"Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 265 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 16 тамыздағы № 432 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 17 тамызда № 33300 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 265 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 9506 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қоюды азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, сондай-ақ балансында қорғаныш құрылыстары бар ұйымдар жүргізеді.

      Теңгерімінде азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары бар мемлекеттік органдар мен ұйымдар жыл сайын тиісті жылдың 1 желтоқсанына дейін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне қорғаныш құрылыстарының жай-күйі туралы ақпарат береді.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарының тізбесін азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізеді.

      Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарының тізбесін түзету тиісті жылдың 1 қаңтарына жағдай бойынша жыл сайын жүзеге асырылады.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке алуды жүргізу үшін баспана (радиацияға қарсы баспана) паспорты және жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты құжаттық негіз болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын түгендеуді азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп кемінде 3 (үш) жылда бір рет жүргізеді.

      Түгендеу шеңберінде азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын кешенді тексеру жүзеге асырылады.

      Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері есепте тұрмайтын азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын анықтаған жағдайда оларды есепке қою жүзеге асырылады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Меншік иесі болмаған немесе меншік иесі азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысына меншік құқығынан бас тартқан жағдайда, осы объект Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 242-бабына сәйкес иесіз жылжымайтын зат ретінде есепке алынады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарының түгендеу нөмірлерін азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында белгіленетін берілген реттік нөмірге сәйкес береді.";

      9, 10, 11, 12, 13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару үшін құжаттаманы дайындау мақсатында:

      мемлекеттік органның азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарына қатысты – мемлекеттік орган басшысының;

      ұйымның азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарына қатысты – ұйым басшысының шешімімен комиссия құрылады.

      10. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару үшін құрылатын комиссияның (бұдан әрі - комиссия) құрамына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары қорының есебін жүргізетін азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өкілдері, сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс істері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі жергілікті атқарушы органның өкілдері, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері келісім бойынша енгізіледі.

      11. Комиссия азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығаруға жоспарланатын құжаттамаларды қарайды, мақсаты бойынша пайдалануға азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарының әзірлігін бағалайды және жұмыс нәтижелері бойынша осы Қағидаларға № 1-1 қосымшадағы нысанға сәйкес азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару туралы акті жасайды немесе азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығарудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      12. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару туралы актіге:

      1) азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарының паспорты;

      2) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер;

      3) жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты;

      4) осы Қағидаларға № 2-қосымшаға сәйкес ұсынылған үлгі бойынша осы азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарының жай-күйі туралы техникалық қорытынды;

      5) азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару нәтижесінде алған үй-жайлар мен жер телімін пайдалану жөніндегі ұсынымдар;

      6) жекелеген комиссия мүшелерінің айрықша пікірі (егер болса) қоса беріледі.

      Төтенше жағдайлар салдарынан жарамсыз болған азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару үшін құжаттарды дайындаған кезде актілерге төтенше жағдайлар фактілерін растайтын құжаттар көшірмелері қоса беріледі.

      Оларға қоса берілетін құжаттамамен (бұдан әрі – құжаттама) азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару туралы актілер төрт данада жасалады.

      13. Қоса берілген құжаттамамен бірге Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару туралы актілерді азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері бекітілгенге дейін азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға келісуге жібереді.

      14. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару туралы келісілген актілерді:

      мемлекеттік органның азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарына қатысты - мемлекеттік орган басшысы;

      ұйымның азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарына қатысты – ұйым басшысы бекітеді.";

      1-қосымша осы бұйрыққа 1 - қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидаларға 1-1 - қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
С. Шарипханов

  Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2023 жылғы 16 тамыздағы
№ 432 Бұйрыққа
1-қосымша
  Азаматтық қорғаныстың
қорғаныш құрылыстарын есепке
қою және есептен шығару
қағидаларына
1 қосымша

Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарының тізбесі

р/с№

Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысының түгендеу нөмірі

Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысының меншік иесі

Меншік нысаны (мемлекеттік немесе жеке)

Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысының мекенжайы, оның ішінде оның координаттары

Азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарының кадастрлық нөмірі

Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары жер учаскесінің кадастрлық нөмірі

Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысының сыйымдылығы

Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысының түрі (баспана немесе радиацияға қарсы баспана)

Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысының орналасқан жері (кіріктірілген немесе жеке тұрған)

Дайындық жағдайы (қарындашпен толтырылады)


































  Бұйрыққа
2-қосымша
  Азаматтық қорғаныстың
қорғаныш құрылыстарын есепке
қою және есептен шығару
қағидаларына
1-1 қосымша

      нысан

      № ___ дана

"КЕЛІСІЛДІ"
____________________________
(лауазымы)
____________________________
(қолы, аты-жөні, тегі (бар болған жағдайда))
20__ жылғы "___" ___________
Мөрдің орны

"БЕКІТІЛДІ"
_____________________________
(лауазымы)
_____________________________
(қолы, аты-жөні, тегі (бар болған жағдайда))
20__ жылғы "___" _____________
Мөрдің орны

Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару туралы АКТІ _______________________________________________________________ (Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысын пайдаланушының атауы)

      20__ жылғы "___" ___________ ______________

      (елді мекен)

      Комиссия мына құрамда: төраға _____________________________________________

      (лауазымы, аты-жөні, тегі (бар болған жағдайда))

      комиссия мүшелері: _______________________________________________________

      (лауазымы, аты-жөні, тегі (бар болған жағдайда))

      _______________________________________________________

      (лауазымы, аты-жөні, тегі (бар болған жағдайда))

      _______________________________________________________

      (лауазымы, аты-жөні, тегі (бар болған жағдайда))

      ________________________________________________________

      (лауазымы, аты-жөні, тегі (бар болған жағдайда))

      бұйрықпен (өкіммен) тағайындалған _________________________________________

      (органның, ұйымның атауы)

      20__ жылғы "___" ___________ № ___ негізінде _____________________________

      __________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________ байқау өткізді

      (объекті атауы, орналасу орнының мекенжайы)

      және комиссия ұсынған техникалық құжаттаманы қарады:

      1. Пайдаланылуға берілген жыл ____ жылғы.

      2. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысының бастапқы теңгерімдік құны - ____ теңге (бағаларда ___ жылғы).

      3. Бухгалтерлік есеп бойынша есептелген тозу сомасы - ____ теңге.

      4. Өткізілген күрделі жөндеу саны __ сомаға ____ теңге (бағаларда ____ жылғы).

      5. Оны есептен шығару сәтіндегі Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысының бастапқы теңгерімдік құны - ____ тг. (бағаларда 20____ жылғы).

      6. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысының конструкцияларының нақты жай-күйі және есептен шығару себептері:___________________________________________

      __________________________________________________________________________

      7. Комиссия қорытындысы: _______________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Қосымша: есептен шығару туралы актіге қоса берілетін құжаттар тізбесі

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      Комиссия төрағасы ________________________________________________________

                              (қолы) (аты-жөні, тегі (бар болған жағдайда))

      Мөрдің орны

      Комиссия мүшелері: _______________________________________________________

                              (қолы) (аты-жөні, тегі (бар болған жағдайда))

      Мөрдің орны

      _______________________________________________________________

      (қолы) (аты-жөні, тегі (бар болған жағдайда))

      Мөрдің орны

      _______________________________________________________________

      (қолы) (аты-жөні, тегі (бар болған жағдайда))

      Мөрдің орны ______________________________________________________________

                        (қолы) (аты-жөні, тегі (бар болған жағдайда))

      Мөрдің орны