Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұнын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 24 қазандағы № 732 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 03 желтоқсанда № 9922 тіркелді.

      "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. "Қалалар мен шаруашылық жүргізу объектілерін санаттау дәрежесіне байланысты азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұны жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 22 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 36424 болып тіркелді және Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдардың актілер жинағында 2008 жылғы 27 наурызда жарияланды) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
полиция генерал-лейтенанты

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы "24" қазандағы
№ 732 бұйрығымен
бекітілді

Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының
көлемі мен мазмұны

1. Жалпы ережелер

      1. Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары – бұл халықты қорғау, соғыс уақытында экономика объектілері жұмысының тұрақтылығын арттыру, ықтимал қираулардың, қазіргі заманғы зақымдаушы құралдарды қолдану салдарынан халықтың шығынының алдын алу немесе азайту, зақымдау ошақтарында, авариялар және дүлей зілзалалар аудандарында авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін жағдай жасау мақсатында жүргізілетін іс-шаралар кешені.

      2. Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының жалпы талаптарына: қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардан, сондай-ақ авариялардың, апаттардың және дүлей зілзалалардың салдарынан халықты қорғауды қамтамасыз ету, объектілерде өрт қауіпсіздігін арттыру, электр қуатымен, газбен, сумен резервтік жабдықтауды ұйымдастыру; сумен жабдықтау объектілерін зақымдау құралдарынан қорғау, объектілерде жарық бүркемелеуді жүргізуге дайындық жатады.

      3. Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұны қазіргі заманғы зақымдаушы құралдар мен олардың қосалқы факторларының ықтимал әсер етуі бойынша аумақтарды аймақтарға бөлуді ескере отырып, азаматтық қорғаныс бойынша қалалардың топтары мен ұйымдардың санаттарына, сондай-ақ ықтимал авариялардың, апаттардың және дүлей зілзалалардың сипаты мен көлемдеріне байланысты айқындалады.

      Азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды топтарға, ал ұйымдарды санаттарға жатқызу "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабымен айқындалады.

      4. Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары алдын ала әзірленеді және жүргізіледі.

      5. Ауа соққы толқыны шебінде артық қысым туындайтын азаматтық қорғаныс бойынша топқа жатқызылған қаланың немесе ұйымның аумағы:

      10 кПА-ға (0,1 кгс/см2) тең қираулар болуы ықтимал аймақты құрайды;

      30 кПа-ға (0,3 кгс/см2) тең күшті қираулар болуы ықтимал аймақты құрайды.

      Қираулар болуы ықтимал және күшті қираулар болуы ықтимал аймақтар шекараларының арасында орналасқан аумақ аз қираулар болуы ықтимал аймақты құрайды.

      6. Жобалық құрылыс шекараларынан күшті қираулар болуы ықтимал аймақтарының шекараларын бөлу:

      азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалар үшін – қаланың жобалық құрылысы шегінде;

      азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар үшін (азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қаладан тыс орналасқан) – объектінің жобалық құрылысының шекарасынан 3 шақырым болып айқындалады.

      Жобалық құрылыс шекарасынан ықтимал аз қираулар аймағының шекараларын бөлу:

      азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалар үшін – қаланың жобалық құрылысы шекарасынан 7 шақырым;

      азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар үшін (азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардан тыс орналасқан) – объектінің жобалық құрылысының шекарасынан 10 шақырым болып айқындалады.

      Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қаланың немесе санаттарға жатқызылған ұйымның жобалық құрылысының шекарасы жобалау нормаларының талаптарына сәйкес әзірленіп, бекітілген бас жоспар бойынша айқындалады.

      7. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қаланың немесе санаттарға жатқызылған ұйымның қираулар болуы ықтимал аймағы осы аймаққа ені 120 шақырым болатын аумақ жолағымен іргелес жатқан күшті радиоактивті зақымдануы (ластануы) ықтимал аймақты құрайды.

      8. Химиялық қауіпті объектілерге іргелес жатқан аумақтағы күшті әсер ететін улы заттары бар сыйымдылықтардың ықтимал қирауы кезінде ерітінділері таралып, қорғалмаған адамдарды зақымдауы ықтимал аумақ қауіпті химиялық зақымдануы ықтимал аймақты құрайды.

      9. Шегінде ықтимал су басу салдарынан жаппай адам шығыны, ғимараттар мен құрылыстардың қирауы, басқа да материалдық құндылықтардың бүлінуі немесе жойылуы мүмкін аумақ ықтимал апаттық су басу аймағын құрайды.

      Ықтимал апаттық су басу аймақтарының көлемі қалалық және ауылдық елді мекендерді, объектілерді, ғимараттар мен құрылыстарды салу үшін алаңды (күре жолдарды) таңдауға негізделетін материалдарды әзірлеу кезінде айқындалады.

      10. Ықтимал қираулар, химиялық зақымдану, апаттық су басу, радиоактивті және биологиялық зақымдану (ластану) аймақтарынан тыс, жергілікті және эвакуацияланған халықтың тіршілік әрекеттері үшін жарамды аймақтарда орналасқан облыстың әкімшілік шекараларының шегіндегі аумақ қауіпсіз аймақты құрайды.

      11. Екіден көп аймақты салу кезінде олардың сыртқы контурлары бойынша бұл аймақтардың жалпы шекарасы белгіленеді.

      12. Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары:

      Қазақстан Республикасының аумағындағы ұйымдардың бас схемасын, аумақтық дамудың өңіраралық схемаларын, аумақтардың қала құрылысының кешенді схемаларын жасау кезінде;

      елді мекендердің бас жоспарларын, аудандық жоспарлау және аумақтарды, өнеркәсіптік аймақтарды салу схемаларын жасау кезінде;

      азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдарды салу, реконструкциялау және техникалық қайта жарақтау жобаларының жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеу, келісу және бекіту кезінде қажет.

      13. Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған жұмыс істеп тұрған (салынып біткен) кәсіпорындарда азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларын жобалау азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының осы көлемі мен мазмұнына сәйкес жүзеге асырылады.

      Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары әзірленеді және оған жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау материалдарының тиісті түрлері енгізіледі және қажетті негіздемелерімен жүйелі түрде жеке бөлімге (томға, кітапқа) жинақталады.

      Әзірленген іс-шаралардың көлемі мен оларды өткізу мерзімі республиканың экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларымен айқындалады.

      14. Жаңадан жоспарланған, кеңейтілген, реконструкцияланған қалалық және ауылдық елді мекендер, азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар үшін азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларын жүзеге асырумен байланысты шығындар жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес айқындалады.

      Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары ескерілмеген бекітілген жобалау-сметалық құжаттамасы бар азаматтық қорғаныс санаттарына жатқызылған кәсіпорындар үшін аталған іс-шаралар жеке бөліммен әзірленеді.

      15. Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларын әзірлеуге арналған тапсырмалар Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының осы көлемі мен мазмұнының 12-тармағында көрсетілген құжаттарды әзірлеуге арналған тапсырмалардың құрамдас бөлігі болып табылады.

      16. "Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары" бөлімін әзірлеу:

      1) қала құрылысы жобалары;

      2) құрылысқа арналған жобалау құжаттамасы құрамында көзделген.

      17. Бөлімді әзірлеу үшін шығыс деректер мен техникалық талаптарды жобалау ұйымының қатысуымен жобаға тапсырыс беруші әзірлейді.

      Тапсырыс берушінің сұрауы бойынша азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері (олардың құзыреті шегінде) белгіленген аудандық жоба жай-күйі туралы шығыс деректерді, сондай-ақ бөлімді ұстау бойынша ұсынымдар мен талаптар береді.

      18. "Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары" бөлімі мәтіндік және графикалық бөлімнен тұрады және мына деректерді қамтиды:

      1) қала құрылысы жобалары үшін:

      жалпы түсіндірме жазба (жобаланатын аумақтың, онда орналасқан, оның ішінде ықтимал қауіпті объектілердің қысқаша сипаттамасы, ауданның табиғи-климаттық жағдайы);

      жобалық шешімдер бөлімі (өндірістік күштерді орналастыру және халықты, азаматтық қорғаныс бойынша қалалар топтары мен объектілер санаттарын, сипаттамаларын есепке ала отырып, ықтимал қауіп аумақтарын жеке орналастыру);

      табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі шешімдер бөлімі (халықты құлақтандыру жүйелері, кәсіпорындардың технологиялық процестерін авариясыз тоқтату, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және басқа іс-шаралар бойынша шешімдер);

      соғыс уақыты жағдайындағы шешімдер бөлімі (ең көп жұмыс істейтін ауысым саны, азаматтық қорғаныс қорғау құрылыстарының саны мен орналасуы, ең көп жұмыс істейтін ауысым есебінен шыға отырып, олардың сыныбы, сыйымдылығы, жай-күйі, қосымша құрылысқа қажеттілігі және негіздемесі, жеке қорғаныш құралдарының қажет санының болуы мен есебі, қауіпсіз аймаққа эвакуациялауға жататын халықтың саны).

      2) құрылысқа арналған жобалау құжаттамасы үшін:

      жалпы түсіндірме жазба (азаматтық қорғаныс жөніндегі жобалау объектісінің санаты туралы деректер, жақын орналасқан объектілердің азаматтық қорғаныс бойынша санаты туралы деректер, ауданның табиғи-климаттық жағдайлары туралы деректер, бөлімді қабылдау нәтижелері келтіріледі);

      жобалау шешімдері бөлімі (тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің түріне, қорғау қасиеттеріне, сипаттамаларына талаптар және жобаланатын объектіде азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарында паналайтындарды қабылдауға әзірлігі, азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарының болуы, жақын орналасқан объектілер немесе елді мекендер аумақтарының сипаттамалары туралы мәліметтер);

      табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі инженерлік-техникалық іс-шараларды әзірлеу бөлімі (құрылыс алаңдары аумағында байқалатын алдына ала қорғау шараларын талап ететін басқа мәліметтер, құлақтандыру жүйесі, объектінің технологиялық процестерін авариясыз тоқтау, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау жүйелері бойынша шешімдер).

      3) қосымша талаптар:

      күшті әсер ететін улы, жарылғыш, тез тұтанатын немесе жанатын заттары бар объектілер үшін (басқару пульттерінің орналасу орындары туралы мәліметтер, сыйымдылықтар мен коммуникацияларды ауаның соққы толқынының қиратуынан, қауіпті сұйықтықтардың төгілуінен қорғау, жарылғыш заттарды сенімді күзетуді қамтамасыз ету жөніндегі шешімдер);

      магистральдық мұнай-газ құбырлары үшін (қысымнан (импульсінен), соққы толқыннан, бөгеттерден, газ құбырларды шығыршықтаудан іске қосылатын ажырату құрылғыларының болуы туралы мәлімет, магистральдық құбырлардың көрші техникалық дәліздеріне арақашықтық);

      гидротехникалық құрылыстар үшін (құрылыстың беріктігі туралы ақпарат, құрылыс қираған жағдайда жарып өтетін толқын мен төменгі бьефте ықтимал су басу аймағы шекараларының параметрлерін айқындау, құрылысты бұзып өтудің алдын алу үшін олардың төменгі бьефтерінде су деңгейінің көтерілуі туралы сигналдар беруді қамтамасыз ететін аспаптардың болуы және сипаттамалары туралы мәліметтер);

      теңіз және өзен көлігі объектілері үшін (ыдыратып орналастыру жағдайларында қайта жабдықтау пункттері, авария туралы жергілікті құлақтандыру жүйесі туралы мәліметтер, жағалау объектілерін электр қуатымен, сумен, жанар-жағармай материалдарымен, қосалқы бөлшектермен тұрақты жабдықтау, ықтимал апатты су басу аймағындағы объектілерді қорғау, күшті әсер ететін улы заттар төгілген жағдайда су қалқаны немесе газсыздандырғыштарды орнату жүйелері бойынша шешімдер);

      әуе көлігі объектілері үшін (ыдыратып орналастыру әуежайларын орналастыру орындары және сипаттамалары туралы мәліметтер, адамдарды санитариялық тазартуды, техника мен мүлікті зарарсыздандыруды қамтамасыз ету, жанар-жағармай материалдары қоймаларын қорғау бойынша шешімдер);

      ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіптік объектілері үшін (ауыл шаруашылығы малдарын және агроөнеркәсіптік өндіріс өнімдерін радиоактивті заттардан, уландыратын заттардан және биологиялық құралдардан қорғау бойынша шешімдер; электрмен жабдықтаудың автономдық көздерінің болуы және сипаттамасы туралы мәліметтер).

2. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары
1-параграф. Жалпы ережелер

      19. Қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың зақымдау (бұзу) факторларының ықпалынан, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар қызметкерлерін және халықты қорғаудың негізгі тәсілі оларды азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарында паналату болып табылады.

      Осындай мақсатта азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарының қажетті қорын – паналайтын жерлері мен радиацияға қарсы жасырын паналарының жоспарлы жинауды жүзеге асырады.

      Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары паналаушыларды қабылдау үшін 12 сағаттан аспайтын мерзім ішінде әзірлікке келтіріледі.

      20. Күшті қираулар болуы ықтимал аймақтарда орналасқан және соғыс уақытында өзінің жұмысын жалғастырып жатқан, азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдардың ең көп жұмыс істейтін ауысым жұмысшылары мен қызметшілерін паналайтын жерлерде қорғау көзделеді.

      Күшті қираулар болуы ықтимал аймақтан тыс немесе азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылмаған қалаларда орналасқан азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдардың ең көп жұмыс істейтін ауысымын радиацияларға қарсы жасырын паналарда қорғау көзделеді.

      21. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарының қоры азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жататын ұйымдардың аумағында немесе паналаушыларды жинау радиусы шегінде құрылады.

      22. Бейбіт уақытта азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарының қорын құру мыналар:

      жерасты кеңістігін игеру (әртүрлі мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардың жертөле үй-жайларын, жеке тұрған қазылған құрылыстарды қорғау құрылыстарын, метрополитендерді, жерасты кен орындарын);

      жаңадан салынып жатқан ғимараттар мен құрылыстардың төменгі бөлігіндегі және жерасты қабаттарындағы үй-жайларды азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарының қорғау құрылыстарына бейімдеу немесе жеке тұрған азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын тұрғызу арқылы алдын алу жүзеге асырылады.

      23. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын жобалау Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      24. Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдардың қорғаныш құрылыстарының бірінде елді мекеннің, ауданның, қаланың басқару пункті жабдықталады.

      25. Алып жүруге жарамсыз ауру адамдарды, сондай-ақ күшті қираулар болуы ықтимал аймақтарда орналасқан денсаулық сақтау мекемелеріндегі медициналық және қызмет көрсетуші персоналды қорғау паналайтын жерлерде көзделеді.

      Азаматтық қорғаныс бойынша күшті қираулар болуы ықтимал аймақтардан тыс орналасқан денсаулық сақтау мекемелерінің, сондай-ақ соғыс уақытында құрылған емдеу мекемелерінің ауру адамдарын, медициналық және қызмет көрсету персоналын бейбіт радиацияға қарсы жасырын паналарда қорғау көзделеді.

      26. Пайдалы қазбалар өндіретін ұйымдардың ең көп жұмыс істейтін ауысымын шахталар мен кендердің жерасты тау-кен қазбаларында орналасқан қорғаныш құрылыстарында қорғау көзделеді.

      27. Күшті қираулар болуы ықтимал аймақтарда орналасқан қолданыстағы объектілерді салуға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға қатысушы жұмысшылар мен қызметшілер осы объектілердің ең көп жұмыс істейтін ауысымын қорғау үшін көзделген паналайтын жерлерді паналайды.

      Ең көп жұмыс істейтін ауысымының саны 50 адамға дейін жететін ұйымдарда ұйымдардың топтарын паналатуды қамтамасыз ететін азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын салуға жол беріледі.

2-параграф. Азаматтық қорғаныстың паналайтын жерлері

      28. Паналайтын жерлер ядролық қарудың және қарапайым зақымдау құралдарының (тікелей түсуін есепке алмай), сондай-ақ осы Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұнына қосымшаға сәйкес апатты су басулардан, өрттен және қауіпті химиялық зақымдау аймақтарында пайда болатын күшті әсер ететін улы заттардың негізгі топтарынан паналаушыларды қорғауды қамтамасыз етуге есептелген.

      29. Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары паналайтын жерлер үшін паналаушыларды ауа соққысы толқынының шебінде

=100 кПа (1 кгс/см2) артық қысымның (

- ауа соққысы толқынының шебіндегі артық қысым) әсерінен қорғауды қамтамасыз етуді және 1000-ға тең қоршау конструкцияларынан (А) өтетін радиацияны әлсірету дәрежесінің болуын көздейді.
      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 20.09.2017 № 637 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      30. Паналайтын жерлердің тіршілігін қамтамасыз ету жүйелері екі тәулік ішінде паналаушыларды үздіксіз қамтамасыз етуді есепке ала отырып, құрылады.

      Паналайтын жерлерді ауамен жабдықтау екі режим бойынша: таза желдету (1-режим) және сүзгішті желдету (2-режим) арқылы жүзеге асырылады. Жанатын өнімдерден ауаның қауіпті газдануы ықтимал орындарда, қауіпті химиялық зақымдануы ықтимал аймақтарда, атом станциясының күшті қираулар болуы ықтимал және апаттық су астында қалуы ықтимал аймақтарда орналасқан паналайтын жерлерде ішкі ауаны бастапқы қалпына келтірумен толық немесе жартылай оқшаулау режимі (3-режим) көзделеді.

3-параграф. Радиацияға қарсы жасырын паналар

      31. Радиацияға қарсы жасырын паналар жергілікті жердің радиоактивті зақымдануы (ластануы) кезінде паналаушыларды иондалған сәуленің әсерінен қорғауды қамтамасыз етуге есептеледі және екі тәулікке дейін паналаушылардың есепті санының үздіксіз келуіне жол береді.

      32. Радиацияға қарсы жасырын паналарды жобалау Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      33. Күшті қираулар болуы ықтимал аймақтан тыс жерлерде орналасқан азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған объектілерде радиацияға қарсы жасырын паналар орналасқан кезде, оларды қоршайтын конструкциялар ауа соққы толқынының 20 кПа (0,2 кгс/см2) артық қысымына есептелуі тиіс.

3. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларды
жоспарлау және салу. Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға
жатқызылған ұйымдарды орналастыру
1-параграф. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған
қалаларды жоспарлау және салу

      34. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың бас жоспарларының жобасында, сондай-ақ егжей-тегжейлі жоспарының жобасында, шағын аудан, орам құрылысы жобасында "сары сызықтар" жоспары – қиратушы жер сілкіністері, өзге табиғи және техногендік сипаттағы зілзалалар салдарынан ғимараттар (құрылыстар) үйінділерінің ықтимал таралуына барынша жол беретін аймақтардың шекаралары әзірленеді.

      Саябақтар, су айдындары жүйесімен қалаларды және магистральды көшелердің желілерімен бірге құрылыс салынбайтын аумақтарды жоспарлау және салу кезінде қаланың қираған бөлігінен ол зақымдалған кезде қауіпсіз аймаққа халықты еркін шығару көзделеді.

      35. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың магистральды көшелері көліктің тұрғын үй ауданынан және өнеркәсіптік ауданнан қала сыртындағы жолдарға кем дегенде екі бағыт бойынша шығу мүмкіндігін ескеріп салынуы керек.

      36. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың қалаішілік көлік желісін жобалау кезінде тұрғын үй және өнеркәсіптік аудандар арасында қала сыртына апаратын қатынас темір жол және автобус вокзалдарымен, жүк станцияларымен, өзен және теңіз кемежайларымен, әуежайлармен қамтамасыз етіледі.

      37. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған жаңа қалаларды жоспарлау, салу және бар қалаларды дамыту кезінде, олардың сұрыптау темір жол станцияларын және тораптарын күшті қираулар және апатты су басуы мүмкін аймақтардан тыс орналастырады.

      38. Жеңіл және жүк автомобильдеріне, қалалық көлікке арналған гараждарды (парктерді) көбінесе қалалардың шетінде немесе жерасты бөлігінде ыдыратып орналастырылады.

      39. Өрт сөндіру депосы ғимаратының гаражды үй-жайлары негізгі өрт сөндіру машиналары (өртте өрт сөндіру заттарын беретін машиналар) резервінің 100 пайызын орналастыруды қамтамасыз етеді.

      40. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларда және азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдарда өрт сөндіру үшін пайдалану мақсатында жасанды су айдындарын орналастыруды көздейді.

      Су айдындарын табиғи су айдындары мен оларға кірме жолдарды ескере отырып орналастырады. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың аумағында өзендер мен су айдындары жағалауларының әрбір 800 метрі жылдың кез келген уақытында кемінде екі автомобильдің бір мезгілде су алуын қамтамасыз ететін өрт сөндіру машиналарының кірме жолдарын көздейді.

2-параграф. Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған
ұйымды орналастыру

      41. Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған жаңа ұйымдар азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың күшті қираулар болуы ықтимал аймақтарында, қалаға қызмет көрсету қажеттіліктеріне қажетті ұйымдарды қоспағанда апаттық су астында қалуы мүмкін аймақтарда орналастырылмайды.

      Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған жаңа ұйымдардың топтарын азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың жобалық құрылысының шекарасынан:

      1) азаматтық қорғаныс бойынша ерекше топтағы қалалардан 60 шақырым;

      2) азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардан 40 шақырым арақашықтықта орналасқан экономикалық перспективасы бар шағын және орташа қалаларда, ауылдық елді мекендерде орналастырылады.

      42. Жаңа порттар мен кеме жөндеу зауыттарын салу азаматтық қорғаныс бойынша қираулар болуы ықтимал топтарға жатқызылған қалалардан және санаттарға жатқызылған ұйымдардан тыс, су астында болатын ядролық жарылыстардың гравитациялық толқындарының ең төменгі әсерін есепке ала отырып, апатты су басуы ықтимал аймақтан тыс жүзеге асырылады.

      43. Азаматтық авиацияның жаңа әуежайларын, есептеу орталықтарын, сондай-ақ мал шаруашылығы кешендері мен фермаларды, құс фабрикаларын жобалау кезінде оларды қираулар болуы ықтимал аймақтардан және апатты су басуы ықтимал аймақтарынан тыс жерлерге орналастыру көзделеді.

      44. Мемлекеттік материалдық резервтер базалары, республикалық және облыстық маңызы бар қоймалар, министрліктер мен ведомстволардың аймақтық материалдық-техникалық жабдықтау базалары, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге арналған материалдар мен жабдықтар қоймалары қираулар болуы ықтимал аймақтардан және апатты су басуы мүмкін аймақтардан тыс орналастырылады.

      45. Медициналық және әлеуметтік маңызы бар объектілер олар үшін жыл бойы жұмыс істейтін күрделі қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарда ыңғайластырылған қауіпсіз аймақта орналасады.

      46. Күштi әсер ететiн улы, жарылғыш, тез тұтанатын, жанғыш заттарды және материалдарды сақтауға арналған базалық қоймаларды көрсетілген қоймаларды жобалау нормаларының талаптарына сәйкес қала және ауылдық елді мекендер мен шаруашылық жүргізуші объектілерден алыстатып, қала сыртындағы аймақта орналастыруды көздеу қажет.

4. Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жататын ұйымдардағы
және инженерлік жүйелерде азаматтық қорғаныстың
инженерлік-техникалық іс-шаралары
1-парагараф. Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жататын
ұйымдардағы азаматты қорғаныстың инженерлік-техникалық
іс-шаралары

      47. Қираулар болуы ықтимал аймақтарда орналастырылатын, азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдардың өндірістік ғимараттарын жобалау кезінде жеңіл қоршау конструкцияларын, олардың технологиялық жабдықтарын қолданған жөн, ол пайдалану шарттарымен рұқсат етілген жағдайда ашық алаңдарда орналастырылады.

      48. Күштi әсер ететiн улы, жарылғыш заттар мен материалдар шығаратын немесе пайдаланатын ұйымдарда сыйымдылықтар мен коммуникацияларды соққы толқынымен қираудан қорғауды көздеу қажет. Осы ұйымдарда авария болған жағдайларда объектіде жұмыс істейтін персоналды, ықтимал қауіпті химиялық зақымдану аймақтарында тұрып жатқан халықты құлақтандыру жүйесі болуы қажет.

2-параграф. Сумен жабдықтаудағы азаматтық қорғаныстың
инженерлік-техникалық іс-шаралары

      49. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларды немесе құрамында азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдары бар қалаларды жаңадан жобаланатын және реконструкцияланатын сумен жабдықтау жүйелері кемінде екі тәуелсіз су көзінен жабдықталады, оның біреуінің жер астында болуы көзделеді.

      Сумен жабдықтау жүйесін екі тәуелсіз көзден сумен жабдықтау мүмкін болмаған жағдайда бірі күшті қираулар болуы ықтимал аймақтардан тыс орналасатын бас құрылыстардың екі тобы орнатылған бір көзден сумен жабдықтауға жол беріледі.

      50. Бас құрылыстардың жиынтықтағы қуаты бейбіт уақыттағы нормалар бойынша есептеледі. Бас құрылыстардың бір тобы істен шыққан жағдайда қалған құрылыстардың қуатымен авариялық режим бойынша су беру қамтамасыз етіледі.

      Барлық бас құрылыстар істен шыққанда немесе сумен жабдықтау көзі зақымданған жағдайда халықты ауызсумен кепілді қамтамасыз ету үшін ауызсудың запасын құру мақсатында резервуарлар көзделеді.

      Ауызсудың резервуарлары ауаны радиоактивті заттардан және улы заттардан тазалау үшін сүзгіш-сіңіргішпен жабдықталады, күшті қираулар болуы мүмкін аймақтар шегінен тыс орналасады.

      Орталықтандырылған электр энергиясымен жабдықтауды тоқтатқан жағдайларда қауіпсіз аймақта сумен жабдықтаудың қорғалған объектілерінің жиынтық жобалық өнімділігі халықтың, оның ішінде эвакуацияланғандардың, сондай-ақ ауыл шаруашылығы малдарының ауызсу қажеттілігін қанағаттандыру үшін жеткілікті түрде көзделеді.

      51. Халықты және ауыл шаруашылығы малдарын сумен жабдықтау үшін қолданыстағы және жобаланатын шахталық құдықтар мен жер асты суын алуға арналған басқа да құрылыстар оларға радиоактивті жауын-шашындардың, улы заттардың және биологиялық зақымдау құралдарының түсуінен қорғалады.

      Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 20.10.2015 № 856 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-параграф. Газбен жабдықтаудағы азаматтық қорғаныстың
инженерлік-техникалық іс-шаралары

      52. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың жаңаларын жобалау және қолданыстағы газ желілерін реконструкциялау кезінде соққы толқынның қысымынан (серпінінен) іске қосылатын сөндіру құрылғыларының көмегімен қалаларды тұтастай, сондай-ақ қалалардың жекелеген аудандарын (учаскелерін) ажырату мүмкіндігі көзделеді.

      53. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларда газ үлестіру станциялары мен газ үлестіру пункттерінің жерасты бөлігі, сондай-ақ азаматтық қорғаныс санаттарына жатқызылған ұйымдардың газ үлестіру пункттері оларға сөндіру құрылғысын орната отырып, жерасты айналма газ құбырларымен жабдықталады.

      Жерасты байпастары газ бөлу станцияларының немесе газ бөлу пункттерінің жерүсті бөлігі істен шыққан кезде газбен жабдықтау жүйесіне газ беруді қамтамасыз етеді.

5. Электрмен жабдықтаудағы және гидротехникалық құрылыстардағы
азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары
1-параграф. Электрмен жабдықтаудағы азаматтық қорғаныстың
инженерлік-техникалық іс-шаралары

      54. Бейбіт уақыттағы және соғыс уақытындағы жағдайларда энергетикалық құрылыстар мен электр желілерін азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларды және санаттарға жатқызылған ұйымдарды тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуді есепке алып жобалайды.

      Энергия жүйелерінің электр желілері схемасы қажет болған жағдайда энергия жүйесін тәуелсіз теңгерімделіп жұмыс істейтін бөліктерге автоматты бөлу мүмкіндігін көздейді.

      55. Энергетикалық жүйелерді жобалау кезінде, олардың бірлестіктерін электр станцияларын азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың, санаттарға жатқызылған ұйымдардың қираулар болуы ықтимал аймақтарынан тыс және ықтимал апатты су басу аймақтарынан тыс орналастырады.

      56. Энергия жүйелерінің және олардың бірлестіктерінің азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың, санаттарға жатқызылған ұйымдардың қираулар болуы ықтимал аймақтарынан және ықтимал апатты су басу аймақтарынан тыс жерлерде орналасатын қалалық және қала сыртында қосалқы командалық-диспетчерлік пункттері болуы тиіс. Осы пункттер қазіргі заманғы зақымдаушы құралдарынан жұмысшы персоналды және жабдықты қорғауды қамтамасыз етуі тиіс.

      57. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларды сыртқы электрмен жабдықтау схемаларын жобалау кезінде олардың бір уақытта істен шығу мүмкіндігін болдырмау мақсатында бір бөлігі қираулар болуы ықтимал аймақтардан тыс орналасатын тәуелсіз қоректендіру көзі топтарынан электрмен жабдықталуын көздейді.

      Электрмен жабдықтау жүйелері қираған учаскелерді (аумақтарды) айналып өтіп, электр энергиясын транзитін қамтамасыз ету мүмкіндігін ескеруі қажет.

2-параграф. Гидротехникалық құрылыстардағы азаматтық
қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары

      58. Каскадта гидроторапты жобалау және салу кезінде жоғарыда орналасқан гидротораптардың қирауы салдарынан бұзып өту толқыны өткен кездегі күшті қысымға тұрақтылықты, сондай-ақ су қоймаларының алдын ала үдемелі іске қосылуын есепке ала отырып, осы құрылыстардың шебі арқылы көрсетілген толқынды жіберу жағдайын қамтамасыз ететін іс-шаралар көзделеді.

      Қолданыстағы және жобаланатын гидротораптарда тиісті негіздеме болған кезде соғыс уақытында су қоймаларының алдын ала үдемелі іске қосылуын жүргізуді көздейді.

      59. Гидроторапты жобалау кезінде құрылыстар қираған жағдайда толқынның бұзып өтуі және төменгі бьефте су басуы ықтимал аймақтар шегі параметрлерін айқындайды.

      60. Гидротораптың күшті қысымды ұстайтын қақпағы бөгет бұзылған жағдайда күшті толқыннан төменгі бьефте аз мөлшердегі ықтимал қирау мен шығындарды есепке ала отырып таңдалады.

      61. Жұмыс істеп тұрған, жобаланатын және салынып жатқан гидротораптарда республиканың (облыстардың) тиісті басқару пункттеріне қысымды шеп құрылыстары қираған жағдайда олардың төменгі бьефінде су деңгейінің апатты артуы туралы дабыл беруді қамтамасыз ететін, кейіннен су басу қаупі туралы азаматтық қорғаныстың құлақтандыру жүйесі бойынша дабылды беру үшін аспаптар орнатылады.

6. Электр байланыстағы, радиохабар тарату мен телевизиядағы
азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары
1-парагараф. Электр байланыстағы азаматтық қорғаныстың
инженерлік-техникалық іс-шаралары

      62. Байланыстың магистральдық кәбілдік желілері күшті қираулар болуы ықтимал аймақтардан тыс, ал байланыстың магистральдық радиорелелік желілері қираулар болуы ықтимал аймақтан тыс төселеді.

      Апатты су басуы ықтимал аймаққа магистральдық кәбілдік желілердің мәжбүрлі түсуі жағдайларында талшықты-оптикалық және суасты кәбілдерін төсеу көзделеді.

      63. Магистральдық бастапқы желілердің желілік тораптары мен қалаларалық желілердің автоматты коммутация тораптары қираулар болуы ықтимал аймақтардан және апатты су басуы ықтимал, сондай-ақ қауіпті радиоактивті зақымдануы (ластануы) ықтимал аймақтардан тыс және қауіпті химиялық зақымдануы ықтимал аймақтар шегінен тыс орналасады. Жекелеген жағдайларда бөлудің желілік тораптары үшін ғана ерекшелікке жол беріледі.

      Желілік тораптар азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларды айналып өтіп, транзиттік байланыс желілерін ұйымдастыруды, байланыстың телефондық-телеграфтық байланыс арналарын және деректерді беру желілерінің арналарын, сондай-ақ басқа министрліктер мен ведомстволар байланысының тораптары мен желілік станцияларын қамтамасыз етеді.

      64. Байланыстың бастапқы желісінің желілік тораптарының тарату сымдары, станциялық құрылыстары және оларға қызмет көрсететін персонал қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың зақымдаушы факторларынан қорғалады.

      Байланыстың қорғалған тораптарының техникалық ғимараттары соққы толқынның шебіндегі артық қысым есебін есепке ала отырып әзірленеді.

      65. Бір географиялық бағыттағы байланыстың магистралдық кәбілдік және радиорелелік желілер қираулар немесе апатты су басулар болуы ықтимал сол бір аймаққа келіп түспейтін тартылған трасса бойынша жобаланады.

      66. Байланыстың магистральдық кәбілдік желілер трассасы бойынша байланыстың радиорелелік желілерін салуға олардың арасында ұйымдасатын арналар шоғын бөлу жағдайында жол беріледі, бұл ретте байланыстың бірыңғай автоматтандырылған желісінің желілік тораптары мен торапты радиорелелік станцияларды орнату резервтеудің жылжымалы құралдарын пайдалану мүмкіндігін есепке ала отырып көзделеді.

      67. Желіні қайта құруда ең маңызды ақпарат берудің сенімділігі мен жеделдігін қамтамасыз ету үшін пайдалану процесінде нақты туындайтын жағдайды есепке ала отырып, ведомстволық желілердің басқару жүйелері жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желілерінің жедел-техникалық басқару жүйелерімен өзара іс-қимылы көзделеді.

      68. Ведомстволық бастапқы желілерді жобалаған кезде байланыстың бірыңғай автоматтандырылған желісінің ведомстволық тораптары мен жақын орналасқан желілік тораптар арасындағы біріктіру желілерін ұйымдастыру жолымен жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желілерімен оларды үйлестіру көзделеді.

      69. Желілік тораптарда жедел-техникалық басқару қызметінің жабдығы мен алаңдар резервін және қажет болған жағдайда Қарулы Күштер, басқа да әскерлер және әскери құрамалар объектілеріне байланыстың қосымша арналарын ұйымдастыру үшін электр қоректендіргіш қондырғы орнату мүмкіндігін көздейді.

      70. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құрамалары құралдарын қоса алғанда, байланыстың жылжымалы құралдарын олардың аумағындағы тораптарға қосу мүмкіндігі үшін желілік кәбілдермен біріктірілген жылжымалы коммутациялық шкаф көзделеді.

      71. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жататын қалалардың жаңа автоматты телефон станцияларын салуды жобалау немесе жұмыс істеп тұрған станцияларды реконструкциялау кезінде:

      автоматты телефон станциясының әр ауданынан көрші аудандарға абоненттік сыйымдылық бөлігін беруді есепке ала отырып, шкафаралық байланыс кәбілдерін төсеуді;

      азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органда азаматтық қорғанысты құлақтандыру құралдарын қашықтықтан басқару мүмкіндіктері болмаған кезде станцияларда жергілікті басқару мүмкіндіктерімен азаматтық қорғаныстың құлақтандыру құралдарымен айналымдық шақыру мен қашықтан басқарудың арнайы аппаратурасын барлық түрдегі автоматты телефон станцияларында орнатуды көздеу қажет.

      72. Қалаларда басқарудың қосалқы пункттерін жобалау кезінде оған байланыстың қорғалған тораптарын орнату көзделеді. Ұйымдардың басқару пункттерінен осы байланыс торабына дейін жерүсті коммутациялық қондырғыларын айналып өтіп, жерасты кәбілдік желілері төселеді.

      73. Қалалық және ауылдық жерлерде радиохабар тарату желілері халықты құлақтандырудың дауыс зорайтқыш құралдарының есебі бойынша қажетті санымен қамтамасыз етіледі.

2-параграф. Радиохабар таратудағы және телевизиядағы азаматтық
қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары

      74. Республикалық телерадиохабар тарату жұмыстарының тұрақтылығын арттыру үшін мыналарды:

      Телерадиохабар таратудың ұлттық желісіне Алматы қаласынан және республиканың облыстық орталықтарынан телерадиоарналарын республикалық таратуды ұйымдастыру үшін "Қазақстан" РТРК" АҚ облыстық филиалдары мен "Қазтелерадио" АҚ өңірлік қабылдау-тарату спутниктік станцияларының аппараттық-студиялық блоктарын пайдалануды;

      республикалық маңызы бар қалалардан, астанадан және республиканың облыстық орталықтарынан телерадиоарналарын республикалық таратуды ұйымдастыру үшін "Қазақстан" РТРК" АҚ және "Хабар" агенттігі" АҚ жылжымалы телевизиялық станциялары мен мобильді репортажды телевизиялық станцияларды пайдалануды;

      республикалық телерадиобағдарламалар сигналдарын берудің спутниктік арналарын резервтеуді қамтамасыз ету үшін "Қазақтелеком" АҚ телерадиоарналарының облыстық радиотелевизиялық станцияларынан бастапқы бөлудің талшықтық-оптикалық желісіне дейін қосу желілерін ұйымдастыруды;

      тарату бағдарламаларын спутниктік байланыс арналары байланыстың талшықты-оптикалық магистральды және жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желілері бойынша ғана беруді (бөлуді);

      қираулар және апатты су басулар болуы ықтимал аймақтардан тыс орналасқан қосалқы пункттер объектілерінің құрамында жылжымалы телерадио тарату құралдарын қосу нүктесін құруды көздейді.

      Ескерту. 74-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 13.12.2019 № 1064 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      75. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың жергілікті, сондай-ақ қалалық радиохабар тарату жұмысының тұрақтылығын:

      азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған облыстардың, қалалардың басқару пункттерінің қорғалған жұмыс ғимараттарында радиохабар тарату кешендері мен коммутациялық-бөлу аппараттарын орналастыру;

      хабар тарату бағдарламаларын тек қана кәбілді магистральды және жалпы пайдаланудағы телекоммуникация байланыс торабының аймақішілік желілері, сондай-ақ азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылатын қалалардың кәбілді радиотарату желілер бойынша беру (бөлу);

      азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылмаған қалаларда, кенттер мен ауылдық елді мекендерде радиотелеорталықтары мен байланыс кәсіпорындарының радиохабар тарататын сөйлеу студияларын пайдалану арқылы арттыруды қамтамасыз ету қажет.

      76. Телевизиялық хабар таратудың тұрақтылығын арттыру мақсатында Байланыстың талшықтық-оптикалық желілерінің қосылу нүктелері мен қираулар және апатты су басулар болуы ықтимал аймақтардан тыс спутниктік байланыстың қабылдау-тарату станцияларының жанында орналасқан телеорталықтардың қала сыртындағы өндірістік базаларын құрады.

7. Көліктегі азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық
іс-шаралары
1-параграф. Теміржол көлігіндегі азаматтық қорғаныстың
инженерлік-техникалық іс-шаралары

      77. Жаңа теміржол желілерін салуда және жұмыс істеп тұрған теміржол желілерін реконструкциялауда, сондай-ақ азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларда (немесе азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар болып табылатын) орналасқан тораптар мен станцияларды дамытуда жарамды учаскелер желілерінің өткізу қабілеттілігі жұмыс ауысымдарын тасу бойынша тасымалдау және халықты эвакуациялауды қамтамасыз етуді есепке ала отырып анықталады. Қозғалыстың есептеу көлемі жобалауға арналған тапсырма арқылы белгіленеді.

      78. Күшті қираулар болуы ықтимал аймақтарда орналасқан азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларда және санаттарға жатқызылған ұйымдарда қайтадан жобаланатын жол өткелдерді мүмкіндігінше ыдыратып орналастыру көзделеді.

      79. Қайтадан жобаланатын және реконструкцияланатын зарарсыздандыру-жуу және жуу-булау станциялары, вагондарды тасымалдауға дайындайтын пункттер, локомотив және вагон деполарының жуу қондырғылары, сондай-ақ айналма жолдары бар өнеркәсіптік кәсіпорындар автокөлікті залалсыздандыруға бейімделеді.

      Қауіпті химиялық зақымдалуы ықтимал аймақтар шегінде орналасқан магистральдық теміржол желілерінде, осы аймақтардың кіру және шығу жолдарында автокөлікті арнайы өңдеудің және халықты санитариялық тазалаудың жылжымалы пункттерін өрістету үшін қажетті алаңдар мен арнайы қондырғылардың болуы көзделеді.

      80. Теміржол желілерін электрлендіру кезінде тепловоз шаруашылығын орналастыруды сақтауды, тепловоздар запастарына арналған тұрақ базаларын, сондай-ақ қажет болғанда тепловоздық тартымға ауысуды қамтамасыз ету мақсатында жанар-жағармай материалдарына арналған сыйымдылықтарды құруды көздейді.

      81. Жаңадан салынып жатқан тартымды шағын станциялар күшті қираулар болуы ықтимал аймақтар мен апатты су басулар болуы ықтимал аймақтар шегінен тыс орналасады. Автоматика мен телемеханика құрылғыларымен жабдықталатын тартымды шағын станцияларда жол бөлімшелерінің қала сыртындағы басқару пункттерімен байланысты қамтамасыз етіп, оларды жергілікті басқаруға ауыстыру мүмкіндігін көздейді.

      82. Азаматтық қорғаныс тобына жатқызылған қалаларда орналасқан (немесе азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар болып табылатын) теміржол тораптары мен станцияларының, сондай-ақ осы тораптар мен станцияларға жалғасатын теміржол желілерінің белгі беру, орталықтандыру, бұғаттау және байланыстыру қондырғыларының жаңаларын жобалау және жұмыс істеп тұрғандарын реконструкциялау кезінде күшті қираулар болуы ықтимал аймақтар шегінде осы қондырғылардың жерасты (суасты) қоректендірілуінің кәбілді жоғары вольтті желілерін салу көзделеді.

      83. "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы және оның азаматтық қорғаныс топтарына жатқызылған қалаларда орналасқан филиалдары ықтимал апаттық су басу аймақтарынан тыс орналасқан қосалқы басқару пункттерімен қамтамасыз етіледі.

      "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы мен оның азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған қалаларда орналасқан филиалдары қызметкерлерінің жедел құрамы үшін, сондай-ақ, тұрақты орналастыру орындарында қалатын теміржол станцияларының кезекші жедел-басқарушы персоналы үшін темір жолдарды пайдалану жұмысын үздіксіз басқаруды қамтамасыз ететін қажетті техникалық құралдармен жабдықталған басқарудың қосалқы пункттері көзделеді.

2-параграф. Метрополитендердегі азаматтық қорғаныстың
инженерлік-техникалық іс-шаралары

      84. Жерасты желілерінің немесе метрополитен учаскелерінің жаңаларын жобалауда және жұмыс істеп тұрғандарын реконструкциялауда оларды бейбіт уақытта және соғыс уақытында халықты қорғауға арналған паналайтын жерлер ретінде ыңғайластыру көзделеді.

      85. Метрополитенге паналайтын халықты станциялар платформаларында, тұйықтарда, желілер арасындағы жалғастырушы тармақшаларға және электр деполарының тармақтарына орналастыру көзделеді.

      Өзен асты арналары мен су қоймаларында орналасқан метрополитен тоннелінің учаскелерінде, сондай-ақ жекелеген жағдайларда суға қаныққан орнықсыз жерлерге халықты паналату үшін орналастыруды көздемейді.

      86. Метрополитендерде паналайтын халықтың есептік санын паналайтын бір адам орнының нормасы есебінен анықтайды.

      87. Метрополитен станцияларындағы кіру жолдарының саны мен өткізу қабілеттілігі бейбіт уақытта күтілетін жолаушылар ағыны есебінен анықталады.

      Екі аралықтағы қосымша кіру жолдары паналаушылар санының және олардың осы екі аралықты толтыру уақытының есебінен шығарылған тапсырмаларға сәйкес ескерілуі тиіс.

      Метрополитеннің барлық кіру жолдары жасырынушылар ағынын реттейтін жергілікті және қашықтан басқару қондырғыларымен жабдықталады.

      88. Екі-үш бөлікке осы мақсатқа метрополитендердің жер үстімен жалғасатын жерасты құрылыстарын бейімдей отырып, бір қорғалған эвакуациялық шығудың алдын ала ескерілгені жөн.

      89. Паналайтын халықтың тіршілігін қамтамасыз ету үшін резервтік электрмен жабдықтаудың, ауамен жабдықтаудың, кәріз және су төгудің қорғалған жүйелері, сондай-ақ басқару, сигнализация, құлақтандыру байланысы және өртке қарсы жүйелер көзделеді. Азық-түлік, медициналық заттарды сақтау үшін, сондай-ақ паналайтын адамдарға медициналық қызмет көрсету үшін станцияларда және вестибюльдерде бейімделген жекелеген қызметтік үй-жайлардың болуы көзделеді.

      Бейбіт уақытта пайдаланылатын метрополитендер құрылыстары мен қондырғылары паналайтын халықтың тіршілігін қамтамасыз ету үшін қолданылады.

3-параграф. Автомобиль жолдарындағы азаматтық қорғаныстың
инженерлік-техникалық іс-шаралары

      90. Халықаралық және Қазақстан Республикасы жалпы желісінің республикалық маңызы бар автомобиль жолдары азаматтық қорғаныс топтарына жатқызылған қалаларды жобалық салу шекараларына дейінгі ара қашықтықты есепке ала отырып төселеді.

      Көрсетілген жолдар азаматтық қорғаныс топтарына жатқызылған қалалар арқылы өтетін болса, айналма автомобиль жолдарын салу көзделеді.

      91. Автомобиль жолдарының желісі дамыған кезде қалалық магистральдардың қала сыртындағы магистральдық жолдармен түйісуі, сондай-ақ теміржол станцияларына және порттарға – эвакуацияланған халықтың қону (ұшу) пункттеріне автомобильдік айналма жолдарды салу көзделеді.

      92. Азаматтық қорғаныс топтарына жатқызылған қалаларда кеме жүзетін өзендер арқылы өтетін автожол және теміржол көпірлері бір мезгілде қирауын болдырмайтын қашықтықтарда орналастырылады.

4-параграф. Магистральдық құбырларындағы азаматтық қорғаныстың
инженерлік-техникалық іс-шаралары

      93. Жерүсті құбырларын төсеу кезінде магистральды құбырлардың трассаларын (газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын) қираулар болуы ықтимал аймақтардан тыс, ал оларды тереңдетіп орналастыру кезде күшті қираулар болуы ықтимал аймақтардан тыс өткізілуін жоспарлау көзделеді.

      Аз қираулар болуы ықтимал аймақтарда магистральдық құбырларды тек кедергілер арқылы ғана ашық (тереңдетілмеген) салуға болады.

      Ғимараттар мен құрылыстардан қотарғыш сорғылық және компрессорлық станциялар құбырларының барынша аз алыстатылуын магистральдық құбырларды жобалау нормаларының талаптарына сәйкес алу керек.

5-параграф. Теңіз және өзен көліктерінің объектілеріндегі
азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары

      94. Теңіз және өзен көліктерінің жағалық объектілеріндегі инженерлік-техникалық іс-шаралар:

      күшті қираулар болуы ықтимал аймақтардағы қосалқы жүк алмасу пункттерінде, кеме электр станцияларынан жағалауға электр энергиясын беру есебінен, сумен, жанар-жағармаймен, теңіз және өзен көлігінің қосалқы бөлшектерімен және басқа да материалдармен тұрақты түрде жабдықтау;

      теңіз көлігі объектілерін суасты ядролық жарылыстарының гравитациялық толқындарының әсерінен, ал өзен көлігі объектілерін су тораптарының қысымдық шебінің қирауы кезіндегі су қоймаларының үдемелі жұмыс істеу мүмкіндігін есепке ала отырып, алып толқын әсерінен қорғау бойынша іс-шаралар кешенін әзірлеу және жүзеге асыру көзделеді.

      95. Қосалқы жүк алмастыру пункттері, қосалқы кеме жөндеу базалары, жабдықталмаған су жағаларындағы жүк операцияларын жүргізу үшін таңдалған жерлер теміржол немесе автожол желілерімен байланысады, азаматтық қорғаныстың құлақтандыру сигналдарын қабылдауға және беруге арналған, қайта тиеу және басқа жұмыстарға басшылық етуді жүзеге асыру, сондай-ақ кеменің қозғалысын басқару құралдармен қамтамасыз етіледі.

      96. Разрядты жүктерді тиеу-түсіру айлақтары, вагондардың (цистерналардың) жиналуына (бос тұруына) арналған теміржол жолдары күшті әсер ететін улы заттар төгілген жағдайда су бүркеніштерін қою жүйесімен және су құйғышпен (газсыздандырғыш), сондай-ақ зақымдау аймақтарында жұмыс істейтін персонал мен тұратын халықты құлақтандырудың жергілікті жүйесімен жабдықталады.

      97. Аялдау және бункерлік мұнай базаларын жобалау кезінде теміржол цистерналарынан сұйық отынды кемелерге айлақсыз құю, сондай-ақ танкерлерді қолдану көзделеді.

6-параграф. Әуе көліктерінің объектілеріндегі азаматтық
қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары

      98. Соғыс уақытында азаматтық авиацияның тұрақты жұмыс істеуін арттыру мақсатында азаматтық авиация ұйымдары үшін шоғырландырылған әуеайлақтары көзделеді.

      99. Шоғырландырылған әуеайлақтары ретінде барлық әуежайларды, сондай-ақ бейбіт уақытта әуеайлақтары ретінде пайдалану мүмкіндігі үшін арнайы дайындалатын, бірінші кезекте қираулар болуы ықтимал

      аймақтар мен апаттық су басулар болуы ықтимал аймақтардағы автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерін пайдалану және алдын ала толық жабдықтау көзделеді.

      100. Жаңа әуежайларды жобалау кезінде, сондай-ақ қираулар болуы ықтимал аймақтарда орналасқан әуежайлардың қолданыстағы жанар-жағармай материалдарына арналған қоймаларын реконструкциялау кезінде жанар-жағармай материалдарына арналған жерасты сыйымдылықтарын салу көзделеді.

      Тиісті негіздеме болған жағдайда жанар-жағармай материалдарын жер үстінде қоршалған сыйымдылықтарда сақтауға рұқсат беріледі.

      101. Қираулар болуы ықтимал аймақтарда орналасқан әуежайлар орталықтандырылған электрмен жабдықтаудан басқа резервтік электр қоректендіргішпен қамтамасыз етіледі.

      102. Соғыс уақытында әуе қозғалысын, өндірісті, азаматтық қорғанысты және азаматтық авиация әуежайы аумағындағы әуеайлақтары ауданындағы әуе қозғалыстарын басқару үшін басқаруды қорғау пункттері құрылады.

8. Ауыл шаруашылығы малдарын, ауыл шаруашылығы мен өсімдік
шаруашылығының өнімдерін қорғау
1-параграф. Ауыл шаруашылығы малдарын қорғау

      103. Азаматтық қорғаныс топтарына жатқызылған қалалар және санаттарға жатқызылған ұйымдардың қираулар болуы ықтимал аймақтардан тыс орналасқан аудандарында соғыс уақытында радиоактивті зақымданудан (ластанудан) ауыл шаруашылығы жануарларының қорғалуы көзделеді.

      104. Жануарларды сумен қамтамасыз ету үшін фермалар мен кешендерде қорғалған су жинау ұңғымалар жабдықталады. Резервтік сумен жабдықтау ретінде қолданыстағы және жаңартылатын шахталық және құбырлы құдықтарды, сондай-ақ қорғалған резервуарларды пайдалану көзделеді.

      105. Фермалар мен кешендердегі зақымданған (ластанған) жануарларға ветеринариялық тазарту жүргізу үшін арнайы алаңдардың жабдықталуы көзделеді.

2-параграф. Мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы өнімдері
мен азық-түлік тауарларын қорғау

      106. Мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу ұйымдарының, сондай-ақ базалар, тоңазытқыштар мен азық-түлік тауарларын сақтауға арналған қоймалардың жаңасын жобалау және қолданыстағыларын реконструкциялау кезінде осы өнімдерді радиоактивті заттардың аэрозольдері мен улы заттардан, биологиялық құралдардан зақымдалудан қорғау көзделеді.

      107. Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу ұйымдарының, сондай-ақ оларды сақтауға арналған қоймалардың қоршалған құрылыс конструкциялары осы конструкцияларды герметикалау есебінен қамтамасыз етілетін радиоактивті және улы заттар, биологиялық құралдар аэрозольдерінен қажетті өткізбеушілікпен қамтамасыз етіледі.

9. Қалалық, ауылдық елді мекендерді және шаруашылық жүргізуші
объектілерді жарықтық бүркемелеу

      108. Жарықтық бүркемелеу тәуліктің қараңғы кезінде айқындауды қиындататын қалалық, ауылдық елді мекендер мен ұйымдарды әуеден визуальды немесе көрінетін аймаққа (0,40 – 0,76 мкм) есептелген оптикалық құралдар арқылы бақылау жолымен анықтауды қиындататын жағдайлар туғызу үшін жүргізіледі.

      109. Жарықтық бүркемелеу аймағына кіретін қалалық, ауылдық елді мекендер мен объектілердің жарықтық бүркемеленуі екі: жартылай және толық қараңғылау режимінде көзделеді.

      Осы режимдерде жарықтық бүркемелеуді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін дайындық іс-шаралары алдын ала бейбіт уақытта өткізіледі.

      110. Жартылай қараңғылау режимінде толық қараңғылау режиміне өтуге дайындықтың аяқталуы көзделеді. Жартылай қараңғылау шаруашылық жүргізуші объектілердің өндірістік қызметіне кедергі болмауы керек, жартылай қараңғылау режимі толық қараңғылау режимінің жұмыс уақытынан басқа, ол енгізілгеннен кейінгі уақытта тұрақты түрде жұмыс істейді.

      111. Толық қараңғылау режимі "Әуе дабылы" сигналы бойынша енгізіледі және "Әуе дабылын тоқтат" сигналының жариялануымен тоқтатылады.

      112. Қала көлігін, сондай-ақ оның қозғалысын реттеу құралдарын жартылай қараңғылау режимінде жарықтық бүркемелеуге болмайды.

      Толық қараңғылау режимінде қалалық жерүсті көлігінің тоқтауы, оның жарықтандыру оттары, сондай-ақ қозғалысты реттеу құралдары ажыратылуы тиіс.

      113. Теміржол, әуе, теңіз, автомобиль және өзен көліктерін жарықтық бүркемелеу қалалық, ауылдық елді мекендерді және объектілерді жарықтық бүркемелеуді жобалау нормаларының талаптарына, сондай-ақ көліктің тиісті түрлерінің жұмыс ерекшеліктерін есепке ала отырып, әзірленетін жарықтық бүркемелеу бойынша ведомстволық нұсқаулықтарына сәйкес жүргізіледі.

10. Адамдарды санитариялық тазалауға, киім және автокөлікті
арнайы өңдеуге бейімделген коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы
объектілер

      114. Жаңадан салынып жатқан, реконструкцияланатын және жұмыс істеп тұрған қоғамдық моншалар, кір жуатын және химиялық тазалау кәсіпорындары, сондай-ақ автокөлік жуу бекеттері соғыс уақытында, сондай-ақ өндірістік аварияларда, апаттарда немесе дүлей зілзалаларда тиісінше адамдарды санитариялық тазалауға, киімді және автокөлікті арнайы өңдеуге бейімделеді.

      115. Мұндай объектілерге қажет болған жағдайда санитариялық және арнайы өңдеу жұмыстарын орындауға бейімдеу жобалары әзірленеді, ол екі кезеңнен тұрады:

      жаңа объектілерді салу және жұмыс істеп тұрған объектілерді реконструкциялау барысында алдын ала орындалуға жататын дайындық іс-шаралары, бұл кезеңде объектілерді 24 сағат ішінде, бірақ олардың бейбіт уақыт режиміндегі жұмысын қиындатпайтын адамдарды санитариялық және арнайы өңдеу режиміне көшуді қамтамасыз ететін аса қиын құрылыс-монтаждау жұмыстарын енгізген жөн;

      соғыс уақытында жүзеге асырылатын адамдарды санитариялық және арнайы өңдеу режиміне объектілерді ауыстыру бойынша іс-шаралар. Осы кезеңге 1-кезеңде орындалуы мақсатқа сай келмеген іс-шаралар енгізіледі.

      116. Адамдарды санитариялық тазалау режимінде монша немесе душтың өткізу шамасы, киімді арнайы тазалау режиміндегі кір жуу орны немесе химиялық тазарту кәсіпорнының өндірістік қуаты, сондай-ақ автокөлікті арнайы тазалау бойынша учаскенің өткізу қабілеті Адамдарды санитариялық тазалау, киімді және автокөлікті арнайы тазалауға арналған коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектілердің жобалау нормасының талаптарына сәйкес айқындалады.

  Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық
іс-шаралары көлемі мен мазмұнына
қосымша

Күшті әсер ететін улы заттар мен қауіпті химиялық зақымдану
аймағының аварияларында (қирауларында, өрттерінде) пайда
болатын заттардың негізгі топтары

Топ

Сипаттама

Үлгілік өкілдері

1.

Қысымды (сығымдалған және сұйық газдар) сыйымдылықтарда сақталатын сұйық ұшып кететін күшті улы заттар.

Хлор, аммиак, күкіртті газ, күкіртті сутегі, фосген, бромметил, көміртегі тотығы.

2.

Қысымсыз сыйымдылықтарда сақталатын сұйық ұшып кететін күшті әсер ететін улы заттар.

Хош иісті нитро-, амин қосылысы, синиль қышқылы, акрил қышқылының нитрилі, тетраэтилқорғасын, хлорлы қоспа, дифосген, дихлорэтан, хлорпикрин.

3.

Түтінді қышқылдар.

Күкірт - тығыздығы 1,87 және одан артық, азот - тығыздығы 1,4 және одан артық, тұзды - тығыздығы 1,15 және одан артық, хлорсульфонды және балқымалы қышқылдар, күкірт, күкіртті және пирокүкірт қышқылдарының хлорангидридтері.

4.

Ұнтақты және күшті ұшпайтын күшті әсер ететін улы заттар және 40 С дейін сақталатын заттар.

Сулема, мырыш тәрізді (мырышты) ангидрид, сары фосфор, алкалоидтер, алдрин, дилдрин, кальций және натрий арсенаты, кальций арсениті.

5.

Ұнтақты және күшті ұшып кететін күшті әсер ететін улы заттар және 40 С дейін сақталатын заттар.

Синиль қышқылының тұздары, цианисті және оксицианисті сынап, цианисті мыс және басқа препараттар, этилмеркурфосфат, этилмеркурхлорид, меркуран.