"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 12-бабының 1-тармағы 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырлуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі В.В. Петровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | В. Божко |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 265 бұйрығымен бекітілді |
Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 06.06.2018 № 417 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару тәртібін айқындайды.
1-1. Орналастыру схемасына сәйкес азаматтық қорғаныстың қорғану құрылыстары азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған мемлекеттік органның, ұйымдардың ең көп жұмыс істейтін ауысымын қорғау үшін, сондай-ақ медициналық ұйымдардың тасымалдауға келмейтін науқастарын қорғау үшін құрылады.
Ескерту. 1-тарау 1-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 06.06.2018 № 417 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1-2. Азаматтық қорғаныстың қорғану құрылыстары экономика және халыққа қызмет көрсету объектілерінің қажеттіліктері үшін қолданылады және Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұнын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 24 қазандағы № 732 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9922 болып тіркелген) бекітілген Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұнының 19-тармағында белгіленген мерзімде оларды паналаушыларды қабылдау үшін жұмысқа жарамды күйге келтіруді қамтамасыз ететін жағдайда ұсталады.
Ескерту. 1-тарау 1-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 06.06.2018 № 417 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 06.06.2018 № 417 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қоюды азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, сондай-ақ теңгерімінде қорғаныш құрылыстары бар ұйымдар жүргізеді.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 06.06.2018 № 417 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке алуды жүргізу үшін деректі негіздеме құрылыстар паспорттары болып табылады, онда олардың негізгі техникалық сипаттамалары мен тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін жабдықтау тізбесі көрсетіледі.
4. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарының паспорттары қорғаныш құрылыстарын пайдалануға бергеннен кейін немесе азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын түгендеу қорытындылары бойынша ресімделеді.
5. Теңгеріміне азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын беру мүмкіндігі болатын Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған жақын орналасқан ұйымдардың жинау радиусы жанында болмауы кезінде түгендеу барысында иесіз қорғаныш құрылыстарын анықтаған жағдайда (Қазақстан Республикасының Ережелер жинағы ҚР ЕЖ 2.04-101-2014 "Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары") паспорттар ресімделмейді. Бұл жағдайда мемлекеттік органға иесіз объектілердің үй-жайларын одан әрі пайдалану жөнінде ұсынымдар жолданады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 06.06.2018 № 417 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарының бар-жоғы туралы мәліметтер азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосына ұсынылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 06.06.2018 № 417 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарының түгендеу нөмірлерін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарының нөмірленуіне сәйкес мемлекеттік органмен бірлесіп азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері береді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 06.06.2018 № 417 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 06.06.2018 № 417 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары мына жағдайларда:
қоршау және тірек құрылыс конструкцияларының есептік қорғау қасиеттері жойылған кезде, егер оларды қалпына келтіру техникалық мүмкін немесе экономикалық мақсатқа сай болмаса:
жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша ғимараттар мен құрылыстарды жаңадан салуға, реконструкциялауға, техникалық қайта жабдықтауға байланысты;
жедел басқаруға, жергілікті атқарушы органның коммуналдық шаруашылығына және азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген халық санаттарын қорғау үшін осы аумақта азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарына қажеттілікке азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын беруге болатын ұйымдар болмаған жағдайда есептен шығарылады.
9. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығаруға құжаттамаларды дайындау мақсатында:
мемлекеттік органның азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарына қатысты - мемлекеттік орган басшысының;
осы ұйымға бекітілген азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарына қатысты – ұйым басшысының шешімімен комиссия құрылады.
10. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару үшін құрылатын комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрамына келісу бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарының қорын есепке алуды жүргізетін азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің өкілдері кіреді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 06.06.2018 № 417 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Комиссия азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығаруға жоспарланатын құжаттамаларды қарайды, мақсаты бойынша пайдалануға азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарының әзірлігін бағалайды және жұмыс нәтижелері бойынша осы Қағидаға № 1-қосымшаға сәйкес азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару туралы акті жасайды немесе азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығарудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
12. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару туралы актіге:
1) азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарының паспорты;
2) меншік құқығын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі;
3) осы Қағидаға № 2-қосымшаға сәйкес ұсынылған үлгі бойынша осы азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарының жай-күйі туралы техникалық қорытынды;
4) азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару нәтижесінде алған үй-жайлар мен жер телімін пайдалану жөніндегі ұсынымдар;
5) жекелеген комиссия мүшелерінің айрықша пікірі (егер болса) қоса беріледі.
Төтенше жағдайлар салдарынан жарамсыз болған азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару үшін құжаттарды дайындаған кезде актілерге төтенше жағдайлар фактілерін растайтын құжаттар көшірмелері қоса беріледі.
Оларға қоса берілетін құжаттамамен (бұдан әрі – құжаттама) азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару туралы актілер төрт данада жасалады
13. Қоса берілген құжаттамамен азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару туралы актілер бекітілгенге дейін азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосына келісуге жолданады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 06.06.2018 № 417 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару туралы келісілген актілерді:
мемлекеттік органның азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарына қатысты - мемлекеттік орган басшысы;
осы ұйымға бекітілген азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарына қатысты – ұйым басшысы бекітеді.
15. Басшы шешімімен құрылған комиссия азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару туралы актіні бекіткеннен кейін:
бірінші дана - азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосына;
екінші дана - азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару туралы актіні бекіткен тиісті мемлекеттік органға;
үшінші дана - есепте тұрған азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары бар азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне;
төртінші дана - азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары бекітілген ұйымға жолдайды.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 06.06.2018 № 417 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидаларына 1-қосымша нысан № ___ дана |
КЕЛІСІЛДІ ____________________________ (лауазымы) ____________________________ (қолы, аты-жөні, тегі) 20__ жылғы "___" ___________ МО | БЕКІТІЛДІ _____________________________ (лауазымы) _____________________________ (қолы, аты-жөні, тегі) 20__ жылғы "___" _____________ МО |
Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын
есептен шығару туралы (АҚ ҚҚ)
АКТІ _______________________________________ _______________________________________
(қорғаныш құрылысты пайдаланушының атауы)
20__ жылғы "___" ___________ ______________
(елді мекен)
Комиссия мына құрамда: төраға ____________________________
(лауазымы, тегі, аты-жөні)
комиссия мүшелері: ______________________________________
(лауазымы, тегі, аты-жөні)
_________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты-жөні)
_________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты-жөні)
_________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты-жөні)
бұйрықпен (өкіммен) тағайындалған ________________________
(органның, ұйымның атауы)
20__ жылғы "___" ___________ № ___ негізінде _________
______________________________________________________
___________________________________________ байқау өткізді
(объекті атауы, орналасу орнының мекенжайы)
және комиссия ұсынған техникалық құжаттаманы қарады:
1. Пайдаланылуға берілген жыл ____ жылғы.
2. АҚ ҚҚ бастапқы теңгерімдік құны - __ теңге (бағаларда ___ жылғы).
3. Бухгалтерлік есеп бойынша есептелген тозу сомасы - ____ теңге.
4. Өткізілген күрделі жөндеу саны __ сомаға ____ теңге (бағаларда ____ жылғы).
5. Оны есептен шығару сәтіндегі АҚҚҚ бастапқы теңгерімдік құны - __ тг. (бағаларда 20__ жылғы).
6. АҚҚҚ конструкцияларының нақты жай-күйі және есептен шығару себептері:
__________________________________________________________
__________________________________________________________
7. Комиссия қорытындысы: _________________________________
__________________________________________________________
Қосымша: есептен шығару туралы актіге қоса берілетін құжаттар тізбесі
__________________________________________________________
__________________________________________________________
Комиссия төрағасы ________________________________
(қолы) (тегі, аты-жөні)
МО
Комиссия мүшелері: _______________________________
(қолы) (тегі, аты-жөні)
МО
_______________________________
(қолы) (тегі, аты-жөні)
МО
_______________________________
(қолы) (тегі, аты-жөні)
МО
_______________________________
(қолы) (тегі, аты-жөні)
МО
Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидаларына 2–қосымша нысан |
Азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарының
(АҚ ҚҚ) жай-күйі туралы
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Кіріспе.
Орындаушылар тізімі.
1-бөлім. Тексеруді орындайтын ұйым туралы деректер.
1.1. Ұйым атауы, оның пошталық мекенжайы, телефон, факс.
1.2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік тАҚ ҚҚ тексеруді тізіліміне енгізу туралы құжаттар көшірмесі.
2-бөлім. Тексерілетін АҚ ҚҚ мәліметтер.
2.1. Тексерілетін АҚ ҚҚ туралы жалпы мәліметтер.
2.2. АҚ ҚҚ орналасқан орнын сипаттау.
2.3. АҚ ҚҚ орналасқан ауданның табиғи-климаттық жағдайлары туралы деректер.
3-тарау. АҚ ҚҚ сипаттамасы.
3.1. Көлемді-жоспарлы шешім.
3.2. Конструктивтік шешім:
3.2.1. іргетас;
3.2.2. бағандар мен арқалықтар;
3.2.3. сыртқы және ішкі қабырғалар;
3.2.4. жабын;
3.2.5. гидрооқшаулау;
3.2.6. сыртқы және ішкі субұрғыш;
3.2.7. дренаж;
3.2.8. кіру және авариялық шығу;
3.2.9. кіреберістегі, шарбақтағы және ауаны сорудағы қорғау қондырғылары.
3.3. Инженерлік-техникалық жүйелер:
3.3.1. желдету және жылыту;
3.3.2. сумен жабдықтау және кәріз;
3.3.3. электрмен жабдықтау;
3.3.4. байланыс.
4-бөлім. Техникалық тексеру нәтижелері:
4.1. Зерттеу жүргізу әдістемесі.
4.2. Іргетас.
4.3. Бағандар мен арқалықтар.
4.4. Сыртқы және ішкі қабырғалар.
4.5. Жабын.
4.6. Гидрооқшаулау.
4.7. Сыртқы және ішкі субұрғыш.
4.8. Дренаж.
4.9. Инженерлік-техникалық жүйелер:
4.9.1 желдету және жылыту;
4.9.2. сумен жабдықтау және кәріз;
4.9.3. электрмен жабдықтау;
4.9.4. байланыс.
4.10. Үй-жайларды жоспарлау және оның құрамы.
4.11. Кіру және авариялық шығу.
4.12. Кіреберістегі, шарбақтағы және ауаны сорудағы қорғау қондырғылары.
5-бөлім. Бақылаудың бүлдірмейтін аспапты әдістерімен материалдар мықтылығын айқындау.
6-бөлім. Геодезиялық бақылау.
7-бөлім. Инженерлік-геологиялық іздеулер нәтижелері.
8-бөлім. АҚ ҚҚ тірек және қоршау конструкцияларының қорғау қасиеттерін есептеу.
9-бөлім. Қорытындылар мен ұсынымдар.
Қосымша: АҚ ҚҚ тексерген кезде пайдаланылған өлшеу аспаптары құралдарын мемлекеттік тізілімге кіргізу туралы сертификаттар көшірмелері.