Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.06.2017 № 383 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидалары бекітілсін
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.06.2017 № 383 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің өңіраралық инспекцияларының көліктік бақылау посттарының жұмысын ұйымдастырсын.
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы | Д. Көтербеков |
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 362 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.10.2020 № 549 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық органдарының Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
3. Комитеттің аумақтық органдарының көліктік бақылау бекеттерінің негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңнама талаптарының, Қазақстан Республикасымен ратификациялаған халықаралық шарттардың сақталуын, автомобиль жолдарының, жол құрылыстарының сақталуын және олармен жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
4. Комитеттің аумақтық органдарының көлiктiк бақылау бекеті қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлік құралдарының жүріп өтуін мемлекеттік бақылауды жүргізуге байланысты қызметі автомобиль тасымалдары саласындағы халықаралық шарттармен, Қазақстан Республикасының көлiктiк және салықтық заңнамаларымен, "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексімен (бұдан әрі – ӘҚБтК), "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексімен (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің нормативтік құқықтық актілерімен, сондай-ақ осы Қағидалармен регламенттеледі.
5. Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар мен терминдер:
1) автоматтандырылған өлшеу станциясы – метрологиялық салыстырып тексеруден өткен, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыратын, автоматты режимде жұмыс істейтін, автомобиль көлігі құралдарының түрін, маркасын, мемлекеттік тіркеу белгісін, салмақтық және габариттік параметрлерін, осьтік жүктемелерін және жүру жылдамдығын тіркейтін сертификатталған арнаулы бақылау-өлшеу техникалық құралдарының, аспаптар мен жабдықтардың зияткерлік көлік жүйесімен интеграцияланған кешені;
1-1) дөңгелекті бұғаттағыш – көлік құралының дөңгелегіне орнатылатын, оның одан әрі қозғалу мүмкіндігін болдырмайтын арнайы бұғаттағыш құрылғы;
2) жылжымалы көліктік бақылау бекеті – арнайы автокөлік базасында ұйымдастырылған, техникалық бақылау, байланыс құралдарымен және жабдықпен жарақталған көліктік бақылау бекеті;
3) көліктік бақылау бекеті (бұдан әрі – КББ) – техникалық бақылау құралдарымен жарақтанған, күрделі ғимаратпен немесе арнайы автокөлікпен жабдықталған стационарлы немесе жылжымалы өткізу-бақылау пункті;
4) көлік құралының салмақтық және габариттік параметрлерін өлшеу – метрологиялық салыстырып тексерістен өткен және тиісті сертификаты бар өлшеу құралы мен көлем шеңберлері, сондай-ақ стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығы немесе жылжымалы мобильді таразылар көмегімен көлік құралдарының габариттік параметрлерін және жалпы массасы мен білікке түсетін жүктемесін айқындау процесі;
5) көлiктiк бақылау бекетінің ауысымы – аумақтық көлiктiк бақылау органдарының екі немесе үш қызметкерінен тұратын, бекітілген кестеге сәйкес стационарлық және жылжымалы көлiктiк бақылау бекеттерінде қызмет атқару үшін белгіленген ауысым;
6) нақнұсқа - салмақтық параметрлерін өлшеу кезінде көлік құралының біліктерінің жүктемелерін біркелкі бөлуге арналған жылжымалы мобильді таразылар үлгідегі салмақ өлшеу жабдығының бөлігі;
7) портативті алып жүретін бейнетіркегіш (бұдан әрі – бейнежетон) – ККБ қызметкерлерінің аудиобейнежазбаны жүзеге асыруға арналған техникалық құрылғы;
8) спутниктік навигация аппаратурасы – көлік құралының ағымдағы орналасқан жерін, бағытын және қозғалыс жылдамдығын кемінде екі қолданыстағы жаһандық навигациялық спутниктердің сигналы бойынша оны айқындау, қосымша борттық жабдықпен деректермен алмасу, сондай-ақ радиотелефон байланысының жылжымалы желілері бойынша ақпарат алмасу үшін автокөлік құралына орнатылатын аппараттық-бағдарламалық құрылғы;
9) стационарлық көліктік бақылау бекеті – күрделі ғимаратпен жабдықталған және техникалық бақылау, байланыс құралдарымен және жабдықпен жарақталған көліктік бақылау бекеті;
10) телевизиялық бейнебақылау жүйесі – объектінің жай-күйі туралы көрсетілімдерді алуға арналған техникалық, ақпараттық, бағдарламалық және пайдалану үйлесімділігі бар бірлесіп әрекет ететін техникалық құралдардың жиынтығы.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Көлiктiк бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру тәртібі
6. Стационарлық және жылжымалы КББ жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында, қалалар немесе өзге де елді мекендер шекараларының шегіндегі автомобиль жолдарында орналасады. Стационарлық көлiктiк бақылау бекеттерінің тiзбесi "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көлiктiк бақылау бекеттерінің тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 697 қаулысымен бекітілген.
Қазақстан Республикасының аумағында көліктік бақылауды жүзеге асыру бойынша жылжымалы КББ-нің маршруты, сондай-ақ оған өзгеріс енгізу Комитет төрағасының бұйрығымен бекітіледі және Комитеттің Көлiктiк бақылау инспекцияларына (бұдан әрі – Инспекция) жеткізіледі.
7. КББ-нің штат саны, КББ ауысымы мен оның құрамын, оның ішінде қызмет жүргізу кезінде КББ-нің дұрыс жұмысын қамтамасыз ететін аға қызметкері, Инспекциясының басшысы бөлген қаражатқа және Инспекцияның көлiктегi бақылау бөлiмiнің штат санына сәйкес белгiлейдi.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2021 № 534 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) бұйрығымен.8. КББ-нің жұмыс режимі кестеге сәйкес айқындалады, онда КББ қызметкерлерінің бақылауды атқару күндері мен сағаттары (ауысымдары), сондай-ақ олардың демалуы үшін және тамақ ішуге бөлінген уақыт көрсетіледі.
9. Стационарлық КББ жұмыс үшін Стационарлық көліктік бақылау бекеттерінің жабдығы мен мүлік тізбесіне сәйкес осы Қағидаларға 1-қосымшаға (бұдан әрі - Стационарлық бекеттің жабдығы мен мүлік тізбесі) сәйкес қажетті жабдықпен және мүлікпен жарақтандырылады.
Жылжымалы КББ жұмыс үшін Жылжымалы көліктік бақылау бекеттерінің жабдығы мен мүлік тізбесіне сәйкес осы Қағидаларға 2-қосымшасына (бұдан әрі – Жылжымалы бекеттің жабдығы мен мүлік тізбесі) сәйкес қажетті жабдықпен және мүлікпен жарақтандырылады.
10. КББ ауысымының жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес әзірленеді және Инспекция басшысы (оның жоқ болу кезіне - оны алмастыратын адаммен) алдағы күнтізбелік айға ағымдағы айдың 20 күніне дейін бекітеді және ағымдағы жылдың 25 күніне дейін Комитетке жолдайды.
Стационарлық КББ тәулік бойы жұмыс істейді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2021 № 534 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) бұйрығымен.11. КББ жұмысы әр күнтізбелік жылдың ішінде ведомствоға қарасты аумақта тіркелген көлік құралдарының жалпы санынан 15% кем емес көліктік бақылауға ұшырау жолымен ұйымдастырылады, олардан жүктерді тасымалдайтындар – кемінде 10% , жолаушыларды тасымалдайтындар - кемінде 5%.
12. Инспекцияның көліктегі бақылау бөлімінің басшысы немесе оны алмастыратын адам (ол жоқ болған кезде – оны алмастыратын адам) жылжымалы КББ әрбір ауысымына, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша маршрут карточкасы екі данада жасайды, олардың біреуі Инспекцияда бір күнтізбелік жыл сақталады, басқасы жылжымалы КББ ауысымына тапсырылады.
Жылжымалы КББ маршрут карточкасына бір маршрутты қатарынан үш ауысым бойынша қосуға жол берілмейді.
Маршрут карточкасы тәуліктің әртүрлі сағаттарында және жылдың уақытында көлік құралдары қозғалысының қарқындылығын ескере отырып жасалады. Көлік құралдары қозғалысының қарқындылығы автоматтандырылған өлшеу станцияларының көрсеткіштері бойынша, Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі Ұлттық оператордың деректері бойынша, басқа мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлескен іс-шаралардың қорытындылары бойынша айқындалады.
Инспекцияның көліктегі бақылау бөлімінің басшысы немесе оны алмастыратын адам (оның жоқ болу кезіне – оны алмастыратын адам) аптасына 2 рет Стационарлық және жылжымалы бекеттің жабдығы мен мүлік тізбелерінде көрсетілген КББ жабдығы мен мүлігінің, сондай-ақ Ахуалдық орталықпен байланыс каналының бар болуын және жұмысқа қабілеттілігін тексереді.
Инспекция басшысы КББ қызметкерлерінің осы Қағидалардың талаптарын сақтауын, КББ-де тиесілі құрылғылар мен мүліктердің жөнділігін, сондай-ақ бақылау-өлшеу құралдарына тексеру жүргізуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Ауысымды қабылдау және тапсыру кезінде ауысымдардың аға қызметкерлері осы Қағидаларға 4-қосымшасына сәйкес нұсқада Инспекцияның және тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілердің теңгерімдегі тұратын КББ жабдығы мен мүлігін қабылдау-тапсыру актісін жасайды.
14. Жылжымалы КББ табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою, жедел-алдын алу шараларын өткізу үшін тартылуы, сондай-ақ Комитеттің Ахуалдық орталығы кезекшілерінің журналында тіркелетін Комитеттің Ахуалдық орталығына түскен шағымдар бойынша Комитеттің Ахуалдық орталығының кезекшісі жедел жіберуі мүмкін.
Жылжымалы КББ-нің Инспекцияға түскен жедел-алдын алу шараларға, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың шағымдары бойынша тексерулерде қатысуы оны өткізудің басталуына дейінгі кемінде 2 күн алдында Инспекцияның Комитетке жазбаша хабары бойынша жүргізіледі.
15. Көліктік бақылау органдарының арнайы автокөлігі мобильді интеллектуалды бақылау аспабымен, арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуы тиіс және "Жылжымалы көліктік бақылау бекеті – Передвижной пост транспортного контроля" жазуымен және Комитеттің логотипімен белгіленеді.
Жылжымалы КББ-нің ластанған шанағымен және (немесе) салонмен, күнге оңған және (немесе) бұзылған арнайы түсті-графикалық схемалары бойынша бояуымен, жазуымен, логотипімен, шанақтың, салонның бөлшектерімен жұмыс істеуге жол берілмейді.
Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2021 № 534 (01.01.2022 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.16. Жылжымалы КББ-де көліктік бақылауды жүргізу кезінде қызғылт сары немесе сары түсті жарқылдауық маягы іске қосылады.
КББ қызметкерлері автомобиль көлігі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде:
1) "Мемлекеттік көліктік бақылау органдарының оны кию құқығы бар қызметкерлерінің нысанды киімдерінің (погондары жоқ) және айыру белгілерінің үлгілерін, кию тәртібін, онымен қамтамасыз ету нормаларын және лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 22 қаңтардағы № 50 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8303 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша нысанды киім (погонсыз) киеді және нөмірлі омырау белгілері бар;
2) "Сәйкестендіру карталарының сипаттамасын, оларды беру мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 69 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20463 болып тіркелген) бекітілген сипаттамаға сәйкес сәйкестендіру карталары бар;
3) "Көліктік бақылау органдары қызметкерлерінің әкімшілік құқық бұзушылықтар және әрекеттер жасау фактілерін тіркеп алу үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 436 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18944 болып тіркелген) бейнежетонды және (немесе) мобильді интеллектуалды бақылау аспабын қолданып аудио-, бейнежазба жүргізеді;
4) КББ-да және оның қарамағына жататын алаңдарда (жылжымалы КББ үшін – арнайы көлік шанағының ең жақын жағынан 3 метрден кем емес), тоқтатылған көлік құралдарын, олардың жүргізушілерін және (немесе) тасымалдаушының заңды өкілін есепке алмағанда, сондай-ақ Комитеттің келісімінсіз қоғамдық ұйымдарының, мемлекеттік органдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін (бірлескен іс-шара өткізу кезіңде) бөгде адамдар мен көлік құралдарының болуына рұқсат етпейді;
5) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 706 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12812 болып тіркелген) сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактілерін тіркеу үшін пилотсыз ұшу аппаратын пайдаланады.
КББ қызметкері қызметтік міндеттерін орындау барысында көліктік бақылау қызметкерінің КББ-ны және оған іргелес алаңды босату туралы заңды талаптарын орындамауынан және тиісінше орындамауынан көрінген бөгде адам тарапынан кедергілер туындаған жағдайда КББ-нің аға қызметкері ӘҚБтК көзделген тәртіпте және мерзімдерде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғайды.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2021 № 534 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді); өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.3-тарау. Көлiктiк бақылау бекеттерінде көліктік бақылауды жүргізу тәртібі
17. КББ қызметкерi көлiктiк бақылау жүргiзудi мынадай тәртiппен қамтамасыз етедi:
1) көлік құралын (жүк автомобильдері, мамандандырылған және арнайы автомобильдері, автобустарды, шағын автобустарды, жеңіл автомобильдерді) дауыс зорайтқыш құрылғының көмегімен немесе ысқырып сигнал берумен бір уақытта жүргізушіге түсінікті және орындалуы авариялық жағдай туғызбайтындай етіп уақтылы берілуі тиіс көлік құралына бағытталған қол қимылымен немесе жезлмен сигнал беруі арқылы тоқтатады немесе автомобиль жолына бөлiнген белдеуде тұрған көлік құралының жүргізушінен көліктік бақылауды жүргізу үшін КББ-ға жүріп өтуін талап етеді;
2) бейнежетонды қосады;
3) көлік құралына кідірмей жақын келеді, өзін таныстырады, көлік құралын тоқтату себебін түсіндіреді және жүргізушінің талабы бойынша танысу және тегі мен лауазымын анықтау үшін қызметтік куәлігін не сәйкестендіру картасын жүргізушіге берместен, оны көрсетеді;
4) көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде тіркелген құжаттарды есепке алмағанда, мыналарды сұрайды:
көлік құралын басқару құқығын беретін жүргізуші куәлігін немесе жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлігін және жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты;
көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті не болмаса көлік құралына меншік құқығы туралы куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты;
жол парағын;
алып жүретін жүкке арналған құжатты (тауар-көліктік жүкқұжатты, ілеспе және рұқсат құжаттарды);
жолаушыларды тасымалдауға арналған құжаттарды (халықаралық тасымалдауға арналған рұқсат құжаттары, жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған куәлік, билет-есепке алу парағы (тұрақты тасымалдау кезінде), жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензияның және оған қосымшасының көшірмелерін, борт журналын (тұрақты емес тасымалдау кезінде), жолаушылар тізімін (тұрақты емес тасымалдау кезінде), тұрақты емес тасымалдау қызметіне тапсырыс беруші мен тасымалдаушының арасындағы жазбаша шарттың көшірмесі);
электрондық (цифрлық) тахографқа арналған әр жүргізушінің карточкасын немесе диаграммалық дискілер, оның ішінде алдағы аптаның өткен 28 күнтізбелік күніне, тахографтан ақпаратты басып шығаруды, тахографты тексеру туралы сертификат, тахографты кезең сайын тексеру туралы куәлік, тахограф істен шыққан жағдайда тахографтан басып шығарылған қағаздың екінші жағында еңбек және демалыс режимінің жазбасы немесе тіркеу парағын;
жолаушыларда жол жүру құжаттарын (билеттер), багаж түбіртектерін;
5) тахографтың болуын және оны пайдаланылуын, тақтайшаның бар болуы және оның мазмұнын;
автобустың, шағын автобустың, такси автомобилінің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының талаптарына сәйкестігін;
автобустарда, шағын автобустарда тасымалдауға жол берілмейтін от қауiптi, жарылғыш, улағыш, жеңіл тұтанатын, улы, өткір және күлiмсi иiстi заттарды, құндағы және ілеспе құжаттары жоқ дәрімен атылатын қарудың бар болуын;
автобус салонында жүк тасымалдауды қарайды;
6) тахографтан ақпаратты жүктейді;
7) осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген құжаттарды үй-жайдағы немесе арнайы автокөлік салонындағы КББ-нің қызметкеріне тапсырады;
8) өлшеу құралын, сонымен бірге стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығы немесе жылжымалы мобильді таразыларды қолдану арқылы, осы Қағидалардың 6-тарауында айқындалған тәртіпте, көлік құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін өлшейдi.
Жүргізуші көлік құралын тоқтату туралы талапты орындамаған немесе көлік құралының нақты салмақтық және габариттік параметрлерін тексеру үшін қажетті құжаттарды беруден бас тартқан не өлшеуді жүргізуден бас тартқан жағдайда, ӘҚБтК-нің 804-бабына сәйкес КББ қызметкерлері екі куәгердің қатысуымен (бар болса) немесе аудио-бейнежазбаның техникалық құралдарын қолдана отырып, осы фактіні тіркегеннен кейін ӘҚБтК-нің 41-тарауында көзделген тәртіп пен мерзімде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғайды.
Жолаушыларды, багажды автомобильмен тұрақты немесе тұрақты емес тасымалдауды, сондай-ақ жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде автокөлік құралының жол парағында немесе борттық журналында тексеруден өткені туралы белгісін қоймай рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық қарап-тексеруден өтпеген автокөлiк құралдарын пайдалануға шығару, сондай-ақ рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық қарап-тексеруден өтпеген жүргiзушiнiң басқаруына рұқсат беру не ол автокөлік құралының жол парағын немесе борттық журналын ұсынбай, КББ қызметкері:
1) уақытша сақтау үшін көлік құралын басқа көлік құралын (эвакуаторды) пайдалана отырып, арнаулы алаңдарға, тұрақтарға немесе КББ-не іргелес алаңдарға ұстауды және жеткізуді жүзеге асырады, ол туралы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы акт жасалады;
2) ұсталған көлік құралын жеткізуге мүмкіндік беретін басқа көлік құралы (эвакуатор) болмаған кезде куәгерлердің қатысуымен оны көзбен шолып тексеруді (қарап тексеруді) жүргізеді;
3) жету қиын жерлерде, тиісті хабарлама құралдары болмаған кезде немесе басқа объективті себептерге байланысты жеке тұлғаларды куәгерлер ретінде тартуға мүмкіндік болмаған кезде тексеру аудио-бейнежазбаның техникалық құралдарын қолдана отырып жүргізіледі;
4) көлік құралын тексеру аяқталғаннан кейін оның мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін алып қою жүргізіледі және ол жүріс бөлігінен тыс жерде болған кезде жетекші ось дөңгелектеріне екі куәгердің қатысуымен және/немесе аудио-бейнежазбаның техникалық құралдарын қолдана отырып блокаторлар орнатылады, бұл туралы тиісті хаттама жасалады;
5) ұсталған көлік құралының алып қойылған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі оралады, мөрленеді және КББ қызметкері мен куәгерлердің (бар болса) қолымен куәландырылады;
6) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралғанға дейін ұсталған көлік құралының алып қойылған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі Инспекция айқындайтын жерде сақталады;
7) іс қаралғаннан кейін шығарылған қаулыға сәйкес ұсталған көлік құралының жүргізушісіне немесе иесіне алып қойылған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін қайтарады және оның жетекші осінің дөңгелектеріне орнатылған бұғаттағыштарды алып тастауды жүргізеді.
"Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 547 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген 2015 жылғы 30 қазан № 12221) сәйкес тасымалдаушының жауапты техникалық қызметкері (механик-бақылаушы) немесе жақын маңдағы техникалық қызмет көрсету станциясы тоқтаған жерде көлік құралының техникалық жай-күйіне диагностика жүргізу кезінде анықталған көлік құралының ақауы болған жағдайларды қоспағанда, көлік құралы тоқтағаннан кейін немесе оны КББ-де тексеру барысында бұзылған жағдайда жүргізушінің іс-әрекеті КББ қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін жүзеге асыруда кедергілер туғызу ретінде бағалануы тиіс.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2021 № 534 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді); өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
17-1-тармақтың қолданысы 01.01.2026 дейін тоқтатыла тұрады – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 296 бұйрығымен.
17-1. КББ қызметкерінің талап етуі бойынша автокөлік құралын тоқтату үшін негіз болып табылады:
1) автокөлік құралының Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген автокөлік құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін асыра отырып, жүріп өтуі;
2) ірі көлемді, ауыр салмақты және қауіпті жүктерді қоса алғанда, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде қажет болатын, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында қарастырылған рұқсаттардың және (немесе) хабарламалардың болмауы;
3) ірі көлемді, ауыр салмақты және қауіпті жүктерді қоса алғанда, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде қозғалыс маршрутын және (немесе) кестесін сақтамау;
4) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында берілген хабарламаны орындамау;
5) Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінген автокөлік құралдарымен тасымалдауды қоспағанда, шет мемлекеттің аумағында тіркелген автокөлік құралдарымен Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан пункттер арасында жолаушыларды, багажды, жүктерді тасымалдау үшін белгіленген талаптарды тексеру;
6) арнайы автоматтандырылған өлшеу құралы арқылы жүріп өту тәртібін сақтамау;
7) уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде жүк және мамандандырылған автокөлік құралдарымен жүк тасымалдау, сондай-ақ арнайы автомобильдермен қызметтер көрсету бойынша тіркеуде болмауы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген автокөлік құралын тоқтату негіздері интеллектуалды көлік жүйесімен анықталады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында қарастырылған автокөлік құралын тоқтату үшін негіз Қазақстан Республикасының аумағында күнтізбелік бес күннен астам тұрған шетелдік автокөлік құралдарына қолданылады.
КББ қызметкерлеріне осы тармақтың бірінші бөлігінде қарастырылған негіздер бойынша автокөлік құралын тоқтатуға тыйым салынады.
Ескерту. Қағида 17-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2021 № 534 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.18. Үй-жайдағы немесе арнайы автокөлік салонындағы КББ-нің қызметкері:
1) интеллектуалды көлік жүйесі арқылы жүк, жолаушылар және багаж тасымалдарын автомобиль көлігімен жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың болуын және олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді;
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1288 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14095 болып тіркелді) Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидаларының талаптарын сақтауды тексереді;
3) тексерілген барлық көлік құралдары туралы мәліметтерді көліктік дерекқордың ақпараттық-талдамалық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді;
4) әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін көрсететін Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес болмаған жағдайда, ӘҚБтК белгіленген тәртіппен және мерзімдерде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізеді.
Осы тармақтың 1) – 2) тармақшаларымен көзделген КББ қызметкерлерінің іс-әрекетіне рұқсат етілген ең ұзақ уақыт – 15 минут.
Осы тармақтың 4) тармақшасымен көзделген КББ қызметкерлерінің іс-әрекетіне рұқсат етілген ең ұзақ уақыт – 60 минут.
Осы тармақтың 3) тармақшасымен көзделген іс-әрекеттерді орындау үшін азаматтық қызметшілерді жұмылдырылуы мүмкін.
Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2021 № 534 (01.01.2022 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.19. КББ қызметкерлері жеке және заңды тұлғалардың, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес бақылау нәтижелері туралы актінің (бұдан әрі – бақылау нәтижелері туралы акті) нысанында қарастырылған автомобиль көлігінде қауіпсіздігінің талаптары сақтауын қамтамасыз етеді.
20. Бақылаудан өту бақылау нәтижелері туралы актіні толтыру, оған және жүргізуші ұсынатын рұқсат құжаттарына (бар болған жағдайда) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес мөртабан үлгісіне сәйкес мөртабан қою арқылы ресімделеді.
КББ-нің аға қызметкері мен жүргізушінің қолдары қойылған тексеру нәтижелері туралы актінің көшірмесі тексерілген көлік құралының жүргізушісіне беріледі.
Осы Қағидалардың 21-тармағының үшінші бөлігінде көзделгенді қоспағанда, жүргізушіде мөртабан қойылған тексеру нәтижелері туралы актінің көшірмесі болған жағдайда, Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі басқа КББ-де қосымша тексерілмейді.
21. Бақылаудан өту туралы мөртабан мыналарға:
1) Қазақстан Республикасының резиденттері емес шетел тасымалдаушылары үшін рұқсат құжаттарының екінші жағына (бар болған жағдайда), сонымен бірге бақылау нәтижелері туралы актісіне, диаграммалық дискіде немесе тахографтан ақпаратты басып шығарылуында;
2) Қазақстан Республикасының резиденттері болатын отандық тасымалдаушылар үшін бақылау нәтижелері туралы акті көшірмесіне, диаграммалық дискіде немесе тахографтан ақпаратты басып шығарылуында қойылады.
Бақылаудан өту туралы мөртабан көлік құралын жүк жөнелтуші пломбалаған жағдайда қойылады.
Пломба жоқ болған немесе үзілген жағдайда және жүргізушіде мөртабан қойылған бақылау нәтижелері туралы актінің көшірмесі болған жағдайда, басқа КББ көлік құралының нақты салмақтық және габариттік параметрлеріне тексеру жүргізеді.
22. Әкімшілік құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында оны жасауда күдікті адамның тұлғасын анықтау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру оны әкімшілік құқық бұзушылық жасалған орында мүмкін болмаған жағдайда, істің уақтылы және дұрыс қаралуын және іс бойынша қабылданған қаулыны орындауды қамтамасыз ету үшін КББ қызметкері өз өкілеттігі шегінде ӘҚБтК бекітілген тәртіппен және мерзімдерде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қамтамасыз ету шараларын қабылдайды.
23. Жүргізуші көліктік бақылауды өткізуден бас тартқан жағдайда КББ қызметкерлері әкімшілік құқықбұзушылық туралы істі қозғап, өздігінен көліктік бақылауды жүргізеді.
24. КББ қызметкерлерімен алым және (немесе) айыппұл сомасы электрондық төлемдерді қабылдау терминалы, немесе алым және (немесе) айыппұл сомасын төлеу туралы түбіртекті көрсету арқылы қабылданады.
4-тарау. Көліктік бақылау бекеттерінің Комитеттің Ахуалдық орталығымен өзара іс-қимыл тәртібі
25. КББ қызметкерлері көліктік бақылауды жүзеге асыру кезінде:
1) кезекшілік басында кезекшілікке түскен қызметкерлердің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.), Инспекцияның және тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілердің теңгерімдерінде тұрған КББ-нің жабдығы мен мүлкінің тізбесіне кіретін жабдықтардың бар болуы мен жай-күйі, жылжымалы КББ-нің маршруты және ағымдағы жағдайы туралы;
2) ұстағаннан немесе ұстауды тоқтатқаннан немесе мамандандырылған тұраққа кіргізуден соң 20 минут ішінде сондай автокөлік құралы туралы мәліметтерді;
3) жылжымалы КББ-нің орнын ауыстырудың алдында жоспарланған орынның орналасу жерін (автомобиль жолының бағыты, километрі, елді мекеннің атауы) көрсете отырып;
4) демалуға және тамақ ішуге үзілістің басталуы туралы;
5) КББ жабдығы мен мүлкінің ақаулы болуы туралы;
6) КББ жұмысын тоқтату туралы;
7) осы Қағидалардың 16 және 36-тармақтарында көзделген жағдайлар туралы;
8) құқық қорғау немесе бақылау органдарымен КББ-да арнайы шараларды өткізу туралы;
9) КББ арнайы автокөлік құралының қатысуымен жол-көлік оқиғасы туралы;
10) штаттан тыс жағдайлар пайда болған жағдай туралы Комитеттің Ахуалдық орталығына хабарлайды.
Салмақ өлшеу жабдығының жұмыс істемеуін және ол кезде тек салмақтық параметрлерге бақылау жүзеге аспайтындығын қоспағанда осы тармақтың 5) тармақшаларында көрсетілген жағдайлар пайда болған кезде, КББ-де көліктік бақылауды жүзеге асыру ақауларды жойғанға дейін тоқтатылады.
Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2021 № 534 (01.01.2022 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.26. Комитеттің Ахуалдық орталығының кезекшісі КББ жұмысына нақты уақыт режимінде бейнебақылау телевизиялық жүйесі, бейнежетондар мен ақпараттық жүйелері арқылы мониторингті жүзеге асырады.
Комитеттің Ахуалдық орталығының қызметкерлері КББ жұмысына мониторингіні КББ-ға арнайы автокөлікте жүріп шығып жүзеге асырады. КББ-ға жүріп шығу нәтижелері бойынша Комитеттің Ахуалдық орталығының қызметкерлері ұсынымдармен жазбаша есеп береді.
Телефонмен сөйлесу кезінде Комитеттің және Инспекциялардың қызметкерлері биязылық және әдептікті көрсетеді, іскерлік этикетті және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеппін сақтайды.
КББ-да көліктік бақылауды жүзеге асыруды тоқтату туралы ауысымның аға қызметкері Бекеттің жұмысы журналында себепті көрсетіп жазады.
КББ-ның ауысымның аға қызметкері сағат 06:00-ден 07:00-ге дейін және 18:00-ден 19:00-ге дейін аралығында Ахуалдық орталықтың кезекшісіне тексерілген автокөлік құралдары, қозғалған әкімшілік материалдар, тексерілген қазақстандық рұқсат бланкілер, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасынан жойылған хабарламалар саны және алым сомалар туралы ауызша есеп береді.
5-тарау. Автомобиль тасымалдаушыларымен өзара қарым-қатынас және жеке қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету
27. КББ қызметкерлерінің тасымалдаушылармен өзара қарым-қатынастары мемлекеттік қызметшінің этикасын, заңдылықты қатаң сақтауға, өзінің лауазымдық өкілеттіктерін нақты орындауға, азаматтарға игі ниетпен және құрметпен қарым-қатынас жасаумен құқық бұзушылықтың алдын алуда және жолын кесуде қатаңдықтың, батылдықтың және принципшілдіктің үйлесімділігіне негізделеді.
28. Әкімшілік жауапкершілікке тарту кезінде КББ қызметкерлері бұзушыларға олардың ӘҚБтК-не сәйкес құқықтарын түсіндіреді:
1) хаттамамен және iстiң басқа да материалдарымен танысуға;
2) түсiнiктемелер беруге, хаттаманың мазмұны мен ресiмделуi жөнiнде ескертулер жасауға;
3) дәлелдемелер ұсынуға;
4) өтiнiшхаттар мен қарсылықтарды мәлiмдеуге;
5) қорғаушының заң көмегiн пайдалануға;
6) iсті қарау кезінде ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде сөйлеуге және егер iс жүргiзiлiп отырған тiлдi бiлмесе, аудармашы көрсеткен қызметтерді өтеусіз пайдалануға;
7) iс бойынша іс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларының қолданылуы бойынша, нақты деректерге және мән-жайларға сәйкес келмейтін мәліметтер көрсетілген жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасауда заңның бұзылуына, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға және iс бойынша қаулыға шағым жасауға;
8) үзiндi көшірме алуға және iстегi құжаттардың көшiрмелерiн түсiрiп алуға;
9) өзiне осы Кодексте берiлген өзге де процестік құқықтарды пайдалануға құқылы.
29. КББ қызметкері көлік құралдарының жүріп өтуіне бақылауды жүзеге асыру кезінде өзінің жеке қауіпсіздігі бойынша мынадай негізгі шараларды сақтайды:
1) қызметтік міндеттерін орындау кезінде жол қозғалысының қатысушыларына айқын көріну және дер кезінде құқық бұзушылықтың алдын алу мүмкіндігіне ие болу үшін орын таңдайды;
2) тәуліктің қараңғы кезінде және көру мүмкіндігінің шектеулі жағдайында жарықтандырылған жол учаскелерінде бақылау жүргізеді, жарық шығаратын жезл мен жарық шағылдырғыш нысаны болады;
3) жол жамылғысының тайғақ учаскесінде тұруына болмайды;
4) егер көлік қозғалысына немесе өзінің жеке қауіпсіздігіне кедергі келтіретін болса, жол жиегінде тұрып құқық бұзушылықты болдырмайды.
Жеке қауіпсіздігіне қауіп төнген жағдайда Ахуалдық орталықпен келісім бойынша көліктік бақылауды қауіп жағдайды жоюға дейін жүзеге асыруы тоқтатылады.
6-тарау. Көлік құралының нақты салмақтық және габариттік параметрлеріне өлшеу жүргізу тәртібі
30. Көлік құралдарының нақты салмақтық және габариттік параметрлерін тексеру және олардың Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген жол берілетін параметрлерден асып кету шамасын айқындау жолымен ірі көлемді және ауыр салмақты көлік құралдарының жүруін көліктік бақылау мыналарды пайдалана отырып жүргізіледі:
1) өлшеу құралы мен көлем шеңберлерін;
2) стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығы немесе жылжымалы мобильді таразылар;
3) автоматтандырылған өлшеу станциялары.
Өлшеу құралы мен көлем шеңберлерді пайдалануға мынадай:
1) жабдықтың ақаулары;
2) метрологиялық тексеруден өтпеген немесе метрологиялық тексерудің қолданылу мерзiмi өтiп кеткен жағдайларда жол берілмейді.
Стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығын немесе жылжымалы мобильді таразыларды, сондай-ақ автоматтандырылған өлшеу станцияларын пайдалануға мынадай:
1) жабдықтың ақаулары;
2) техникалық сипаттатамалары ағымдағы ауа-райы жағдайларына сәйкес келмеуі;
3) метрологиялық тексеруден өтпеген не метрологиялық тексерудің қолданылу мерзімі өткен;
4) КББ автоматтандырылған жұмыс орнына нақты уақыт режимінде салмақты өлшеу деректерін бермеген жағдайларда жол берілмейді.
Көліктік бақылаудың жылжымалы бекеттерінде көлік құралдарының нақты салмақтық параметрлерін өлшеу Ахуалдық орталыққа деректерді беру функциясы бар тасымалды мобильді таразыларда жүргізіледі.
Деректерді Ахуалдық орталыққа беру функциясы бар тасымалды мобильді таразыларда өлшеу жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, Инспекция басшысының шешімі бойынша қолда бар таразы жабдығын пайдалануға жол беріледі.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.31. Көлік құралының нақты салмақтық параметрлерін өлшеу мынадай ретпен өткізіледі:
1) көлік құралын өлшеуді жүзеге асыру алдында оның мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығын және (немесе) жылжымалы мобильді таразыларға енгізіліп, сондай-ақ онда өлшеу күні мен уақыты белгіленеді;
2) мобильді таразыларда көлік құралының алдыңғы және артқы біліктерінің дөңгелектерін мобильді таразылардың платформаларына кезекпен мінгізу арқылы кезеңмен өлшеу жүзеге асырылады;
3) стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығында көлік құралының алдыңғы және артқы біліктерінің немесе біліктер тобының (екі және үш білікті) дөңгелектерін таразылардың платформаларына кезекпен мінгізу арқылы кезеңмен өлшеу жүзеге асырылады;
4) өлшеу нәтижелері стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығының дисплейінде және (немесе) жылжымалы мобильді таразыларда бейнеленетін мәндердің ауытқуын болдырмайтын күйде стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығының немесе жылжымалы мобильді таразылардың платформаларында көлік құралы толығымен тоқтаған кезде ғана тіркеледі;
5) көлік құралын өлшеу нәтижелері қағаз тасығышқа шығарылады, көшірмесі жүргізушінің талабы бойынша беріледі.
Көлік құралының нақты салмақтық параметрлерін мобильді таразыларда өлшеу Комитеттің келісімі бойынша Инспекция басшысы бекіткен тізбеге сәйкес алдын ала белгіленген алаңдарда жүргізіледі.
Көлік құралының нақты салмақтық параметрлерін өлшеуге арналған алаңдар мобильді таразының платформасының биіктігі бойынша тереңдеуі бар немесе біліктер топтары үшін нақнұсқаларды қолдана отырып, көлік құралының барлық біліктерінің біркелкілігін қамтамасыз ететін қатты жабында және жарықтандырылған учаскелерде орналастырылады.
Осы тармақтың 1) – 5) тармақшаларында көзделген КББ қызметкерлерінің іс-әрекетіне арналған ең ұзақ уақыт – 20 минут, ал 6 (алты) және одан көп білікті автокөлік құралына қатысты көліктік бақылау жүргізілген жағдайда мұндай іс-әрекеттерге арналған максималды рұқсат етілген уақыт – 30 минут.
32. Автокөлік құралдарының нақты салмақ параметрлері рұқсат етілгеннен параметрлерден 1 тоннаға асып жүріп өту кезінде, КББ-нің қызметкерлері 7-қосымшасына сәйкес жүргізушіге бұзушылықтың орындауы туралы нұсқама береді.
33. "Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 342 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11009 болып тіркелген) (бұдан әрі – Параметрлер) талаптарын ескере отырып, көлік құралының нақты габариттік параметрлерін және сызықтық өлшемін өлшеу көліктің осьтерінің бірқалыптылығын сақтайтын жол жабынынан немесе басқа да алаңнан оның ұзындығы, ені және биіктігі бойынша шеткі екі нүктенің арасында өлшенеді.
34. Көлiк құралының салмақтық және габариттік параметрлерін өлшеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 206 бұйрығымен бекітілген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11395 болып тiркелген) Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оның жүзеге асыру қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша автокөлік құралының параметрлерін өлшем актісі (бұдан әрі – Акт) дереу жасалады, оның көшірмесі жүргізушіге және тасымалдаушының талап етуі бойынша ұсынылады.
Жүргізуші Акт көшірмесін алудан бас тартқан жағдайда, оған тиісті жазба жүргізіледі. Жүргізушінің бас тартуын тіркеу техникалық аудиобейнежазба құралын қолдана отырып жүргізіледі.
35. Егер стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығы немесе жылжымалы мобильді таразыларда ақпаратты қағаз тасымалдағышқа басып шығару функциясы болған жағдайда, КББ қызметкерлері оларда белгіленген күні мен уақытының, сондай-ақ тексеріліп жатқан көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің дәлдігіне көз жеткізеді.
Сұйық жүкті тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралдарын өлшеу нәтижелері стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығының және (немесе) жылжымалы мобильді таразылардың платформаларына көлік құралының дөңгелектерін қою салдарынан пайда болатын төгілу және (немесе) толқындарды болдыртпайтын жағдайларды қамтамасыз еткеннен кейін стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығында және (немесе) жылжымалы мобильді таразыларда тіркеледі.
Нақты салмақтық параметрлері жол берілетін параметрлерден артық анықталған жағдайда автокөлік құралдарын өлшеу нәтижелері бар мәтіндік ақпарат қағаз тасымалдағышта әкімшілік іс жүргізу материалдарына қосылады.
36. Көлік құралын бақылаулық өлшеу (өлшем) мынадай:
1) жүргізушінің талабы бойынша онымен Актіде көлік құралының салмақтық немесе габариттік параметрлерін айқындау нәтижелерімен келіспеу туралы белгі жасалған кезде;
2) жүргізушінің талабы бойынша автоматтандырылған өлшеу станцияларында электронды тақтада (болған жағдайда) көрсетілген рұқсат етілген салмақтық габариттік параметрлерінің асқандығы туралы ақпаратпен келіспеген жағдайда;
3) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету және көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген параметрлерге сәйкес келтіру үшін жеңілдету шараларын қабылдағаннан кейін;
4) осы тармақтың 2) тармақшасымен көзделген жағдайларды қоспағанда, автоматтандырылған өлшеу станциялары арқылы параметрлерден асып кеткенін, дұрыс жүрмегенін тіркеген кезде;
5) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 23 ақпандағы № 87 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде № 6817 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану қағидаларының 5-тармағымен көзделген жағдайларда жүргізіледі.
Осы тармақтың 1) тармақшасымен көзделген жағдайда көлік құралын бақылаулық өлшеу (өлшем) жүргізушінің Актімен танысу сәтінен бастап 40 (қырық) минуттан кешіктірілмей жүргізіледі.
Осы тармақтың 2) тармақшасымен көзделген жағдайда көлік құралын бақылаулық өлшеу (өлшем) жүру маршруты бойынша жақын КББ-де және автоматтандырылған өлшеу станциялары арқылы жүріп өтілген сәттен бастап үш сағаттан кешіктірілмей жүргізіледі.
Осы тармақтың 3) тармақшасымен көзделген жағдайда көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген параметрлерге сәйкес келтіру үшін жеңілдету бейнежетонды пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Көлік құралын арнайы алаңдарда, тұрақтарда немесе КББ-ге іргелес жатқан алаңдарда уақытша сақтау үшін оларды жеткізген (эвакуациялаған) жағдайда бақылаулық салмақ өлшеу (өлшем) жүргізілмейді.";
Автокөлік құралына қатысты бақылаулық өлшеу (өлшем) жүргізілген жағдайда бақылаулық өлшеу (өлшем) нәтижелері негіз ретінде алынады.
Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.37. Көлік құралының бақылаулық өлшеу (өлшем) Қағидалардың 30, 31, 33, 34, 35-тармақтарында айқындалған тәртіппен көлік құралының КББ бейнебақылау камераларының көру аймағында болған жағдайда жүргізіледі.
38. Көлік құралының салмақтық параметрлерін өлшеу жылжымалы мобильді таразыларда жүргізілген кезде аудиобейнежазба көлік құралының жалпы түрін, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін, дөңгелектердің платформаларда тұруын, сондай-ақ жылжымалы мобильді таразылардың әр платформасына шығарылған біліктік жүктемелерінің цифрлық деректерін тіркеу арқылы жүзеге асырылады.
Көлік құралының салмақтық параметрлерін өлшеу стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығында жүргізілген кезде аудиобейнежазба көлік құралының жалпы түрін, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін, сондай-ақ дөңгелектердің платформаларда тұруын тіркеу арқылы жүзеге асырылады, бұл ретте стационарлық КББ ғимаратында көрінетін біліктік жүктемелерінің цифрлық деректерінің жазбасы Ахуалдық орталық қызметкерімен телевизиялық бейнебақылау жүйесі көмегімен тіркеу арқылы жүзеге асырылады.
Көлік құралының габариттік параметрлеріне бақылаулық өлшем жүргізген кезінде аудиобейнежазба көлік құралының жалпы түрін, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін, сондай-ақ өлшеу құралы мен көлем шеңберлерін пайдалана отырып, өлшеу барысын тіркеу арқылы жүзеге асырылады.
Осы Қағидалардың 36-тармағының 1) тармақшасымен көзделген жағдайда бастапқы өлшеу (өлшем) мен бақылаулық өлшеу (өлшем) өткізу арасында аудиобейнежазбады үздіксіз (тоқтаусыз) өткізу қажет.
39. Осы Қағидалардың 31 және 33-тармақтарымен көзделген, көлік құралының нақты салмақтық және габариттік параметрлерін өлшеу жүргізу тәртібін сақтамау фактілері пайда болған жағдайда, Ахуалдық орталық кезекшісі көлік құралының параметрлерін өлшеуді (өлшем) қайтадан жүргізу қажеттілігі туралы нұсқаулар береді.
40. Көлік құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін басқа КББ-мен өлшеу, осы Қағидалардың 36-тармағымен көзделген жағдайларды қоспағанда, тасымалдаушымен мөртабаны қойылған тексеру нәтижелері туралы актінің көшірмесі, не жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын ұсынған кезде жүргізілмейді.
41. Өлшеу құралы мен көлем шеңберлерінің, стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығының және жылжымалы мобильді таразылардың қателігі тасымалдаушының пайдасына ескеріледі.
Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларына 1-қосымша |
Стационарлық көліктік бақылау бекеттерінің жабдығы мен мүлік тізбесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2021 № 534 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) бұйрығымен.
1. Ғимараттар мен құрылғылар.
2. Стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығы немесе жылжымалы мобильді таразылары.
3. Өлшеу құралдары (көлем шеңбері, рулетка, сызғыш, деңгей).
4. Термометр (жаз мерзімінде бақылау үшін).
5. Тахографтан деректерді жүктеу үшін жабдық.
6. Көлік құралдарын тоқтату үшін жезл.
7. Ысқырғыш.
8. Компьютер.
9. Ксерокс.
10. Байланыс құралы.
11. Телевизиялық бейнебақылау жүйесі.
12. Бейнежетондар.
13. Аудиобейнежазба құрылғысы.
14. Қатаң есептегі бланкілерді сақтау сейфі.
15. Қызметкерлер үшін жұмыс орындары.
16. Нормативтік-техникалық құжаттама.
17. Электрмен жабдықтау жүйесі.
18. Ақпараттық стенд.
19. Өрт сөндіру және алғашқы медициналық жәрдем көрсету құралы.
20. Мобильді интеллектуалды бақылау аспабы.
Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларына 2-қосымша |
Жылжымалы көліктік бақылау бекеттерінің жабдығы мен мүлік тізбесі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2021 № 534 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) бұйрығымен.
1. Арнайы автокөлік құралы.
2. Жылжымалы мобильді таразылары.
3. Өлшеу құралдары (көлем шеңбері, рулетка, сызғыш, деңгей).
4. Термометр (жаз мерзімінде бақылау үшін).
5. Тахографтан деректерді жүктеу үшін жабдық.
6. Көлік құралдарын тоқтату үшін жезл.
7. Ысқырғыш.
8. Компьютер.
9. Ксерокс.
10. Байланыс құралы.
11. Телевизиялық бейнебақылау жүйесі.
12. Бейнежетондар.
13. Аудиобейнежазба құрылғысы.
14. Қатаң есептегі бланкілерді сақтау сейфі.
15. Қызғылт сары немесе сары түсті жарқылдауық маягі жабдығы.
16. Дыбыстық дабыл жабдығы (дауыс күшейткіш құрылғысы).
17. Қызметкерлер үшін жұмыс орындары.
18. Нормативтік-техникалық құжаттама.
19. Электрмен жабдықтау жүйесі.
20. Ақпараттық стенд.
21. Өрт сөндіру және алғашқы медициналық жәрдем көрсету құралы.
22. Мобильді интеллектуалды бақылау аспабы.
Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларына 3-қосымша |
МАРШРУТ КАРТАСЫ
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ жылжымалы көліктік бақылау бекеті ________________________________________
__________________________________________________________________________
(көліктік бақылау органының атауы)
Көліктік бақылауды жүзеге асыру бағыты 1 _____________________________________
__________________________________________________________________________
(километрлерді көрсете отырып, автожолдың атауы)
Бақылау жүргізу кезеңі ______________________________________________________
(бақылау жүргізу күні мен уақыты)
Ұзындығы, км ____________________________________________________________
Ауысым құрамы:
1.________________________________________________________________________
2.________________________________________________________________________
3. ________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
Маршрут картасы берілді ____________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
"___" _____________ 20___ жыл
_____________________________________________________
(қолы)
Кезекшілікті қабылдады:
1. ______________________________________________________________________
2. ________________________________________________________________________
3. ________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
1 бір ауысымда үш маршруттан артық емес.
Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларына 4-қосымша |
|
Нұсқа |
КББ жабдығы мен мүлігін қабылдау-тапсыру актісі
Көліктік бақылау бекеті __________________________________
Р/с № | Жабдық пен мүліктің атауы | Өлшем бірлігі | Инвентарлық нөмірі | Саны | Жағдайы (жұмыс істейді / жұмыс істемейді / жоқ) |
1 | |||||
2 | |||||
3 | |||||
… |
Тапсырды ________________ __________________________________
(қолы) (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
Қабылдады ________________ _________________________________
(қолы) (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларына 5-қосымша |
|
Нұсқа |
Тексеру нәтижелері туралы акті
Көліктік бақылау бекеті __________________
Тексерілетін АКҚ-ның мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілері
____________________________________________________________________.
Тексеруді жүзеге асырған қызметкердің (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), (лауазымы) __________________________________________________________.
Жүк жөнелтушінің атауы: ________________________________________.
Тасымалдаушының атауы: _______________________________________.
Жол жүру бағыты _______________________________________________.
Жүкті пломблау туралы ақпарат: __________________________________
____________________________________________________________________.
(бақылаулық (сауда) белгілері немесе тисктің нөмірі)
Жоспарланған келу күні "___" _______ 20__ж.
Жоспарланған келу күні тағайындалған пунктке дейінгі арақашықтыққа байланысты анықталады.
Р/с № | Тексеру өткізу кезінде қолданылатың заңнама талаптары | Сәйкестігі (иә/жоқ) | Ескертпе |
1 | Жалпы | ||
1.1 | Жол парағының болуы | ||
1.2 | Жүргізушінің рейс алдыңғы (ауысым алдыңғы) медициналық қараудан өткені туралы белгінің болуы | ||
1.3 | Автокөлік құралының рейс алдыңғы техникалық қараудан өткені туралы белгінің болуы | ||
1.4 | Қауіпті жүктерді автомобильмен тасымалдауы; жолаушыларды, багажды және жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды; жолаушыларды және багажды автомобильмен облысаралық қалааралық тұрақты тасымалдауды; жолаушыларды және багажды автомобильмен облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тахографтың болуы және оны пайдалануы (қолданыстағы тексеру туралы сертификаты, тексеру туралы куәлігі, әр жүргізушіге карточка) | ||
1.5 | Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын сақтау | ||
1.6 | Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінген автокөлік құралдарымен тасымалдауды қоспағанда, шет мемлекеттің аумағында тiркелген автокөлiк құралдарымен Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан пункттер арасында жолаушыларды, багажды, жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру | ||
2 | Жүктерді тасымалдау | ||
2.1 | Тауар-көлік жүкқұжатының бар болуы (CMR) | ||
2.2 | Халықаралық автомобильмен тасымалдауларды жүзеге асыруға рұқсат ету куәлігінің бар болуы | ||
2.3 | Халықаралық автомобильмен тасымалдауларды жүзеге асыруға рұқсат ету карточкасының бар болуы | ||
2.4 | Толтырылған отандық рұқсат бланкісінің бар болуы (коносамент, МДП / CARNET TIR, тауардың шығу тегі (шот-фактура, инвойс) | ||
2.5 | ЕАЭО-ның мүше мемлекеттерінің көліктік (автомобильдік) бақылау органдарымен берілген хабарламаның болуы | ||
2.6 | Тез бүлінетін жүктерді тасымалдау кезінде АКҚ-ның ТБТҚ талаптарына сәйкес куәлігінің болуы | ||
2.7 | "Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 желтоқсанда № 12463 болып тіркелген) сәйкес жүктердің жеке түрлерін тасымалдауға қойылатын талаптар | ||
2.8 | Ауыр салмақты және (немесе) iрi габариттi автокөлiк құралдарының жүрiп өтуіне арналған арнайы рұқсаттың бар болуы (салмақ-габариттік параметрлер асқан жағдайда), тасымалдау маршрутының сәкестігі | ||
2.9 | Көлік құралының салмақтық көлемдік параметрлірдің рұқсат етілген параметрлерге сәйкестігі | ||
2.10 | 1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арналған арнайы рұқсаттың болуы, тасымалдау маршрутының сәйкестігі | ||
2.11 | "Қауіпті жүк" айырым белгісінің бар болуы | ||
2.12 | Қауiптi жүктiң әрбiр түрiне нұсқаулықтың бар болуы | ||
2.13 | 1, 6 және 7-сыныптағы қауiптi жүкті тасымалдау маршруты бланкiсiнің бар болуы, тасымалдау маршрутының сәйкестігі | ||
2.14 | 1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде қозғалыс жылдамдығы, маршрутының сақталуы туралы деректерді нақты уақыт режимінде үздіксіз беру құрылғысының бар болуы | ||
2.15 | Авариялық жағдайда әрекет ету жоспарының бар болуы | ||
2.16 | Қазақстан Республикасы аумағында қауіпті жүктерді автокөлік құралдарымен тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлігінің бар болуы | ||
3. | Жолаушыларды тасымалдау | ||
3.1 | Халықаралық тұрақты тасымалдауларға рұқсат құжаттарының (халықаралық тасымалдауға арналған рұқсат құжаттары, растаған қозғалыс схемасы, расталған қозғалыс кестесі, тасымалдауға арналған тариф) бар болуы | ||
3.2 | Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған куәлiгінің бар болуы | ||
3.3 | Жолаушыларды автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензияның және оған қосымшасы көшірмелерінің бар болуы | ||
3.4 | Тұрақты емес тасымалдау кезінде борт журналының бар болуы | ||
3.5 | Тұрақты емес тасымалдау кезінде жолаушылар тізімінің бар болуы | ||
3.6 | Тұрақты емес тасымалдауға тапсырыс беруші мен тасымалдаушы арасында жазбаша шарттың бар болуы | ||
3.7 | Тұрақты тасымалдаулар кезінде билет-есепке алу парағының бар болуы | ||
3.8 | Тұрақты тасымалдаулар кезінде жолаушының жүруіне билеттің бар болуы | ||
3.9 | Автобустың, шағын автобустың, такси автомобилінің заңнама талаптарына және оның экипировкасына сәйкестігі |
Инспектордың қолы _____________________________________________
Тексерілген АКҚ-ны жүргізушінің қолы ____________________________
Мөртабанға арналған орны
Осы тексеру нәтижелері туралы акт автокөлік құралы тауар-көлік жүкқұжатында және (немесе) жол парағында жүк алушымен белгіленген жүкті түсіру пунктіне келген күнге жарамды.
Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларына 6-қосымша |
|
Нұсқа |
Мөртабан үлгісі
Көлік құралының бақылаудан өткенін ресімдеу төменде көрсетілген үлгiдегi мөртабан қоюмен жүзеге асырылады
______________________________________________ |
Мөртабан көк түсті 50х30 милиметр көлемінде тікбұрыш түрінде жасалады.
Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларына 7-қосымша |
Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңнамасының бұзылуын жою туралы нұсқама
Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
_________________________________ 20 ___жылғы "____"
құрастыру орны жасалған күні
Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың № 24 қосымшасы болып табылатын Үйлестірілген (келісілген) көлік саясаты туралы хаттамада айқындалған Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасында көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыру тәртібінің 4, 5 және 12-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 154-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 550-бабының 4-тармағына (Салық кодексі), "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 15-бабының 2) тармақшасына, 19-7-бабының 1) және 6) тармақшаларына және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 362 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6472 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларына сәйкес "________________ көліктік бақылау инспекциясы" РММ 20__ жылғы "___" _________ № __________ көлік құралын өлшеу (өлшеу) актісі негізінде
көліктегі мынадай бұзушылықты _____________жоюды (тасымалдаушы) ұйғарады.
Бұзушылық | Бұзушылықты жою шаралары | Орындау мерзімі |
Автокөлік құралының нақты салмақтық және габариттік параметрлерін тексеру кезінде _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі_____________ (келесі – АТС) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 342 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерінен асып кеткен ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты (қажеттісінің астын сызу) автокөлік құралының жүріп өту фактісі анықталды № 11009 үшін) (бұдан әрі – рұқсат етілген параметрлер), арнайы рұқсатсыз | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 206 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11395 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларында көзделген тәртіппен тасымалдау (бұдан әрі – Қағидалар) 1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 552-бабында көзделген тәртіппен бюджетке АКҚ қозғалыс бағытының нақты жүріп өткен бөлігі үшін ______________________________ ____________ _________________(цифр және жазбаша) мөлшеріндегі алымды (Мемлекеттік кіріс департаментіне ________________бюджеттік біліктілік коды) төленген және АКҚ рұқсат етілген параметрлерге сәйкес келтірген; | 5 (бес) жұмыс күні |
2) Заңның 19-11-бабында және Қағидаларда көзделген тәртіппен АТС қозғалысының барлық бағыты үшін рұқсат етілген параметрлерден асып кете отырып, арнайы рұқсат алу. | "Ауыр салмақты және (немесе) ірі габаритті автокөлік құралдарының жүруіне арнайы рұқсат беру"мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес |
Осы Ұйғарымды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабының 3-бөлігімен жауапкершілік көзделген.
Берді:________________________________ |
___________________ |
Алды: ____________________________________________________________
(ұйғарымды алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)
Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмыстарын ұйымдастыру қағидаларына 8-қосымша |
Көлік құралын ұстау туралы акті
Ескерту. 8-қосымшамен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
__________________ 20 ____ ж. "____"______________ сағат _____ минут
(құрастыру орны)
Біз (мен),__________________________________________________________________
(акт жасаған қызметкерлердің лауазымы, аты-жөні)
__________________________________________________________________________
Куәгерлердің қатысуымен:
1.________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
2.________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
("Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 754 , 755-баптарына сәйкес куәгерлердің (куәгерлердің) құқықтары мен міндеттерімен танысты).
Кезеңінде "_______"_______________20_____ ж. ______ сағат. _________ мин.
ӘҚБтК-нің 797-бабына сәйкес автокөлік құралын ұстау жүргізілді
әкімшілік құқық бұзушылықтуралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан адамның
қатысуымен _____________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Көлік құралы туралы мәліметтер:
АКҚ маркасы және мемлекеттік
нөмірі ___________________________________________________________________
Тіркеменің маркасы және мемлекеттік
нөмірі ____________________________________________________________________
тиесілі ____________________________________________________________________
есепке алу
орны _________________________________________________________________
Көлік құралында келесі заттар бар: ____________________________________________
__________________________________________________________________________
Актіні толтырған ___________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қолы)
Куәгерлер: 1.______________________________ 2. ______________________________
Актінің көшірмесін алды
__________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), күні, қолы)
Ескертпе: көліктік бақылау органдарының қызметкерлеріне олардың құзыретіне сәйкес қызметтік міндеттерін орындауына заңсыз кедергі келтіргені үшін меншік түрі мен нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғалар ҚР ӘҚБтК 462-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.