Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 265 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 12 маусымда № 9506 тіркелді.

Жаңартылған

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 25.11.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырлуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі В.В. Петровқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр В. Божко

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2014 жылғы 30 мамырдағы
№ 265 бұйрығымен бекітілді

Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 06.06.2018 № 417 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару тәртібін айқындайды.

      1-1. Орналастыру схемасына сәйкес азаматтық қорғаныстың қорғану құрылыстары азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған мемлекеттік органның, ұйымдардың ең көп жұмыс істейтін ауысымын қорғау үшін, сондай-ақ медициналық ұйымдардың тасымалдауға келмейтін науқастарын қорғау үшін құрылады.

      Ескерту. 1-тарау 1-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 06.06.2018 № 417 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1-2. Азаматтық қорғаныстың қорғану құрылыстары экономика және халыққа қызмет көрсету объектілерінің қажеттіліктері үшін қолданылады және Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұнын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 24 қазандағы № 732 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9922 болып тіркелген) бекітілген Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұнының 19-тармағында белгіленген мерзімде оларды паналаушыларды қабылдау үшін жұмысқа жарамды күйге келтіруді қамтамасыз ететін жағдайда ұсталады.

      Ескерту. 1-тарау 1-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 06.06.2018 № 417 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 06.06.2018 № 417 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қоюды азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, сондай-ақ балансында қорғаныш құрылыстары бар ұйымдар жүргізеді.

      Теңгерімінде азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары бар мемлекеттік органдар мен ұйымдар жыл сайын тиісті жылдың 1 желтоқсанына дейін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне қорғаныш құрылыстарының жай-күйі туралы ақпарат береді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 16.08.2023 № 432 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2-1. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарының тізбесін азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізеді.

      Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарының тізбесін түзету тиісті жылдың 1 қаңтарына жағдай бойынша жыл сайын жүзеге асырылады.

      Ескерту. Қағида 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 16.08.2023 № 432 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке алуды жүргізу үшін баспана (радиацияға қарсы баспана) паспорты және жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты құжаттық негіз болып табылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 16.08.2023 № 432 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарының паспорттары қорғаныш құрылыстарын пайдалануға бергеннен кейін немесе азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын түгендеу қорытындылары бойынша ресімделеді.

      4-1. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын түгендеуді азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп кемінде 3 (үш) жылда бір рет жүргізеді.

      Түгендеу шеңберінде азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын кешенді тексеру жүзеге асырылады.

      Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері есепте тұрмайтын азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын анықтаған жағдайда оларды есепке қою жүзеге асырылады.

      Ескерту. Қағида 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 16.08.2023 № 432 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Меншік иесі болмаған немесе меншік иесі азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысына меншік құқығынан бас тартқан жағдайда, осы объект Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 242-бабына сәйкес иесіз жылжымайтын зат ретінде есепке алынады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 16.08.2023 № 432 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарының бар-жоғы туралы мәліметтер азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органына ұсынылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.01.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарының түгендеу нөмірлерін азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында белгіленетін берілген реттік нөмірге сәйкес береді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 16.08.2023 № 432 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 06.06.2018 № 417 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Мынадай жағдайлардың бірінде азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары есептен шығарылады:

      қоршау және тірек құрылыс конструкцияларының есептік қорғау қасиеттері жойылған кезде;

      "Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1357 қаулысына сәйкес осы ұйым үшін азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарына қажеттілік болмаған жағдайда.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 25.11.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару үшін құжаттаманы дайындау мақсатында:

      мемлекеттік органның азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарына қатысты – мемлекеттік орган басшысының;

      ұйымның азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарына қатысты – ұйым басшысының шешімімен комиссия құрылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 16.08.2023 № 432 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару үшін құрылатын комиссияның (бұдан әрі - комиссия) құрамына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары қорының есебін жүргізетін азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өкілдері, сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс істері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі жергілікті атқарушы органның өкілдері, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері келісім бойынша енгізіледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 16.08.2023 № 432 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Комиссия азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығаруға жоспарланатын құжаттамаларды қарайды, мақсаты бойынша пайдалануға азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарының әзірлігін бағалайды және жұмыс нәтижелері бойынша осы Қағидаларға № 1-1 қосымшадағы нысанға сәйкес азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару туралы акті жасайды немесе азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығарудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 16.08.2023 № 432 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару туралы актіге:

      1) азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарының паспорты;

      2) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер;

      3) жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты;

      4) осы Қағидаларға № 2-қосымшаға сәйкес ұсынылған үлгі бойынша осы азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарының жай-күйі туралы техникалық қорытынды (қоршау және тірек құрылыс конструкцияларының есептік қорғау қасиеттері жойылған кезде қоса беріледі);

      5) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жұмылдыру тапсырмасының (тапсырысының) және азаматтық қорғаныс бойынша санатының болуы немесе болмауы туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органынан алынған ақпарат;

      6) азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару нәтижесінде алған үй-жайлар мен жер телімін пайдалану жөніндегі ұсынымдар;

      7) жекелеген комиссия мүшелерінің айрықша пікірі (егер болса) қоса беріледі.

      Төтенше жағдайлар салдарынан жарамсыз болған азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару үшін құжаттарды дайындаған кезде актілерге төтенше жағдайлар фактілерін растайтын құжаттар көшірмелері қоса беріледі.

      Оларға қоса берілетін құжаттамамен (бұдан әрі – құжаттама) азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару туралы актілер төрт данада жасалады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 25.11.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Қоса берілген құжаттамамен бірге Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару туралы актілерді азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері бекітілгенге дейін азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға келісуге жібереді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 16.08.2023 № 432 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару туралы келісілген актілерді:

      мемлекеттік органның азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарына қатысты - мемлекеттік орган басшысы;

      ұйымның азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарына қатысты – ұйым басшысы бекітеді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 16.08.2023 № 432 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Басшы шешімімен құрылған комиссия азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару туралы актіні бекіткеннен кейін:

      бірінші дана - азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органына;

      екінші дана - азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару туралы актіні бекіткен тиісті мемлекеттік органға;

      үшінші дана - есепте тұрған азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары бар азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне;

      төртінші дана - азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары бекітілген ұйымға жолдайды.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 06.06.2018 № 417 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.01.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Азаматтық қорғаныстың
қорғаныш құрылыстарын есепке
қою және есептен шығару
қағидаларына
1 қосымша

Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарының тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 16.08.2023 № 432 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

р/с№

Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысының түгендеу нөмірі

Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысының меншік иесі

Меншік нысаны (мемлекеттік немесе жеке)

Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысының мекенжайы, оның ішінде оның координаттары

Азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарының кадастрлық нөмірі

Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары жер учаскесінің кадастрлық нөмірі

Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысының сыйымдылығы

Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысының түрі (баспана немесе радиацияға қарсы баспана)

Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысының орналасқан жері (кіріктірілген немесе жеке тұрған)

Дайындық жағдайы (қарындашпен толтырылады)


































  Азаматтық қорғаныстың
қорғаныш құрылыстарын есепке
қою және есептен шығару
қағидаларына
1-1 қосымша

      Ескерту. Қағида 1-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 16.08.2023 № 432 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      нысан

      № ___ дана

"КЕЛІСІЛДІ"
____________________________
(лауазымы)
____________________________
(қолы, аты-жөні, тегі (бар болған жағдайда))
20__ жылғы "___" ___________
Мөрдің орны

"БЕКІТІЛДІ"
_____________________________
(лауазымы)
_____________________________
(қолы, аты-жөні, тегі (бар болған жағдайда))
20__ жылғы "___" _____________
Мөрдің орны

Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару туралы АКТІ _______________________________________________________________ (Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысын пайдаланушының атауы)

      20__ жылғы "___" ___________ ______________

      (елді мекен)

      Комиссия мына құрамда: төраға _____________________________________________

      (лауазымы, аты-жөні, тегі (бар болған жағдайда))

      комиссия мүшелері: _______________________________________________________

      (лауазымы, аты-жөні, тегі (бар болған жағдайда))

      _______________________________________________________

      (лауазымы, аты-жөні, тегі (бар болған жағдайда))

      _______________________________________________________

      (лауазымы, аты-жөні, тегі (бар болған жағдайда))

      ________________________________________________________

      (лауазымы, аты-жөні, тегі (бар болған жағдайда))

      бұйрықпен (өкіммен) тағайындалған _________________________________________

      (органның, ұйымның атауы)

      20__ жылғы "___" ___________ № ___ негізінде _____________________________

      __________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________ байқау өткізді

      (объекті атауы, орналасу орнының мекенжайы)

      және комиссия ұсынған техникалық құжаттаманы қарады:

      1. Пайдаланылуға берілген жыл ____ жылғы.

      2. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысының бастапқы теңгерімдік құны - ____ теңге (бағаларда ___ жылғы).

      3. Бухгалтерлік есеп бойынша есептелген тозу сомасы - ____ теңге.

      4. Өткізілген күрделі жөндеу саны __ сомаға ____ теңге (бағаларда ____ жылғы).

      5. Оны есептен шығару сәтіндегі Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысының бастапқы теңгерімдік құны - ____ тг. (бағаларда 20____ жылғы).

      6. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысының конструкцияларының нақты жай-күйі және есептен шығару себептері:___________________________________________

      __________________________________________________________________________

      7. Комиссия қорытындысы: _______________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Қосымша: есептен шығару туралы актіге қоса берілетін құжаттар тізбесі

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      Комиссия төрағасы ________________________________________________________

                              (қолы) (аты-жөні, тегі (бар болған жағдайда))

      Мөрдің орны

      Комиссия мүшелері: _______________________________________________________

                              (қолы) (аты-жөні, тегі (бар болған жағдайда))

      Мөрдің орны

      _______________________________________________________________

      (қолы) (аты-жөні, тегі (бар болған жағдайда))

      Мөрдің орны

      _______________________________________________________________

      (қолы) (аты-жөні, тегі (бар болған жағдайда))

      Мөрдің орны ______________________________________________________________

                        (қолы) (аты-жөні, тегі (бар болған жағдайда))

      Мөрдің орны

  Азаматтық қорғаныстың қорғаныш
құрылыстарын есепке қою және есептен
шығару қағидаларына
2–қосымша
нысан

Азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарының
(АҚ ҚҚ) жай-күйі туралы
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

      Кіріспе.

      Орындаушылар тізімі.

      1-бөлім. Тексеруді орындайтын ұйым туралы деректер.

      1.1. Ұйым атауы, оның пошталық мекенжайы, телефон, факс.

      1.2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік тАҚ ҚҚ тексеруді тізіліміне енгізу туралы құжаттар көшірмесі.

      2-бөлім. Тексерілетін АҚ ҚҚ мәліметтер.

      2.1. Тексерілетін АҚ ҚҚ туралы жалпы мәліметтер.

      2.2. АҚ ҚҚ орналасқан орнын сипаттау.

      2.3. АҚ ҚҚ орналасқан ауданның табиғи-климаттық жағдайлары туралы деректер.

      3-тарау. АҚ ҚҚ сипаттамасы.

      3.1. Көлемді-жоспарлы шешім.

      3.2. Конструктивтік шешім:

      3.2.1. іргетас;

      3.2.2. бағандар мен арқалықтар;

      3.2.3. сыртқы және ішкі қабырғалар;

      3.2.4. жабын;

      3.2.5. гидрооқшаулау;

      3.2.6. сыртқы және ішкі субұрғыш;

      3.2.7. дренаж;

      3.2.8. кіру және авариялық шығу;

      3.2.9. кіреберістегі, шарбақтағы және ауаны сорудағы қорғау қондырғылары.

      3.3. Инженерлік-техникалық жүйелер:

      3.3.1. желдету және жылыту;

      3.3.2. сумен жабдықтау және кәріз;

      3.3.3. электрмен жабдықтау;

      3.3.4. байланыс.

      4-бөлім. Техникалық тексеру нәтижелері:

      4.1. Зерттеу жүргізу әдістемесі.

      4.2. Іргетас.

      4.3. Бағандар мен арқалықтар.

      4.4. Сыртқы және ішкі қабырғалар.

      4.5. Жабын.

      4.6. Гидрооқшаулау.

      4.7. Сыртқы және ішкі субұрғыш.

      4.8. Дренаж.

      4.9. Инженерлік-техникалық жүйелер:

      4.9.1 желдету және жылыту;

      4.9.2. сумен жабдықтау және кәріз;

      4.9.3. электрмен жабдықтау;

      4.9.4. байланыс.

      4.10. Үй-жайларды жоспарлау және оның құрамы.

      4.11. Кіру және авариялық шығу.

      4.12. Кіреберістегі, шарбақтағы және ауаны сорудағы қорғау қондырғылары.

      5-бөлім. Бақылаудың бүлдірмейтін аспапты әдістерімен материалдар мықтылығын айқындау.

      6-бөлім. Геодезиялық бақылау.

      7-бөлім. Инженерлік-геологиялық іздеулер нәтижелері.

      8-бөлім. АҚ ҚҚ тірек және қоршау конструкцияларының қорғау қасиеттерін есептеу.

      9-бөлім. Қорытындылар мен ұсынымдар.

      Қосымша: АҚ ҚҚ тексерген кезде пайдаланылған өлшеу аспаптары құралдарын мемлекеттік тізілімге кіргізу туралы сертификаттар көшірмелері.