«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарының жұмысын ұйымдастыру ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің өңіраралық инспекцияларының көліктік бақылау посттарының жұмысын ұйымдастырсын.
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы Д. Көтербеков
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің міндетін атқарушының
2010 жылғы 13 тамыздағы
№ 362 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарының жұмысын ұйымдастыру ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы аумағындағы көліктік бақылау посттарының жұмысын ұйымдастыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476-II Заңына сәйкес әзірленген.
2. Ереже Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық органдарының көліктік бақылау посттарында Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары, қалалар немесе өзге де елді мекендер шегіндегі автомобиль жолдары бойынша жүріп өтуін бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдарының көліктік бақылау постысының негізгі міндеттері автомобиль көлігі саласындағы заңнаманың, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың сақталуын, автомобиль жолдары желісі мен ондағы құрылыстардың сақталуын, отандық және шетелдік автокөлік құралдарының жүріп өтуін бақылау арқылы автомобиль тасымалдарының қауіпсіздігін арттыруды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы аумағындағы автомобиль көлігі саласында жасалатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және анықтау болып табылады.
4. Комитеттің аумақтық органдарының көліктік бақылау посты қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуін мемлекеттік бақылауды жүргізуге байланысты қызметі автомобиль тасымалдары саласындағы халықаралық шарттармен, Қазақстан Республикасының көліктік, лицензиялық және салықтық заңнамаларымен, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 наурыздағы № 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексімен, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы», 1998 жылғы 2 шілдедегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарымен, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің нормативтік-құқықтық актілерімен, сондай-ақ осы Ережемен регламенттеледі.
5. Автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдарының көліктік бақылау посты қызметкерлері қызметтік нысанды киімде, нөмірлі кеуде белгілері болуға және талап ету бойынша қызметтік куәліктерін көрсетуге тиіс.
6. Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар мен терминдер:
1) Комитеттің аумақтық органдарының көліктік бақылау посты (бұдан әрі - КБП) - техникалық бақылау құралдарымен жарақтанған, күрделі ғимаратпен немесе арнайы автокөлікпен жабдықталған стационарлы немесе жылжымалы өткізу-бақылау пункті;
2) көлік құралдарын өлшеу – міндетті метрологиялық тексеруден өткен және тиісті сертификаты бар стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығы немесе тасымалданатын ұтқыр таразылар көмегімен автокөлік құралдарының жалпы массасы мен білікке түсетін жүктемесін анықтау процесі;
3) стационарлық көліктік бақылау посты – күрделі ғимаратпен жабдықталған және техникалық бақылау, байланыс құралдарымен және жабдықпен жарақталған көліктік бақылау посты;
4) жылжымалы көліктік бақылау посты – арнайы автокөлік базасында ұйымдастырылған, техникалық бақылау, байланыс құралдарымен және жабдықпен жарақталған көліктік бақылау посты;
5) көліктік бақылау постының ауысымы – көліктік бақылау органдарының екі немесе үш қызметкерінен тұратын, бекітілген кестеге сәйкес стационарлық және жылжымалы көліктік бақылау посттарында қызмет атқару үшін белгіленген ауысым.
2. КБП ұйымдастыру тәртібі
§1. Стационарлық КБП
7. Стационарлық КБП жүк құраушы нүктелер, автомагистральдардың қиылыстары аймақтарында және негізгі халықаралық көлік дәліздерінде орналасады.
8. Стационарлық және жылжымалы КБП ауысымының жұмыс кестесін Комитеттің Өңіраралық көліктік бақылау инспекциясының (бұдан әрі - Инспекция) бастығы немесе Инспекция филиалының басшысы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес бекітеді.
9. Стационарлық және жылжымалы КБП-ның штат саны мен жұмыс ауысымдығын Инспекция бастығы автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімі бөлген қаражат пен штат санына сәйкес белгілейді.
10. Стационарлық КБП-ның ауысымы тәулік бойы жұмыс істейді.
11. Инспекция бастығының немесе Инспекция филиалы басшысының бұйрығымен стационарлық және жылжымалы КБП ауысымының аға қызметкері тағайындалады.
§2. Жылжымалы КБП
12. Қазақстан Республикасының аумағында бақылауды жүзеге асыру бойынша жылжымалы КБП-ның маршруты Комитет төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
13. Жылжымалы КБП-ның жұмыс режимі кестеге сәйкес анықталады, онда КБП қызметкерлерінің бақылау атқару күндері мен сағаттары (ауысымдары) көрсетіледі.
14. Жылжымалы КБП-ның жұмыс режимі әр түрлі тәулік сағаттарында, жыл мезгілдерінде көлік құралдары қозғалысының қарқындылығын, көлік құралдары ағымының эпизодтық тәуліктік немесе маусымдық артуын негіздейтін шаруашылық субъектілерінің жұмыс режимін ескере отырып анықталады.
15. Жылжымалы КБП табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін тартылуы мүмкін.
16. Көліктік бақылау органдарының арнайы автокөлігі «Көліктік бақылау комитеті» жазуымен және Комитеттің логотипімен белгіленеді.
3. КБП-да көліктік бақылауды жүргізу тәртібі
17. Автомобиль жолдарында бақылауды жүзеге асыру бойынша негізгі іс-қимылдар мыналарды тексеру болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуіне рұқсат беру құжаттарының болуы;
2) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша бөлінбейтін жүкті тасымалдайтын ірі көлемді және ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүруіне арнайы рұқсаттардың болуы;
3) жол жүру маршрутының халықаралық қатынас үшін белгіленгенге сәйкестігі;
4) рұқсат алмай жүріп өту жүйесі әрекет ететін мемлекеттерде тіркелген автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кіруін тіркеу талондарының болуы;
5) автокөлік құралдары кірген кезде өткізу пункттерінде берілетін бақылаудан өту талондарының болуы;
6) жүргізушінің еңбегі мен демалу режимінің бақылау құрылғысының (тахографтың) болуы және оны пайдалануы тексеру, сондай-ақ экипаждың еңбегі мен демалу режимін бақылаудың тіркеу парақтарын жүргізуі.
18. Ірі көлемді және ауыр салмақты көлік құралдарының жүріп өтуін көлік құралдарының нақты салмақ және көлем параметрлерін тексеру және олардың Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген рұқсат етілген параметрлерден асуы шамасын айқындау арқылы көліктік бақылау өлшеу құралы мен көлем рамкаларын, сондай-ақ міндетті метрологиялық тексерістен өткен және келесі тексеріс күні көрсетілген сертификаты бар стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығын немесе көшпелі ұтқыр таразыны қолдана отырып жүргізіледі.
Метрологиялық тексеру мерзімі өтіп кеткен салмақ өлшеу жабдығын пайдалануға жол берілмейді.
19. Бақылаудан өту тасымалдаушы ұсынатын көлік құжаттарына КБП-ның мөртабанын (осы Ережеге 1-қосымша) қою арқылы ресімделеді.
20. Бақылаудан өту туралы мөртабан:
1) Қазақстан Республикасының резиденттері емес көлік құралдарының иелері (пайдаланушылары) үшін рұқсат қағазының немесе тіркеу талонының екінші жағына, не болмаса өзге рұқсат құжатына;
2) Қазақстан Республикасының резиденттері болатын көлік құралдарының иелері (пайдаланушылары) үшін жол парағына немесе борт журналына, не өзге ілеспе құжатына қойылады.
21. КБП қызметкерлері мөртабанға лауазымын мен тегін, атын, әкесінің атын, күнін және қолын қояды.
22. Тасымалдаушы КБП-ның мөртабаны қойылған ілеспе және рұқсат құжатын ұсынған кезде көлік құралының габариттік және салмақтық параметрлерін өлшеу басқа КБП-да жүргізілмейді.
23. КБП қызметкері автокөлік құралына көліктік бақылауды жүргізу мыналардан тұрады:
1) автокөлік құралын тоқтатады;
2) жүргізушіге жақындап, өзін таныстырады (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы), жүргізушінің немесе бірге жүрген адамдардың талабы бойынша қызметтік куәлігін көрсетеді;
3) жүргізуші куәлігін, көлік құралын тіркеу туралы куәлігін, ілеспе және рұқсат құжаттарын сұратады;
4) жүргізушілердің еңбегі мен демалу режимін тіркейтін бақылау құрылғысының (тахографтың) болуын, түзулігі мен дұрыстығын және жүргізушілердің еңбегі мен демалуы есебінің тіркеу парақтарының тиісті толтырылуын тексереді;
5) көлік құралының габариттік және салмақтық параметрлерін өлшеуді жүргізеді;
6) шығарындылардағы ластаушы заттардың құрамын өлшеуді қамтамасыз етеді.
24. Ілеспе және рұқсат құжаттары үй-жайдағы немесе арнайы автокөлік салонындағы КБП-ның қызметкеріне тапсырылады, ол:
1) автомобиль тасымалын жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың бар болуын және олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді;
2) есепке алу және тіркеу журналдарына тиісті жазулар жазады;
3) көліктік дерекқордың және тасымалдар қауіпсіздігінің серпіні мониторингісінің ақпараттық талдау жүйесіне тиісті мәліметтер енгізеді;
4) Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі саласындағы заңнамасын бұзушылық анықталған кезде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізуді қамтамасыз етеді.
25. Таразы жабдығы мен өлшеу аспабының қателігі тасымалдаушының пайдасына ескеріледі.
26. Әкімшілік құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында, оны жасауда күдікті адамның тұлғасын анықтау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру оны әкімшілік құқық бұзушылық жасалған орында мүмкін болмаған жағдайда, істің уақтылы және дұрыс қаралуын және іс бойынша қабылданған қаулыны орындауды қамтамасыз ету үшін КБП лауазымды тұлғасы өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қамтамасыз ету шараларын қабылдайды.
27. Автокөлік құралы ұсталады және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген бұзушылықтарды жасау кезіндегі себептерін жою үшін және уақытша сақтау үшін тұраққа жеткізіледі.
28. Жүру маршруттарындағы қалалық қоғамдық көліктер (автобустар, шағын автобустар, троллейбустар, трамвайлар) тексеруге жатпайды.
Жүру маршруттарындағы қалалық қоғамдық көліктерді тексеру жолаушыларды отырғызу және түсірудің соңғы пунктінде жүзеге асырылады.
29. «Құжаттар нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 633 бұйрығымен бекітілген қатаң есептіліктегі бланкілер нысанының негізінде алым сомасы қолма-қол ақшалай КБП қызметкерлері қабылдайды (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5448 тіркелген).
30. Банкке және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қабылданған қолма қол ақшалай алым сомалары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады (Салық кодексі).
31. КБП жұмыс үшін қажетті жабдық және мүлікпен жарақтандырылады (Осы ереженің 2, 3-қосымшалары).
32. КБП-да басқа бөгде тұлғаның болуына рұқсат етілмейді.
4. Автомобиль тасымалдаушыларымен өзара қарым-қатынас және жеке қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету
33. КБП қызметкерлерінің тасымалдаушылармен өзара қарым-қатынастары заңдылықты қатаң сақтауға, өзінің лауазымдық өкілеттіктерін нақты орындауға, азаматтарға игі ниетпен және құрметпен қарым-қатынас жасаумен құқық бұзушылықтың алдын алуда және жолын кесуде қатаңдықтың, батылдықтың және принципшілдіктің үйлесімділігіне негізделеді.
34. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту кезінде КБП қызметкерлері бұзушыларға олардың құқықтарын түсіндіреді:
1) материал істерімен танысуға, түсінік беруге, дәлелдемелер ұсынуға, өтініш мәлімдеуге;
2) істі қарау кезінде қорғаушының заңды көмегін пайдалануға;
3) ана тілінде немесе өзі білетін тілінде сөйлеу, іс жүргізілген тілде аудармашының қызметін пайдалану;
4) іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдануы мен Инспекцияның қаулысына шағымдану.
35. КББ қызметкері автокөлік құралдарының жүріп өтуіне бақылауды жүзеге асыру кезінде өзінің жеке қауіпсіздігі бойынша мынадай негізгі шараларды сақтайды:
1) қызметтік міндеттерін орындау кезінде жол қозғалысының қатысушыларына айқын көріну және дер кезінде құқық бұзушылықтың алдын алу мүмкіндігіне ие болу үшін орын таңдайды;
2) тәуліктің қараңғы кезінде және көру мүмкіндігінің шектеулі жағдайында жарықтандырылған жол учаскелерінде бақылау жүргізеді, жарық шығаратын жезл мен жарық шағылдырғыш формасы болады;
3) жол жамылғысының тайғақ учаскесінде тұруына болмайды;
4) тәуліктің қараңғы кезінде көлік құралдарын тоқтату үшін жолдың ең жарық учаскесін таңдайды, мүмкін болмаған жағдайда – арнайы автокөлік құралы фарының жарығын пайдаланады;
5) егер көлік қозғалысына немесе өзінің жеке қауіпсіздігіне кедергі келтіретін болса, жол жиегінде тұрып құқық бұзушылықты болдырмайды.
Қазақстан Республикасының
аумағындағы көліктік
бақылау посттарының жұмысын
ұйымдастыру ережесіне
1-қосымша
КҚ-дың бақылаудан өткені туралы мөртабан нысаны Ресімдеу төменде көрсетілген үлгідегі мөрді қоюымен жүзеге асырылады
(көліктік бақылау инспекцияның атауы) |
(көліктік бақылау постының атауы) БАҚЫЛАУ ӨТІЛДІ |
Қазақстан Республикасының
аумағындағы көліктік
бақылау посттарының жұмысын
ұйымдастыру ережесіне
2-қосымша
Стационарлық көліктік бақылау посттарының жабдығы мен мүлкін тізбесі
1. Стационарлық таразы жабдығы
2. Түтін өлшеуіш
3. Газоанализатор
4. Компьютер
5. Ксерокс
6. Байланыс құралы
7. Тахограф диаграмма дискілерін оқитын құрал
8. Өлшеу құралы (габариттік рама, рулетка)
9. Термометр (жаз мезгілінде бақылау үшін)
10. Өрт сөндіру және алғашқы медициналық жәрдем көрсету құралы
11. Қатаң есептегі бланкілері сақтау сейфі
12. Қызметкерлер үшін жұмыс орындары
13. Арнайы автокөлік
14. Ақпараттық стенд
15. Нормативтік-техникалық құжаттама
16. Автокөлік құралдарын тоқтату үшін жезл
Қазақстан Республикасының
аумағындағы көліктік
бақылау посттарының жұмысын
ұйымдастыру ережесіне
3-қосымша
Жылжымалы көліктік бақылау посттарының жабдығы мен мүлкін тізбесі
1. Жылжымалы таразы жабдығы
2. Түтін өлшеуіш
3. Газоанализатор
4. Компьютер немесе ауыспалы ноутбук
5. Ксерокс
6. Байланыс құралы
7. Тахограф диаграмма дискілерін оқитын құрал
8. Өлшеу құралы (рулетка)
9. Термометр (жаз мезгілінде бақылау үшін)
10. Өрт сөндіру және алғашқы медициналық жәрдем көрсету құралы
11. Қатаң есептегі бланкілері сақтау сейфі
12. Нормативтік-техникалық құжаттама
13. Автокөлік құралдарын тоқтату үшін жезл