Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 24 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 21 қаңтарда № 22093 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2021 жылғы " " __________
№ ____ бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 265 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9506 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қоюды азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, сондай-ақ теңгерімінде қорғаныш құрылыстары бар ұйымдар жүргізеді.";

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарының бар-жоғы туралы мәліметтер азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органына ұсынылады.

      7. Азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарының түгендеу нөмірлерін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарының нөмірленуіне сәйкес мемлекеттік органмен бірлесіп азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері береді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару үшін құрылатын комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрамына келісу бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарының қорын есепке алуды жүргізетін азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Қоса берілген құжаттамамен азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару туралы актілер бекітілгенге дейін азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органына келісуге жолданады.";

      15-тармақтағы:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "бірінші дана - азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органына;";

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "үшінші дана - есепте тұрған азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары бар азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне;".

      2. "Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 190 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10716 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:

      4, 5, 6 және 6-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Азаматтық қорғаныс іс-шараларының ұйымдастырылуына және жүргізілуіне әдістемелік басшылық ету азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органына (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүктеледі.

      5. Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың орталық және жергілікті атқарушы органдары жыл сайын тиісті жылғы 10 - 20 қараша аралығында уәкілетті органына ағымдағы жылғы азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы есептерді (бұдан әрі – есеп) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.

      6. Облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың, қаладағы аудандардың жергілікті атқарушы органдары, облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың азаматтық қорғау қызметтері, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері жыл сайын тиісті жылғы 1 - 10 қараша аралығында уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне есептерді осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.

      6-1. Облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың, қалалардың, қаладағы аудандардың азаматтық қорғау қызметтері, азаматтық қорғаныс санаттарына жатқызылатын ұйымдар жыл сайын тиісті жылғы 1 - 10 қараша аралығында уәкілетті органы аумақтық бөлімшелерінің аудандық және қалалық Төтенше жағдайлар басқармалары (бөлімдері) есептерді осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары лауазымы бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктерінің тиісті азаматтық қорғаныс бастықтарының орынбасарлары болып табылады.";

      12-тармақтың 1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) уәкілетті органына және оның аумақтық бөлімшелеріне;";

      16-тармақтағы:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "республикалық деңгейде – уәкілетті органы;";

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "аумақтық деңгейде – уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі жергілікті атқарушы органдармен, сондай-ақ жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын және соғыс уақытында жұмысты жалғастыратын атқарушы органдармен бірлесіп;";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Қорғау қызметтері республикалық, облыстық, аудандық, қалалық деңгейлерде құрылады.

      Жергілікті атқарушы орган тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен бірлесіп, азаматтық қорғаудың облыстық, аудандық, қалалық қызметтерін құратын ұйымдарды айқындайды. Қызметтер құрамына бірнеше ұйым кіре алады.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Азаматтық қорғанысты қадағалау және зертханалық бақылау желісіне жалпы басшылық етуді және іс-қимылды үйлестіруді уәкілетті орган жүзеге асырады.";

      47-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің эвакуациялау (эвакуациялау қабылдау) комиссиясының құрамын азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі жергілікті атқарушы органның, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің және ұйымдардың келісім бойынша айқындайды.";

      67-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тапсырыс берушінің сұрау салуы бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері жобаның жоспарланған ауданының жай-күйі туралы бастапқы деректер, сондай-ақ бөлім мазмұны бойынша ұсыныстар береді.".

      3. "Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 387 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Азаматтық қорғау құралымдарының есебін азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі жүргізеді.";

      10-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "азаматтық қорғаудың аумақтық құралымдары (медициналықтан басқа) үшін – азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері әзірлейді және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары бекітеді;";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Жедел ден қою жиынтық жасақтары азаматтық қорғаудың аумақтық құралымдарының санатына жатады. Жедел ден қою жиынтық жасағының құрамы және командирі азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің ұсынысы бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітіледі.";

      24-тармақтың 1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде құралымдар басшыларын оқыту;".

      4. "Азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу, құру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 510 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11587 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу, құру және пайдалану қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Азаматтық қорғаныс мүлкін құру (өзгерту) туралы ақпарат азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне беріледі.".

      5. "Азаматтық қорғау саласында даярлықтан немесе қайта даярлықтан өтуі туралы бірыңғай үлгідегі сертификатты белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 20 қазандағы № 857 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12292 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың қосымшасы осы тізбенің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      6. "Халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, ілімді насихаттау, оқыту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 шілдедегі № 494 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20990 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, ілімді насихаттау, оқыту қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Азаматтық қорғау саласында уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) және оның аумақтық бөлімшелері Заңмен жүктеген өкілеттіктерге сәйкес төтенше жағдай туындау қаупі туралы болжам болған жағдайда халыққа алдын ала хабар беруді қамтамасыз етеді және азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауды ұйымдастырады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Жағдайды байқау, бақылау мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды болжау қызметтері (сейсмологиялық қызмет, селді құлақтандыру жүйесі, радиациялық қауіпсіздікті бақылау және басқалары) Қазақстан Республикасы аумағында және (немесе) шектес мемлекеттердің шекара маңы аумақтарында төтенше жағдай туындау қаупі кезінде алдын алу мақсатында уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне қажетті ақпаратты оның сипаттамасын көрсете отырып, дереу ұсынады.";

      11, 12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Азаматтық қорғау саласында білімді насихаттау уәкілетті орган, оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ мемлекеттік органдар, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер арқылы жүзеге асырылады.

      12. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп насихаттау жоспарына сәйкес азаматтық қорғау саласында білімді насихаттауды жүзеге асырады.

      13. Азаматтық қорғау саласында білімді насихаттау жоспарын уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі әзірлейді және жергілікті атқарушы орган бекітеді.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарын азаматтық қорғау саласында оқыту жоспарын орталық және жергілікті атқарушы органдардың өтінімдерінің негізінде уәкілетті орган әзірлейді және азаматтық қорғау саласында уәкілетті орган бекітеді.";

      4-тарау 2-параграфтын тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде оқытуды ұйымдастыру тәртібі";

      26, 27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде оқыту азаматтық қорғау саласында оқыту үшін Топ санаттарын тыңдаушылармен жасақтау жоспарына сәйкес осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.

      27. Азаматтық қорғау саласында оқыту үшін топ санаттарын тыңдаушылармен жасақтау жоспарын уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі әзірлейді және жергілікті атқарушы орган бекітеді.

      28. Азаматтық қорғау саласында уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде оқытуға жататын тыңдаушылардың тізбесі және оқу мерзімділігі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес анықталды.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Оқыту процесінің басталуына бір апта қалғанға дейін оқытуды жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің басшысы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысанда азаматтық қорғау бойынша сабақтарды жүргізу кестесін бекітеді.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Азаматтық қорғау саласында тыңдаушыларды оқыту есебі және сертификаттарды беру журналдары азаматтық қорғау саласында уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде сақталады.";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Оқыту аяқталған соң қорытынды тестілеу жүргізіледі. Қорытынды тестілеудің мазмұнын оқытуды жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің басшысы бекітеді.";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Санатталған ұйымдардың қызметкерлерін оқытуды белгіленген мерзімдерге сәйкес және тиісті сертификаттары бар уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде немесе уәкілетті органның ұйымдарында немесе оқу орындарында оқытудан өткен азаматтық қорғау бойынша сабақ топтарының жетекшілері өткізеді.";

      61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде немесе уәкілетті органның ұйымдарында және оқу мекемелерінде азаматтық қорғау бойынша сабақ топтарының жетекшілері және азаматтық қорғау құралымдарының командирлері белгіленген мерзімдерге сәйкес және тиісті сертификаттары бар азаматтық қорғау құралымдарының жеке құрамын оқытуды өткізеді.";

      84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "84. Ұйымның сұрау салуы бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері ұйымдардың жұмыскерлерімен нақты тақырыптар бойынша көшпелі сабақтар өткізе алады.";

      87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "87. Аумақтық деңгейде азаматтық қорғау саласында оқу-жаттығулар мен жаттығулар өткізу жоспарын осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі әзірлейді және жергілікті атқарушы орган бекітеді.";

      89-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "89. Оқу-жаттығулар және жаттығулар бойынша ұйымдастырушылық құжаттар мынадай деңгейде әзірленеді:

      республикалық деңгейде – азаматтық қорғау саласында уәкілетті орган және азаматтық қорғау саласында уәкілетті орган бекітеді;

      аумақтық деңгейде – азаматтық қорғау саласында уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің азаматтық қорғаныс бастығы немесе оның орынбасары бекітеді.

      обьектілік деңгейде – азаматтық қорғау саласында уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісім бойынша ұйымдардың басшылары және ұйымның азаматтық қорғаныс бастығы бекітеді.";

      Көрсетілген қағидаға 1-қосымшаның:

      2-бағанындағы "Білім алушылардың санаты" реттік нөмірі 4-жолдағы сөздер "халықты оқыту мәселелерімен айналысатын азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық органдарының қызметкерлері" мынадай редакцияда жазылсын:

      "халықты оқыту мәселелерімен айналысатын азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының қызметкерлері".

      Көрсетілген қағидаға 3-қосымшаның:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде оқытуға жататын тыңдаушылардың тізбесі және оқу мерзімділігі";

      Көрсетілген қағидаға 5-қосымшаның:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі_______________ Төтенше жағдайлар департаменті";

      Көрсетілген қағидаға 8-қосымшада:

      2 - бағанда "Жауапты орындаушылар" реттік нөмірінің 1-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі – ТЖМ)";

      2 - бағанда "Жауапты орындаушылар" реттік нөмірлері 2, 3, 4 және 15-жолдардағы "ІІМ ТЖК" аббревиатурасын ТЖМ аббревиатурасына ауыстыру.

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
және Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 20 қазандағы
№ 857 бұйрығына
қосымша

Азаматтық қорғау саласында даярлықтан немесе қайта даярлықтан өтуі туралы сертификат нысаны