Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.06.2017 № 383 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидалары бекітілсін
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.06.2017 № 383 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің өңіраралық инспекцияларының көліктік бақылау посттарының жұмысын ұйымдастырсын.
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы | Д. Көтербеков |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 362 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.04.2018 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық органдарының Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.03.2019 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Комитеттің аумақтық органдарының көліктік бақылау бекеттерінің негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңнама талаптарының, Қазақстан Республикасымен ратификациялаған халықаралық шарттардың сақталуын, автомобиль жолдарының, жол құрылыстарының сақталуын және олармен жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
4. Комитеттiң аумақтық органдарының көлiктiк бақылау бекеті қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлiк құралдарының жүрiп өтуiн мемлекеттiк бақылауды жүргiзуге байланысты қызметi автомобиль тасымалдары саласындағы халықаралық шарттармен, Қазақстан Республикасының көлiктiк және салықтық заңнамаларымен, "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі кодексiмен (бұдан әрі – ӘҚБтК), "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығымен, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", 2015 жылғы 18 қарашадағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдарымен, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң нормативтiк-құқықтық актiлерiмен, сондай-ақ осы Қағидалармен регламенттеледi.
5. Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар мен терминдер:
1) арнайы автоматтандырылған өлшеу құралы – метрологиялық салыстырып тексерістен өткен, фото, бейне түсіруді жүзеге асыратын, автоматты режимде жұмыс істейтін, көлік құралдарының түрін, маркасын, мемлекеттік тіркеу белгісін, салмақтық және (немесе) габариттік параметрлерін және қозғалыс жылдамдығын тіркейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық жабдығы;
2) жылжымалы көліктік бақылау бекеті – арнайы автокөлік базасында ұйымдастырылған, техникалық бақылау, байланыс құралдарымен және жабдықпен жарақталған көліктік бақылау бекеті;
3) көліктік бақылау бекеті (бұдан әрі – КББ) – техникалық бақылау құралдарымен жарақтанған, күрделі ғимаратпен немесе арнайы автокөлікпен жабдықталған стационарлы немесе жылжымалы өткізу-бақылау пункті;
4) көлік құралының салмақтық және габариттік параметрлерін өлшеу – метрологиялық салыстырып тексерістен өткен және тиісті сертификаты бар өлшеу құралы мен көлем шеңберлері, сондай-ақ стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығы немесе жылжымалы мобильді таразылар көмегімен көлік құралдарының габариттік параметрлерін және жалпы массасы мен білікке түсетін жүктемесін айқындау процесі;
5) көлiктiк бақылау бекетінің ауысымы – аумақтық көлiктiк бақылау органдарының екi немесе үш қызметкерiнен тұратын, бекiтiлген кестеге сәйкес стационарлық және жылжымалы көлiктiк бақылау бекеттерінде қызмет атқару үшiн белгiленген ауысым;
6) нақнұсқа - салмақтық параметрлерін өлшеу кезінде көлік құралының біліктерінің жүктемелерін біркелкі бөлуге арналған жылжымалы мобильді таразылар үлгідегі салмақ өлшеу жабдығының бөлігі;
7) портативті алып жүретін бейнетіркегіш (бұдан әрі – бейнежетон) – ККБ қызметкерлерінің аудиобейнежазбаны жүзеге асыруға арналған техникалық құрылғы;
8) спутниктік навигация аппаратурасы – көлік құралының ағымдағы орналасқан жерін, бағытын және қозғалыс жылдамдығын кемінде екі қолданыстағы жаһандық навигациялық спутниктердің сигналы бойынша оны айқындау, қосымша борттық жабдықпен деректермен алмасу, сондай-ақ радиотелефон байланысының жылжымалы желілері бойынша ақпарат алмасу үшін автокөлік құралына орнатылатын аппараттық-бағдарламалық құрылғы;
9) стационарлық көліктік бақылау бекеті – күрделі ғимаратпен жабдықталған және техникалық бақылау, байланыс құралдарымен және жабдықпен жарақталған көліктік бақылау бекеті;
10) телевизиялық бейнебақылау жүйесі – объектінің жай-күйі туралы көрсетілімдерді алуға арналған техникалық, ақпараттық, бағдарламалық және пайдалану үйлесімділігі бар бірлесіп әрекет ететін техникалық құралдардың жиынтығы.
2-тарау. Көліктік бақылау бекеттерін жұмысын ұйымдастыру тәртібі
6. Стационарлық және жылжымалы КББ жүк құраушы нүктелер, автомагистральдардың қиылыстары аймақтарында және негізгі халықаралық көлік дәліздерінде орналасады. Стационарлық көлiктiк бақылау бекеттерінің тiзбесi "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткiзу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көлiктiк бақылау бекеттерінің тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 697 қаулысымен бекітілген.
Қазақстан Республикасының аумағында көліктік бақылауды жүзеге асыру бойынша жылжымалы КББ-нің маршруты, сондай-ақ оған өзгеріс енгізу Комитет төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
7. КББ-нің штат саны, КББ ауысымы мен оның құрамын Комитеттiң Көлiктiк бақылау инспекциясының (бұдан әрi – Инспекция) басшысы бөлген қаражатқа және Инспекцияның автомобиль көлiгiндегi бақылау бөлiмiнің штат санына сәйкес белгiлейдi.
8. КББ-нің жұмыс режимі кестеге сәйкес айқындалады, онда КББ қызметкерлерінің бақылауды атқару күндері мен сағаттары (ауысымдары), сондай-ақ олардың демалуы үшін және тамақ ішуге бөлінген уақыт көрсетіледі.
Жылжымалы КББ-нің жұмыс режимі әртүрлі тәулік сағаттарында, жыл мезгілдерінде көлік құралдары қозғалысының қарқындылығын, көлік құралдары ағымының эпизодтық тәуліктік немесе маусымдық артуын негіздейтін, автомобиль көлігінде қызмет ететін шаруашылық субъектілерінің жұмыс режимін ескере отырып айқындалады.
9. Стационарлық КББ жұмыс үшін Стационарлық көліктік бақылау бекеттерінің жабдығы мен мүлік тізбесіне сәйкес осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес қажетті жабдықпен және мүлікпен жарақтандырылады.
Жылжымалы КББ жұмыс үшін Жылжымалы көліктік бақылау бекеттерінің жабдығы мен мүлік тізбесіне сәйкес осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес қажетті жабдықпен және мүлікпен жарақтандырылады.
10. КББ ауысымының жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес әзірленеді және Инспекция басшысы немесе оны алмастыратын адам бекітеді.
Стационарлық КББ тәулік бойы жұмыс істейді.
11. Жылжымалы КББ әрбір ауысымына, осы Қағидалардың 6-тармағымен айқындалған жағдайларды есепке алғанда, маршрут карточкасы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.
Жылжымалы КББ маршрут карточкасын Инспекцияның автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы немесе оны алмастыратын адам екі данада жасайды, олардың біреуі Инспекцияда сақталады, басқасы жылжымалы КББ ауысымына тапсырылады.
Маршруттың карточкалары күнтізбелік бір жылға дейін Инспекцияда сақталады.
Инспекция басшысы КББ-де тиесілі құрылғылар мен мүліктерді салыстыруға және қызмет көрсетуге, КББ қызметкерлерінің осы Қағиданың талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді.
Автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы қызмет атқару кезінде КББ-нің тиісінше жұмыс істеуіне жауапты, ауысымның ішінен КББ-нің аға қызметкерін тағайындайды.
12. Жылжымалы КББ табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін тартылуы мүмкін.
13. Көліктік бақылау органдарының арнайы автокөлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуы тиіс және "Жылжымалы көліктік бақылау бекеті – Передвижной пост транспортного контроля" жазуымен және Комитеттің логотипімен белгіленеді.
14. Жылжымалы КББ-де көліктік бақылауды жүргізу кезінде қызғылт сары немесе сары түсті жарқылдауық маягі іске қосылып тұруы керек.
КББ қызметкерлері автомобиль көлігі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде нысанды киім (погонсыз) киюге, олардың нөмірлі омырау белгілері және қызметтік куәліктері не сәйкестендіру карталары болуы тиіс.
Осы Қағидаларың 15, 16, 32 және 34-тармақтарында көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асыру кезінде аудио, бейнежазба бейнежетон арқылы, ал ол болмаған жағдайда аудио, бейнежазба құралдарымен (фото, -бейнекамера, аудио, бейнежазба функциясы бар ұялы байланыстық абоненттік құрылғысы) жүргізіледі. Бейнежетондарды немесе аудио, бейнежазба құрылдарын пайдалану процесінде КББ қызметкері құрылғыларда белгіленген күні мен уақытының, аккумулятор зарядының жеткілікті деңгейінің дәлдігіне көз жеткізеді.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.03.2019 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 19.03.2020 № 153 (01.06.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.15. Стационарлық КББ-де және оның қарамағына жататын алаңдарда, сонымен қатар жылжымылы КББ-нің ішінде тоқтатылған көлік құралдарын және оның жүргізушілерін, қоғамдық ұйымдарының, мемлекеттік органдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін (бірлескен іс-шара өткізу кезіңде) есепке алмағанда, бөгде адамдар мен көлік құралдарының болуына рұқсат етілмейді.
КББ қызметкерлері қызметік міндеттерін орындау барысында бөгде адам көліктік бақылау бекетін және оған іргелес аумақты босатудан бас тартқан кедергілер болған жағдайда КББ-нің аға қызметкері ӘҚБтК белгіленген тәртіпте және мерзімдерде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғайды.
3-тарау. Көліктік бақылау бекеттерінде көліктік бақылауды жүргізу тәртібі
16. КББ қызметкерi көлiктiк бақылау жүргiзудi мынадай тәртiппен қамтамасыз етедi:
1) КББ бейнебақылау камерасының көрініс аймағында көлiк құралын (жүк автомобильдерi, мамандандырылған және арнайы автомобильдер) дауыс зорайтқыш құрылғының көмегімен, ысқырып сигнал берумен бір уақытта жүргізушіге түсінікті және орындалуы авариялық жағдай туғызбайтындай етіп уақтылы берілуі тиіс көлік құралына бағытталған қол қимылымен немесе жезлмен сигнал беруі арқылы тоқтауды қамтамасыз етеді;
2) көлік құралына кідірмей жақын келеді, өзін таныстырады, көлік құралын тоқтату себептерін түсіндіреді және жүргізушінің талабы бойынша танысу және тегі мен лауазымын анықтау үшін қызметтік куәлігін не сәйкестендіру картасын жүргізушіге берместен, оны көрсетеді;
3) мыналарды сұрайды:
көлік құралын басқару құқығын беретін жүргізуші куәлігін немесе жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлігін және жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжатты;
көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті не болмаса көлік құралына меншік құқығы туралы куәландыратын құжатты;
жол парағын, алып жүретін жүкке арналған құжатты (тауар-көліктік жүкқұжатты, ілеспе және рұқсат құжаттарды);
4) ілеспе және рұқсат құжаттары үй-жайдағы немесе арнайы автокөлік салонындағы КББ-нің қызметкеріне тапсырады;
5) өлшеу құралын, сонымен бірге стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығы немесе жылжымалы мобильді таразыларды қолану арқылы, осы Қағидалардың 6-тарауында айқындалған тәртіпте, көлік құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін өлшейдi;
6) жүргізуші көлік құралын тоқтату туралы немесе тексеріске қажетті құжаттарды ұсыну туралы не көлік құралының нақты салмақтық және габариттік параметрлерді өлшеу туралы талаптарды орындамаған жағдайда, ӘҚБтК көзделген тәртіпте және мерзімде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау үшін үй-жайдағы немесе арнайы автокөлік салонындағы КББ-нің қызметкеріне көлік құралының және жүргізушінің (болған жағдайда) деректерін хабарлайды.
Стационарлы КББ бір мезетте 3 автокөлік құралынан артық, ал жылжымалы КББ 2 автокөлік құралынан артық тоқтатуға және тексеруге жол берілмейді.
Аталған тармақтың екінші тармақшасындағы әрекет автоколонналарға, арнайы және мамандандырылған автокөлік құралдарына, шетел автокөлік құралдарына, қауіпті жүк тасымалдаушы және тиісті тану белгілері бар автокөлік құралдарына, бұзушылығы ААӨҚ арқылы тіркелген автокөлік құралдарына, конструкциясы мен тағайындауы бойынша ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүктерді тасымалдауға арнайы бейімделген автопоездарға таралмайды.
Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.03.2019 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.03.2020 № 153 (01.06.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.17. Үй-жайдағы немесе арнайы автокөлік салонындағы КББ-нің қызметкері:
1) жүк тасымалдарын автомобиль көлігімен жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың болуын және олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді;
2) тексерілген барлық көлік құралдары туралы мәліметтерді көліктік дерекқордың ақпараттық-талдамалық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді;
3) әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін көрсететін Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес болмаған жағдайда, ӘҚБтК белгіленген тәртіппен және мерзімдерде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізеді;
Осы тармақтың 1) тармақшасымен көзделген КББ қызметкерлерінің іс-әрекетіне рұқсат етілген ең ұзақ уақыт – 10 минут.
Осы тармақтың 3) тармақшасымен көзделген КББ қызметкерлерінің іс-әрекетіне рұқсат етілген ең ұзақ уақыт – 60 минут.
Осы тармақтың 2) тармақшасымен көзделген іс-әрекеттерді орындау үшін азаматтық қызметшілерді жұмылдырылуы мүмкін.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.03.2019 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. КББ қызметкерлері жеке және заңды тұлғалардың, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес бақылау нәтижелері туралы актінің (бұдан әрі – бақылау нәтижелері туралы акті) нысанында қарастырылған автомобиль көлігінде қауіпсіздігінің талаптары сақтауын қамтамасыз етедi.
19. Бақылаудан өту бақылау нәтижелері туралы актінің нысанын толтыру, оған және жүргізуші ұсынатын рұқсат құжаттарына (бар болған жағдайда) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес мөртабан үлгісіне сәйкес мөртабан қою арқылы ресімделеді.
КББ-нің аға қызметкері мен жүргізушінің қолдары қойылған тексеру нәтижелері туралы актінің көшірмесі тексерілген көлік құралының жүргізушісіне беріледі.
Жүргізушіде мөртабан қойылған бақылау нәтижелері туралы актінің көшірмесі болған жағдайда, Қазақстан Республикасының автомобиль қозғалысы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес басқа КББ-де қосымша тексеріс жүргізілмейді.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.03.2019 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Бақылаудан өту туралы мөртабан:
1) Қазақстан Республикасының резиденттері емес шетел тасымалдаушылары үшін рұқсат құжаттарының екінші жағына (бар болған жағдайда), сонымен бірге бақылау нәтижелері туралы актісіне;
2) Қазақстан Республикасының резиденттері болатын отандық тасымалдаушылар үшін бақылау нәтижелері туралы актісіне қойылады.
Бақылаудан өту туралы мөртабан көлік құралын жүк жөнелтуші пломбалаған жағдайда қойылады.
Пломба үзілсе және жүргізушіде мөртабан қойылған бақылау нәтижелері туралы актінің көшірмесі болған жағдайда, көлік құралының нақты салмақтық және габариттік параметрлері басқа КББ-де бақылау жүргізіледі.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.03.2019 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. Әкімшілік құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында оны жасауда күдікті адамның тұлғасын анықтау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру оны әкімшілік құқық бұзушылық жасалған орында мүмкін болмаған жағдайда, істің уақтылы және дұрыс қаралуын және іс бойынша қабылданған қаулыны орындауды қамтамасыз ету үшін КББ қызметкері өз өкілеттігі шегінде ӘҚБтК бекітілген тәртіппен және мерзімдерде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қамтамасыз ету шараларын қабылдайды.
ӘҚБтК кодексiнде көзделген бұзушылықтар жасалған кезде көлiк құралы арнайы алаңдарға, тұрақтарға немесе стационарлық көлiктiк бақылау бекетiне iргелес жатқан алаңдарға жеткiзіледі.
22. КББ қызметкерлері арнайы жабдықталған жерде салық салу саласындағы уәкілетті органдармен бекітілген нысан бойынша қатаң есептіліктегі бланктердің негізінде алым сомасын қолма-қол ақшалай қабылдайды.
23. Банкке және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қабылданған қолма қол ақшалай алым сомалары Салық кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
4-тарау. Көліктік бақылау бекеттерінің Комитеттің Ахуалдық орталығымен өзара іс-қимыл тәртібі
24. КББ қызметкерлері көліктік бақылауды жүзеге асыру кезінде:
1) кезекшілікке келген уақытта кезекшілікке келетін қызметкерлер туралы (Т.А.Ә., лауазымы), КББ-нің жабдығы мен мүлкінің тізбесіне кіретін жабдықтардың жай-күйіне, жылжымалы КББ-нің маршруты және ағымдағы жағдайы;
2) ұстағаннан соң 20 минут ішінде ұсталған автокөлік құралы туралы мәліметтерді хабарлайды;
3) жылжымалы КББ-нің маршрутын ауыстыру қажеттілігі болған жағдайда жоспарланған орындардың орналасу жерін (автомобиль жолының бағыты, километр, елді мекеннің атауы) көрсете отырып;
4) жылжымалы КББ-нің іштен жану қозғалтқышының, трансмиссияның, қозғалыс бөліктерінің және басқа жабдықтар сынған жағдайда;
5) телевизиялық бейнебақылау жүйесі және бейнежетон істен шыққан жағдайда;
6) стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығы немесе жылжымалы мобильді таразыларының ақаулығы болған жағдайда немесе олардың техникалық сипаттатамалары ағымдағы ауа-райы жағдайларына сәйкес келмесе;
7) осы Қағидалардың 15 және 34-тармақтарында көзделген жағдайларда;
7-1) кестеден ауытқып кеткен жағдайда демалуға және тамақ ішуге арналған үзілістің басталуы мен аяқталуы туралы.
8) штаттан тыс жағдайлар пайда болған жағдайда Комитеттің Ахуалдық орталығына хабарлайды.
Қағидалардың осы тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген жағдайлар пайда болған жағдайда КББ-де көліктік бақылауды жүзеге асыруға, ақауларды жойғанға дейін, жол берілмейді.
Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.03.2019 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5-тарау. Автомобиль тасымалдаушыларымен өзара қарым-қатынас және жеке қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету
25. КББ қызметкерлерінің тасымалдаушылармен өзара қарым-қатынастары заңдылықты қатаң сақтауға, өзінің лауазымдық өкілеттіктерін нақты орындауға, азаматтарға игі ниетпен және құрметпен қарым-қатынас жасаумен құқық бұзушылықтың алдын алуда және жолын кесуде қатаңдықтың, батылдықтың және принципшілдіктің үйлесімділігіне негізделеді.
26. Әкімшілік жауапкершілікке тарту кезінде КББ қызметкерлері бұзушыларға олардың ӘҚБтК-не сәйкес құқықтарын түсіндіреді:
1) хаттамамен және iстiң басқа да материалдарымен танысуға;
2) түсiнiктемелер беруге, хаттаманың мазмұны мен ресiмделуi жөнiнде ескертулер жасауға;
3) дәлелдемелер ұсынуға;
4) өтiнiшхаттар мен қарсылықтарды мәлiмдеуге;
5) қорғаушының заң көмегiн пайдалануға;
6) iсті қарау кезінде ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде сөйлеуге және егер iс жүргiзiлiп отырған тiлдi бiлмесе, аудармашы көрсеткен қызметтерді өтеусіз пайдалануға;
7) iс бойынша іс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларының қолданылуы бойынша, нақты деректерге және мән-жайларға сәйкес келмейтін мәліметтер көрсетілген жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасауда заңның бұзылуына, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға және iс бойынша қаулыға шағым жасауға;
8) үзiндi көшірме алуға және iстегi құжаттардың көшiрмелерiн түсiрiп алуға;
9) өзiне осы Кодексте берiлген өзге де процестік құқықтарды пайдалануға құқылы.
27. КББ қызметкері көлік құралдарының жүріп өтуіне бақылауды жүзеге асыру кезінде өзінің жеке қауіпсіздігі бойынша мынадай негізгі шараларды сақтайды:
1) қызметтік міндеттерін орындау кезінде жол қозғалысының қатысушыларына айқын көріну және дер кезінде құқық бұзушылықтың алдын алу мүмкіндігіне ие болу үшін орын таңдайды;
2) тәуліктің қараңғы кезінде және көру мүмкіндігінің шектеулі жағдайында жарықтандырылған жол учаскелерінде бақылау жүргізеді, жарық шығаратын жезл мен жарық шағылдырғыш нысаны болады;
3) жол жамылғысының тайғақ учаскесінде тұруына болмайды;
4) тәуліктің қараңғы кезінде көлік құралдарын тоқтату үшін жолдың ең жарық учаскесін таңдайды, мүмкін болмаған жағдайда – арнайы автокөлік құралы фарының немесе арнайы жарық сигналдарының жарығын пайдаланады;
5) егер көлік қозғалысына немесе өзінің жеке қауіпсіздігіне кедергі келтіретін болса, жол жиегінде тұрып құқық бұзушылықты болдырмайды.
Жеке қауіпсіздігіне қауіп төнген жағдайда Ахуалдық орталықпен келісім бойынша көліктік бақылауды қауіп жағдайды жоюға дейін жүзеге асыруы тоқтатылады.
6-тарау. Көлік құралының нақты салмақтық және габариттік параметрлеріне өлшеу жүргізу тәртібі
28. Көлік құралдарының нақты салмақтық және габариттік параметрлерін тексеру және олардың Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген, жол берілетін параметрлерден асып кету шамасын айқындау арқылы ірі габаритті және ауыр салмақты көлік құралдарының жүріп өтуін көліктік бақылау мыналарды:
1) өлшеу құралы мен көлем шеңберлерін;
2) стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығын немесе жылжымалы мобильді таразыларды;
3) арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалана отырып жүргізіледі.
Метрологиялық салыстырып тексерістен өтпеген немесе метрологиялық салыстырып тексеру мерзiмi өтiп кеткен өлшеу құралы мен көлем шеңберлерін, стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығын немесе жылжымалы мобильді таразыларды, сондай-ақ арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалануға жол берiлмейдi.
29. Көлік құралының нақты салмақтық параметрлерін өлшеу мынадай ретпен өткізіледі:
1) көлік құралын өлшеуді жүзеге асыру алдында оның мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығын және (немесе) жылжымалы мобильді таразыларға енгізіліп, сондай-ақ онда өлшеу күні мен уақыты белгіленеді;
2) мобильді таразыларда көлік құралының алдыңғы және артқы біліктерінің дөңгелектерін мобильді таразылардың платформаларына кезекпен мінгізу арқылы кезеңмен өлшеу жүзеге асырылады;
3) стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығында көлік құралының алдыңғы және артқы біліктерінің немесе біліктер тобының (екі және үш білікті) дөңгелектерін таразылардың платформаларына кезекпен мінгізу арқылы кезеңмен өлшеу жүзеге асырылады;
4) өлшеу нәтижелері стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығы немесе жылжымалы мобильді таразыларда бейнеленетін мәндердің ауытқуын болдырмайтын күйде таразылардың платформаларында көлік құралы толығымен тоқтаған кезде ғана тіркеледі;
5) көлік құралын өлшеу нәтижелері қағаз тасығышқа шығарылады, көшірмесі жүргізушінің талабы бойынша беріледі.
Көлік құралының нақты салмақтық параметрлерін мобильді таразыларда өлшеу Комитеттің келісімі бойынша Инспекция басшысы бекеткен тізбеге сәйкес алдын ала дайындалған алаңдарда жүргізіледі.
Көлік құралының нақты салмақтық параметрлерін өлшеуге арналған алаң жол жабындысында орналасуы керек, жолдың жарықтандырылған учаскелерінде, сонымен қатар көлік құралының барлық осьтері бірқалыпты деңгейді сақтайтындай болуы керек.
Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында орналасқан көлік құралының нақты салмақтық параметрлерін өлшеуге арналған алаңдар мобильді таразының платформасының биіктігі енетіндей тереңдікте болу қажет.
Елді мекендердің көшелерінде біліктер топтарына көлік құралдардың салмақ өлшеуі нақнұсқаларды қолдана отырып жүргізіледі.
Осы тармақтың 4-бөлігінде көрсетілген алаңдар болмаған жағдайда, мобильдық таразыларын көмегімен көлік құралының нақты салмақтық көлемін өлшеу көлік құралының барлық біліктерінің біркелкілігін қамтамасыз ететін жол жабынында біліктер топтарына нақнұсқаларды қолдана отырып жүргізіледі.
Стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығы немесе жылжымалы мобильді таразылары дұрыс жұмыс істемеген кезде немесе олардың техникалық сипаттамалары сол уақыттағы ауа-райы шарттарына сәйкес келмеген кезде көлік құралының нақты салмақтық параметрлері өлшеу жүргізілмейді.
Осы тармақтың 1-5) тармақшасымен көзделген КББ қызметкерлерінің іс-әрекетіне арналған ең ұзақ уақыт – 20 минут, ал 6 (алты) және одан көп білікті автокөлік құралына көліктік бақылау жүргізілген кезде мұндай іс-әрекеттерге арналған максималды рұқсат етілген уақыт – 30 минут.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.03.2019 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.30. Автокөлік құралдарының нақты салмақ параметрлері рұқсат етілгеннен параметрлерден 1 тоннаға асып жүріп өту кезінде, КББ-нің қызметкерлері 6-қосымшасына сәйкес жүргізушіге бұзушылықтың орындауы туралы нұсқама береді.
31. "Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 342 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11009 болып тіркелген) (бұдан әрі – Параметрлер) талаптарын ескере отырып, көлік құралының нақты габариттік параметрлерін және сызықтық өлшемін өлшеу көліктің осьтерінің бірқалыптылығын сақтайтын жол жабынынан немесе басқа да алаңнан оның ұзындығы, ені және биіктігі бойынша шеткі екі нүктенің арасында өлшенеді.
32. Көлiк құралының салмақтық және габариттік параметрлерін өлшеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 206 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оның жүзеге асыру қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11395 болып тiркелген) автокөлік құралының параметрлерін өлшем актісі (бұдан әрі – Акт) дереу жасалады. Акт көшірмесі жүргізушіге және тасымалдаушының талап етуі бойынша ұсынылады.
Жүргізуші Акт көшірмесін алудан бас тартқан жағдайда тиісті жазба жүргізіледі. Жүргізушінің бас тартуын тіркеу техникалық аудиобейнежазба құралының көмегімен жүзеге асырылады.
33. Егер стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығы немесе жылжымалы мобильді таразыларда ақпаратты қағаз тасымалдағышқа басып шығару функциясы болған жағдайда, КББ қызметкерлері оларда белгіленген күні мен уақытының, сондай-ақ тексеріліп жатқан көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің дәлдігіне көз жеткізеді.
Сұйық жүкті тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралдарын өлшеу нәтижелері стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығының және (немесе) жылжымалы мобильді таразылардың платформаларына көлік құралының дөңгелектерін қою салдарынан пайда болатын төгілу және (немесе) толқындарды болдыртпайтын жағдайларды қамтамасыз еткеннен кейін тіркеледі.
Егер нақты салмақтық параметрлері жол берілетін параметрлерден артық анықталған жағдайда қағаз тасымалдағышқа басып шығарған ақпарат әкімшілік іс жүргізу материалдарына қосылады.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.03.2019 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.34. Көлік құралын бақылаулық өлшеу (өлшем) мынадай:
1) жүргізушінің талабы бойынша онымен Актіде көлік құралының салмақтық немесе габариттік параметрлерін айқындау нәтижелерімен келіспеу туралы белгі жасалған кезде;
2) жүргізушінің талабы бойынша арнайы автоматтандырылған өлшеу құралында электронды тақтада (болған жағдайда) көрсетілген рұқсат етілген салмақтық габариттік параметрлерінің асқандығы туралы ақпаратпен келіспеген жағдайда;
3) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары қабылдаған және Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлеріне сәйкес келтірілгеннен кейін;
4) осы тармақтың 2-тармақшасымен көзделген жағдайларды қоспағанда, көлік құралының жол берілген параметрлерінің асқанын, арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдары арқылы дұрыс өтпеу тіркелген жағдайда, жүргізіледі.
Осы тармақтың 1) тармақшасымен көзделген жағдайда көлік құралын бақылаулық өлшеу (өлшем) Актімен танысу сәтінен бастап 40 қырық минуттан ұзақ болмауы керек.
Осы тармақтың 2) тармақшасымен көзделген жағдайда көлік құралын бақылаулық өлшеу (өлшем) бағдардағы жақын КББ-де және арнайы автоматтырылған өлшеу құралдары арқылы жүріп өту үш сағаттан ұзақ болмағанда өткізіледі.
Көлік құралын КББ аумағына кіретін арнайы алаңшаларда, тұрақтарда немесе алаңшаларда уақытша жеткізу (эвакуациялау) кезінде қорытынды салмақ өлшеу жүргізілмейді.
Автокөлік құралына қатысты бақылаулық өлшеу (өлшем) жүргізілген жағдайда бақылаулық өлшем негіз ретінде алынады.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.03.2019 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.35. Көлік құралының параметрлерін бақылаулық өлшеу Қағидалардың 28, 29, 31, 32, 33-тармақтарында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
Көлік құралын бақылаулық өлшеу (өлшем) көлік құралының КББ бейнебақылау камераларының көру аймағында болған жағдайда жүргізіледі.
Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.03.2019 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.36. Көлік құралының салмақтық параметрлерін өлшеу жылжымалы мобильді таразыларда жүргізілген кезде аудиобейнежазба көлік құралының жалпы түрін, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін, дөңгелектердің платформаларда тұруын, сондай-ақ жылжымалы мобильді таразылардың әр платформасына шығарылған біліктік жүктемелерінің цифрлық деректерін тіркеу арқылы жүзеге асырылады.
Көлік құралының салмақтық параметрлерін өлшеу стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығында жүргізілген кезде аудиобейнежазба көлік құралының жалпы түрін, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін, сондай-ақ дөңгелектердің платформаларда тұруын тіркеу арқылы жүзеге асырылады, бұл ретте стационарлық КББ ғимаратында көрінетін біліктік жүктемелерінің цифрлық деректерінің жазбасы Ахуалдық орталық қызметкерімен телевизиялық бейнебақылау жүйесі көмегімен тіркеу арқылы жүзеге асырылады.
Көлік құралының габариттік параметрлеріне бақылаулық өлшем жүргізген кезінде аудиобейнежазба көлік құралының жалпы түрін, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін, сондай-ақ өлшеу құралы мен көлем шеңберлерін пайдалана отырып, өлшеу барысын тіркеу арқылы жүзеге асырылады.
Осы Қағидалардың 34-тармағының 1) тармақшасымен көзделген жағдайда бастапқы өлшеу (өлшем) мен бақылаулық өлшеу (өлшем) өткізу арасында аудиобейнежазбады үздіксіз (тоқтаусыз) өткізу қажет.
Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.03.2019 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.37. Осы Қағидалардың 29 және 31-тармақтарымен көзделген, көлік құралының нақты салмақтық және габариттік параметрлерін өлшеу жүргізу тәртібін сақтамау фактілері пайда болған жағдайда, Ахуалдық орталық кезекшісі көлік құралының параметрлерін өлшеуді (өлшем) қайтадан жүргізу қажеттілігі туралы нұсқаулар береді.
38. Көлік құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін басқа КББ-мен өлшеу, осы Қағидалардың 34-тармағымен көзделген жағдайларды қоспағанда, тасымалдаушымен мөртабаны қойылған тексеру нәтижелері туралы актінің көшірмесі, не жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын ұсынған кезде жүргізілмейді.
Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.03.2019 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.39. Өлшеу құралы мен көлем шеңберлерінің, стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығының және жылжымалы мобильді таразылардың қателігі тасымалдаушының пайдасына ескеріледі.
Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларына 1-қосымша |
Стационарлық көліктік бақылау бекеттерінің жабдығы мен мүлік тізбесі
1. Стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығы немесе жылжымалы мобильді таразылары
2. Телевизиялық бейнебақылау жүйесі
3. Компьютер
4. Ксерокс
5. Байланыс құралы
6. Өлшеу құралдары (көлем шеңберлері, рулетка, сызғыш)
7. Термометр (жаз мерзімінде бақылау үшін)
8. Өрт сөндіру және алғашқы медициналық жәрдем көрсету құралы
9. Қатаң есептегі бланкілерді сақтау сейфі
10. Қызметкерлер үшін жұмыс орындары
11. Арнайы автокөлік
12. Ақпараттық стенд
13. Нормативтік-техникалық құжаттама
14. Көлік құралдарын тоқтату үшін жезл
15. Аудиобейнежазба құрылғысы
16. Бейнежетон
17. Электрмен жабдықтау жүйесі
Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларына 2-қосымша |
Жылжымалы көліктік бақылау бекеттерінің жабдығы мен мүлік тізбесі
1. Жылжымалы мобильді таразылар
2. Бейнетіркегіш
3. Телевизиялық бейнебақылау жүйесі
4. Спутниктік навигация аппаратурасы
5. Компьютер немесе ауыспалы ноутбук
6. Ксерокс
7. Ұтқыр байланыс құралы
8. Өлшеу құралы (рулетка, сызғыш)
9. Термометр (жазғы уақытта бақылау үшін)
10. Өрт сөндіру және алғашқы медициналық көмек көрсету құралы
11. Қатаң есептегі бланкілерді сақтау сейфі
12. Нормативтік-техникалық құжаттама
13. Көлік құралдарын тоқтату үшін жезл
14. Қызғылт сары немесе сары түсті жарқылдауық маягі
15. Дауыс күшейткіш құрылғысы
16. Аудиобейнежазба құрылғысы
17. Бейнежетон
Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
МАРШРУТ КАРТОЧКАСЫ
жылжымалы көліктік бақылау бекетінің № ___________________________________________
________________________________________________________________________________
(көліктік бақылау органның атауы)
Көліктік бақылауды жүзеге асыру маршруты _________________________________________
________________________________________________________________________________
(километрдің көрсетуімен автожолдың атауы)
Бақылауды өткізу кезеңі ___________________________________________________________
(бақылауды өткізу күні мен уақыты)
Ұзақтығы, километр______________________________________________________________
Ауысымның құрамы______________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы)
№ | Автожолдың бақылауға алынған учаскесінің атауы мен км | Бақылауды өткізу уақыты | ЖКББ ауысым қызметкерінің қолы |
Маршрут карточкасы берілді____________________________________ __________ ________
(Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы) (қолы) (күні)
Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Тексеру нәтижелері туралы акті
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.03.2019 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Көліктік бақылау бекеті __________________
Тексерілетін АКҚ-ның мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілері
____________________________________________________________
Тексеруді жүзеге асырған қызметкердің (Т.А.Ә. (болған жағдайда),
(лауазымы)
_____________________________________________________________
"Жүк жөнелтушінің атауы: _________________________________________.
Тасымалдаушының атауы: __________________________________________.
Жол жүру бағыты _________________________________________________.
"Жүкті пломблау туралы ақпарат:
_________________________________________________________________.
(бақылаулық (сауда) белгілері немесе тисктің нөмірі)
*Жоспарланған келу күні " " _______ 20__ж.
*Жоспарланған келу күні тағайындалған пунктке дейінгі арақашықтыққа байланысты анықталады.
№ | Тексеру өткізу кезінде қолданылатың заңнама талаптары | Сәйкестігі (иә/жоқ) | Ескертпе |
1 | Алып жүретін жүкке арналған ілеспе құжаттардың болуы (жол парағы, ТКЖ/CMR, коносамент, МДП/ТИР карнет, автокөлік құралдарына рұқсат беру карточкасы, рұқсат бері куәлігі, жолаушылар тізімі) | ||
2 | Ауысым алдындағы техникалық және медициналық қарап тексерудің болуы | ||
3 | ҚЖХЖТ талаптарына сәйкестігі | ||
4 | Қауіпті жүктің әрбір түріне жүргізушілерге арналған нұсқаулықтың болуы | ||
5 | 1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүктерді тасымалдауға арнайы рұқсаттың болуы | ||
6 | Арнайы рұқсаттың болуы (салмақ-габариттік параметрлер асқан жағдайда) | ||
7 | Авариялық жағдайда іс-қимыл жасау жоспарының болуы | ||
8 | Тасымалдау маршрутының сәйкестігі | ||
9 | ҚЖХЖТ және ЖҚҚ-ға сәйкес тану белгілерімен жабдықталуы туралы | ||
10 | Жүргізушілердің қолданыстағы тексеру сертификаттарымен еңбек және демалыс режимін тіркейтін бақылау құрылғыларымен (тахографтармен) жабдықталуы | ||
11 | Көлік құралының салмақ-габариттік параметрлерінің жол берілетін параметрлеріне сәйкестігі | ||
12 | Тез бүлінетін жүктерді тасымалдау кезінде АКҚ-ның ТБТҚ талаптарына сәйкес куәлігінің болуы | ||
13 | ЕАЭО-ның мүше мемлекеттерінің бақылау органдарымен берілген хабарламалардың болуы | ||
14 | Толтырылған отандық рұқсат бланкісінің болуы | ||
15 | Тауардың шығарылған сертификатының болуы (шот-фактура, инвойс) | ||
16 | ҚР заңнамасында белгіленген максималды рұқсат етілген массаларынан асатын өзі аударғыштарына қатысты ҚР қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау | ||
17 | Билетсіз жолаушылардың жүруін, ҚР елді мекендерінің арасында жолаушыларды тасымалдау фактісін және каботажды тасымалдауды жүзеге асыруды тексеру | ||
18 |
"Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" |
Инспектордың қолы _________________________________________
Тексерілген АКҚ-ны жүргізушінің қолы ___________________________
Мөртабанға арналған орны
Осы тексеру нәтижелері туралы акт автокөлік құралы тауар-көлік жүкқұжатында және (немесе) жол парағында жүк алушымен белгіленген жүкті түсіру пунктіне келген күнге жарамды
Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларына 5-қосымша |
Мөртабан үлгісі
Көлік құралының бақылаудан өткенін ресімдеу төменде көрсетілген үлгiдегi мөртабан қоюмен жүзеге асырылады
___________________________________________________________ |
Мөртабан көк түсті 50х30 милиметр көлемінде тікбұрыш түрінде жасалады.
Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларына 6-қосымша |
Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңнамасының бұзушылықтарын жою туралы ұйғарым
Ескерту. 6-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.03.2019 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
______________ 201_ ж. " " ___________ толтырылу орны толтырылу күні
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 14 қазанындағы Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартының № 24 қосымшасы болып табылатын Үйлестірілген (келісілген) көлік саясаты туралы хаттамасымен анықталған Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы шекарасындағы көліктік (автомобиль) бақылауын жүзеге асыру тәртібінің 4, 5 және 12-тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 154-бабының 3-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476 "Автомобиль көлігі туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 19-7 бабының 1) және 6) тармақшаларына, 15-бабының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 362 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларына сәйкес, "_________________ бойынша көліктік бақылау инспекциясы" РММ-сі (бұдан әрі – КБИ) 201_ жылғы " " _____________ №__________ автокөлік құралының параметрлерін өлшеу актісі негізінде, көліктегі келесі бұзушылықты _________________________________________ жоюды ұйғарады. (тасымалдаушы)
Бұзушылық | Бұзушылықты жою бойынша шаралар | Орындалу мерзімі |
Маркасы ________, мем.нөмірі _________________ автокөлік құралының (бұдан әрі - АКҚ) нақты салмақтық және көлемдік параметрлерін тексеру кезінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 342 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерінен асырып ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты АКҚ (керегі сызылсын) арнайы рұқсатсыз жүріп өту дерегі анықталды. |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 206 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оны жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағида) 30-тармағымен көзделген тәртіпте тасымал: | 5 (бес)жұмыс күні |
2) Заңның 19-11-бабымен және Қағидалармен белгіленген тәртіпте АКҚ жол берілетін параметрлерден асырып толық жүру бағытына арнайы рұқсат алынған жағдайларда жалғасады. | мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес |
Ескертпе: Осы ұйғарымды орындамаған немесе тиісті түрде орындамағаны үшін 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабының 3-бөлігімен жауапкершілік көзделген.
Берген: _____________________________________________________ ____________________
КБИ маманының лауазымы және Т.А.Ә.) (қолы)
Алған: __________________________________________________________________________
(ұйғарымды алған тұлғаның Т.А.Ә. және қолы)
Алған: __________________________________________________________________________
(ұйғарымды алған тұлғанының Т.А.Ә. және қолы)