Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 265 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 12 маусымда № 9506 тіркелді

Қолданыстағы

      «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 12-бабының 1-тармағы 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс департаменті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырлуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі В.В. Петровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    В. Божко

Қазақстан Республикасы 
Төтенше жағдайлар министрінің
2014 жылғы 30 мамырдағы
№ 265 бұйрығымен бекітілді

Азаматтық қорғаныстың қорғаныш
құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидалары

1. Кіріспе

      1. Осы Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару тәртібін айқындайды.

2. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке алу тәртібі

      2. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органда, жергілікті атқарушы органда, сондай-ақ теңгерімінде қорғаныш құрылыстары бар ұйымдарда жүргізіледі.
      3. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке алуды жүргізу үшін деректі негіздеме құрылыстар паспорттары болып табылады, онда олардың негізгі техникалық сипаттамалары мен тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін жабдықтау тізбесі көрсетіледі.
      4. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарының паспорттары қорғаныш құрылыстарын пайдалануға бергеннен кейін немесе азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын түгендеу қорытындылары бойынша ресімделеді.
      5. Теңгеріміне азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын беру мүмкіндігі болатын Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған жақын орналасқан ұйымдардың жинау радиусы жанында болмауы кезінде түгендеу барысында иесіз қорғаныш құрылыстарын анықтаған жағдайда (Қазақстан Республикасының Құрылыс нормалары және ережелері ҚР ҚНжЕ 2.04-09-2002 «Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары») паспорттар ресімделмейді. Бұл жағдайда жергілікті атқарушы органға иесіз объектілерді үй-жайларын одан әрі пайдалану жөнінде ұсынымдар жіберіледі.
      6. Азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарының болуы туралы мәліметтер азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынылады.
      7. Азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарының түгендеу нөмірлерін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарының нөмірленуіне сәйкес жергілікті атқарушы органмен бірлесіп азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері береді.

3. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару тәртібі

      8. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары мына жағдайларда:
      қоршау және тірек құрылыс конструкцияларының есептік қорғау қасиеттері жойылған кезде, егер оларды қалпына келтіру техникалық мүмкін немесе экономикалық мақсатқа сай болмаса:
      жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша ғимараттар мен құрылыстарды жаңадан салуға, реконструкциялауға, техникалық қайта жабдықтауға байланысты;
      жедел басқаруға, жергілікті атқарушы органның коммуналдық шаруашылығына және азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген халық санаттарын қорғау үшін осы аумақта азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарына қажеттілікке азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын беруге болатын ұйымдар болмаған жағдайда есептен шығарылады.
      9. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығаруға құжаттамаларды дайындау мақсатында:
      мемлекеттік органның азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарына қатысты - мемлекеттік орган басшысының;
      осы ұйымға бекітілген азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарына қатысты – ұйым басшысының шешімімен комиссия құрылады.
      10. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару үшін құрылатын комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрамын келісу бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарының қорын есепке алуды жүргізетін азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган аумақтық бөлімшелерінің өкілдері кіреді.
      11. Комиссия азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығаруға жоспарланатын құжаттамаларды қарайды, мақсаты бойынша пайдалануға азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарының әзірлігін бағалайды және жұмыс нәтижелері бойынша осы Қағидаға № 1-қосымшаға сәйкес азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару туралы акті жасайды немесе азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығарудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      12. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару туралы актіге:
      1) азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарының паспорты;
      2) меншік құқығын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі;
      3) осы Қағидаға № 2-қосымшаға сәйкес ұсынылған үлгі бойынша осы азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарының жай-күйі туралы техникалық қорытынды;
      4) азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару нәтижесінде алған үй-жайлар мен жер телімін пайдалану жөніндегі ұсынымдар;
      5) жекелеген комиссия мүшелерінің айрықша пікірі (егер болса) қоса беріледі.
      Төтенше жағдайлар салдарынан жарамсыз болған азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару үшін құжаттарды дайындаған кезде актілерге төтенше жағдайлар фактілерін растайтын құжаттар көшірмелері қоса беріледі.
      Оларға қоса берілетін құжаттамамен (бұдан әрі – құжаттама) азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару туралы актілер төрт данада жасалады
      13. Қоса берілген құжаттамамен азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару туралы актілер бекітілгенге дейін азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға келісуге жіберіледі.
      14. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару туралы келісілген актілерді:
      мемлекеттік органның азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарына қатысты - мемлекеттік орган басшысы;
      осы ұйымға бекітілген азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарына қатысты – ұйым басшысы бекітеді.
      15. Басшы шешімімен құрылған комиссия азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару туралы актіні бекіткеннен кейін:
      бірінші дана - азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға;
      екінші дана - азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару туралы актіні бекіткен тиісті органға;
      үшінші дана - есепте тұрған азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары бар азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне;
      төртінші дана - азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары бекітілген ұйымға жіберіледі.

Азаматтық қорғаныстың қорғаныш 
құрылыстарын есепке қою және есептен
шығару қағидаларына 1-қосымша  

нысан

№ ___ дана

КЕЛІСІЛДІ
____________________________
(лауазымы)
____________________________
(қолы, аты-жөні, тегі)
20__ жылғы «___» ___________

МО

БЕКІТІЛДІ
_____________________________
(лауазымы)
_____________________________
(қолы, аты-жөні, тегі)
20__ жылғы «___» _____________

МО

Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын
есептен шығару туралы (АҚ ҚҚ)
АКТІ

_______________________________________
_______________________________________
(қорғаныш құрылысты пайдаланушының атауы)

      20__ жылғы «___» ___________ ______________
                                   (елді мекен)

Комиссия мына құрамда: төраға ____________________________
                               (лауазымы, тегі, аты-жөні)
комиссия мүшелері: ______________________________________
                               (лауазымы, тегі, аты-жөні)
_________________________________________________________
                               (лауазымы, тегі, аты-жөні)
_________________________________________________________
                               (лауазымы, тегі, аты-жөні)
_________________________________________________________
                               (лауазымы, тегі, аты-жөні)

бұйрықпен (өкіммен) тағайындалған ________________________
                                 (органның, ұйымның атауы)
20__ жылғы «___» ___________ № ___ негізінде _________
______________________________________________________
___________________________________________ байқау өткізді
(объекті атауы, орналасу орнының мекенжайы)
және комиссия ұсынған техникалық құжаттаманы қарады:
1. Пайдаланылуға берілген жыл ____ жылғы.
2. АҚ ҚҚ бастапқы теңгерімдік құны - __ теңге (бағаларда ___ жылғы).
3. Бухгалтерлік есеп бойынша есептелген тозу сомасы - ____ теңге.
4. Өткізілген күрделі жөндеу саны __ сомаға ____ теңге (бағаларда ____ жылғы).
5. Оны есептен шығару сәтіндегі АҚҚҚ бастапқы теңгерімдік құны - __ тг. (бағаларда 20__ жылғы).
6. АҚҚҚ конструкцияларының нақты жай-күйі және есептен шығару себептері:
__________________________________________________________
__________________________________________________________
7. Комиссия қорытындысы: _________________________________
__________________________________________________________

Қосымша: есептен шығару туралы актіге қоса берілетін құжаттар тізбесі
__________________________________________________________
__________________________________________________________

Комиссия төрағасы ________________________________
                      (қолы) (тегі, аты-жөні)
МО

Комиссия мүшелері: _______________________________
                      (қолы) (тегі, аты-жөні)
МО
                   _______________________________
                       (қолы) (тегі, аты-жөні)

МО
                   _______________________________
                       (қолы) (тегі, аты-жөні)

МО
                   _______________________________
                       (қолы) (тегі, аты-жөні)

МО

Азаматтық қорғаныстың қорғаныш
құрылыстарын есепке қою және есептен
шығару қағидаларына     
2–қосымша           

нысан

Азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарының
(АҚ ҚҚ) жай-күйі туралы
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

      Кіріспе.
      Орындаушылар тізімі.
      1-бөлім. Тексеруді орындайтын ұйым туралы деректер.
      1.1. Ұйым атауы, оның пошталық мекенжайы, телефон, факс.
      1.2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік тАҚ ҚҚ тексеруді тізіліміне енгізу туралы құжаттар көшірмесі.
      2-бөлім. Тексерілетін АҚ ҚҚ мәліметтер.
      2.1. Тексерілетін АҚ ҚҚ туралы жалпы мәліметтер.
      2.2. АҚ ҚҚ орналасқан орнын сипаттау.
      2.3. АҚ ҚҚ орналасқан ауданның табиғи-климаттық жағдайлары туралы деректер.
      3-тарау. АҚ ҚҚ сипаттамасы.
      3.1. Көлемді-жоспарлы шешім.
      3.2. Конструктивтік шешім:
      3.2.1. іргетас;
      3.2.2. бағандар мен арқалықтар;
      3.2.3. сыртқы және ішкі қабырғалар;
      3.2.4. жабын;
      3.2.5. гидрооқшаулау;
      3.2.6. сыртқы және ішкі субұрғыш;
      3.2.7. дренаж;
      3.2.8. кіру және авариялық шығу;
      3.2.9. кіреберістегі, шарбақтағы және ауаны сорудағы қорғау қондырғылары.
      3.3. Инженерлік-техникалық жүйелер:
      3.3.1. желдету және жылыту;
      3.3.2. сумен жабдықтау және кәріз;
      3.3.3. электрмен жабдықтау;
      3.3.4. байланыс.
      4-бөлім. Техникалық тексеру нәтижелері:
      4.1. Зерттеу жүргізу әдістемесі.
      4.2. Іргетас.
      4.3. Бағандар мен арқалықтар.
      4.4. Сыртқы және ішкі қабырғалар.
      4.5. Жабын.
      4.6. Гидрооқшаулау.
      4.7. Сыртқы және ішкі субұрғыш.
      4.8. Дренаж.
      4.9. Инженерлік-техникалық жүйелер:
      4.9.1 желдету және жылыту;
      4.9.2. сумен жабдықтау және кәріз;
      4.9.3. электрмен жабдықтау;
      4.9.4. байланыс.
      4.10. Үй-жайларды жоспарлау және оның құрамы.
      4.11. Кіру және авариялық шығу.
      4.12. Кіреберістегі, шарбақтағы және ауаны сорудағы қорғау қондырғылары.
      5-бөлім. Бақылаудың бүлдірмейтін аспапты әдістерімен материалдар мықтылығын айқындау.
      6-бөлім. Геодезиялық бақылау.
      7-бөлім. Инженерлік-геологиялық іздеулер нәтижелері.
      8-бөлім. АҚ ҚҚ тірек және қоршау конструкцияларының қорғау қасиеттерін есептеу.
      9-бөлім. Қорытындылар мен ұсынымдар.
      Қосымша: АҚ ҚҚ тексерген кезде пайдаланылған өлшеу аспаптары құралдарын мемлекеттік тізілімге кіргізу туралы сертификаттар көшірмелері.