаулары бойынша тестілеуден өту үшін көрсетілген төрт блоктың біреуін таңдауға құқылы (№ 6-1, 6-2, 6-3 және 6-4 блоктар).
      Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 08.04.2016 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      19. Осы Қағидаларға 2-қосымшадағы № 7 блоктың тестілеу сұрақтары:
      Бас әскери прокуратураның басқармаларының/бөлімдерінің бастықтары, олардың орынбасарлары;
      Бас әскери прокурордың көмекшілері мен аға көмекшілерін;
      Бас әскери прокуратураның басқарма/бөлім прокурорлары мен аға прокурорларын;
      аймақтардың/гарнизондардың әскери прокурорлардың орынбасарларын;
      аймақтардың/гарнизондардың әскери прокуратуралардың бөлім бастықтарын;
      аймақтардың/гарнизондардың әскери прокуратураларының прокурорлары, аға прокурорлары.
      Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 08.04.2016 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      19-1. Осы Қағиданың 2-қосымшасындағы № 8 блоктың тестілеу сұрақтары бойынша заңнаманы білуге компьютерлік тестілеуден мыналар өтеді:
      Академияның ректоры, бірінші ректоры және проректорлары;
      Академия институттарының директорлары мен олардың орынбасарлары;
      Академия факультеттерінің профессорлары, декандары;
      орталықтардың бастықтары, кафедралардың меңгерушілері, оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері жөніндегі басқарманың бастығы, бас ғылыми қызметкерлер, Ғылыми кеңестің хатшысы;
      жетекші ғылыми қызметкерлер, аға ғылыми қызметкерлер, ғылыми қызметкерлер, доценттер, аға оқытушылар, оқытушылар.
      Ескерту. 19-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Бас Прокурорының 08.04.2016 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      20. Осы Қағидалардың 2-қосымшасындағы № 5 блоктың тестілеу сұрақтары заңнаманы білуге арналған компьютерлік тестілеуден келесі қызметкерлерді:
      Бас Прокурордың Аппаратының басшысы;
      Бас прокуратураның Департамент бастықтарын және олардың орынбасарларын;
      Бас Прокурордың ерекше тапсырмалар бойынша аға көмекшілері;
      облыс прокурорларын және оларға теңестірілген прокурорларды, олардың орынбасарларын;
      ҚСжАЕАЖК төрағасын және оның орынбасарларын;
      Бас прокуратураның дербес басқармаларының бастықтарын және олардың орынбасарларын;
      Бас прокуратураның басқарма бастықтарын және олардың орынбасарларын, Бас Прокурордың аға көмекшілерін;
      Бас прокуратураның бөлім бастықтарын, Бас Прокурордың көмекшілерін, басқарма, бөлім аға прокурорларын;
      ҚСжАЕЖК-нің облыстық органдарының бастықтарын және олардың орынбасарларын;
      ҚСжАЕЖК-тің басқарма/бөлім бастықтарын, олардың орынбасарларын;
      ҚСжАЕЖК-тің облыстық органдарының бөлім бастықтарын;
      Академияның басқармаларының/бөлімдерінің бастықтары, кезекшілік бөлімнің бастығы, ректордың көмекшісі, басқармаларының/бөлімдерінің аға прокурорлары;
      облыстық прокуратуралардың және оларға теңестірілген прокуратуралардың басқарма/бөлім бастықтарын, олардың орынбасарларын;
      облыс прокурорларының және оларға теңестірілген прокурорлардың көмекшілерін, аға көмекшілерін;
      аудан прокурорларын және оларға теңестірілген прокурорларды;
      аудан прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлардың орынбасарлары;
      басқа аттестатталушы тұлғаларды (қалауы бойынша) өткізуге арналған.
      Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 08.04.2016 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      21. Логикалық тестілеу текст үзінділерінен тұрады және оның артында мақұлдау бар. Аттестатталушы қызметкер төменде көрсетілген үш жауаптың бір нұсқасын таңдауы тиіс:
      1) мақұлдау үзіндінің мазмұнына немесе одан туындайтынлогикалық  салдарға «ҚАРАМА ҚАРСЫ»;
      2) мақұлдау мәні бойынша үзіндінің мазмұнына «ҰҚСАС» немесе логикалық түрде осы ақпараттан немесе пікірден туындауы мүмкін;
      3) қосымша ақпаратқа ие болмай осы мақұлдау үзіндінің мазмұнына немесе одан туындайтын логикалық салдарға ұқсаса немесе қарама-қарсы деп «АЙТА АЛМАЙМЫН».
      22. Тестілеуге бөлінген уақыт аяқталған соң компьютерлік жүйе автоматтандырылған түрде тестілеуді тоқтатады және қорытындысын береді.
      23. Тестілеу кезінде бағдарламалық қамтамасыз ету немесе компьютерлік техника ақауға ұшыраған жағдайда жүйе аттестатталушы қызметкерге берілген есептік жазбаға қайталап кіруді жүзеге асырады.
      Сонымен бірге қайталап кірген кезде жүйе тестілеуді ол үзіліп қалған жерден жалғастырады.
      Уақыт және қорытындылар ақау орын алған сәттегі мәнге қалпына келтіріледі.
      Бір есептік жазба бойынша қосымша тестілеуге жол берілмейді.
      24. Жүйенің негізгі серверіне кіру мүмкін болмаған жағдайда техникалық маман резервтік серверге қосуды жүзеге асыруы тиіс.
      25. Тестілеу кезінде аттетстатталушы қызметкерлерге тестілеу өткізіліп жатқан жайдан шығуға, алатын-беретін электрондық қондырғыларды (соның ішінде ұялы телефондарды, дербес портативтік компьютерлерді немесе басқа электрондық құралдарын), қағаз тасымалдағыштарын пайдалануға тыйым салынады.
      26. Аталған тыйым салынған құралдарды қолдану фактілерін анықталған кезде кадр қызметінің өкілі тиісті акті жасайды. Аттестатталатын адам тестілеу залынан шығарылады.
      Тестілеуден одан әрі өткізу тоқтатылады және аттестатталушы қызметкер Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және логикалық ойлауға арналған компьютерлік тестілеуден өтпеген деп саналады.
      Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 08.04.2016 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      27. Тестілеу процесі бейнеконференцбайланысымен хаттамалынады және ақпараттық тасымалдағыштарында мұрағатталынып, аттестаттау аяқталғанға дейін Бас прокуратурада сақталынады.
      28. Компьютерлік тестілеудің қорытындысын есептеу жүйемен автоматтандырылған түрде жүргізіледі.
      29. Тестілеу аяқталғаннан кейін кадр қызметінің өкілі аттестатталатын адамды тестілеудің нәтижесімен қол қоя отырып таныстырады.
      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 08.04.2016 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасының прокуратура
органдары, ведомстволары мен    
мекемелерінің қызметкерлерін    
аттестаттаудан өткізу кезінде    
Қазақстан Республикасының      
заңнамасын білуге және логикалық  
ойлауға компьютерлік тестілеуден  
өткізудің Қағидаларына       
1-қосымша            

                                                                нысан

Қазақстан Республикасының
заңнамасын білуге және логикалық
ойлауға компьютерлік тестілеуден өткізуге
техникалық құралдарды жіберу
АКТІСІ

______________ қаласы                     _______ жылдың «__» _______
                                             ____ сағ. ___ мин.

      Біз төменде қол қоюшылар:
      ____________________________________________________________
                      (өкілдің лауазымы, тегі, аты)
      ________________________________________ прокуратураның
              (прокуратураның атауы)
      ____________________________________________________________
                 (өкілдің лауазымы, тегі, аты-жөні)
техникалық құралдарды – саны ___ бірлік компьютер, ____ бірлік
принтер және бейнеконференцбайланысты прокуратура органдары,
ведомстволары мен мекемелерінің қызметкерлерін аттестаттау кезінде
«Он-лайн» режимінде Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және
логикалық ойлауға компьютерлік тестілеуге жіберу туралы осы актіні
толтырдық.

      Тегі, аты-жөні: ___________________________________________
      Тегі, аты-жөні: ___________________________________________
      Тегі, аты-жөні: ___________________________________________

Қазақстан Республикасының прокуратура 
органдары, ведомстволары, мекемелері мен
білім беру ұйымдарының қызметкерлерін
тестен өтудің қағидалары мен шарттары,
сондай-ақ лауазымдардың санаттары үшін
шекті мәндер 2-қосымша         

Прокурорлық қадағалаудың бағыттары, ұйымдастыру-кадр және талдау қызметі бойынша мамандандыру

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 08.04.2016 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. № 1 БЛОК (жалпы қадағалау)
      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын (14 сұрақ), «Прокуратура туралы» (12 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (5 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің этикалық кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп ережесін) (бұдан әрі – Этикалық кодекс) (4 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
      Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнаулы бөлімі «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының кодексінен (10 сұрақ), Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінен (10 сұрақ), Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінен (10 сұрақ), «Мемлекеттік сатып алулар туралы» (10 сұрақ), «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» (7 сұрақ), «Заңсыз жолмен алынған табысты заңдастыруға (ақшаны жылыстыру) және терроризмді қаржыландыруға қарсы тұру туралы» (7 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (6 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын білуге арналған сұрақтардан тұрады.
      2. № 2 БЛОК (қылмыстық-құқықтық)
      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын (14 сұрақ), «Прокуратура туралы» (12 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (5 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Этикалық кодексті (4 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
      Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнайы бөлімі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексін (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқарушылық кодексін (10 сұрақ), «Жедел іздестіру қызметі туралы» (10 сұрақ), «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» (10 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын білуге арналған сұрақтардан тұрады.
      3. № 3 БЛОК (азаматтық-сот қадағалауы)
      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын (14 сұрақ), «Прокуратура туралы» (12 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (5 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Этикалық кодексті (4 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
      Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнайы бөлімі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (10 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексін (15 сұрақ), Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының кодексін (15 сұрақ), «Атқарушылық өндіріс және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (10 сұрақ), Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 21 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 13298 санымен тіркелген) Соттарда мемлекет мүддесіне өкілдік етуді және азаматтық сот өндірісінде заңдардың қолданылуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты (5 сұрақ), Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 88 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 6737 санымен тіркелген) Атқарушылық өндірістің заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты (5 сұрақ) білуге сұрақтардан тұрады.
      № 4 БЛОК (ұйымдық-кадрлық)
      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын (14 сұрақ), «Прокуратура туралы» (12 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (5 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Ар-намыс кодексін (4 сұрақ) білуге сұрақтардан тұрады.
      Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнаулы бөлімі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін (10 сұрақ), «Құқық қорғау қызметі туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» (10 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (10 сұрақ), «Мемлекеттік құпиялар туралы» (5 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 68 Жарлығымен бекітілген бекітілген Заңдылық пен құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының Үйлестіру Кеңесі туралы Ережесін (5 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
      5. № 5 БЛОК (арнайы)
      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын (14 сұрақ), «Прокуратура туралы» (12 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (5 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Этикалық кодексті (4 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
      Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнаулы бөлімі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (5 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексін (5 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқарушылық кодексін (3 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (3 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (5 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексін (5 сұрақ), Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының кодексін (3 сұрақ), Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін (5 сұрақ), Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінен (2 сұрақ), «Мемлекеттік сатып алулар туралы» (2 сұрақ), «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» (2 сұрақ), «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» (2 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (1 сұрақ), «Жедел іздестіру қызметі туралы» (2 сұрақ), «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» (2 сұрақ), «Құқық қорғау қызметі туралы» (5 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» (2 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (2 сұрақ), «Мемлекеттік құпиялар туралы» (2 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» (2 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын білуге сұрақтардан тұрады.
      6. № 6-1 БЛОК (ҚСжАЕАК – ұйымдық-кадрлық және талдау қызметі)
      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын (14 сұрақ), «Прокуратура туралы» (12 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (5 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Этикалық кодексті (4 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
      Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнаулы бөлімі «Құқық қорғау қызметі туралы» (20 сұрақ), «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есептер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» (17 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті туралы Ережені (8 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
      7. № 6-2 БЛОК (ҚСжАЕАК – құқықтық статистиканы қалыптастыру)
      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын (14 сұрақ), «Прокуратура туралы» (12 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (5 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Этикалық кодексті (4 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
      Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнаулы бөлімі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (10 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексін (10 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексін (10 сұрақ), «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есептер туралы» (8 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті туралы Ережені (8 сұрақ), Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 9744 санымен тіркелген) Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрін жүргізудің Қағидаларын (7 сұрақ), Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 147 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 12893 санымен тіркелген) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу Қағидаларын (7 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
      8. № 6-3 БЛОК (ҚСжАЕАК – арнайы есепке алуды жүргізу)
      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын (14 сұрақ), «Прокуратура туралы» (12 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (5 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Этикалық кодексті (4 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
      Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнаулы бөлімі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (10 сұрақ), Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының кодексін (7 сұрақ), Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінен (7 сұрақ), «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есептер туралы» (8 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті туралы Ережені (8 сұрақ), Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 10 шілдедегі № 71 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 9638 санымен тіркелген) Арнайы есепке алудың кейбір түрлерін жүргізу және пайдалану ережесін (12 сұрақ), Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 13 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 13171 санымен тіркелген) Тексерулерді тағайындау туралы актілерді, тексерулердің мерзімдерін уақытша тоқтату, қайта жаңғырту, ұзарту туралы хабарламаларды, тексерушілер құрамының өзгеруі және тексеру туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну және олардың қорытындылары туралы ережелерін (8 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
      9. № 6-4 БЛОК (ҚСэАЕАЖК-аудандық өкілдік үшін)
      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын (14 сұрақ), «Прокуратура туралы» (12 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (5 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Этикалық кодексті (4 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
      Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнаулы бөлімі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (6 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексін (6 сұрақ), Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының кодексін (6 сұрақ), «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есептер туралы» (8 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығымен бекітілген Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеті туралы Ережені (8 сұрақ), Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 10 шілдедегі № 71 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде №9638 санымен тіркелген) Арнайы есепке алудың кейбір түрлерін жүргізу және пайдалану қағидаларын (12 сұрақ), Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 9744 санымен тіркелген) Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрін жүргізудің Қағидаларын (6 сұрақ), Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 13  бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 13171 санымен тіркелген) Тексерулерді тағайындау туралы актілерді, тексерулердің мерзімдерін уақытша тоқтату, қайта жаңғырту, ұзарту туралы хабарламаларды, тексерушілер құрамының өзгеруі және тексеру туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну және олардың қорытындылары туралы қағидаларын (8 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
      10. № 7 БЛОК (әскери прокуратура)
      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын (14 сұрақ), «Прокуратура туралы» (12 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (5 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Этикалық кодексті (4 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
      Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнаулы бөлімі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (3 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексін (3 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (2 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексін (2 сұрақ), Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының кодексін (2 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқарушылық кодексін (2 сұрақ), «Жедел іздестіру қызметі туралы» (2 сұрақ), «Мемлекеттік құпиялар туралы» (2 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» (2 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (2 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа әскерлер мен әскери құралымдардың Тәртіптік жарғысын (3 сұрақ), Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызметінің Жарғысын (3 сұрақ), «Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы» (4 сұрақ), «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» (7 сұрақ), «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» (4 сұрақ), «Төтенше жағдайлар туралы» (4 сұрақ), «Әскери жағдай туралы» (4 сұрақ), «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы күштері туралы» (7 сұрақ), «Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы туралы» (2 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын білуге арналған сұрақтардан тұрады.
      11. № 8 БЛОК (Академия)
      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын (14 сұрақ), «Прокуратура туралы» (12 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (5 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Этикалық кодексті (4 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
      Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнаулы бөлімі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (5 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексін (5 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (5 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексін (5 сұрақ), Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының кодексін (3 сұрақ), Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін (5 сұрақ), «Білім туралы» (5 сұрақ), «Ғылым туралы» (5 сұрақ), «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» (2 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (1 сұрақ), «Жедел іздестіру қызметі туралы» (2 сұрақ), «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» (2 сұрақ), «Құқық қорғау қызметі туралы» (3 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» (2 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (2 сұрақ), «Мемлекеттік құпиялар туралы» (2 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» (2 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Жоғары оқу орындарынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру қағидаларын білуге арналған сұрақтардан тұрады.