Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 шілдеде № 11704 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Кіріспе жаңа редакцияда көзделген – ҚР Көлік министрінің 10.07.2024 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабының 23-11) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.05.2020 № 295 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырыуын;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралар туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ________________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 29 мамыр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ________________ Е. Досаев

      2015 жылғы 10 маусым


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 353 бұйрығымен
бекітілген

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қағидалары жаңа редакцияда көзделген – ҚР Көлік министрінің 10.07.2024 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.05.2020 № 295 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 13-бабының 23-11) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесін халықаралық қатынаста қолдану тәртібін айқындайды.

      2. Қағидалар меншік құқығында немесе өзге де заңды негiздерде мынадай автокөлiк құралдарына иелік ететін отандық және шетел тасымалдаушыларына қолданылады:

      1) автобустар, шағын автобустар;

      2) жүк автомобильдерi (тiркеменi қоса алғанда, рұқсат етiлетін жалпы салмағы 6 тоннадан астам немесе тiркеменi қоса алғанда, рұқсат етiлетін пайдалы жүктемесі 3,5 тоннадан астам);

      3) мамандандырылған автомобильдер (белгiлi бiр жүк түрiн тасымалдауға арналған);

      4) арнайы автомобильдер (әртүрлi, көбінесе көлiктiк емес жұмыстарды орындауға арналған).

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің 28.11.2023 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) автокөлiк құралдарына рұқсат беру карточкасы - автокөлiк құралын жүктердiң халықаралық автомобиль тасымалдарында пайдалануға рұқсат беретiн құжат;

      2) жолсапар - автокөлiк құралдарының жөнелту пунктiнен межелi пунктiне жүруi және жөнелту пунктiне керi оралуы;

      3) жүктердiң халықаралық автомобильмен тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлiгi - Қазақстан Республикасының автомобиль тасымалдаушыларына жүктердiң халықаралық автомобильмен тасымалдарын жүзеге асыруға құқық беретiн құжат;

      4) көрсетілетін қызметті алушы - халықаралық автомобильмен тасымалдарын жүзеге асыратын отандық және шетелдік тасымалдаушылар;

      5) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары;

      6) алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.11.2022 № 666 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7) отандық рұқсат - Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттің тасымалдаушыларына Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуіне рұқсат (келуге, кетуге және транзитпен жүріп өтуіне әмбебап рұқсат, сондай-ақ үшінші елдердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына немесе Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдердің аумағына тасымалдаулар);

      8) отандық тасымалдаушы - Қазақстан Республикасы ратификациялаған, Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасындағы халықаралық автомобильді қатынастар туралы халықаралық келісімшарттарына сәйкес шет мемлекеттің аумағындағы халықаралық автомобильді тасымалдауды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

      9) рейс - автокөлiк құралдарының жөнелту пунктiнен межелi пунктiне дейiн жүрiп өтуi;

      10) рұқсат беру құжаты - Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру құқығын растайтын құжат (отандық немесе шетелдiк рұқсат, арнайы рұқсат);

      11) рұқсат бланкiлерiмен алмасу квотасы (бұдан әрi - алмасу квотасы) - шет мемлекеттермен алмасу үшiн келiсiлген шетелдiк рұқсаттардың саны;

      12) транзиттiк жүрiп өту (транзит) - жөнелту және межелi пункттерi осы мемлекеттiң аумағынан тыс орналасқан мемлекеттiң аумағы арқылы жүкпен немесе жүксiз автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi;

      13) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті;

      14) үшінші елдердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына немесе Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдердің аумағына тасымалдаулар - автокөлiк құралының тiркелу мемлекетi болып табылмайтын екi мемлекет арасында жолаушыларды, багажды немесе жүктердi тасымалдау;

      15) шетелдiк рұқсат - Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағымен жүріп өтуіне рұқсат (келуге, кетуге және транзитпен жүріп өтуіне әмбебап рұқсат, сондай-ақ екінші елдің аумағынан үшінші елдің аумағына тасымалдаулар);

      16) шетелдік тасымалдаушы - Қазақстан Республикасы ратификациялаған, Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасындағы халықаралық автомобильді қатынастар туралы халықаралық келісімшарттарға сәйкес шет мемлекеттің аумағындағы халықаралық автомобильді тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік жеке және заңды тұлғалар.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.11.2022 № 666 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiне рұқсат беру жүйесi Заңда, Қазақстан Республикасы ратификациялаған Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы халықаралық шарттарда (бұдан әрi - Келiсiм) және осы Қағидаларда айқындалады.

      5. Жолаушыларды, багажды және жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлiк құралдарының шет мемлекеттiң аумағына (аумағынан) кiруi (шығуы), шет мемлекеттiң аумағы арқылы транзитi мынадай түрлердегi шетелдiк рұқсаттардың негiзiнде жүзеге асырылады:

      1) жүктерді тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттар;

      2) жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттар;

      3) күнтiзбелiк бiр жылға қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттар.

      6. 1992 жылғы 26 қыркүйекте жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келiсiмге сәйкес отандық тасымалдаушылар Қытай Халық Республикасының аумағына автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде мыналар қажет:

      1) жолаушылар (туристерді қоса алғанда) мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды орындаған кезде, отандық тасымалдаушыға тасымалды жөнелту пунктiнен межелi пунктке дейiн күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен "А" түрiнiң рұқсаты;

      2) баратын және керi қайтатын бiр рейстi орындауға құқығы бар өткізу пункттері ауданында шекара маңындағы терминалдар арасында жолаушылар (туристерді қоса алғанда) мен багаждың тұрақты емес автомобиль тасымалын орындау кезiнде "В" түрiнiң рұқсаты;

      3) баратын және керi қайтатын керi бiр рейстi орындауға құқығы бар өткізу пункттері ауданында шекара маңындағы терминалдар арасында жүктерді автомобиль көлiгiмен тасымалдау кезiнде "С" түрiнiң рұқсаты;

      4) анықталған маршруттар бойынша жүктерді автомобиль көлігімен баратын және кері қайтатын бір рейсті орындау құқығымен тасымалдау кезінде "D" түрiнiң рұқсаты.

      "А", "В", "С", "D" түрiндегi рұқсаттар ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейiн қолданылады.

2-тарау. Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдарында рұқсат беру жүйесін қолдану тәртібі

1-параграф. Шетелдік рұқсаттарды алмасу және үлестіру квотасын айқындау

      7. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.12.2022 № 715 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      8. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.12.2022 № 715 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Алмасу квотасы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) интернет-ресурсында орналастырылады.

      10. Шетелдік рұқсат бланкілерімен алмасу квотасын белгілеу мәселесі бойынша тиісті мемлекеттердің құзыретті органдарымен келіссөздер жүргізуді қамтамасыз ету үшін уәкілетті орган ағымдағы жылғы 10 қазанға дейінгі мерзімде отандық тасымалдаушылардың шетелдік рұқсаттарға деген қажеттілігінің саны туралы шетелдік рұқсатты беру және пайдалану статистикасы негізінде жалпы жиынтық өтінімді қалыптастырады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.12.2022 № 715 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Уәкілетті орган шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен рұқсат құжаттармен алмасу квотасын және олардың қолданылу мерзімін келіседі.

      12. Уәкілетті орган шет мемлекеттердiң құзыреттi органдарына отандық рұқсат бланкiлерiн беруді отандық тасымалдаушылар үшiн шетелдiк рұқсаттарды шетелдiк құзыреттi органдармен жүргiзiлген келiссөз хаттамаларында айтылған мөлшерде алуды жүзеге асырады.

      13. Шетелдiк рұқсаттар уәкілетті органның аумақтық органдарына (бұдан әрі – аумақтық органдар) бөлуге жатады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.12.2022 № 715 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Аумақтық органдар шет мемлекеттердiң құзыреттi органдарымен келiсiлген белгiленген маршруттар мен осы маршруттар бойынша жүру кестесiн ескере отырып, күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттарды үлестiредi.

      15. Аумақтық органдар бөлінісінде бөлінген шетелдік рұқсаттардың саны туралы мәліметтер Министрліктің интернет-ресурсында және (немесе) әлеуметтік желілерде 10 қаңтарға дейін орналастырылады, сондай-ақ аумақтық органдарға берілген рұқсаттардың санын және отандық тасымалдаушылар аумақтық органдарға тапсырған шетелдік рұқсаттардың санын көрсете отырып, берілген шетелдік рұқсаттар туралы деректер Министрліктің интернет-ресурсында тоқсан сайын орналастырылады.

      16. Отандық тасымалдаушылардың шетелдiк рұқсаттардың бланкiлерiне белгіленген алмасу квотасынан тыс қажеттілігі туындаған жағдайда уәкілетті орган шет мемлекеттiң құзыретті органдарымен хат алмасу арқылы ағымдағы жылға тиiстi шетелдiк рұқсат бланкiлерiмен алмасу квотасын келiседi.

2-параграф. Отандық тасымалдаушыларға шетелдік рұқсаттарды беру

      17. Отандық тасымалдаушыларға шетелдiк рұқсаттарды ресiмдеудi және берудi аумақтық органдар жүзеге асырады.

      18. Шетелдік рұқсатты қолдана отырып рұқсат алған, отандық тасымалдаушылар болып табылатын жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) "Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы арқылы жүріп өтуіне рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) алу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға, жүктерді тасымалдауға арналған шетелдік рұқсатты алуға өтінішті (бұдан әрі – шетелдік рұқсатты алуға арналған өтініш) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы аумақтық органдарға жібереді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы арқылы жүріп өтуіне рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде жазылған.

      Мыналар арқылы жүгінген кезде:

      1) Мемлекеттік корпорацияға:

      жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен (жеке басын сәйкестендіру үшін) электрондық құжаттар ұсынылады.

      Шетелдік рұқсатты алуға арналған өтініш "Халыққа қызмет көрсету орталықтарына арналған интеграцияланған ақпараттық жүйе" ақпараттық жүйесінде тіркеледі және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау нөмірі мен күні және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады;

      2) порталға:

      порталда көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу жолданады.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен мекенжайын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Отандық тасымалдаушы өтініште және ұсынылатын құжаттардағы мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.

      "Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шетел мемлекеттері аумағы бойынша жүрiп өтуіне рұқсаттар беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, екі жұмыс күні ішінде құжаттардың тіркелген сәтінен бастап олардың толықтығын тексереді.

      Құжаттардың толық ұсынылмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту береді.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.12.2022 № 715 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Аумақтық органдар отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға, жүктерді тасымалдауға шетелдік рұқсаттарды мыналар:

      1) шетелдік рұқсатты қолдана отырып, халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат куәлігі болған;

      2) шетелдік рұқсатты қолдана отырып, жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде - ұсынылған автокөлік құралдарына рұқсат карточкасы болған;

      3) жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензиясы болған (жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде);

      4) шетелдік рұқсаттарды автоматты бөлу жүйесімен шетелдік рұқсаттарды бөлген;

      5) отандық тасымалдаушыға хабарлама жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде алым сомасын төлеген;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      6) тармақшасының қолданысы 01.01.2025 дейін тоқтатылды - ҚР Көлік министрінің 09.02.2024 № 61 бұйрығымен.

      6) соңғы алты ай ішінде отандық тасымалдаушының рұқсат беру карточкасында көрсетілмеген автокөлік құралына шетелдік рұқсатты пайдалану бойынша фактісі болмаған;

      7) соңғы алты ай ішінде отандық тасымалдаушының шетелдік рұқсат бланкісін басқа отандық тасымалдаушыға беруі бойынша бұзушылық болмаған жағдайда беріледі.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымалы мүлікке құқық белгілейтін құжаттар, жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру туралы куәлік, автокөлік құралдарына рұқсат беру карточкалары, жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия туралы мәліметтер, халықаралық қатынастағы шағын автобустармен (жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде), жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауды, халықаралық қатынаста жүк тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының ("электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) төлеген жағдайда) Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжатпен, көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.12.2022 № 715 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде, шетелдік рұқсатты беруге арналған өтінішті қарау, сондай-ақ берілетін шетелдік рұқсаттардың санын есептеу (жүкті түсіру үшін механикалық еңкейтілетін тіркемелерді, жартылай тіркемелерді және өздігінен тиелетін автомобильдерді есепке алмағанда), шетелдік рұқсаттарды пайдаланылған, қайтарылған шетелдік рұқсаттардың мерзімдері, тасымалдаушының автокөлік құралдарының төмендету, арттыру коэффициенттері, белсенділігі, тасымалдаушының шетелдік рұқсатты пайдалану пайызы бұзыла отырып қайтарылған, жоғалған, қайтарылмаған, тасымалдаушының атауы, заңды мекенжайы, автокөлік құралының маркасы мен мемлекеттік нөмірі туралы деректер түзетіліп (түзету белгілері (түзету, өшіру іздерінің болуы) қайтарылған, шетелдік рұқсатты қолдана отырып, рұқсат карточкалары алынған жылжымалы құрамның санын ескере отырып, шетелдік рұқсаттарды автоматты түрде бөлу жүйесін пайдалана отырып жүзеге асырылады.

      Бланкілерді автоматты бөлу жүйесі міндетті техникалық байқаудан өтпеген және (тахографты мерзімді тексеруден өту мерзімі өткен) автокөлік құралдарының рұқсат беру карточкаларын есепке алмайды.

      Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым сомасын төлеу үшін хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) немесе "Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы арқылы жүріп өтуіне рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі.

      Халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым сомасын (бұдан әрі – алым сомасы) төлеу үшін құжаттарды қарау және хабарлама беру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      Алым сомасы мақұлданған шетелдік рұқсаттардың санын айқындау нәтижелері бойынша төленуге жатады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.12.2022 № 715 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Отандық тасымалдаушыларға шетелдік рұқсат бланкілерін беру (көрсетілетін қызметті берушіге алым сомасының республикалық бюджетке төленгенін растайтын төлем құжаты келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде) аумақтық органға алым сомасының төленгені туралы төлем құжаты келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында пайдаланушының кабинетіне жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға хабарламаны қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда, хабарлама басып шығарылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің дұрыстығын www.egov.kz порталында тексеруге болады.

      22. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.

      Көлік саласындағы уәкiлеттi орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін 3 (үш) жұмыс күн ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.11.2022 № 666 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.11.2022 № 666 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Алынған шетелдік рұқсаттарды отандық тасымалдаушы осы отандық тасымалдаушының рұқсат беру карточкаларында көрсетілген автокөлік құралына, сондай-ақ жаңадан сатып алынған және Қазақстан Республикасының аумағына айдап өткізілетін автокөлік құралына пайдаланады.

      Отандық тасымалдаушының шетелдік рұқсат бланкілерін басқа отандық тасымалдаушыға беруіне жол берілмейді.

      Отандық тасымалдаушының рұқсат беру карточкасында көрсетілмеген автокөлік құралдарына шетелдік рұқсаттарды, айдап өткізілетін автокөлік құралдарынан басқа, пайдалануына жол берілмейді.

      Шетелдік рұқсатты қолдана отырып, рұқсат беру куәлігінің қолданылуы тоқтатылған немесе тоқтатыла тұрған кезде отандық тасымалдаушы алынған шетелдік рұқсаттарды қайта тыйым салынған немесе рұқсат тоқтатыла тұрған кезден бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей қайтарады.

      Шетелдік рұқсат бланкілерін 3 (үшінші) адамға беруге тыйым салынады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.12.2022 № 715 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Отандық тасымалдаушы жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға және жүктерді тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды оларды пайдаланудан тәуелсіз алған сәттен бастап күнтізбелік жүз күннен кешіктірмей, оларды алған орны бойынша аумақтық органға физикалық түрде қайтаруға тиіс. Шетелдік рұқсатты қайтару Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті (бұдан әрі – Комитет) әзірлейтін "Шетелдік рұқсаттарды электрондық қайтару жөніндегі нұсқауға" сәйкес электрондық түрде мүмкін болады.

      Отандық тасымалдаушылар пайдаланған шетелдік рұқсаттарды тасымалдың орындалуын растайтын құжаттармен және осы рұқсаттарды қоса бере отырып, қайтару күнін, шетелдік рұқсаттардың нөмірлерін көрсете отырып, "Шетелдік рұқсаттарды электрондық қайтару жөніндегі нұсқауларды" тапсыру сәтінде қолданыстағы талаптарға сәйкес ілеспе хатпен физикалық түрде қайтарады.

      Шетелдік рұқсат жоғалған жағдайда отандық тасымалдаушылар жоғалғаны туралы аумақтық органдарға ішкі істер органдарында тіркелген өтініштердің немесе бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетілген рұқсаттардың жоғалғаны және жарамсыздығы туралы хабарландырудың орналастырылғанын растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, жазбаша нысанда хабарлайды.

      Аумақтық органға жоғалту туралы хабарламаны ұсыну мерзімі күнтізбелік елу күннен аспауға тиіс.

      Елдер мен түрлер бөлінісінде отандық тасымалдаушыдан шетелдік рұқсаттарды алуға арналған өтінімдерді қарау кезінде шетелдік рұқсаттардың мәлімделген саны осы Қағидаларда белгіленген мерзімде жоғалған және (немесе) қайтарылмаған немесе мерзімі бұзыла отырып қайтарылған, түзетулермен (түзету белгілерімен) қайтарылған шетелдік шешімдердің санына мөлшерлес азаяды (тасымалдаушының атауы, заңды мекенжайы, автокөлік құралының маркасы мен мемлекеттік нөмірі туралы деректерді түзету белгілері (түзету, өшіру іздерінің болуы).

      Оннан астам шетелдік рұқсат жоғалған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші шетелдік рұқсатты қолдана отырып, рұқсат беру куәлігінің қолданылуын 12 (он екі) ай мерзімге тоқтата тұрады, бұл туралы шешім қабылданған сәттен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде тасымалдаушыны хабардар етеді.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.12.2022 № 715 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Қайтарылған шетелдік рұқсаттар аумақтық органдарда қайтарылған сәттен бастап үш жыл бойы сақталады.

      27. Аумақтық органдар елдер бөлінісінде берілген, қайтарылған және жоғалған шетелдік рұқсаттардың есебін жүргізеді.

      Қайтарылған шетелдік рұқсаттарды есепке алу КДАТЖ жүзеге асырылады және мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі;

      2) отандық тасымалдаушының атауы;

      3) рұқсат түрі;

      4) рұқсаттың қолданылу мерзімі;

      5) рұқсатты қайтару күні;

      6) қайтарылған шетелдік рұқсаттың нөмірі.

      КДАТЖ-да қайтарылған шетелдік рұқсаттар туралы деректерді енгізу үшін мәліметтер қарастырылған.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.12.2022 № 715 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Аумақтық органдар отандық тасымалдаушылардан өтiнiмдердің келіп түсуiне қарай КДҚ АТЖ пайдалана отырып, белгiленген мерзiмде қызмет көрсетудi, сондай-ақ қайтарылған шетелдiк рұқсаттар туралы мәлiметтердi бір жұмыс күні ішінде енгiзудi қамтамасыз етедi.

      29. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.11.2022 № 666 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. Отандық тасымалдаушыға шетелдік рұқсатты беру кезінде бланкінің тиісті бағандарына мөр (мөртабан) және рұқсат берген адамның қолы қойылады.

      Шетелдік рұқсаттарда түзетуге жол берілмейді.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.12.2022 № 715 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-параграф. Күнтiзбелiк бiр жылға қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттарды отандық тасымалдаушыларға беру

      31. Күнтiзбелiк бiр жылға қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттарды отандық тасымалдаушыларға ресiмдеудi және берудi аумақтық органдар жүзеге асырады.

      32. Көрсетілетін қызметті алушылар "Халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруге (кетуге) рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күнтiзбелiк бiр жылға қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттарды отандық тасымалдаушыларға алуға өтінішті (бұдан әрі - күнтiзбелiк бiр жылға қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттарды алуға арналған өтініш) Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы аумақтық органдарға жібереді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "Халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруге (кетуге) рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде жазылған.

      Мыналар арқылы жүгінген кезде:

      1) Мемлекеттік корпорацияға:

      жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттар ұсынылады (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      шетелдік тасымалдаушымен бірлескен қызмет туралы шарттың көшірмесі.

      Күнтiзбелiк бiр жылға қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттарды алуға арналған өтініш "Халыққа қызмет көрсету орталықтарына арналған интеграцияланған ақпараттық жүйе" ақпараттық жүйесінде тіркеледі және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау нөмірі мен күні және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      Ұсынылған құжаттардың толық ұсынбау және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттардың фактісі анықталған жағдайларда Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады;

      2) порталға:

      порталда көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу жолданады.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен мекенжайын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Отандық тасымалдаушы өтініште және ұсынылатын құжаттардағы мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.

      "Халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруге (шығуға) рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың портал арқылы түскен сәтінен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық емес және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттардың фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту береді.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.11.2022 № 666 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33. Аумақтық органдар отандық тасымалдаушыларға күнтiзбелiк бiр жылға қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттарды мынадай:

      1) шетелдік тасымалдаушымен бірлескен қызмет туралы шарттың көшірмесі болған;

      2) жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста (жолаушылар мен багажды халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдау кезінде) автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензиясы болған;

      3) жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды күнтізбелік бір жылға қолдану мерзімімен шетелдік рұқсаттарды автоматты бөлу жүйесімен бөлген;

      4) алым сомасының төленген және отандық тасымалдаушыға хабарламаны жолдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шетелдік рұқсаттың тиісті бағанына енгізу үшін автокөлік құралының маркасы мен мемлекеттік нөмірі туралы мәліметті ұсынған кезде беріледі.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымалы мүлікке құқық белгілейтін құжаттар, жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау (жолаушылар мен багажды халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде) жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензияны, жолаушылар мен багажды халықаралық қатынаста ЭҮТШ арқылы тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.11.2022 № 666 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      34. Көрсетілетін қызметті алушы "Халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруге (шығуға) рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, күнтізбелік бір жыл қолдану мерзіміне жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға шетелдік рұқсат беруге өтінішті қарау, сондай-ақ күнтізбелік бір жылға қолданылу мерзімімен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға берілетін шетелдік рұқсаттардың санын есептеу шетелдік рұқсаттардың мерзімдерін бұза отырып пайдаланылатын, жоғалған, қайтарылмаған, қайтарылған жылжымалы құрамның санын ескере отырып, шетелдік рұқсаттар бланкілерін автоматты түрде бөлу жүйесін пайдалана отырып жүзеге асырылады.

      Бланкілерді автоматты бөлу жүйесімен міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген автобустар, шағын автобустар ескерілмейді.

      Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым сомасын төлеу үшін хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) немесе осы Қағидалардың "Халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруге (шығуға) рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі.

      Халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым сомасын (бұдан әрі - алым сомасы) төлеу үшін құжаттарды қарау және хабарлама беру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      Алым сомасы мақұлданған шетелдік рұқсаттардың санын айқындау нәтижелері бойынша төленуге жатады.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.11.2022 № 666 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      35. Отандық тасымалдаушыларға шетелдік рұқсат бланкілерін беру (көрсетілетін қызметті берушіге алым сомасының республикалық бюджетке төленгенін растайтын төлем құжаты келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде) аумақтық органға алым сомасының төленгені туралы төлем құжаты келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында пайдаланушының кабинетіне жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға хабарламаны қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда, хабарлама басып шығарылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің дұрыстығын www.egov.kz порталында тексеруге болады.

      36. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.

      Көлік саласындағы уәкiлеттi орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін 3 (үш) жұмыс күн ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.11.2022 № 666 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      37. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.11.2022 № 666 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      38. Отандық тасымалдаушының күнтiзбелiк бiр жылға қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсат бланкілерін басқа отандық тасымалдаушыға беруіне жол берілмейді.

      Күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттар олардың қолдану мерзiмдерi аяқталған күннен бастап күнтiзбелiк жиырма күннен кешiктiрмей аумақтық органға қайтаруға жатады.

      Отандық тасымалдаушылар күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттарды осы рұқсаттарды қоса бере отырып, қайтару күнi, шетелдiк рұқсаттардың нөмiрi көрсетiлген, еркiн нысанда жасалған iлеспе хатпен қайтарады.

      Күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсат жоғалған жағдайда отандық тасымалдаушылар ішкі істер органдарында тіркелген өтініштердің немесе көрсетілген рұқсаттардың жоғалғаны және жарамсыздығы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландырулардың орналастырылғанын растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, жоғалғаны туралы аумақтық органдарға жазбаша нысанда хабарлайды.

      Жоғалғаны туралы хабарламаны аумақтық органға ұсыну мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспауы тиіс.

      Отандық тасымалдаушыдан күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды алуға арналған өтінімдерді қарау кезінде шетелдік рұқсаттардың саны осы Қағидаларда белгіленген мерзімде жоғалған және (немесе) қайтарылмаған шетелдік рұқсаттардың санына мөлшерлес азайтылады.

      39. Қайтарылған шетелдік рұқсаттар аумақтық органдарда қайтарылған сәттен бастап бір жыл бойы сақталады.

      40. Аумақтық органдар елдер бөлінісінде берілген, қайтарылған және жоғалған шетелдік рұқсаттардың есебін жүргізеді.

      Қайтарылған шетелдік рұқсаттарды есепке алу көліктік дерекқордың ақпараттық талдау жүйесінде және тасымалдар қауіпсіздігі серпінінің мониторингінде (бұдан әрі - ТБД АТЖ) жүзеге асырылады және мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі;

      2) отандық тасымалдаушының атауы;

      3) рұқсат түрі;

      4) рұқсаттың қолданылу мерзімі;

      5) рұқсатты қайтару күні;

      6) автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі;

      7) қайтарылған шетелдік рұқсаттың нөмірі;

      41. Аумақтық органдар отандық тасымалдаушылардан өтiнiмдердің келіп түсуiне қарай КДҚ АТЖ пайдалана отырып, белгiленген мерзiмде қызмет көрсетудi, сондай-ақ қайтарылған шетелдiк рұқсаттар туралы мәлiметтердi бір жұмыс күні ішінде енгiзудi қамтамасыз етедi.

      42. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.11.2022 № 666 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      43. Отандық тасымалдаушыға күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсат берілген кезде бланктің тиісті бағандарына тасымалдаушының атауы, заңды мекенжайы, автокөлік құралының маркасы мен мемлекеттік нөмірі, жүру маршруты жазылады және мөртаңба басылып, рұқсат берген адамның қолы қойылады.

      Шетелдік рұқсаттарда түзетулерге жол берілмейді.

4-параграф. Шетелдiк тасымалдаушыларға отандық рұқсаттарды беру

      44. Отандық рұқсаттарды шетелдік тасымалдаушыларға олардың мемлекеттерінің құзыретті органдары тиісті жылға айырбасталған рұқсаттардың ішінен береді.

      Отандық рұқсаттардың қолданылу мерзімін, егер халықаралық шарттарда өзгеше ескертілмесе, осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындайды.

      Шетелдік рұқсаттарды қайтару тәртібі мен мерзімдері осы Қағидалардың 25-тармағына сәйкес айқындалған.

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бірінің аумағында тіркелген, тасымалдаушы орындайтын халықаралық автомобиль жүк тасымалдары рұқсатсыз негізде жүзеге асырылады:

      1) аумағында тасымалдаушы тіркелген Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекет пен басқа мүше мемлекет арасында;

      2) Еуразиялық экономикалық одағына басқа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы транзитпен;

      3) Еуразиялық экономикалық одағына басқа мүше мемлекеттер арасында.

      Шетел мемлекетінің тасымалдаушылары Қазақстан Республикасында немесе Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жүктерді тасымалдауды Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шетел тасымалдаушысы тіркелген елдің құзыретті органдары берген рұқсаттар негізінде жүзеге асырады.

      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      45. Отандық рұқсат, оның ішінде бірінші рейстің тасымалы жүзеге асырылған мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағынан кері бағытта жолшыбай жүк арту жағдайында бір жолсапар үшін жарамды болады.

      "А", "D" түріндегі отандық рұқсаттар жөнелту пунктінен межелі пунктке дейін жарамды, "В" мен "С" түріндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан 90 километрге дейін шегінде орналасқан шекара маңы терминалдарына дейін жарамды.

      46. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк рейстен керi бағытта бара жатқан шетелдiк жүк автокөлiк құралына Қазақстан Республикасының аумағында iлеспе жүк тиеуге Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өтуi үшiн қосымша рұқсаты болған кезде ғана рұқсат етiледi.

      Егер автокөлік құралы тіркелген елге тасымалдау жоспарланған болса, Қазақстан Республикасының аумағынан шығуға арналған қосымша отандық рұқсаттың болуы қажет.

      Егер тасымалдау үшінші елдердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына немесе Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдердің аумағына жоспарланған жағдайда тасымалдауларға, қосымша рұқсаттың болуы қажет.

      47. Қазақстан Республикасының аумағынан автокөлік құралының тіркелу мемлекеті болып табылмайтын үшінші мемлекеттің аумағына кері бағытта бара жатқан шетелдік автокөлік құралына жолшыбай жүк артылған жағдайда, осы Қағидаларың 46-тармағында көзделген тасымалдауды қоспағанда, Қазақстан Республикасы аумағынан үшінші елдерге тасымалдауды орындауға арналған қосымша отандық рұқсат болуы қажет.

      48. Үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына немесе Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге жүктің жөнелту немесе межелі пункті болып табылмайтын елдің аумағында жүкті қайта тиеп (тиеп/түсіріп), тасымалдау үшінші елдерге/елдерден рұқсат болған кезде жүзеге асырылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      48-тармақтың екінші бөлігі ҚР мен Беларусь Республикасында тіркелген тасымалдаушылар үшін 01.01.2024 дейін тоқтатылған - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.05.2023 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      48-тармақтың екінші бөлігі ҚР және Ресей Федерациясында тіркелген тасымалдаушылар үшін 01.01.2024 дейін тоқтатылған – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.03.2023 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден тасымалдау кезінде жүктің жөнелту немесе межелі пункті болып табылмайтын елдің аумағында кедендік транзит аяқталмаған жүкті қазақстандық автокөлік құралына және бастапқы тасымалдаушының тіркеу елінде тіркелмеген автокөлік құралына аударып тиеуге жол берілмейді.

      Ескерту. 48-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.11.2022 № 666 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      49. Шетелдік автокөлік құралының тіркелу елінің аумағындағы заңнамаға сәйкес құрылған және тіркелген, үшінші елдердің кәсіпорындары мен филиалдарында өндірілетін жүктердің тасымалын жүзеге асыру кезінде, үшінші елдерден/елдерге отандық рұқсаттар осы тасымалдардың мынадай ілеспе құжаттарымен расталған жағдайларда талап етілмейді:

      халықаралық көліктік жүкқұжаты (CMR);

      тауардың шығарылуы туралы сертификаты;

      жүк жөнелтушінің немесе жүк алушының шетелдік тасымалдаушыға жүк тасымалына тапсырысы;

      шот-фактура (инвойс);

      ветеринариялық сертификат, фитосанитариялық сертификат, өнімдердің (тауарлардың) санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға (қажет болған жағдайда) сәйкестігі бөлігінде қауіпсіздікті растайтын құжат.

      Бұл ретте, осы тасымал Қазақстан Республикасының аумағына кіруге отандық рұқсат негізінде жүзеге асырылады.

      50. Автокөлік құралы тіркелген елдегі жүктерді қайта тиеу (тиеу/түсіру) арқылы Қазақстан Республикасының аумағына үшiншi елдерден жүктерді тасымалдауды басқа (әуе, теміржол, теңіз) көлік түрімен жүзеге асыру кезінде көрсетілген тасымалдар ілеспе құжаттармен (халықаралық көліктік жүкқұжат (CMR), шот-фактура (инвойс), коносамент, Халықаралық жолдық тасымалдау кітапшасы, фитосанитариялық сертификат және халықаралық автомобиль тасымалдарын іске асыру кезінде пайдаланылатын және автокөлік құралын тиеу орнын растайтын және осындай тасымалдауда оларға еріп жүретін басқа да құжаттар) расталған жағдайда, үшінші елдерге/елдерден отандық рұқсат қағаз талап етілмейді. Бұл ретте осы тасымалдау Қазақстан Республикасының аумағына кіруге арналған отандық рұқсаттардың негізінде жүзеге асырылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      51-тармақтың қолданысы ҚР мен Беларусь Республикасында тіркелген тасымалдаушылар үшін 01.01.2024 дейін тоқтатылған - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.05.2023 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      51-тармақтың қолданысы ҚР және Ресей Федерациясында тіркелген тасымалдаушылар үшін 01.01.2024 дейін тоқтатылған - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.03.2023 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      51. Қазақстан Республикасының аумағына жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тартқышты немесе жүк автомобилін тасымалдаушының тіркеу мемлекетінде тіркелген басқа тартқышқа немесе жүк автомобиліне ауыстырып тіркеуге рұқсат етіледі.

      51-1. Осы Қағидалардың 48-тармағының екінші бөлігінің және 51-тармағының талаптары отандық тасымалдаушыларға қолданылмайды:

      1) Қазақстан Республикасының теңіз порттарына паромдармен келетін, одан әрі Қазақстан Республикасының аумағынан/аумағына бару үшін;

      2) халықаралық автомобильдік жүк тасымалдары саласындағы үкіметаралық келісімдер жасалмаған елдерден/елдерге;

      3) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасын өткізу пункттерінде шетелдік рұқсат бланкілерін беруді көздейтін Қазақстан Республикасы үкіметаралық келісімдер жасасқан елдерден/елдерге жүкті халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын.

      Ескерту. Қағидалар 51-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік министрінің 12.01.2024 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      51-2-тармақ 01.01.2025 дейін қолданыста болады - ҚР Көлік министрінің 09.02.2024 № 61 бұйрығымен.

      51-2. Осы Қағидалардың 48-тармағының екінші бөлігінің және 51-тармағының талаптары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген тасымалдаушыларға, егер Қазақстан Республикасының аумағынан/аумағына жүктерді тасымалдауды алдыңғы тасымалдаушының отандық рұқсаттары болған кезде тасымалдаушыны қайта тиеу (тиеу/түсіру) және (немесе) ауыстыру арқылы бірнеше тасымалдаушы дәйекті түрде орындаған жағдайда қолданылмайды.

      Ескерту. Қағидалар 51-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік министрінің 09.02.2024 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      52. Шетелдік тасымалдаушыда тасымалдаушы тіркелген мемлекеттің құзыретті органы растаған рұқсат бланкісі болмаған жағдайда, сол сияқты рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларына сәйкес толтырылмаған, ресімделмеген немесе түзетулері бар рұқсат бланкісі болған жағдайда, жоғалған сиямен жазу құралдарын қолдана отырып толтырылған автокөлік құралының одан әрі жүруіне жаңа отандық рұқсат берілгеннен кейін не әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы орындалғаннан кейін отандық көлік құралына жүкті қайта тиеп немесе қайта тіркей отырып жол беріледі.

      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.12.2022 № 715 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      53. Өз мемлекетінің тіркеу және айырым белгісінсіз Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүретін шетелдік автокөлік құралының жүріп өтуі, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше келіспесе, Салық кодексінде белгіленген мөлшерлемелер бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым сомасы төленгеннен кейін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде немесе мемлекеттік кіріс органдары Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде беретін транзиттік жол жүруге арналған рұқсаттың негізінде жүзеге асырылады.

      Көрсетілген автокөлік құралдарымен үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына немесе Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге жүктерді немесе жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыруға жол берілмейді.

      Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өтуіне арнайы рұқсатты қоспағанда, отандық тасымалдаушыларға Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға арналған автокөлік құралдарын, оның ішінде жүгі бар автокөлік құралдарын айдап өту кезінде рұқсат беру құжаттары талап етілмейді.

      Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.11.2022 № 666 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      54. Мемлекеттерімен рұқсат беру құжаттарының бланкілерін тепе-тең айырбастау жүргізілмеген шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүруі, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше ескерілмесе, Салық кодексінде белгіленген мөлшерлемелер бойынша Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым сомасы төленгеннен кейін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде немесе мемлекеттік кіріс органдары Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде, соның ішінде халықаралық теңіз өткізу пункттерінде беретін транзиттік жол жүруге арналған рұқсат негізінде жүзеге асырылады.

      55. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өту құқығын растайтын отандық рұқсат беру құжаттарында Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде мемлекеттік кірістің аумақтық органдары немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде аумақтық органдар:

      1) Қазақстан Республикасының аумағынан автокөлік құралының күнтізбелік 30 күннен аспайтын шығу мерзімін;

      2) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өту маршрутын көрсетеді.

      Шетелдік автокөлік құралдарының транзиттік жүріп өтуі кезінде Қазақстан Республикасының аумағына келу және аумағынан кету мерзімдері баратын және кері де бағытта жүріп өту кезіндегі Қазақстан Республикасының аумағында нақты болу уақытымен айқындалады.

      56. Шетелдік тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өту құқығын растайтын отандық рұқсаттарда жол жүрер алдында мыналарды толтырады:

      1) тасымалдаушының атауы мен оның заңды мекенжайы;

      2) автокөлік құралының нөмірі;

      3) жүкті тиеу елі;

      4) жүкті түсіру елі;

      5) тасымалданатын жүктің атауы;

      6) тасымалданатын жүктің салмағы;

      7) шекарадағы өткізу орны;

      8) Қазақстан Республикасы бойынша жүру бағыты;

      9) тиеу қаласы;

      10) түсіру қаласы.

      Отандық рұқсаттарда түзетулерге жол берілмейді.

      Отандық рұқсат бланкісінің тармақтары толтырылмаған не оларда анық емес ақпарат көрсетілген кезде, сондай-ақ рұқсатта көлік құралының Қазақстан Республикасының аумағына кіргені не оның Қазақстан Республикасының аумағынан кеткені туралы белгілер қойылмаса, рұқсат жарамсыз деп есептеледі, яғни оның болмауымен тең.

      Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің 28.11.2023 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      57. Бос шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп өтуi Қазақстан Республикасы ратификациялаған, Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасындағы халықаралық автомобиль қатынастары туралы халықаралық шарттарда көзделген тәртiпте жүзеге асырылады.

      58. Шетелдік тасымалдаушылар көліктік бақылау органдарына Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасында берілген көлік құралының бақыланатын параметрлерінің сәйкессіздігі, құжаттардың жоқ болуы немесе сәйкессіздігі туралы хабарламалар береді.

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті көліктік бақылау органы берген хабарлама орандалмаған кезде халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыруға және хабарламада көрсетілген маршруттан ауытқуға жол берілмейді.

      59. Шетелдік тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кіру (шығу) кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріне жақын көліктік бақылау органдарына отандық рұқсат қағаздарын осы Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес ресімделуін тексеру, сондай-ақ отандық рұқсат бланкісінің үзбелі бөлігін алу үшін ұсынады.

      Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға қажетті ілеспе құжаттар (халықаралық көлік жүкқұжаты (СМR), шот-фактура (инвойс), коносамент, Халықаралық жол тасымалдау кітапшасы және тағы басқа құжаттар) Қазақстан Республикасының заңнамасының және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына талаптарына сәйкес болуы және уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының талабы бойынша жүргізушілер ұсынылуы тиіс.

      60. Егер Келiсiмдерде өзгеше көзделмеген болса, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өту құқығын растайтын рұқсат беру құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан екi пункт арасында шетелдiк автокөлiк құралдарының жолаушыларды, багажды және жүктердi тасымалдауды жүзеге асыруына құқық бермейдi.

      Халықаралық қатынастағы жолаушылар, багаж және жүк тасымалын жүзеге асыратын сондай-ақ шетелдік автокөлік құралдарының транзитін, үшінші елдердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына немесе Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдердің аумағына тасымалдауларды тіркеу, отандық рұқсат беру құжаттарын беруді тіркеу Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кiрудi (шығуды) шетел автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiн, отандық рұқсат беру құжаттарын берудi тiркеу журналында электронды түрде жүзеге асырылады.

      Журналда мынадай мәлiметтер көрсетiледi:

      1) шетел тасымалдаушысының атауы;

      2) тасымалдаушының елi;

      3) тасымалдаушының орналасқан (тұрғылықты) орны;

      4) жөнелту елi;

      5) межелі елi;

      6) қатынау маршруты;

      7) автокөлiк құралының типi, маркасы;

      8) автокөлiк құралының және тiркемесiнiң нөмiрi;

      9) рұқсат түрi;

      10) рұқсатты қолдану мерзiмi;

      11) рұқсаттың берiлген күнi және нөмiрi (сериясы);

      12) рұқсатты алған күнi (рұқсат берiлген кезде);

      13) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алымды төлегенiн растайтын құжаттың нөмiрi (бар болса) және күнi, алым сомасы (рұқсат берiлген кезде);

      14) рұқсат құжатын алу туралы тасымалдаушының қолы (қағаз түрiнде рұқсат берiлген кезде).

5-параграф. Рұқсат беру құжаттарын дайындау және есепке алу

      61. Отандық рұқсаттар бланкiлерiнің нысандары баспаханалық тәсiлмен дайындалады, реттiк нөмiрi және кемiнде үш қорғану дәрежесi болады.

      62. Жалпы қабылданған халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкес отандық рұқсат бланкiсiнде мынадай деректемелер болады:

      1) тасымалдауды жүзеге асыру құқығын рұқсат беру құжаты растайтын тасымалдау түрi;

      2) сериясы мен нөмiрi;

      3) қолданылу мерзiмi;

      4) тасымалдаушының деректемелерi;

      5) берiлген орны және күнi;

      6) құзыреттi органның қолы мен мөрi;

      7) қозғалыс маршруты;

      8) автокөлiк құралының маркасы мен мемлекеттiк нөмiрi;

      9) жүктiң атауы;

      10) автокөлiк құралының жүксiз жабдықталған салмағы;

      11) жүру жолындағы бақылаушы органдардың бланкiнiң үзбелік бөлiгiнде орналасқан белгiлерi мен мөрiне арналған орындар;

      12) бланкiнi пайдалану бойынша негiзгi нұсқаулар;

      13) бланкінің негізгі және үзбелі бөліктеріндегі штрих-коды.

      63. Автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi кезiнде бақылаушы органның белгiсi бар отандық рұқсат бланкiсiнiң үзбелі бөлiгi бақылаушы органда қалады және аумақтық органдарға жiберiледi.

      64. Отандық тасымалдаушыларға шетелдiк рұқсат бланкiлерiн беру сенiмхат болған жағдайда жүкқұжаттар бойынша (серияларын және шетелдiк рұқсаттардың нөмiрлерiн көрсете отырып) жүзеге асырылады.

      65. Жыл сайын 5 қаңтарға дейiнгi мерзiмде аумақтық мемлекеттік кірістер органдары пайдаланылмаған отандық рұқсаттарды алынған орны бойынша аумақтық органға қайтаруды жүзеге асырады.

      66. Мемлекеттік аумақтық кірістер органдары ай сайын үшiншi күннен кешiктiрмей аумақтық органдарға Қазақстан Республикасының аумағы арқылы шетелдік автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi бойынша есептi және шетелдік автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алымды төлегенi туралы түбiртектерi бар жүкқұжаттардың көшiрмелерiн ұсынады.

  Қазақстан Республикасының
халықаралық қатынастағы
автомобильмен
тасымалдауларында рұқсат беру
жүйесін қолдану қағидаларына
1-қосымша

      Нысаны ________________________________________________________________________________

      (көліктік бақылау органының атауы)

Жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға, жүктерді тасымалдауға шетелдік рұқсатты алуға өтініш

      ________________________________________________________________________________

      (дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе заңды тұлғаның атауы)

      Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) / бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)

      _______________________________

      Жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға және жүктерді тасымалдауға мынадай

      шетелдік рұқсаттар беруді сұраймын:

№ Р/с

Ел

Рұқсат түрі

Рұқсат жылы

Рұқсаттар саны
















      Мекенжайы

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №, телефон, факс)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін

      ________________________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      Мөр орны (болған жағдайда))

      * Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар үшін мөрдің болуы талап етілмейді.

  Қазақстан Республикасының
халықаралық қатынастағы
автомобильмен
тасымалдауларында рұқсат
беру жүйесін қолдану
қағидаларына
2-қосымша

"Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы бойынша жүріп өтуіне рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.11.2022 № 666 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: "Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы бойынша жүріп өтуіне рұқсат беру".
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1) Жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға бланкілер беру;
2) Жүк тасымалдарына бланкілер беру.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары.

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Барлық кіші түрлері мыналар арқылы:
Мемлекеттік корпорация;
портал.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым сомасын төлеу үшін хабарлама беру (бұдан әрі - хабарлама) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап - 2 (екі) жұмыс күні;
жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға шетелдік рұқсатты немесе жүктерді тасымалдауға шетелдік рұқсаттарды беру (көрсетілетін қызметті берушіге алым сомасының республикалық бюджетке төленгенін растайтын төлем құжаты келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде) - 1 (бір) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Барлық кіші түрлері мыналар арқылы:
электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Қағаз түрінде жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға және жүктерді тасымалдауға шетелдік рұқсат (бұдан әрі – шетелдік рұқсат) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
Халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 554 бабы 2 тармағында белгіленген алым мөлшерлемесі бойынша республикалық бюджетке төленеді және алым төленген күнгі қолданыстағы бір айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Алым сомасын төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы немесе "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

7

Көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушіде - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі;
2) Мемлекеттік корпорацияда - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша, жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі, портал арқылы кезекті броньдауға болады;
3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін Көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін қажетті құжаттар тізбесі мен мәліметтері

Көрсетілетін қызметті алушы (не өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) Мемлекеттік корпорацияға:
жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттар (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
шетелдік рұқсатты алуға өтініш.
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат (хабарлама түскен сәттен бастап).
2) порталға:
порталда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
"Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымалы мүлікке құқық белгілейтін құжаттар, жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру туралы куәлік, автокөлік құралдарына рұқсат беру карточкалары, жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия туралы мәліметтер, халықаралық қатынастағы шағын автобустармен (жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде), жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауды, халықаралық қатынаста жүк тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының (ЭҮТШ төлеген жағдайда) Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжатпен, көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады".

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1. Денсаулығы бұзылған, ағза функцияларының тұрақты бұзылуымен оның тыныс-тіршілігін шектейтін көрсетілетін қызметті алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынандай интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) Министрліктің - www. miid. gov. kz "Көлік комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;
2) Мемлекеттік корпорацияның - www. gov4c.kz.
3. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
4. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.
5. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.

  Қазақстан Республикасының
халықаралық қатынастағы
автомобильмен
тасымалдауларында рұқсат беру
жүйесін қолдану қағидаларына
3-қосымша
  (тегі, аты, әкесінің аты
(болған кезде)
(бұдан әрі - Т. А. Ә.) немесе
атауы көрсетілетін қызметті
алушы ұйымының атауы)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № __ бөлімі (мекенжайы:______________________)

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады____________________________________ Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) ______________________________________________________________;

      2) ______________________________________________________________;

      3) ...

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

      __________________________________________            _______________

      (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің) Т. А. Ә.            (қолы)

      Орындаушы. Т.А.Ә.__________________

      Телефон___________________________

      Алды: __________________________ _________________________

      Көрсетілетін қызметті алушының Т. А. Ә. қолы

      _____жылғы "___" ______________

  Қазақстан Республикасының
халықаралық қатынастағы
автомобильмен
тасымалдауларында рұқсат беру
жүйесін қолдану қағидаларына
4-қосымша

      Нысаны

      ________________________________________________________________________________

      (көліктік бақылау органының атауы)

Күнтiзбелiк бiр жылға қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсатты алуға өтініш

      ________________________________________________________________________________

      (дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе заңды тұлғаның атауы)

      Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) / бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)

      _______________________________

      Күнтiзбелiк бiр жылға қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға

      арналған шетелдік рұқсатты мынадай көлік құралдарына беруді сұраймын:

№ р/с

Маршрут

Көлік құралының түрі/(класс)

Көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі













      Мекенжайы

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №, телефон, факс)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін

      ________________________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      Мөр орны (болған жағдайда))

      * Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар үшін мөрдің болуы талап етілмейді.

  Қазақстан Республикасының
халықаралық қатынастағы
автомобильмен
тасымалдауларында
рұқсат беру жүйесін қолдану
қағидаларына
5-қосымша

"Халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруге (кетуге) рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.11.2022 № 666 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: "Халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруге (кетуге) рұқсат беру".

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары.

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Мыналар арқылы:
Мемлекеттік корпорация;
портал.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
тұрақты негізде халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым сомасын төлеу үшін хабарлама беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап - 2 (екі) жұмыс күні;
қолданылу мерзімі күнтізбелік бір жылға жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсатты беру (көрсетілетін қызметті берушіге алым сомасының республикалық бюджетке төленгенін растайтын төлем құжаты келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде) - 1 (бір) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Қолданылу мерзімі күнтізбелік бір жыл болатын жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға шетелдік рұқсаты қағаз түрінде не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес күнтізбелік бір жылға шетелдік рұқсатты ала отырып, тұрақты негізде халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 554 бабы 2 тармағында белгіленген алым ставкасы бойынша республикалық бюджетке төленеді және алым төленген күні қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген алым сомасын құрайды.
Төлеу қолма - қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы немесе ЭҮТШ арқылы жүзеге асырылады.

7

Көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша, жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі;
2) Мемлекеттік корпорацияның - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша, жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі, портал арқылы кезекті броньдауға болады;
3) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін Көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін қажетті құжаттар тізбесі мен мәліметтері

Көрсетілетін қызметті алушы (не өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) Мемлекеттік корпорация: жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттар (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
шетелдік тасымалдаушымен бірлескен қызмет туралы шарттың көшірмесі.
қолданылу мерзімі күнтізбелік бір жыл болатын жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға шетелдік рұқсатты алуға өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес күнтізбелік бір жылға шетелдік рұқсатты ала отырып, тұрақты негізде халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат (хабарлама түскен сәттен бастап).
2) порталға: порталда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сынен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
шетелдік тасымалдаушымен бірлескен қызмет туралы шарттың электронды көшірмесі.
"Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымалы мүлікке құқық белгілейтін құжаттар, жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау (жолаушылар мен багажды халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде) жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензияны, жолаушылар мен багажды халықаралық қатынаста ЭҮТШ арқылы тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады."

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1. Денсаулығы бұзылған, ағза функцияларының тұрақты бұзылуымен оның тыныс-тіршілігін шектейтін көрсетілетін қызметті алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығына арқылы жүгіну арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынандай интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) Министрліктің - www.miid.gov.kz "Көлік комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі;
2) Мемлекеттік корпорацияның - www.gov4c.kz.
3. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
4. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.
5. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондқ нысанда алады.