Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.06.2017 № 383 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидалары бекітілсін
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.06.2017 № 383 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің өңіраралық инспекцияларының көліктік бақылау посттарының жұмысын ұйымдастырсын.
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің | |
міндетін атқарушы | Д. Көтербеков |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 362 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.06.2017 № 383 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi Көлiк комитетiнiң (бұдан әрi – Комитет) аумақтық органдарының көлiктiк бақылау бекеттерінде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлiк құралдарының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары, қалалар немесе өзге де елдi мекендер шегiндегi автомобиль жолдары бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген оның құзыреті шегінде арнайы автоматтандырылған өлшеу құралы арқылы жүрiп өтуiн бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды.
3. Комитеттің аумақтық органдарының көліктік бақылау бекеттерінің негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңнама талаптарының, Қазақстан Республикасымен ратификациялаған халықаралық шарттардың сақталуын, автомобиль жолдарының, жол құрылыстарының сақталуын және олармен жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
4. Комитеттiң аумақтық органдарының көлiктiк бақылау бекеті қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлiк құралдарының жүрiп өтуiн мемлекеттiк бақылауды жүргiзуге байланысты қызметi автомобиль тасымалдары саласындағы халықаралық шарттармен, Қазақстан Республикасының көлiктiк және салықтық заңнамаларымен, "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі кодексiмен (бұдан әрі – ӘҚБтК), "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығымен, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", 2015 жылғы 18 қарашадағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдарымен, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң нормативтiк-құқықтық актiлерiмен, сондай-ақ осы Қағидалармен регламенттеледi.
5. Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар мен терминдер:
1) арнайы автоматтандырылған өлшеу құралы – метрологиялық салыстырып тексерістен өткен, фото, бейне түсіруді жүзеге асыратын, автоматты режимде жұмыс істейтін, көлік құралдарының түрін, маркасын, мемлекеттік тіркеу белгісін, салмақтық және (немесе) габариттік параметрлерін және қозғалыс жылдамдығын тіркейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық жабдығы;
2) жылжымалы көліктік бақылау бекеті – арнайы автокөлік базасында ұйымдастырылған, техникалық бақылау, байланыс құралдарымен және жабдықпен жарақталған көліктік бақылау бекеті;
3) көліктік бақылау бекеті (бұдан әрі – КББ) – техникалық бақылау құралдарымен жарақтанған, күрделі ғимаратпен немесе арнайы автокөлікпен жабдықталған стационарлы немесе жылжымалы өткізу-бақылау пункті;
4) көлік құралының салмақтық және габариттік параметрлерін өлшеу –метрологиялық салыстырып тексерістен өткен және тиісті сертификаты бар өлшеу құралы мен көлем шеңберлері, сондай-ақ, стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығы немесе жылжымалы мобильді таразылар көмегімен көлік құралдарының габариттік параметрлерін және жалпы массасы мен білікке түсетін жүктемесін айқындау процесі;
5) көлiктiк бақылау бекетінің ауысымы – аумақтық көлiктiк бақылау органдарының екi немесе үш қызметкерiнен тұратын, бекiтiлген кестеге сәйкес стационарлық және жылжымалы көлiктiк бақылау бекеттерінде қызмет атқару үшiн белгiленген ауысым;
6) спутниктік навигация аппаратурасы – көлік құралының ағымдағы орналасқан жерін, бағытын және қозғалыс жылдамдығын кемінде екі қолданыстағы жаһандық навигациялық спутниктердің сигналы бойынша оны айқындау, қосымша борттық жабдықпен деректермен алмасу, сондай-ақ, радиотелефон байланысының жылжымалы желілері бойынша ақпарат алмасу үшін автокөлік құралына орнатылатын аппараттық-бағдарламалық құрылғы;
7) стационарлық көліктік бақылау бекеті – күрделі ғимаратпен жабдықталған және техникалық бақылау, байланыс құралдарымен және жабдықпен жарақталған көліктік бақылау бекеті;
8) телевизиялық бейнебақылау жүйесі – объектінің жай-күйі туралы көрсетілімдерді алуға арналған техникалық, ақпараттық, бағдарламалық және пайдалану үйлесімділігі бар бірлесіп әрекет ететін техникалық құралдардың жиынтығы.
2-тарау. Көліктік бақылау бекеттерін ұйымдастыру тәртібі
6. Стационарлық КББ жүк құраушы нүктелер, автомагистральдардың қиылыстары аймақтарында және негізгі халықаралық көлік дәліздерінде орналасады. Стационарлық көлiктiк бақылау бекеттерінің тiзбесi "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткiзу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көлiктiк бақылау бекеттерінің тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 697 қаулысымен бекітілген.
Қазақстан Республикасының аумағында көліктік бақылауды жүзеге асыру бойынша жылжымалы КББ-нің маршруты Комитет төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
7. Стационарлық және жылжымалы КББ-нің штат саны мен жұмыс ауысымдығын Комитеттiң көлiктiк бақылау инспекциясының (бұдан әрi – Инспекция) басшысы Инспекцияның автомобиль көлiгiндегi бақылау бөлiмi бөлген қаражат пен штат санына сәйкес белгiлейдi.
8. КББ-нің жұмыс режимі кестеге сәйкес айқындалады, онда КББ қызметкерлерінің бақылау атқару күндері мен сағаттары (ауысымдары), сондай-ақ, олардың демалуы үшін және тамақ ішуге бөлінген уақыт көрсетіледі.
Жылжымалы КББ-нің жұмыс режимі әртүрлі тәулік сағаттарында, жыл мезгілдерінде көлік құралдары қозғалысының қарқындылығын, көлік құралдары ағымының эпизодтық тәуліктік немесе маусымдық артуын негіздейтін, автомобиль көлігінде қызмет ететін шаруашылық субъектілерінің жұмыс режимін ескере отырып айқындалады.
9. Стационарлық КББ жұмыс үшін Стационарлық көліктік бақылау бекеттерінің жабдығы мен мүлік тізбесіне сәйкес осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес қажетті жабдықпен және мүлікпен жарақтандырылады.
Жылжымалы КББ жұмыс үшін Жылжымалы көліктік бақылау бекеттерінің жабдығы мен мүлік тізбесіне сәйкес осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес қажетті жабдықпен және мүлікпен жарақтандырылады.
10. Стационарлық және жылжымалы КББ ауысымының жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес әзірленеді және Инспекция басшысы немесе оны алмастыратын адаммен әзірленеді.
Стационарлық КББ тәулік бойы жұмыс істейді.
11. Жылжымалы КББ әрбір ауысымына маршрут карточкасы осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес жасалады.
Жылжымалы КББ маршрут карточкасын Инспекцияның автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы немесе оны алмастыратын адам екі данада жасайды, олардың біреуі Инспекцияда сақталады, басқасы жылжымалы КББ ауысымына тапсырылады.
Маршруттың карточкалары күнтізбелік бір жылға дейін Инспекцияда сақталады.
12. Жылжымалы КББ табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін тартылуы мүмкін.
13. Көліктік бақылау органдарының арнайы автокөлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуы тиіс және "Жылжымалы көліктік бақылау бекеті – Передвижной пост транспортного контроля" жазуымен және Комитеттің логотипімен белгіленеді.
14. Жылжымалы КББ-де көліктік бақылауды жүргізу кезінде қызғылт сары немесе сары түсті жарқылдауық маягі іске қосылып тұруы керек.
КББ қызметкерлері автомобиль көлiгi саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiнде нысанды киiм (погонсыз) киюге, олардың нөмiрлi омырау белгiлерi және қызметтiк куәлiктерi болуы тиiс.
15. КББ-де басқа бөгде адамның болуына рұқсат етілмейді.
3-тарау. Көліктік бақылау бекеттерінде көліктік бақылауды жүргізу тәртібі
16. КББ қызметкерi көлiктiк бақылау жүргiзудi мынадай тәртiппен қамтамасыз етедi:
1) көлiк құралын (жүк автомобильдерi, мамандандырылған және арнайы автомобильдер) дауыс зорайтқыш құрылғының көмегімен, ысқырып сигнал берумен бір уақытта жүргізушіге түсінікті және орындалуы авариялық жағдай туғызбайтындай етіп уақтылы берілуі тиіс көлік құралына бағытталған қол қимылымен немесе жезлмен сигнал беруі арқылы тоқтатады.
2) көлік құралын тоқтату себептерін түсіндіреді және жүргізушінің талабы бойынша танысу және тегі мен лауазымын анықтау үшін қызметтік куәлігін жүргізушіге берместен, оны көрсетеді;
3) мыналарды сұрайды:
жүргізуші куәлігін немесе жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлігін және жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжатты;
көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті не болмаса көлік құралына меншік құқығы туралы куәландыратын құжатты;
жол парағын, алып жүретін жүкке арналған құжатты (тауар-көліктік жүкқұжатты, ілеспе және рұқсат құжаттарды);
4) ілеспе және рұқсат құжаттары үй-жайдағы немесе арнайы автокөлік салонындағы КББ-нің қызметкеріне тапсырады;
5) көлiк құралының салмақтық және габариттік параметрлерін жол жабынында немесе көлік құралының барлық біліктерінің біркелкілігін қамтамасыз ететін басқа алаңда, нақнұсқаларды қолдана отырып, өлшеудi жүргiзедi, оның нәтижесі бойынша дереу Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 206 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оның жүзеге асыру қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11395 болып тiркелген) автокөлік құралының параметрлерін өлшеу актісі (бұдан әрі – Акт) жасалады. Акт көшірмесі тасымалдаушының талабы бойынша ұсынылады.
17. Үй-жайдағы немесе арнайы автокөлік салонындағы КББ-нің қызметкері:
1) жүк тасымалдарын автомобиль көлiгiмен жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттардың болуын және олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн тексередi;
2) көліктік деректер қоры мен тасымалдау қауіпсіздігі динамикасының мониторингі ақпараттық-талдау жүйесіне тиісті мәліметтер енгізеді;
3) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша есепке алу және тіркеу журналдарына тиісті жазба жүргізеді;
4) әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерiн көрсететiн Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес болмаған жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдана отырып, ӘҚБтК белгіленген тәртіппен және мерзімдерде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізуді қамтамасыз етеді.
18. Көлiктiк бақылау жүргiзген кезде КББ қызметкерлері жеке және заңды тұлғалармен мыналардың сақтауын қамтамасыз етедi:
1) Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi саласындағы заңнамасының талаптарын, оның iшiнде:
"Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 523 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7204 болып тіркелген);
"Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оның жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 206 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11395 болып тіркелген);
"Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 342 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11009 болып тіркелген);
"Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11704 болып тіркелген);
"Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға жол берілетін қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11779 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
"Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12463 болып тіркелген);
2) тез бүлiнетiн тамақ өнiмдерiн халықаралық тасымалдау туралы және осы тасымалдарға арналған арнайы көлiк құралдары туралы 1976 жылғы 21 қарашадағы келiсiмге сәйкес Халықаралық қатынаста тез бұзылатын жүктердi тасымалдауды орындайтын жылжымалы құрамға қойылатын талаптарды (Женева 1 қыркүйек 1970 жыл);
3) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық автомобиль тасымалын ұйымдастыру кезiнде рұқсат беру жүйесi талаптарын сақтауы тұрғысында тексерудi жүзеге асырады;
4) автокөлiк құралының Қазақстан Республикасының аумағымен жүргенi үшiн алым бөлiгiнде Қазақстан Республикасының салық заңнамасының талаптарын;
5) "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысы.
19. Көліктік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі негiзгi iс-қимылдар мыналарды тексеру болып табылады:
1) жүргізушінің 1, 6 және 7 сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға рұқсат беру туралы куәліктің болуы;
2) iрi габаритті және ауыр салмақты көлiк құралдарының жүруiне арнайы рұқсаттардың болуы;
3) 1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арналған арнайы рұқсаттың болуы;
4) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлiк құралдарының жүрiп өтуiне рұқсат беру құжаттарының болуы;
5) шетелдік тасымалдаушыда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің көліктік (автомобильдік) бақылау органымен, оның аумағымен жүріп өткен көлік құралына берілген хабарлама;
6) Ахуалдық орталықтан келіп түскен әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерiн көрсететiн мәліметтер.
КББ қызметкерлерімен тексеру осы Қағидалардың 16 және 17-тармақтарымен айқындалған әрекеттерді жүзеге асырғанда жүргізіледі.
20. Көлік құралдарының нақты салмақтық және габариттік параметрлерін тексеру және олардың Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген, жол берілетін параметрлерден асып кету шамасын айқындау арқылы ірі габаритті және ауыр салмақты көлік құралдарының жүріп өтуін көліктік бақылау мыналарды:
1) өлшеу құралы мен көлем шеңберлерін;
2) стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығын немесе жылжымалы мобильді таразыларды;
3) арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалана отырып жүргізіледі.
Метрологиялық салыстырып тексерістен өтпеген немесе метрологиялық салыстырып тексеру мерзiмi өтiп кеткен өлшеу құралы мен көлем шеңберлерін, стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығын немесе жылжымалы мобильді таразыларды, сондай-ақ, арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалануға жол берiлмейдi.
21. Стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығында және (немесе) жылжымалы мобильді таразыларда ақпаратты қағаз тасымалдағышқа басып шығару функциясы болған жағдайда КББ қызметкерлері стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығында және (немесе) жылжымалы мобильді таразыларда бекітілген уақыттың дәлдігіне көз жеткізеді, және оған тексеріліп жатқан көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі туралы деректерді енгізеді.
Сұйық жүкті тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралдарын өлшеу нәтижелері стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығының және (немесе) жылжымалы мобильді таразылардың платформаларына көлік құралының доңғалақтарын қою салдарынан пайда болатын төгілу және (немесе) толқындарды болдыртпайтын жағдайларды қамтамасыз еткеннен кейін тіркеледі.
22. Бақылаудан өтуді ресімдеу жүргізуші ұсынатын ілеспе және рұқсат құжаттарына КББ-нің мөртабанын осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес мөртабан үлгісіне сәйкес қою арқылы ресімделеді.
23. Бақылаудан өту туралы мөртабан:
1) Қазақстан Республикасының резиденттерi емес шетел тасымалдаушылар үшiн ілеспе құжаттарына және рұқсат құжаттарының екiншi жағына (бар болған жағдайда);
2) Қазақстан Республикасының резиденттерi болатын отандық тасымалдаушылар үшiн жол парағына немесе өзге iлеспе құжатына қойылады.
24. Көлік құралын бақылаулық өлшеу (өлшем) мынадай:
1) тасымалдаушының талабы бойынша онымен Актіде көлік құралының салмақтық немесе габариттік параметрлерін айқындау нәтижелерімен келіспеу туралы белгі жасалған кезде;
2) арнайы рұқсатта, жүк көлiк құралдарын өлшеудiң халықаралық сертификатында, тауар-көлік жүкқұжатында және Актіде көрсетілген көлік құралының салмақтық немесе габариттік параметрлері сәйкес болмаған жағдайда;
3) көлік құралының жол берілген параметрлерінің асқанын арнайы автоматтандырылған өлшеу құралымен тіркелген жағдайда жүргізіледі.
Осы тармақтың 1) тармақшасымен көзделген жағдайда көлік құралын бақылаулық өлшеу (өлшем) көлік құралдарының нақты салмақтық немесе габариттік параметрлерін тексеру және олардың жол берілетін параметрлерден асып кету шамасын айқындауға қажеттi уақыт iшiнде жүзеге асырылады және Актімен танысу сәтінен бастап үш сағаттан ұзақ болмауы керек.
25. Көлік құралының параметрлерін бақылаулық өлшеу көлік құралының жалпы салмағын және біліктік жүктемелерін айқындайтын сертификатталған стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығында және (немесе) жылжымалы мобильді таразыларда жүргізіледі.
Көлік құралын бақылаулық өлшеу (өлшем) көлік құралының КББ бейнебақылау камераларының көру аймағында болған жағдайда жүргізіледі.
26. Көлік құралын бақылаулық өлшеу (өлшем) кезінде КББ қызметкерлерімен аудиобейнежазба жүргізіледі, ол Инспекцияда кемінде үш жыл сақталады.
Аудиобейнежазба көлік құралының параметрлерін бақылаулық өлшеу (өлшем) сәтінен бастап, ол аяқталғанға дейін үздіксіз жүргізіледі. Бұл ретте аудиобейнежазба құрылғысын қосу процесінде КББ қызметкері құрылғы уақытының дәлдігіне көз жеткізеді.
Көлік құралының салмақтық параметрлерін бақылаулық өлшеу жылжымалы мобильді таразыларда жүргізілген кезде аудиобейнежазба көлік құралының жалпы түрін, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін, доңғалақтардың платформаларда тұруын, сондай-ақ, жылжымалы мобильді таразылардың әр платформасына шығарылған біліктік жүктемелерiнің цифрлық деректерін тіркеу арқылы жүзеге асырылады.
Көлік құралының салмақтық параметрлерін бақылаулық өлшеу стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығында жүргізілген кезде аудиобейнежазба көлік құралының жалпы түрін, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін, сондай-ақ, доңғалақтардың платформаларда тұруын тіркеу арқылы жүзеге асырылады, бұл ретте стационарлық КББ ғимаратында көрінетін біліктік жүктемелерiнің цифрлық деректерінің жазбасы Ахуалдық орталық қызметкерімен телевизиялық бейнебақылау жүйесі көмегімен тіркеу арқылы жүзеге асырылады.
Көлік құралының габариттік параметрлеріне бақылаулық өлшем жүргізген кезінде аудиобейнежазба көлік құралының жалпы түрін, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін, сондай-ақ, өлшеу құралы мен көлем шеңберлерін пайдалана отырып, өлшеу барысын тіркеу арқылы жүзеге асырылады.
27. Көлік құралының параметрлерінің өлшеу (өлшем) талаптарын сақтамау фактілері пайда болған жағдайда Ахуалдық орталық кезекшісі өлшеуді (өлшем) қайтадан жүргізу қажеттілігі туралы нұсқаулар береді.
28. Көлік құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін басқа КББ-мен өлшеу, осы Қағидалардың 24-тармағымен көзделген жағдайларды қоспағанда, тасымалдаушымен КББ-нің мөртабаны қойылған ілеспе және рұқсат құжатын, сондай-ақ, жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын ұсынған кезде, жүргізілмейді.
29. Өлшеу құралы мен көлем шеңберлерінің, стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығының және жылжымалы мобильді таразылардың қателігі тасымалдаушының пайдасына ескеріледі.
30. Әкімшілік құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында, оны жасауда күдікті адамның тұлғасын анықтау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру оны әкімшілік құқық бұзушылық жасалған орында мүмкін болмаған жағдайда, істің уақтылы және дұрыс қаралуын және іс бойынша қабылданған қаулыны орындауды қамтамасыз ету үшін КББ қызметкері өз өкілеттігі шегінде ӘҚБтК бекітілген тәртіппен және мерзімдерде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қамтамасыз ету шараларын қабылдайды.
31. ӘҚБтК кодексiнде көзделген бұзушылықтар жасалған кезде көлiк құралы арнайы алаңдарға, тұрақтарға немесе стационарлық көлiктiк бақылау бекетiне iргелес жатқан алаңдарға жеткiзіледі.
32. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) көзделген құжаттардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 ақпандағы № 98 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10480 болып тiркелген) бекiтiлген қатаң есептiлiктегi бланкiлер нысанының негiзiнде алым сомасы қолма-қол ақшалай КББ қызметкерлерi қабылдайды.
33. Банкке және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қабылданған қолма қол ақшалай алым сомалары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады (Салық кодексі).
4-тарау. Көліктік бақылау бекеттерінің Комитеттің Ахуалдық орталығымен өзара іс-қимыл тәртібі
34. КББ қызметкерлері көліктік бақылауды жүзеге асыру кезінде:
1) кезекшілікке келген уақытта кезекшілікке келетін қызметкерлер туралы (Т.А.Ә а., лауазымы), КББ-нің жабдығы мен мүлкінің тізбесіне кіретін жабдықтардың жай-күйіне, жылжымалы КББ-нің маршруты және ағымдағы жағдайы;
2) тіркелген және ұсталған көлік құралдары туралы;
3) жылжымалы КББ-нің маршрутын ауыстыру қажеттілігі болған жағдайда жоспарланған орындардың орналасу жерін (автомобиль жолының бағыты, километр, елді мекеннің атауы) көрсете отырып;
4) жылжымалы КББ-нің іштен жану қозғалтқышының, трансмиссияның, қозғалыс бөліктерінің және басқа жабдықтар сынған жағдайда;
5) телевизиялық бейнебақылау жүйесінің істен шығуы болған жағдайда;
6) стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығы немесе жылжымалы мобильді таразыларының ақаулығы болған жағдайда;
7) осы Қағидалардың 24, 26 және 27-тармақтарында көзделген жағдайларда;
8) штаттан тыс жағдайлар пайда болған жағдайда Комитеттің Ахуалдық орталығына хабарлайды.
Осы тармақтың 4) және 5)-тармақшаларында көрсетілген жағдайлар пайда болған жағдайда КББ-де көліктік бақылауды жүзеге асыруға жол берілмейді.
5-тарау. Автомобиль тасымалдаушыларымен өзара қарым-қатынас және жеке қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету
35. КББ қызметкерлерінің тасымалдаушылармен өзара қарым-қатынастары заңдылықты қатаң сақтауға, өзінің лауазымдық өкілеттіктерін нақты орындауға, азаматтарға игі ниетпен және құрметпен қарым-қатынас жасаумен құқық бұзушылықтың алдын алуда және жолын кесуде қатаңдықтың, батылдықтың және принципшілдіктің үйлесімділігіне негізделеді.
36. ӘҚБтК көзделген құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту кезінде КББ қызметкерлері бұзушыларға олардың құқықтарын түсіндіреді:
1) материал істерімен танысуға, түсінік беруге, дәлелдемелер ұсынуға, өтініш мәлімдеуге;
2) істі қарау кезінде қорғаушының заңды көмегін пайдалануға;
3) ана тілінде немесе өзі білетін тілінде сөйлеу, іс жүргізілген тілде аудармашының қызметін пайдалану;
4) іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдануы мен Инспекцияның қаулысына шағымдану.
37. КББ қызметкері көлік құралдарының жүріп өтуіне бақылауды жүзеге асыру кезінде өзінің жеке қауіпсіздігі бойынша мынадай негізгі шараларды сақтайды:
1) қызметтік міндеттерін орындау кезінде жол қозғалысының қатысушыларына айқын көріну және дер кезінде құқық бұзушылықтың алдын алу мүмкіндігіне ие болу үшін орын таңдайды;
2) тәуліктің қараңғы кезінде және көру мүмкіндігінің шектеулі жағдайында жарықтандырылған жол учаскелерінде бақылау жүргізеді, жарық шығаратын жезл мен жарық шағылдырғыш формасы болады;
3) жол жамылғысының тайғақ учаскесінде тұруына болмайды;
4) тәуліктің қараңғы кезінде көлік құралдарын тоқтату үшін жолдың ең жарық учаскесін таңдайды, мүмкін болмаған жағдайда – арнайы автокөлік құралы фарының немесе арнайы жарық сигналдарының жарығын пайдаланады;
5) егер көлік қозғалысына немесе өзінің жеке қауіпсіздігіне кедергі келтіретін болса, жол жиегінде тұрып құқық бұзушылықты болдырмайды.
Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларына 1-қосымша |
Стационарлық көліктік бақылау бекеттерінің жабдығы мен мүлік тізбесі
1. Стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығы немесе жылжымалы мобильді таразылары
2. Телевизиялық бейнебақылау жүйесі
3. Компьютер
4. Ксерокс
5. Байланыс құралы
6. Өлшеу құралдары (габариттік рама, рулетка)
7. Термометр (жаз мерзімінде бақылау үшін)
8. Өрт сөндіру және алғашқы медициналық жәрдем көрсету құралы
9. Қатаң есептегі бланкілерді сақтау сейфі
10. Қызметкерлер үшін жұмыс орындары
11. Арнайы автокөлік
12. Ақпараттық стенд
13. Нормативтік-техникалық құжаттама
14. Көлік құралдарын тоқтату үшін жезл
15. Аудиобейнежазба құрылғысы
Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларына 2-қосымша |
Жылжымалы көліктік бақылау бекеттерінің жабдығы мен мүлік тізбесі
1. Жылжымалы мобильді таразылар
2. Бейнетіркегіш
3. Телевизиялық бейнебақылау жүйесі
4. Спутниктік навигация аппаратурасы
5. Компьютер немесе ауыспалы ноутбук
6. Ксерокс
7. Ұтқыр байланыс құралы
8. Өлшеу құралы (рулетка)
9. Термометр (жазғы уақытта бақылау үшін)
10. Өрт сөндіру және алғашқы медициналық көмек көрсету құралы
11. Қатаң есептегі бланкілерді сақтау сейфі
12. Нормативтік-техникалық құжаттама
13. Көлік құралдарын тоқтату үшін жезл
14. Қызғылт сары немесе сары түсті жарқылдауық маягі
15. Дауыс күшейткіш құрылғысы
16. Аудиобейнежазба құрылғысы
Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларына 3-қосымша |
МАРШРУТ КАРТОЧКАСЫ
жылжымалы көліктік бақылау бекетінің № ___________________________________________
________________________________________________________________________________
(көліктік бақылау органның атауы)
Көліктік бақылауды жүзеге асыру маршруты _________________________________________
________________________________________________________________________________
(километрдің көрсетуімен автожолдың атауы)
Бақылауды өткізу кезеңі ___________________________________________________________
(бақылауды өткізу күні мен уақыты)
Ұзақтығы, километр______________________________________________________________
Ауысымның құрамы______________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(Т.А.Ә а., лауазымы)
№ | Автожолдың бақылауға алынған учаскесінің атауы мен км | Бақылауды өткізу уақыты | ЖКББ ауысым қызметкерінің қолы |
Маршрут карточкасы берілді ___________________ __________ __________
(Т.А.Ә а., лауазымы) (қолы) (күні)
Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларына 4-қосымша |
Отандық автокөлік құралдарының өтуін тіркеу журналы
№ т/б | КББ-нің атауы | Автокөлік құралын тіркеу күні | Автокөлік құралын тіркеу уақыты | Автокөлік құралының мемлекеттік нөмірі | Тіркемесінің/жартылай тіркемесінің мемлекеттік нөмірі | Жүк тасымалдаушының реквизиттері (ел атауы, заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә а., мекен-жайы, тұрғылықты орны, салық органындағы тіркеу орны, ЖСН, БСН, телефон) жүргізушінің Т.А.Ә а. |
Жүк жөнелтушінің реквизиттері |
Жүк алушының реквизиттері | Сапар бағыты, жүктеу және түсіру бекеттері (мемлекеттер атауын көрсете отырып) | Жүктің атауы |
Жүктің салмағы | ХЖТ кітапшасының нөмірі | ХЖТ кітапшасының күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
Шетелдік автокөлік құралдарының өтуін тіркеу журналы
№ т/б | КББ-нің атауы | АКҚ тіркеу күні | АКҚ тіркеу уақыты | АКҚ мемлекеттік нөмірі | Тіркемесінің/ жартылай тіркемесінің мемлекеттік нөмірі |
Жүк тасымалдаушының реквизиттері |
Жүк жөнелтушінің реквизиттері реквизиттері |
Жүк алушының реквизиттері | АКҚ тіркелген елі | Сапар бағыты, жүктеу және түсіру бекеттері (мемлекеттер атауын көрсете отырып) | Кірудегі өткізу бекеті, шығудағы өткізу бекеті | Тасымалданатын жүктің атауы | Жүктің салмағы (тн.) | Квотамен берілген отандық рұқсат құжаттың № | ХЖТ кітапшасының болуы, нөмірі, берілген күні | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
КББ –көліктік бақылау бекеті;
АКҚ – автокөлік құралы;
Т.А.Ә а. – тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
БСН – бизнес сәйкестендіру нөмері;
тн. – тонна;
ХЖТ кітапшасы – халықаралық жол тасымалдау кітапшасы
Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларына 5-қосымша |
Мөртабан үлгісі
Көлік құралының бақылаудан өткенін ресімдеу төменде көрсетілген үлгiдегi мөртабан қоюмен жүзеге асырылады
________________________________________________________ |
Мөртабан көк түсті 50х30 милиметр көлемінде тікбұрыш түрінде жасалады.