"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарының жұмысын ұйымдастыру ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің өңіраралық инспекцияларының көліктік бақылау посттарының жұмысын ұйымдастырсын.
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің | |
міндетін атқарушы | Д. Көтербеков |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 362 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарының жұмысын ұйымдастыру ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы аумағындағы көліктік бақылау посттарының жұмысын ұйымдастыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476-II Заңына сәйкес әзірленген.
2. Ереже Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық органдарының көліктік бақылау посттарында Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары, қалалар немесе өзге де елді мекендер шегіндегі автомобиль жолдары бойынша жүріп өтуін бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдарының көліктік бақылау постысының негізгі міндеттері автомобиль көлігі саласындағы заңнаманың, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың сақталуын, автомобиль жолдары желісі мен ондағы құрылыстардың сақталуын, отандық және шетелдік автокөлік құралдарының жүріп өтуін бақылау арқылы автомобиль тасымалдарының қауіпсіздігін арттыруды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы аумағындағы автомобиль көлігі саласында жасалатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және анықтау болып табылады.
4. Комитеттің аумақтық органдарының көліктік бақылау посты қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуін мемлекеттік бақылауды жүргізуге байланысты қызметі автомобиль тасымалдары саласындағы халықаралық шарттармен, Қазақстан Республикасының көліктік, лицензиялық және салықтық заңнамаларымен, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 наурыздағы № 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексімен, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі "Мемлекеттік қызмет туралы", 1998 жылғы 2 шілдедегі "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңдарымен, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің нормативтік-құқықтық актілерімен, сондай-ақ осы Ережемен регламенттеледі.
5. Автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрілігінің Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдарының көліктік бақылау посты қызметкерлері қызметтік нысанды киімде (погонсыз), нөмірлі кеуде белгілері болуға және талап ету бойынша қызметтік куәліктерін көрсетуге тиіс.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрдің м.а. 2011.09.23 № 582 (4-тармақты қараңыз) Бұйрығымен.6. Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар мен терминдер:
1) Комитеттің аумақтық органдарының көліктік бақылау посты (бұдан әрі - КБП) - техникалық бақылау құралдарымен жарақтанған, күрделі ғимаратпен немесе арнайы автокөлікпен жабдықталған стационарлы немесе жылжымалы өткізу-бақылау пункті;
2) көлік құралдарын өлшеу – міндетті метрологиялық тексеруден өткен және тиісті сертификаты бар стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығы немесе тасымалданатын ұтқыр таразылар көмегімен автокөлік құралдарының жалпы массасы мен білікке түсетін жүктемесін анықтау процесі;
3) стационарлық көліктік бақылау посты – күрделі ғимаратпен жабдықталған және техникалық бақылау, байланыс құралдарымен және жабдықпен жарақталған көліктік бақылау посты;
4) жылжымалы көліктік бақылау посты – арнайы автокөлік базасында ұйымдастырылған, техникалық бақылау, байланыс құралдарымен және жабдықпен жарақталған көліктік бақылау посты;
5) көліктік бақылау постының ауысымы – көліктік бақылау органдарының екі немесе үш қызметкерінен тұратын, бекітілген кестеге сәйкес стационарлық және жылжымалы көліктік бақылау посттарында қызмет атқару үшін белгіленген ауысым.
2. КБП ұйымдастыру тәртібі
§1. Стационарлық КБП
7. Стационарлық КБП жүк құраушы нүктелер, автомагистральдардың қиылыстары аймақтарында және негізгі халықаралық көлік дәліздерінде орналасады.
8. Стационарлық және жылжымалы КБП ауысымының жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес әзірленеді және:
1) Комитеттің өңіраралық көліктік бақылау инспекциясында (бұдан әрі - Инспекция) - Инспекция бастығы;
2) Инспекция филиалында - Инспекция филиалының басшысы бекітеді.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрдің м.а. 2011.09.23 № 582 (4-тармақты қараңыз) Бұйрығымен.9. Стационарлық және жылжымалы КБП-ның штат саны мен жұмыс ауысымдығын Инспекция бастығы автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімі бөлген қаражат пен штат санына сәйкес белгілейді.
10. Стационарлық КБП тәулік бойы жұмыс істейді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрдің м.а. 2011.09.23 № 582 (4-тармақты қараңыз) Бұйрығымен.11. <*>
Ескерту. 11-тармақ алынып тасталды - ҚР Көлік және коммуникация министрдің м.а. 2011.09.23 № 582 (4-тармақты қараңыз) Бұйрығымен.§2. Жылжымалы КБП
12. Қазақстан Республикасының аумағында бақылауды жүзеге асыру бойынша жылжымалы КБП-ның маршруты Комитет төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
12-1. Жылжымалы КБП әрбір ауысымына маршрут карточкасы осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес жасалады.
Жылжымалы КБП маршрут карточкасы екі данада жасалады, бірі Инспекцияда сақталады, екіншісі жылжымалы КБП ауысымына тапсырылады.
Маршруттың карточкалары күнтізбелік бір жыл ішінде Инспекцияда сақталады.
Ескерту. 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрдің м.а. 2011.09.23 № 582 (4-тармақты қараңыз) Бұйрығымен.13. Жылжымалы КБП-ның жұмыс режимі кестеге сәйкес анықталады, онда КБП қызметкерлерінің бақылау атқару күндері мен сағаттары (ауысымдары) көрсетіледі.
14. Жылжымалы КБП-ның жұмыс режимі әр түрлі тәулік сағаттарында, жыл мезгілдерінде көлік құралдары қозғалысының қарқындылығын, көлік құралдары ағымының эпизодтық тәуліктік немесе маусымдық артуын негіздейтін шаруашылық субъектілерінің жұмыс режимін ескере отырып анықталады.
15. Жылжымалы КБП табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін тартылуы мүмкін.
16. Көліктік бақылау органдарының арнайы автокөлігі "Көліктік бақылау комитеті" жазуымен және Комитеттің логотипімен белгіленеді.
3. КБП-да көліктік бақылауды жүргізу тәртібі
17. Автомобиль жолдарында бақылауды жүзеге асыру бойынша негізгі іс-қимылдар мыналарды тексеру болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуіне рұқсат беру құжаттарының болуы;
2) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша бөлінбейтін жүкті тасымалдайтын ірі көлемді және ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүруіне арнайы рұқсаттардың болуы;
3) жол жүру маршрутының халықаралық қатынас үшін белгіленгенге сәйкестігі;
4) рұқсат алмай жүріп өту жүйесі әрекет ететін мемлекеттерде тіркелген автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кіруін тіркеу талондарының болуы;
5) алынып тасталды - 2011.09.23 № 582 (2012.02.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.6) жүргізушінің еңбегі мен демалу режимінің бақылау құрылғысының (тахографтың) болуы және оны пайдалануы тексеру, сондай-ақ экипаждың еңбегі мен демалу режимін бақылаудың тіркеу парақтарын жүргізуі.
Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрдің м.а. 2011.09.23 № 582 (2012.02.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.17-1 Көліктік бақылау жүргізген кезде КБП лауазымды адамдары жүк, жолаушылар және багаж тасымалдарын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың мыналардың сақтауын қамтамасыз етеді:
1) Қазақстан Республикасының автомобиль көлігінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарын, оның ішінде:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767қаулысымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 826 қаулысымен бекітілген Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидасын;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 мамырдағы № 493қаулысымен бекітілген Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасын;
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 523 бұйрығымен бекітілген Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыға рұқсат беру қағидасын;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген Автокөлік құралдарымен қауіпті жүктерді тасымалдау, олардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өту ережесі және қауіпті жүктерді тасымалдайтын жүргізушілер мен автокөлік құралдарына қойылатын біліктілік талаптарын;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 51 қаулысымен бекітілген бөлінбейтін ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесін;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 62 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерін;
Тез бүлінетін тамақ өнімдерін халықаралық тасымалдау туралы және осы тасымалдарға арналған арнайы көлік құралдары туралы 1976 жылғы 21 қарашадағы келісімге сәйкес Халықаралық қатынаста тез бұзылатын жүктерді тасымалдауды орындайтын жылжымалы құрамға қойылатын талаптарды (Женева 1 қыркүйек 1970 жыл);
Автокөлік құралдары жабдығының автокөлік құралында тахографтың болуы және оның ақаусыздығы бөлігінде халықаралық шарттар талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ орнатылған отын бактарының жасаушы зауыттың талаптарына сәйкестігі, Халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыратын көлік құралдары экипаждарының жұмысына қатысты Еуропа келісіміне сәйкес (Женева 1 шілде 1970 жыл);
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысымен бекітілген Жолаушылар мен жүктерді, оның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарын пайдалану кезінде шығарындыдағы ластаушы заттар құрамы нормативтерін;
2) Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі саласында лицензиялау туралы заңнамасын;
3) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық автомобиль тасымалын ұйымдастыру кезінде рұқсат беру жүйесі талаптарын сақтауы тұрғысында тексеруді жүзеге асырады.";
4) Автокөлік құралының Қазақстан Республикасының аумағымен жүргені үшін алым бөлігінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасының талаптарын.
Ескерту. 17-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрдің м.а. 2011.09.23 № 582 (4-тармақты қараңыз) Бұйрығымен.18. Ірі көлемді және ауыр салмақты көлік құралдарының жүріп өтуін көлік құралдарының нақты салмақ және көлем параметрлерін тексеру және олардың Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген рұқсат етілген параметрлерден асуы шамасын айқындау арқылы көліктік бақылау өлшеу құралы мен көлем рамкаларын, сондай-ақ міндетті метрологиялық тексерістен өткен және келесі тексеріс күні көрсетілген сертификаты бар стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығын немесе көшпелі ұтқыр таразыны қолдана отырып жүргізіледі.
Метрологиялық тексеру мерзімі өтіп кеткен салмақ өлшеу жабдығын пайдалануға жол берілмейді.
19. Бақылаудан өту тасымалдаушы ұсынатын көлік құжаттарына КБП-ның мөртабанын осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес мөртаба үлгісіне сәйкес қою арқылы ресімделеді.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрдің м.а. 2011.09.23 № 582 (4-тармақты қараңыз) Бұйрығымен.20. Бақылаудан өту туралы мөртабан:
1) Қазақстан Республикасының резиденттері емес көлік құралдарының иелері (пайдаланушылары) үшін рұқсат қағазының немесе тіркеу талонының екінші жағына;
2) Қазақстан Республикасының резиденттері болатын көлік құралдарының иелері (пайдаланушылары) үшін жол парағына немесе борт журналына, не өзге ілеспе құжатына қойылады.
Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрдің м.а. 2011.09.23 № 582 (4-тармақты қараңыз) Бұйрығымен.21. КБП қызметкері мөртабанға лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын (бұдан әрі - Т.А.Ә.), күнін және қолын қояды.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрдің м.а. 2011.09.23 № 582 (4-тармақты қараңыз) Бұйрығымен.22. Тасымалдаушы КБП-ның мөртабаны қойылған ілеспе және рұқсат құжатын ұсынған кезде көлік құралының габариттік және салмақтық параметрлерін өлшеу басқа КБП-да жүргізілмейді.
23. КБП қызметкері жүкті, жолаушыларды және багажды тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралына көліктік бақылау жүргізуді мынадай тәртіппен қамтамасыз етеді:
1) автокөлік құралын (автобустар, шағын автобустар, такси, жүк автомобильдері, мамандандырылған және арнайы автомобильдер) тоқтатады;
2) жүргізушіге жақындап келеді, өз аты-жөнін, лауазымын және мемлекеттік органның атауын атап, таныстырады, жүргізушінің немесе бірге жүрген адамдардың талабы бойынша қызметтік куәлігін көрсетеді;
3) тоқтатқан себебін хабарлайды;
4) жүргізуші куәлігін (жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлік және жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжат), көлік құралын тіркеу туралы куәлігін, ілеспе және рұқсат құжаттарын сұратады;
5) жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін тіркейтін бақылау құрылғысының (тахографтың) болуын, жарамдылығы мен дұрыстығын және жүргізушілердің еңбек және демалысын есепке алудың тіркеу парақтарының тиісті толтырылуын тексереді.
Тахографтың диаграммалық дискісін және жүргізушілердің еңбек және демалысын есепке алудың тіркеу парақтарын тексеру жүзеге асырылғаннан кейін оларға осы Ереженің 3-қосымшасына белгіленген үлгіге сәйкес мөртабан қояды;
6) көлік құралының габариттік және салмақтық параметрлерін өлшеуді жүргізеді;
7) шығарындылардағы ластаушы заттардың құрамын өлшеуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрдің м.а. 2011.09.23 № 582 (4-тармақты қараңыз) Бұйрығымен.24. Ілеспе және рұқсат құжаттары үй-жайдағы немесе арнайы автокөлік салонындағы КБП-ның қызметкеріне тапсырылады, ол:
1) жүк, жолаушылар және багаж тасымалдарын автомобиль көлігімен жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың болуын және олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді;
2) есепке алу және тіркеу журналдарына тиісті жазулар жазады;
3) көліктік дерекқордың және тасымалдар қауіпсіздігінің серпіні мониторингісінің ақпараттық талдау жүйесіне тиісті мәліметтер енгізеді;
4) Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі саласындағы заңнамасын бұзушылық анықталған кезде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрдің м.а. 2011.09.23 № 582 (4-тармақты қараңыз) Бұйрығымен.25. Таразы жабдығы мен өлшеу аспабының қателігі тасымалдаушының пайдасына ескеріледі.
26. Әкімшілік құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында, оны жасауда күдікті адамның тұлғасын анықтау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру оны әкімшілік құқық бұзушылық жасалған орында мүмкін болмаған жағдайда, істің уақтылы және дұрыс қаралуын және іс бойынша қабылданған қаулыны орындауды қамтамасыз ету үшін КБП лауазымды тұлғасы өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қамтамасыз ету шараларын қабылдайды.
27. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген бұзушылықтар жасаған кезде автокөлік құралы ұсталады, уақытша сақтау үшін тұраққа жеткізіледі және оны пайдалануға тыйым салынады.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрдің м.а. 2011.09.23 № 582 (4-тармақты қараңыз) Бұйрығымен.28. Жүру маршруттарындағы қалалық қоғамдық көліктер (автобустар, шағын автобустар, троллейбустар, трамвайлар) тексеруге жатпайды.
Жүру маршруттарындағы қалалық қоғамдық көліктерді тексеру жолаушыларды отырғызу және түсірудің соңғы пунктінде жүзеге асырылады.
29. "Құжаттар нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 633 бұйрығымен бекітілген қатаң есептіліктегі бланкілер нысанының негізінде алым сомасы қолма-қол ақшалай КБП қызметкерлері қабылдайды (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5448 тіркелген).
30. Банкке және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қабылданған қолма қол ақшалай алым сомалары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады (Салық кодексі).
31. Стационарлық КБП жұмыс үшін Стационарлық көліктік бақылау посттарының жабдығы мен мүлік тізбесінің талаптарына сай осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес қажетті жабдық және мүлікпен жарақтандырылады.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрдің м.а. 2011.09.23 № 582 (4-тармақты қараңыз) Бұйрығымен.31-1. Жылжымалы КБП жұмыс үшін Жылжымалы көліктік бақылау посттарының жабдығы мен мүлік тізбесінің талаптарына сай осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес қажетті жабдық және мүлікпен жарақтандырылады.
Ескерту. 31-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрдің м.а. 2011.09.23 № 582 (4-тармақты қараңыз) Бұйрығымен.32. КБП-да басқа бөгде тұлғаның болуына рұқсат етілмейді.
4. Автомобиль тасымалдаушыларымен өзара қарым-қатынас және жеке қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету
33. КБП қызметкерлерінің тасымалдаушылармен өзара қарым-қатынастары заңдылықты қатаң сақтауға, өзінің лауазымдық өкілеттіктерін нақты орындауға, азаматтарға игі ниетпен және құрметпен қарым-қатынас жасаумен құқық бұзушылықтың алдын алуда және жолын кесуде қатаңдықтың, батылдықтың және принципшілдіктің үйлесімділігіне негізделеді.
34. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту кезінде КБП қызметкерлері бұзушыларға олардың құқықтарын түсіндіреді:
1) материал істерімен танысуға, түсінік беруге, дәлелдемелер ұсынуға, өтініш мәлімдеуге;
2) істі қарау кезінде қорғаушының заңды көмегін пайдалануға;
3) ана тілінде немесе өзі білетін тілінде сөйлеу, іс жүргізілген тілде аудармашының қызметін пайдалану;
4) іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдануы мен Инспекцияның қаулысына шағымдану.
35. КББ қызметкері автокөлік құралдарының жүріп өтуіне бақылауды жүзеге асыру кезінде өзінің жеке қауіпсіздігі бойынша мынадай негізгі шараларды сақтайды:
1) қызметтік міндеттерін орындау кезінде жол қозғалысының қатысушыларына айқын көріну және дер кезінде құқық бұзушылықтың алдын алу мүмкіндігіне ие болу үшін орын таңдайды;
2) тәуліктің қараңғы кезінде және көру мүмкіндігінің шектеулі жағдайында жарықтандырылған жол учаскелерінде бақылау жүргізеді, жарық шығаратын жезл мен жарық шағылдырғыш формасы болады;
3) жол жамылғысының тайғақ учаскесінде тұруына болмайды;
4) тәуліктің қараңғы кезінде көлік құралдарын тоқтату үшін жолдың ең жарық учаскесін таңдайды, мүмкін болмаған жағдайда – арнайы автокөлік құралы фарының жарығын пайдаланады;
5) егер көлік қозғалысына немесе өзінің жеке қауіпсіздігіне кедергі келтіретін болса, жол жиегінде тұрып құқық бұзушылықты болдырмайды.
Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарының жұмысын ұйымдастыру ережесіне 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрдің м.а. 2011.09.23 № 582 (4-тармақты қараңыз) Бұйрығымен.
МАРШРУТ КАРТОЧКАСЫ
жылжымалы көліктік бақылау постының № _______________________________
_____________________________________________________________________
(көліктік бақылау органның атауы)
Көліктік бақылауды жүзеге асыру маршруты ____________________________
_____________________________________________________________________
(километрдің көрсетуімен автожолдың атауы)
Бақылауды өткізу кезеңі _____________________________________________
(бақылауды өткізу күні мен уақыты)
Ұзақтығы, километр___________________________________________________
Ауысымның құрамы ____________________________________________________
_____________________________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазым)
№ | Автожолдың бақылауға алынған учаскесінің атауы мен км | Бақылауды өткізу уақыты | ЖКБП ауысым қызметкерінің қолы |
Маршрут карточкасы берілді ___________________ __________ __________
(Т.А.Ә., лауазымы) (қолы) (күні)
Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарының жұмысын ұйымдастыру ережесіне 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрдің м.а. 2011.09.23 № 582 (4-тармақты қараңыз) Бұйрығымен.
Мөртабан үлгісі
(Автокөлік құралының бақылаудан өткенін ресімдеу төменде көрсетілген үлгiдегi мөртабан қоюмен жүзеге асырылады
________________________________________________________ (көліктік бақылау постының атауы немесе №) БАҚЫЛАУ ӨТIЛДI Лауазымы, Т.А.Ә. _______________________________________ "__" _____________ 20 _ ж. қолы _____________________ |
Мөртабан көк түсті 50х30 милиметр көлемінде тікбұрыш түрінде жасалады.
Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарының жұмысын ұйымдастыру ережесіне 3-қосымша |
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрдің м.а. 2011.09.23 № 582 (4-тармақты қараңыз) Бұйрығымен.
Мөртабан үлгісі
Тахографтың диаграммалық дискісін және (немесе) жүргізушілердің еңбек
және демалысын есепке алудың тіркеу парақтарын тексеруді
ресімдеу төменде көрсетілген үлгiдегi мөртабан қоюмен жүзеге асырылады
Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарының жұмысын ұйымдастыру ережесіне 4-қосымша |
Ескерту. 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрдің м.а. 2011.09.23 № 582 (4-тармақты қараңыз) Бұйрығымен.
Стационарлық көліктік бақылау посттарының
жабдығы мен мүлкін тізбесі
1. Стационарлық таразы жабдығы
2. Түтін өлшеуіш
3. Газоанализатор
4. Компьютер
5. Ксерокс
6. Байланыс құралы
7. Тахограф диаграмма дискілерін оқитын құрал
8. Өлшеу құралы (габариттік рама, рулетка)
9. Термометр (жаз мезгілінде бақылау үшін)
10. Өрт сөндіру және алғашқы медициналық жәрдем көрсету құралы
11. Қатаң есептегі бланкілері сақтау сейфі
12. Қызметкерлер үшін жұмыс орындары
13. Арнайы автокөлік
14. Ақпараттық стенд
15. Нормативтік-техникалық құжаттама
16. Автокөлік құралдарын тоқтату үшін жезл
Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарының жұмысын ұйымдастыру ережесіне 5-қосымша |
Ескерту. 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрдің м.а. 2011.09.23 № 582 (4-тармақты қараңыз) Бұйрығымен.
Жылжымалы көліктік бақылау посттарының жабдығы мен
мүлкін тізбесі
1. Жылжымалы таразы жабдығы
2. Түтін өлшеуіш
3. Газоанализатор
4. Компьютер немесе ауыспалы ноутбук
5. Ксерокс
6. Байланыс құралы
7. Тахограф диаграмма дискілерін оқитын құрал
8. Өлшеу құралы (рулетка)
9. Термометр (жаз мезгілінде бақылау үшін)
10. Өрт сөндіру және алғашқы медициналық жәрдем көрсету құралы
11. Қатаң есептегі бланкілері сақтау сейфі
12. Нормативтік-техникалық құжаттама
13. Автокөлік құралдарын тоқтату үшін жезл