БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 362 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6472 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
5-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) автоматтандырылған өлшеу станциясы – метрологиялық салыстырып тексеруден өткен, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыратын, автоматты режимде жұмыс істейтін, автомобиль көлігі құралдарының түрін, маркасын, мемлекеттік тіркеу белгісін, салмақтық және габариттік параметрлерін, осьтік жүктемелерін және жүру жылдамдығын тіркейтін сертификатталған арнаулы бақылау-өлшеу техникалық құралдарының, аспаптар мен жабдықтардың зияткерлік көлік жүйесімен интеграцияланған кешені;";
5-тармақ мынадай мазмұндағы 11) тармақшасымен толықтырылсын:
"1-1) дөңгелекті бұғаттағыш – көлік құралының дөңгелегіне орнатылатын, оның одан әрі қозғалу мүмкіндігін болдырмайтын арнайы бұғаттағыш құрылғы."
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Инспекцияның көліктегі бақылау бөлімінің басшысы немесе оны алмастыратын адам (ол жоқ болған кезде – оны алмастыратын адам) жылжымалы КББ әрбір ауысымына, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша маршрут карточкасы екі данада жасайды, олардың біреуі Инспекцияда бір күнтізбелік жыл сақталады, басқасы жылжымалы КББ ауысымына тапсырылады.
Жылжымалы КББ маршрут карточкасына бір маршрутты қатарынан үш ауысым бойынша қосуға жол берілмейді.
Маршрут карточкасы тәуліктің әртүрлі сағаттарында және жылдың уақытында көлік құралдары қозғалысының қарқындылығын ескере отырып жасалады. Көлік құралдары қозғалысының қарқындылығы автоматтандырылған өлшеу станцияларының көрсеткіштері бойынша, Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі Ұлттық оператордың деректері бойынша, басқа мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлескен іс-шаралардың қорытындылары бойынша айқындалады.
Инспекцияның көліктегі бақылау бөлімінің басшысы немесе оны алмастыратын адам (оның жоқ болу кезіне – оны алмастыратын адам) аптасына 2 рет Стационарлық және жылжымалы бекеттің жабдығы мен мүлік тізбелерінде көрсетілген КББ жабдығы мен мүлігінің, сондай-ақ Ахуалдық орталықпен байланыс каналының бар болуын және жұмысқа қабілеттілігін тексереді.
Инспекция басшысы КББ қызметкерлерінің осы Қағидалардың талаптарын сақтауын, КББ-де тиесілі құрылғылар мен мүліктердің жөнділігін, сондай-ақ бақылау-өлшеу құралдарына тексеру жүргізуді қамтамасыз етеді."
16-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 706 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12812 болып тіркелген) сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактілерін тіркеу үшін пилотсыз ұшу аппаратын пайдаланады.";
17-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жүргізуші көлік құралын тоқтату туралы талапты орындамаған немесе көлік құралының нақты салмақтық және габариттік параметрлерін тексеру үшін қажетті құжаттарды беруден бас тартқан не өлшеуді жүргізуден бас тартқан жағдайда, ӘҚБтК-нің 804-бабына сәйкес КББ қызметкерлері екі куәгердің қатысуымен (бар болса) немесе аудио-бейнежазбаның техникалық құралдарын қолдана отырып, осы фактіні тіркегеннен кейін ӘҚБтК-нің 41-тарауында көзделген тәртіп пен мерзімде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғайды.
Жолаушыларды, багажды автомобильмен тұрақты немесе тұрақты емес тасымалдауды, сондай-ақ жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде автокөлік құралының жол парағында немесе борттық журналында тексеруден өткені туралы белгісін қоймай рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық қарап-тексеруден өтпеген автокөлiк құралдарын пайдалануға шығару, сондай-ақ рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық қарап-тексеруден өтпеген жүргiзушiнiң басқаруына рұқсат беру не ол автокөлік құралының жол парағын немесе борттық журналын ұсынбай, КББ қызметкері:
1) уақытша сақтау үшін көлік құралын басқа көлік құралын (эвакуаторды) пайдалана отырып, арнаулы алаңдарға, тұрақтарға немесе КББ-не іргелес алаңдарға ұстауды және жеткізуді жүзеге асырады, ол туралы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы акт жасалады;
2) ұсталған көлік құралын жеткізуге мүмкіндік беретін басқа көлік құралы (эвакуатор) болмаған кезде куәгерлердің қатысуымен оны көзбен шолып тексеруді (қарап тексеруді) жүргізеді;
3) жету қиын жерлерде, тиісті хабарлама құралдары болмаған кезде немесе басқа объективті себептерге байланысты жеке тұлғаларды куәгерлер ретінде тартуға мүмкіндік болмаған кезде тексеру аудио-бейнежазбаның техникалық құралдарын қолдана отырып жүргізіледі;
4) көлік құралын тексеру аяқталғаннан кейін оның мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін алып қою жүргізіледі және ол жүріс бөлігінен тыс жерде болған кезде жетекші ось дөңгелектеріне екі куәгердің қатысуымен және/немесе аудио-бейнежазбаның техникалық құралдарын қолдана отырып блокаторлар орнатылады, бұл туралы тиісті хаттама жасалады;
5) ұсталған көлік құралының алып қойылған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі оралады, мөрленеді және КББ қызметкері мен куәгерлердің (бар болса) қолымен куәландырылады;
6) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралғанға дейін ұсталған көлік құралының алып қойылған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі Инспекция айқындайтын жерде сақталады;
7) іс қаралғаннан кейін шығарылған қаулыға сәйкес ұсталған көлік құралының жүргізушісіне немесе иесіне алып қойылған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін қайтарады және оның жетекші осінің дөңгелектеріне орнатылған бұғаттағыштарды алып тастауды жүргізеді.
"Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 547 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген 2015 жылғы 30 қазан № 12221) сәйкес тасымалдаушының жауапты техникалық қызметкері (механик-бақылаушы) немесе жақын маңдағы техникалық қызмет көрсету станциясы тоқтаған жерде көлік құралының техникалық жай-күйіне диагностика жүргізу кезінде анықталған көлік құралының ақауы болған жағдайларды қоспағанда, көлік құралы тоқтағаннан кейін немесе оны КББ-де тексеру барысында бұзылған жағдайда жүргізушінің іс-әрекеті КББ қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін жүзеге асыруда кедергілер туғызу ретінде бағалануы тиіс.";
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Көлік құралдарының нақты салмақтық және габариттік параметрлерін тексеру және олардың Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген жол берілетін параметрлерден асып кету шамасын айқындау жолымен ірі көлемді және ауыр салмақты көлік құралдарының жүруін көліктік бақылау мыналарды пайдалана отырып жүргізіледі:
1) өлшеу құралы мен көлем шеңберлерін;
2) стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығы немесе жылжымалы мобильді таразылар;
3) автоматтандырылған өлшеу станциялары.
Өлшеу құралы мен көлем шеңберлерді пайдалануға мынадай:
1) жабдықтың ақаулары;
2) метрологиялық тексеруден өтпеген немесе метрологиялық тексерудің қолданылу мерзiмi өтiп кеткен жағдайларда жол берілмейді.
Стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығын немесе жылжымалы мобильді таразыларды, сондай-ақ автоматтандырылған өлшеу станцияларын пайдалануға мынадай:
1) жабдықтың ақаулары;
2) техникалық сипаттатамалары ағымдағы ауа-райы жағдайларына сәйкес келмеуі;
3) метрологиялық тексеруден өтпеген не метрологиялық тексерудің қолданылу мерзімі өткен;
4) КББ автоматтандырылған жұмыс орнына нақты уақыт режимінде салмақты өлшеу деректерін бермеген жағдайларда жол берілмейді.
Көліктік бақылаудың жылжымалы бекеттерінде көлік құралдарының нақты салмақтық параметрлерін өлшеу Ахуалдық орталыққа деректерді беру функциясы бар тасымалды мобильді таразыларда жүргізіледі.
Деректерді Ахуалдық орталыққа беру функциясы бар тасымалды мобильді таразыларда өлшеу жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, Инспекция басшысының шешімі бойынша қолда бар таразы жабдығын пайдалануға жол беріледі.";
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"36. Көлік құралын бақылаулық өлшеу (өлшем) мынадай:
1) жүргізушінің талабы бойынша онымен Актіде көлік құралының салмақтық немесе габариттік параметрлерін айқындау нәтижелерімен келіспеу туралы белгі жасалған кезде;
2) жүргізушінің талабы бойынша автоматтандырылған өлшеу станцияларында электронды тақтада (болған жағдайда) көрсетілген рұқсат етілген салмақтық габариттік параметрлерінің асқандығы туралы ақпаратпен келіспеген жағдайда;
3) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету және көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген параметрлерге сәйкес келтіру үшін жеңілдету шараларын қабылдағаннан кейін;
4) осы тармақтың 2) тармақшасымен көзделген жағдайларды қоспағанда, автоматтандырылған өлшеу станциялары арқылы параметрлерден асып кеткенін, дұрыс жүрмегенін тіркеген кезде;
5) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 23 ақпандағы № 87 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде № 6817 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану қағидаларының 5-тармағымен көзделген жағдайларда жүргізіледі.
Осы тармақтың 1) тармақшасымен көзделген жағдайда көлік құралын бақылаулық өлшеу (өлшем) жүргізушінің Актімен танысу сәтінен бастап 40 (қырық) минуттан кешіктірілмей жүргізіледі.
Осы тармақтың 2) тармақшасымен көзделген жағдайда көлік құралын бақылаулық өлшеу (өлшем) жүру маршруты бойынша жақын КББ-де және автоматтандырылған өлшеу станциялары арқылы жүріп өтілген сәттен бастап үш сағаттан кешіктірілмей жүргізіледі.
Осы тармақтың 3) тармақшасымен көзделген жағдайда көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген параметрлерге сәйкес келтіру үшін жеңілдету бейнежетонды пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Көлік құралын арнайы алаңдарда, тұрақтарда немесе КББ-ге іргелес жатқан алаңдарда уақытша сақтау үшін оларды жеткізген (эвакуациялаған) жағдайда бақылаулық салмақ өлшеу (өлшем) жүргізілмейді.";
Автокөлік құралына қатысты бақылаулық өлшеу (өлшем) жүргізілген жағдайда бақылаулық өлшеу (өлшем) нәтижелері негіз ретінде алынады.
3 және 7-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 8-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қағидалардың 17-1-тармағының қолданысы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
А. Бейспеков |
МАРШРУТ КАРТАСЫ
№ жылжымалы көліктік бақылау бекеті ________________________________________
__________________________________________________________________________
(көліктік бақылау органының атауы)
Көліктік бақылауды жүзеге асыру бағыты 1 _____________________________________
__________________________________________________________________________
(километрлерді көрсете отырып, автожолдың атауы)
Бақылау жүргізу кезеңі ______________________________________________________
(бақылау жүргізу күні мен уақыты)
Ұзындығы, км ____________________________________________________________
Ауысым құрамы:
1.________________________________________________________________________
2.________________________________________________________________________
3. ________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
Маршрут картасы берілді ____________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
"___" _____________ 20___ жыл
_____________________________________________________
(қолы)
Кезекшілікті қабылдады:
1. ______________________________________________________________________
2. ________________________________________________________________________
3. ________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
1 бір ауысымда үш маршруттан артық емес.
Бұйрыққа 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларына 7-қосымша |
Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңнамасының бұзылуын жою туралы нұсқама
_________________________________ 20 ___жылғы "____"
құрастыру орны жасалған күні
Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың № 24 қосымшасы болып табылатын Үйлестірілген (келісілген) көлік саясаты туралы хаттамада айқындалған Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасында көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыру тәртібінің 4, 5 және 12-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 154-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 550-бабының 4-тармағына (Салық кодексі), "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 15-бабының 2) тармақшасына, 19-7-бабының 1) және 6) тармақшаларына және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 362 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6472 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларына сәйкес "________________ көліктік бақылау инспекциясы" РММ 20__ жылғы "___" _________ № __________ көлік құралын өлшеу (өлшеу) актісі негізінде
көліктегі мынадай бұзушылықты _____________жоюды (тасымалдаушы) ұйғарады.
Бұзушылық | Бұзушылықты жою шаралары | Орындау мерзімі |
Автокөлік құралының нақты салмақтық және габариттік параметрлерін тексеру кезінде _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі_____________ (келесі – АТС) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 342 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерінен асып кеткен ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты (қажеттісінің астын сызу) автокөлік құралының жүріп өту фактісі анықталды № 11009 үшін) (бұдан әрі – рұқсат етілген параметрлер), арнайы рұқсатсыз | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 206 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11395 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларында көзделген тәртіппен тасымалдау (бұдан әрі – Қағидалар) 1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 552-бабында көзделген тәртіппен бюджетке АКҚ қозғалыс бағытының нақты жүріп өткен бөлігі үшін ______________________________ ____________ _________________(цифр және жазбаша) мөлшеріндегі алымды (Мемлекеттік кіріс департаментіне ________________бюджеттік біліктілік коды) төленген және АКҚ рұқсат етілген параметрлерге сәйкес келтірген; | 5 (бес) жұмыс күні |
2) Заңның 19-11-бабында және Қағидаларда көзделген тәртіппен АТС қозғалысының барлық бағыты үшін рұқсат етілген параметрлерден асып кете отырып, арнайы рұқсат алу. | "Ауыр салмақты және (немесе) ірі габаритті автокөлік құралдарының жүруіне арнайы рұқсат беру"мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес |
Осы Ұйғарымды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабының 3-бөлігімен жауапкершілік көзделген.
Берді:________________________________ |
___________________ |
Алды: ____________________________________________________________
(ұйғарымды алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)
Бұйрыққа 3-қосымша |
|
Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмыстарын ұйымдастыру қағидаларына 8-қосымша |
Көлік құралын ұстау туралы акті
__________________ 20 ____ ж. "____"______________ сағат _____ минут
(құрастыру орны)
Біз (мен),__________________________________________________________________
(акт жасаған қызметкерлердің лауазымы, аты-жөні)
__________________________________________________________________________
Куәгерлердің қатысуымен:
1.________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
2.________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
("Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 754 , 755-баптарына сәйкес куәгерлердің (куәгерлердің) құқықтары мен міндеттерімен танысты).
Кезеңінде "_______"_______________20_____ ж. ______ сағат. _________ мин.
ӘҚБтК-нің 797-бабына сәйкес автокөлік құралын ұстау жүргізілді
әкімшілік құқық бұзушылықтуралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан адамның
қатысуымен _____________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Көлік құралы туралы мәліметтер:
АКҚ маркасы және мемлекеттік
нөмірі ___________________________________________________________________
Тіркеменің маркасы және мемлекеттік
нөмірі ____________________________________________________________________
тиесілі ____________________________________________________________________
есепке алу
орны _________________________________________________________________
Көлік құралында келесі заттар бар: ____________________________________________
__________________________________________________________________________
Актіні толтырған ___________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қолы)
Куәгерлер: 1.______________________________ 2. ______________________________
Актінің көшірмесін алды
__________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), күні, қолы)
Ескертпе: көліктік бақылау органдарының қызметкерлеріне олардың құзыретіне сәйкес қызметтік міндеттерін орындауына заңсыз кедергі келтіргені үшін меншік түрі мен нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғалар ҚР ӘҚБтК 462-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.