"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарының жұмысын ұйымдастыру ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің өңіраралық инспекцияларының көліктік бақылау посттарының жұмысын ұйымдастырсын.
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің | |
міндетін атқарушы | Д. Көтербеков |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 362 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарының жұмысын ұйымдастыру ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы аумағындағы көліктік бақылау посттарының жұмысын ұйымдастыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476-II Заңына сәйкес әзірленген.
2. Ереже Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң (бұдан әрi – Комитет) аумақтық органдарының көлiктiк бақылау посттарында Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары, қалалар немесе өзге де елдi мекендер шегiндегi автомобиль жолдары бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген оның құзыреті шегінде арнайы автоматтандырылған өлшеу құралы арқылы жүрiп өтуiн бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 04.09.2013 № 683 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдарының көліктік бақылау постысының негізгі міндеттері автомобиль көлігі саласындағы заңнаманың, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың сақталуын, автомобиль жолдары желісі мен ондағы құрылыстардың сақталуын, отандық және шетелдік автокөлік құралдарының жүріп өтуін бақылау арқылы автомобиль тасымалдарының қауіпсіздігін арттыруды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы аумағындағы автомобиль көлігі саласында жасалатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және анықтау болып табылады.
4. Комитеттiң аумақтық органдарының көлiктiк бақылау посты қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiн мемлекеттiк бақылауды жүргiзуге байланысты қызметi автомобиль тасымалдары саласындағы халықаралық шарттармен, Қазақстан Республикасының көлiктiк және салықтық заңнамаларымен, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiмен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 3 наурыздағы № 1567 Жарлығымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексiмен", Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi "Мемлекеттiк қызмет туралы", 1998 жылғы 2 шiлдедегi "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңдарымен, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң нормативтiк-құқықтық актiлерiмен, сондай-ақ осы Ережемен регламенттеледi.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 04.09.2013 № 683 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).5. Автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрілігінің Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдарының көліктік бақылау посты қызметкерлері қызметтік нысанды киімде (погонсыз), нөмірлі кеуде белгілері болуға және талап ету бойынша қызметтік куәліктерін көрсетуге тиіс.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрдің м.а. 2011.09.23 № 582 (4-тармақты қараңыз) Бұйрығымен.6. Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар мен терминдер:
1) Комитеттің аумақтық органдарының көліктік бақылау посты (бұдан әрі - КБП) - техникалық бақылау құралдарымен жарақтанған, күрделі ғимаратпен немесе арнайы автокөлікпен жабдықталған стационарлы немесе жылжымалы өткізу-бақылау пункті;
2) көлік құралдарын өлшеу – міндетті метрологиялық тексеруден өткен және тиісті сертификаты бар стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығы немесе тасымалданатын ұтқыр таразылар көмегімен автокөлік құралдарының жалпы массасы мен білікке түсетін жүктемесін анықтау процесі;
3) стационарлық көліктік бақылау посты – күрделі ғимаратпен жабдықталған және техникалық бақылау, байланыс құралдарымен және жабдықпен жарақталған көліктік бақылау посты;
4) жылжымалы көліктік бақылау посты – арнайы автокөлік базасында ұйымдастырылған, техникалық бақылау, байланыс құралдарымен және жабдықпен жарақталған көліктік бақылау посты;
5) көлiктiк бақылау постының ауысымы – аумақтық көлiктiк бақылау органдарының екi немесе үш қызметкерiнен тұратын, бекiтiлген кестеге сәйкес стационарлық және жылжымалы көлiктiк бақылау посттарында қызмет атқару үшiн белгiленген ауысым;
6) Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралы – метрологиялық тексерістен өткен, фото, бейне түсіруді жүзеге асыратын, автоматты режимде жұмыс істейтін, автокөлік құралдарының маркасын, мемлекеттік тіркеу белгісін, салмақтық және (немесе) көлемдік парметрлерін және қозғалыс жылдамдығын тіркейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық жабдық.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 04.09.2013 № 683 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 2. КБП ұйымдастыру тәртібі
§1. Стационарлық КБП
7. Стационарлық КБП жүк құраушы нүктелер, автомагистральдардың қиылыстары аймақтарында және негізгі халықаралық көлік дәліздерінде орналасады.
8. Стационарлық және жылжымалы КБП ауысымының жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес әзірленеді және:
1) Комитеттiң өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясында (бұдан әрi - Инспекция) - Инспекция басшысы;
2) Инспекция филиалында - Инспекция филиалының басшысы бекітеді.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрдің м.а. 2011.09.23 № 582 (4-тармақты қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 04.09.2013 № 683 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.9. Стационарлық және жылжымалы КБП-ның штат саны мен жұмыс ауысымдығын Инспекция басшысы автомобиль көлiгiндегi бақылау бөлiмi бөлген қаражат пен штат санына сәйкес белгiлейдi.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 04.09.2013 № 683 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).10. Стационарлық КБП тәулік бойы жұмыс істейді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрдің м.а. 2011.09.23 № 582 (4-тармақты қараңыз) Бұйрығымен.11. Алынып тасталды - ҚР Көлік және коммуникация министрдің м.а. 2011.09.23 № 582 (4-тармақты қараңыз) Бұйрығымен.
§2. Жылжымалы КБП
12. Қазақстан Республикасының аумағында бақылауды жүзеге асыру бойынша жылжымалы КБП-ның маршруты Комитет төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
12-1. Жылжымалы КБП әрбір ауысымына маршрут карточкасы осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес жасалады.
Жылжымалы КБП маршрут карточкасы екі данада жасалады, бірі Инспекцияда сақталады, екіншісі жылжымалы КБП ауысымына тапсырылады.
Маршруттың карточкалары күнтізбелік бір жыл ішінде Инспекцияда сақталады.
Ескерту. 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрдің м.а. 2011.09.23 № 582 (4-тармақты қараңыз) Бұйрығымен.13. Жылжымалы КБП-ның жұмыс режимі кестеге сәйкес анықталады, онда КБП қызметкерлерінің бақылау атқару күндері мен сағаттары (ауысымдары) көрсетіледі.
14. Жылжымалы КБП-ның жұмыс режимі әр түрлі тәулік сағаттарында, жыл мезгілдерінде көлік құралдары қозғалысының қарқындылығын, көлік құралдары ағымының эпизодтық тәуліктік немесе маусымдық артуын негіздейтін шаруашылық субъектілерінің жұмыс режимін ескере отырып анықталады.
15. Жылжымалы КБП табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін тартылуы мүмкін.
16. Көліктік бақылау органдарының арнайы автокөлігі "Көліктік бақылау комитеті" жазуымен және Комитеттің логотипімен белгіленеді.
3. КБП-да көліктік бақылауды жүргізу тәртібі
17. Автомобиль жолдарында бақылауды жүзеге асыру бойынша негiзгi iс-қимылдар мыналарды тексеру болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiне рұқсат беру құжаттарының болуы;
2) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша жүктi тасымалдайтын iрi көлемдi және ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жүруiне арнайы рұқсаттардың болуы;
3) жол жүру маршрутының халықаралық қатынас үшiн белгiленгенге сәйкестiгi;
4) 1, 6 және 7 класты қауіпті жүк тасымалдайтын арнайы рұқсаттардың болуы.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 04.09.2013 № 683 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).17-1. Көлiктiк бақылау жүргiзген кезде КБП лауазымды адамдары жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың мыналардың сақтауын қамтамасыз етедi:
1) Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгiнiң қауiпсiздiгi саласындағы заңнамасының талаптарын, оның iшiнде:
Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 826 Қаулысы;
Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 523 Бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7204 тiркелген);
"Автомобиль көлiгiмен қауіптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi кейбiр мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидалары;
Бөлінбейтін ірi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 51 қаулысы;
Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 19 қаңтардағы № 62 қаулысы;
Тез бүлiнетiн тамақ өнiмдерiн халықаралық тасымалдау туралы және осы тасымалдарға арналған арнайы көлiк құралдары туралы 1976 жылғы 21 қарашадағы келiсiмге сәйкес Халықаралық қатынаста тез бұзылатын жүктердi тасымалдауды орындайтын жылжымалы құрамға қойылатын талаптарды (Женева 1 қыркүйек 1970 жыл);
Автокөлiк құралдары жабдығының автокөлiк құралында тахографтың болуы және оның ақаусыздығы бөлiгiнде халықаралық шарттар талаптарына сәйкестiгiн, сондай-ақ орнатылған отын бактарының жасаушы зауыттың талаптарына сәйкестiгi, Халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыратын көлiк құралдары экипаждарының жұмысына қатысты Еуропа келiсiмiне сәйкес (Женева 1 шiлде 1970 жыл);
Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентті бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 Қаулысы;
2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық автомобиль тасымалын ұйымдастыру кезiнде рұқсат беру жүйесi талаптарын сақтауы тұрғысында тексерудi жүзеге асырады;
3) Автокөлiк құралының Қазақстан Республикасының аумағымен жүргенi үшiн алым бөлiгiнде Қазақстан Республикасының салық заңнамасының талаптарын.
Ескерту. 17-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрдің м.а. 2011.09.23 № 582 (4-тармақты қараңыз); жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 04.09.2013 № 683 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.18. Iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралдарының жүрiп өтуiн көлiк құралдарының нақты салмақ және көлем параметрлерiн тексеру және олардың Қазақстан Республикасының аумағында белгiленген рұқсат етiлген параметрлерден асуы шамасын айқындау арқылы көлiктiк бақылау өлшеу құралы мен көлем рамкаларын, сондай-ақ мiндеттi метрологиялық тексерiстен өткен және келесi тексерiс күнi көрсетiлген сертификаты бар стационарлық үлгiдегi салмақ өлшеу жабдығын немесе көшпелi ұтқыр таразыны және арнайы автоматтандырылған өлшеу құралын қолдана отырып жүргiзiледi.
Метрологиялық тексеру мерзiмi өтiп кеткен салмақ өлшеу жабдығын пайдалануға жол берiлмейдi.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 04.09.2013 № 683 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).19. Бақылаудан өту тасымалдаушы ұсынатын көлік құжаттарына КБП-ның мөртабанын осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес мөртаба үлгісіне сәйкес қою арқылы ресімделеді.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрдің м.а. 2011.09.23 № 582 (4-тармақты қараңыз) Бұйрығымен.20. Бақылаудан өту туралы мөртабан:
1) Қазақстан Республикасының резиденттерi емес көлiк құралдарының иелерi (пайдаланушылары) үшiн рұқсат қағазының екiншi жағына;
2) Қазақстан Республикасының резиденттерi болатын көлiк құралдарының иелерi (пайдаланушылары) үшiн жол парағына немесе өзге iлеспе құжатына қойылады.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 04.09.2013 № 683 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).21. КБП қызметкері мөртабанға лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын (бұдан әрі - Т.А.Ә.), күнін және қолын қояды.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрдің м.а. 2011.09.23 № 582 (4-тармақты қараңыз) Бұйрығымен.22. Тасымалдаушы КБП-ның мөртабаны қойылған ілеспе және рұқсат құжатын ұсынған кезде көлік құралының габариттік және салмақтық параметрлерін өлшеу басқа КБП-да жүргізілмейді.
23. КБП қызметкерi жүктi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралына көлiктiк бақылау жүргiзудi мынадай тәртiппен қамтамасыз етедi:
1) автокөлiк құралын (жүк автомобильдерi, мамандандырылған және арнайы автомобильдер) тоқтатады;
2) жүргiзушiге жақындап келедi, өз аты-жөнiн, лауазымын және мемлекеттiк органның атауын атап, таныстырады, жүргiзушiнiң немесе бiрге жүрген адамдардың талабы бойынша қызметтiк куәлiгiн көрсетедi;
3) тоқтатқан себебiн хабарлайды;
4) жүргiзушi куәлiгiн (жүргiзушi куәлiгiнiң орнына берiлген уақытша куәлiк және жүргiзушiнiң жеке басын куәландыратын құжат), көлiк құралын тiркеу туралы куәлiгiн, iлеспе және рұқсат құжаттарын сұратады;
5) көлiк құралының габариттiк және салмақтық параметрлерiн жол жабынында немесе автокөліктің барлық осьнің біркелкілігін қамтамасыз ететін басқа алаңда, нақнұсқаларды қолдана отырып, өлшеудi жүргiзедi.
Арнайы рұқсатсыз келе жатқан автокөлік құралында көлемді және (немесе) салмақты белгіленген параметрлері асып кеткен жағдайда Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің талаптарына сәйкес әкімшілік тәртіппен іс қозғау бойынша шара қолданылады;
6) арнайы рұқсатсыз келе жатқан автокөліктік құралдардың салмақты көлемдік өлшемдердің арттырғаны туралы ақпаратты алғаннан кейін көлік құралының нақты ауыр салмағын және ірі көлемін Ситуациялық орталықтан жіберілген ақпаратпен салыстыра отырып, Қазақстан Республикасы аумағында бекітілген мүмкін рұқсат етілген өлшемдерден олардың асатын көлемін анықтау.
Арнайы рұқсатсыз келе жатқан автокөлік құралында көлемді және (немесе) салмақты белгіленген параметрлері асып кеткен жағдайда Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің талаптарына сәйкес әкімшілік тәртіппен іс қозғау бойынша шара қолданылады.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 04.09.2013 № 683 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).24. Ілеспе және рұқсат құжаттары үй-жайдағы немесе арнайы автокөлік салонындағы КБП-ның қызметкеріне тапсырылады, ол:
1) жүк тасымалдарын автомобиль көлiгiмен жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттардың болуын және олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн тексередi;
2) есепке алу және тіркеу журналдарына тиісті жазулар жазады;
3) көліктік дерекқордың және тасымалдар қауіпсіздігінің серпіні мониторингісінің ақпараттық талдау жүйесіне тиісті мәліметтер енгізеді;
4) Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі саласындағы заңнамасын бұзушылық анықталған кезде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. 24-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрдің м.а. 2011.09.23 № 582 (4-тармақты қараңыз); 04.03.2013 № 683 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.25. Таразы жабдығы мен өлшеу аспабының қателігі тасымалдаушының пайдасына ескеріледі.
26. Әкімшілік құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында, оны жасауда күдікті адамның тұлғасын анықтау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру оны әкімшілік құқық бұзушылық жасалған орында мүмкін болмаған жағдайда, істің уақтылы және дұрыс қаралуын және іс бойынша қабылданған қаулыны орындауды қамтамасыз ету үшін КБП лауазымды тұлғасы өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қамтамасыз ету шараларын қабылдайды.
27. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген бұзушылықтар жасаған кезде автокөлік құралы ұсталады, уақытша сақтау үшін тұраққа жеткізіледі және оны пайдалануға тыйым салынады.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрдің м.а. 2011.09.23 № 582 (4-тармақты қараңыз) Бұйрығымен.28. Алынып тасталды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 04.09.2013 № 683 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
29. "Салықтық әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 633 бұйрығымен бекiтiлген қатаң есептiлiктегi бланкiлер нысанының негiзiнде алым сомасы қолма-қол ақшалай КБП қызметкерлерi қабылдайды (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5463 тiркелген).
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 04.09.2013 № 683 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).30. Банкке және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қабылданған қолма қол ақшалай алым сомалары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады (Салық кодексі).
31. Стационарлық КБП жұмыс үшін Стационарлық көліктік бақылау посттарының жабдығы мен мүлік тізбесінің талаптарына сай осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес қажетті жабдық және мүлікпен жарақтандырылады.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрдің м.а. 2011.09.23 № 582 (4-тармақты қараңыз) Бұйрығымен.31-1. Жылжымалы КБП жұмыс үшін Жылжымалы көліктік бақылау посттарының жабдығы мен мүлік тізбесінің талаптарына сай осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес қажетті жабдық және мүлікпен жарақтандырылады.
Ескерту. 31-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрдің м.а. 2011.09.23 № 582 (4-тармақты қараңыз) Бұйрығымен.32. КБП-да басқа бөгде тұлғаның болуына рұқсат етілмейді.
4. Автомобиль тасымалдаушыларымен өзара қарым-қатынас және жеке қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету
33. КБП қызметкерлерінің тасымалдаушылармен өзара қарым-қатынастары заңдылықты қатаң сақтауға, өзінің лауазымдық өкілеттіктерін нақты орындауға, азаматтарға игі ниетпен және құрметпен қарым-қатынас жасаумен құқық бұзушылықтың алдын алуда және жолын кесуде қатаңдықтың, батылдықтың және принципшілдіктің үйлесімділігіне негізделеді.
34. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту кезінде КБП қызметкерлері бұзушыларға олардың құқықтарын түсіндіреді:
1) материал істерімен танысуға, түсінік беруге, дәлелдемелер ұсынуға, өтініш мәлімдеуге;
2) істі қарау кезінде қорғаушының заңды көмегін пайдалануға;
3) ана тілінде немесе өзі білетін тілінде сөйлеу, іс жүргізілген тілде аудармашының қызметін пайдалану;
4) іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдануы мен Инспекцияның қаулысына шағымдану.
35. КББ қызметкері автокөлік құралдарының жүріп өтуіне бақылауды жүзеге асыру кезінде өзінің жеке қауіпсіздігі бойынша мынадай негізгі шараларды сақтайды:
1) қызметтік міндеттерін орындау кезінде жол қозғалысының қатысушыларына айқын көріну және дер кезінде құқық бұзушылықтың алдын алу мүмкіндігіне ие болу үшін орын таңдайды;
2) тәуліктің қараңғы кезінде және көру мүмкіндігінің шектеулі жағдайында жарықтандырылған жол учаскелерінде бақылау жүргізеді, жарық шығаратын жезл мен жарық шағылдырғыш формасы болады;
3) жол жамылғысының тайғақ учаскесінде тұруына болмайды;
4) тәуліктің қараңғы кезінде көлік құралдарын тоқтату үшін жолдың ең жарық учаскесін таңдайды, мүмкін болмаған жағдайда – арнайы автокөлік құралы фарының жарығын пайдаланады;
5) егер көлік қозғалысына немесе өзінің жеке қауіпсіздігіне кедергі келтіретін болса, жол жиегінде тұрып құқық бұзушылықты болдырмайды.
Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарының жұмысын ұйымдастыру ережесіне 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрдің м.а. 2011.09.23 № 582 (4-тармақты қараңыз) Бұйрығымен.
МАРШРУТ КАРТОЧКАСЫ
жылжымалы көліктік бақылау постының № _______________________________
_____________________________________________________________________
(көліктік бақылау органның атауы)
Көліктік бақылауды жүзеге асыру маршруты ____________________________
_____________________________________________________________________
(километрдің көрсетуімен автожолдың атауы)
Бақылауды өткізу кезеңі _____________________________________________
(бақылауды өткізу күні мен уақыты)
Ұзақтығы, километр___________________________________________________
Ауысымның құрамы ____________________________________________________
_____________________________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазым)
№ | Автожолдың бақылауға алынған учаскесінің атауы мен км | Бақылауды өткізу уақыты | ЖКБП ауысым қызметкерінің қолы |
Маршрут карточкасы берілді ___________________ __________ __________
(Т.А.Ә., лауазымы) (қолы) (күні)
Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарының жұмысын ұйымдастыру ережесіне 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрдің м.а. 2011.09.23 № 582 (4-тармақты қараңыз) Бұйрығымен.
Мөртабан үлгісі
(Автокөлік құралының бақылаудан өткенін ресімдеу төменде көрсетілген үлгiдегi мөртабан қоюмен жүзеге асырылады
________________________________________________________ (көліктік бақылау постының атауы немесе №) БАҚЫЛАУ ӨТIЛДI Лауазымы, Т.А.Ә. _______________________________________ "__" _____________ 20 _ ж. қолы _____________________ |
Мөртабан көк түсті 50х30 милиметр көлемінде тікбұрыш түрінде жасалады.
Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарының жұмысын ұйымдастыру ережесіне 3-қосымша |
Мөртабан үлгісі
Ескерту. 3-қосымша алынып тасталды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 04.09.2013 № 683 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарының жұмысын ұйымдастыру ережесіне 4-қосымша |
Стационарлық көліктік бақылау посттарының
жабдығы мен мүлкін тізбесі
Ескерту. 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрдің м.а. 2011.09.23 № 582 (4-тармақты қараңыз); өзгерістер енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 04.09.2013 № 683 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен
1. Стационарлық таразы жабдығы
2. Бейнетіркегіш
3. GPS навигатор
4. Компьютер
5. Ксерокс
6. Байланыс құралы
7. Алынып тасталды
8. Өлшеу құралы (габариттік рама, рулетка)
9. Термометр (жаз мезгілінде бақылау үшін)
10. Өрт сөндіру және алғашқы медициналық жәрдем көрсету құралы
11. Қатаң есептегі бланкілері сақтау сейфі
12. Қызметкерлер үшін жұмыс орындары
13. Арнайы автокөлік
14. Ақпараттық стенд
15. Нормативтік-техникалық құжаттама
16. Автокөлік құралдарын тоқтату үшін жезл
Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарының жұмысын ұйымдастыру ережесіне 5-қосымша |
Жылжымалы көліктік бақылау посттарының жабдығы мен
мүлкін тізбесі
Ескерту. 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрдің м.а. 2011.09.23 № 582 (4-тармақты қараңыз); өзгерістер енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 04.09.2013 № 683 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен
1. Жылжымалы таразы жабдығы
2. Бейнетіркегіш
3. GPS навигатор
4. Компьютер немесе ауыспалы ноутбук
5. Ксерокс
6. Ұтқыр байланыс құралы
7. Алынып тасталды
8. Өлшеу құралы (рулетка)
9. Термометр (жаз мезгілінде бақылау үшін)
10. Өрт сөндіру және алғашқы медициналық жәрдем көрсету құралы
11. Қатаң есептегі бланкілері сақтау сейфі
12. Нормативтік-техникалық құжаттама
13. Автокөлік құралдарын тоқтату үшін жезл