Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы және Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының шығындылықты (шығындылық коэффициенті, шығындар коэффициенті, аралас коэффициент) сипаттайтын коэффициенттерін есептеу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Сақтандыру нарығының субъектілерін қадағалау департаменті (Қалиев Ә.Е.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Д. Ақышев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті Төрағасының
міндетін атқарушы
_______________ Б. Иманәлиев
2016 жылғы 13 қаңтар
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 240 қаулысымен бекітілген |
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының шығындылықты (шығындылық коэффициенті, шығындар коэффициенті, аралас коэффициент) сипаттайтын коэффициенттерін есептеу қағидалары
Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының шығындылықты (шығындылық коэффициенті, шығындар коэффициенті, аралас коэффициент) сипаттайтын коэффициенттерін есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының шығындылықты (шығындылық коэффициенті, шығындар коэффициенті, аралас коэффициент) сипаттайтын коэффициенттерін есептеу тәртібін айқындайды.
Осы Қағидалардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қатысты қолданылатын талаптары Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына қолданылады.
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) есепті кезең – есепті күннің алдындағы он екі ай;
2) комиссиялық сыйақы төлеу бойынша таза шығыстар – қайта сақтандырушыдан алынған комиссиялық сыйақыларды шегергенде, сақтандыру қызметі бойынша комиссиялық сыйақы төлеу бойынша шығыстар;
3) қайта сақтандырушыдан алынған комиссиялық сыйақылар – қайта сақтандырушыдан алынған, есепті кезеңде есептелген, есепті кезеңнің басында қайта сақтандырушыдан кейінге қалдырылған комиссиялық сыйақылар шамасына көбейтілген және есепті кезеңнің соңында қайта сақтандырушыдан кейінге қалдырылған комиссиялық сыйақылар шамасына азайтылған комиссиялық сыйақылар;
4) қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген шеккен шығындар – төлемдердің таза сомасы, сақтандыру шығындарын реттеу бойынша шығыстар, сондай-ақ шығындар резервтеріндегі өзгерістердің таза сомасы;
5) сақтандыру қызметі бойынша комиссиялық сыйақы төлеу бойынша шығыстар – есепті кезеңде есептелген, есепті кезеңнің басында кейінге қалдырылған комиссиялық сыйақылар шамасына көбейтілген және есепті кезеңнің соңында кейінге қалдырылған комиссиялық сыйақылар шамасына азайтылған сақтандыру қызметі бойынша комиссиялық сыйақы төлеу бойынша шығыстар;
6) сақтандыру шығындарын реттеу бойынша шығындар – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сараптамалық, консультациялық немесе сақтанушының сақтандандыру жағдайларына байланысты туындаған мүліктік мүдделерге келтірілген шығын (зиян) мөлшерін және төмендеуімен байланысты өзге қызметтерге ақы төлеу үшін шеккен шығындарының сомасы;
7) таза еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резерві – қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резерві;
8) таза шығыстар – комиссиялық сыйақы төлеу бойынша шығыстар, жалпы және әкімшілік шығыстар, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13504 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 41 қаулысымен (бұдан әрі – № 41 қаулы) бекітілген қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті ұсынуы қағидаларына 10-қосымшада көзделген ұқсас шығыстар баптарына сәйкес келетін басқа да шығыстар;
9) төлемдердің таза сомасы – қайта сақтандырушының үлесі ескермегендегі және регрестік талап қою бойынша өтеуді шегергендегі сақтандыру төлемдерінің сомасы;
10) уәкілетті орган – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
11) шеккен шығындар – сақтандыру төлемдері, реттеуге арналған шығыстар, сондай-ақ шығындар резервтеріндегі өзгерістер;
12) шығындар резервтеріндегі өзгерістердің таза сомасы – қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген шығындар резервтеріндегі өзгерістер;
13) шығыстар – сақтандыру қызметі бойынша комиссиялық сыйақы төлеу бойынша шығыстар, жалпы және әкімшілік шығыстар, корпоративтік табыс салығын қоспағандағы салықтар және № 41 қаулыда көзделген ұқсас шығыстар баптарына сәйкес келетін өзге шығыстар.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерін есептеу жинақтаушы сақтандырудың сыныптарын (түрлерін) қоспағанда, сақтандырудың барлық сыныптарына (түрлеріне) қолданылады.
3. Алып тасталды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.03.2020 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4. Алып тасталды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.03.2020 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
5. Алып тасталды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.03.2020 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
6. Алып тасталды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.03.2020 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Шығындылықты сипаттайтын коэффициентерін есептеу тәртібі
7. Аралас коэффициент, есептік кезеңдегі шығындылық коэффициенті, полистер бойынша шығындылық коэффициенті және жұмсалған қаражат коэффициенті қайта сақтандырушының үлесі ескеріліп те, қайта сақтандырушының үлесі ескерілмей де есептеледі.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.8. Қайта сақтандырушының үлесін ескергенде есепті кезең үшін шығындылық коэффициенті сақтандырудың әрбір сыныбы (түрі) бойынша жеке және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық сақтандыру портфелі бойынша мына формуламен есептеледі:
Қайта сақтандырушының үлесін ескергенде есепті кезең үшін шығындылық коэффициенті | = | Шеккен шығындар | *100%. |
Еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары |
Қайта сақтандырушының үлесін ескергендегі есепті кезең үшін шығындылық коэффициентін есептеу үшін пайдаланылатын еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары сақтандыру шарттарын бұзуға байланысты шығыстар ескеріле отырып есепті кезеңде есептелген, есепті кезең басталғанда еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервінің шамасына ұлғайтылған және осы кезеңнің соңында еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервінің шамасына азайтылған сақтандыру сыйлықақылары ретінде есептеледі.
Есепті кезең үшін қайта сақтандырушының үлесін ескергенде шығындылық коэффициентін есептеу кезінде шеккен шығындар және еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары бір есепті кезеңге жатады.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.9. Қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде есепті кезең үшін шығындылық коэффициенті сақтандырудың әрбір сыныбы (түрі) бойынша жеке және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық сақтандыру портфелі бойынша мына формуламен есептеледі:
Қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде есепті кезең үшін шығындылық коэффициенті | = |
Қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде шеккен шығындар | *100%. |
Қайта сақтандырушының үлесін ескермегендегі есепті кезең үшін шығындылық коэффициентін есептеу үшін пайдаланылатын таза еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары қайта сақтандырушының үлесі ескерілмей және сақтандыру шарттарын бұзуға байланысты шығыстар және қайта сақтандыруға берілген шарттарды бұзуға байланысты кірістер ескеріле отырып есепті кезеңде есептелген, есепті кезең басталғанда таза еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервінің шамасына ұлғайтылған және осы кезеңнің соңында таза еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервінің шамасына азайтылған сақтандыру сыйлықақылары ретінде есептеледі.
Қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде есепті кезең үшін шығындылық коэффициентін есептеу кезінде қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде шеккен шығындар және таза еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары бір есепті кезеңге жатады.
Таза еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақыларын есептеу кезінде еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар резервіндегі қайта сақтандырушының үлесі қайта сақтандырушыдан алған комиссиялық сыйақыны есептемей толық көлемде ескеріледі.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.10. Қайта сақтандырушының үлесін ескергендегі жұмсалған қаражат коэффициенті сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық сақтандыру портфелі бойынша мына формула арқылы есептеледі:
Қайта сақтандырушының үлесін ескергенде шығындар коэффициенті | = | Шығыстар | *100%. |
Еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары |
Қайта сақтандырушының үлесін ескергендегі жұмсалған қаражат коэффициентін есептеу үшін пайдаланылатын таза еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары қайта сақтандырушының үлесі ескерілмей және сақтандыру шарттарын бұзуға байланысты шығыстар ескеріле отырып есепті кезеңде есептелген, есепті кезең басталғанда таза еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервінің шамасына ұлғайтылған және осы кезеңнің соңында таза еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервінің шамасына азайтылған сақтандыру сыйлықақылары ретінде есептеледі.
Қайта сақтандырушының үлесін ескергенде шығындар коэффициентін есептеу кезінде шығыстар және еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары бір есепті кезеңге жатады.
"Өмірді сақтандыру" саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін қайта сақтандырушының үлесін ескергенде есепті кезең үшін шығыстар, комиссиялық сыйақыны төлеу бойынша шығыстарды қоспағанда, есепті кезеңде сақтандырудың барлық сыныптары (түрлері) бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының жалпы сомасында сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларын төлеу үлесіне пропорционалды есептеледі.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.11. Қайта сақтандырушының үлесін ескермегендегі жұмсалған қаражат коэффициенті сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық сақтандыру портфелі бойынша мына формула арқылы есептеледі:
Қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде шығындар коэффициенті | = | Таза шығыстар | *100%. |
Таза еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары |
Қайта сақтандырушының үлесін ескермегендегі жұмсалған қаражат коэффициентін есептеу үшін пайдаланылатын таза еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары қайта сақтандырушының үлесі ескерілмей және сақтандыру шарттарын бұзуға байланысты шығыстар ескеріле отырып есепті кезеңде есептелген, есепті кезең басталғанда таза еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервінің шамасына ұлғайтылған және осы кезеңнің соңында таза еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервінің шамасына азайтылған сақтандыру сыйлықақылары ретінде есептеледі.
Қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде шығындар коэффициентін есептеу кезінде таза шығыстар және таза еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары бір есепті кезеңге жатады.
"Өмірді сақтандыру" саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін қайта сақтандырушының үлесін ескергенде есепті кезең үшін таза шығыстар, комиссиялық сыйақыны төлеу бойынша таза шығыстарды қоспағанда, есепті кезеңде сақтандырудың барлық сыныптары (түрлері) бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының жалпы сомасында сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларын төлеу үлесіне пропорционалды есептеледі.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.12. Аралас коэффициент сақтандыру қызметінің жалпы тиімділігін және сақандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын сипаттайды.
13. Қайта сақтандырушының үлесін ескергендегі аралас коэффициент мына формула бойынша есептеледі:
Қайта сақтандырушының үлесін ескергендегі аралас коэффициент | = | Қайта сақтандырушының үлесін ескергендегі есепті кезең үшін шығындылық коэффициенті | + | Қайта сақтандырушының үлесін ескергендегі жұмсалған қаражат коэффициенті. |
14. Қайта сақтандырушының үлесін ескермегендегі аралас коэффициент мына формула бойынша есептеледі:
Қайта сақтандырушының үлесін ескермегендегі аралас коэффициент | = | Қайта сақтандырушының үлесін ескермегендегі есепті кезең үшін шығындылық коэффициенті | + | Қайта сақтандырушының үлесін ескермегендегі жұмсалған қаражат коэффициенті. |
14-1. Қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде шығындылық коэффициентін актуарий сақтандыру тарифтерінің есебін қайта қараған кезде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4204 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы № 85 қаулысымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістері мен есептеу қағидаттарына қойылатын талаптар туралы нұсқаулығының талаптарын ескере отырып талдайды.
Ескерту. 14-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.15. Полистер бойынша шығындылық коэффициенті есепті кезеңнің алдындағы 12 (он екі) ай ішінде күшіне енген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша есептеледі.
16. Қайта сақтандырушының үлесін ескергенде полистер бойынша шығындылық коэффициенті сақтандырудың әрбір сыныбы (түрі) бойынша жеке және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық сақтандыру портфелі бойынша мына формуламен есептеледі:
Қайта сақтандырушының үлесін ескергенде полистер бойынша шығындылық коэффициенті | = | Шеккен шығындар | *100%. |
Еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары |
Полистік жыл бойынша шығындылық коэффициентін есептеу үшін пайдаланылатын еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары есепті кезеңнің алдындағы 12 (он екі) ай ішінде күшіне енген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру шарттарын бұзуға байланысты шығыстар ескерілген, есепті кезеңнің алдындағы 12 (он екі) ай ішінде күшіне енген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша есепті күнгі еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервінің шамасына азайтылған сақтандыру сыйлықақылары ретінде есептеледі.
Шеккен шығындар және еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары есепті кезеңнің алдындағы 12 (он екі) ай ішінде күшіне енген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша есептеледі.
Полистер бойынша шығындылық коэффициентін есептеу кезінде шеккен шығындар және еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары есепті кезеңнің алдындағы соңғы 2 (екі) жыл үшін есептеледі.
Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.17. Қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде полистер бойынша шығындылық коэффициенті сақтандырудың әрбір сыныбы (түрі) бойынша жеке және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық сақтандыру портфелі бойынша мына формуламен есептеледі:
Қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде полистер бойынша шығындылық коэффициенті | = |
Қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде шеккен шығындар *100%. |
Таза еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде есепті кезеңнің алдындағы 12 (он екі) ай ішінде заңды күшіне енген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша және сақтандыру шарттарын бұзуға байланысты шығыстарды және қайта сақтандыруға берілген шарттарды бұзуға байланысты кірістерді ескере отырып, есепті кезеңнің алдындағы 12 (он екі) ай ішінде заңды күшіне енген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша есепті күні таза еңбек сіңірілмеген сыйлықақылардың резерві шамасына азайтылған сақтандыру сыйлықақылары ретінде есептеледі.
Қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде шеккен шығындар және таза еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары есепті кезеңнің алдындағы 12 (он екі) ай ішінде күшіне енген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша есептеледі.
Қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде полистер бойынша шығындылық коэффициентін есептеу кезінде шеккен шығындар және таза еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары есепті кезеңнің алдындағы соңғы 2 (екі) жыл үшін есептеледі.
Еңбек сіңірілген таза сақтандыру сыйлықақыларын есептеу кезінде еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар резервіндегі қайта сақтандырушының үлесі қайта сақтандырушыдан алған комиссиялық сыйақыны есептемей толық көлемде ескеріледі.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.18. Теріс мәні бар шығындылық коэффициентінің қорытынды мәндері нөл мәнін қабылдайды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылығын сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, жұмсалған қаражат коэффициентін, аралас коэффициентті) есептеу қағидаларына 1-қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аралас коэффициентін есептеу туралы есеп
Есепті кезең: на 20 ____жылғы "_____" ___________
Ескерту. 1-қосымша алып тасталды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.03.2020 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылығын сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, жұмсалған қаражат коэффициентін, аралас коэффициентті) есептеу қағидаларына 2-қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Полистер бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылық коэффициентін есептеу туралы есеп
Есепті кезең: 20 ____жылғы "_____" ___________
Ескерту. 2-қосымша алып тасталды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.03.2020 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 240 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасының күші жойылған нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерін есептеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы № 83 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4218 тіркелген).
2. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және сақтандыру брокерлерін реттеу және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 125 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4724 тіркелген).
3. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерін есептеу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы № 83 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 181 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4862 тіркелген).
4. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерін есептеу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы № 83 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 15 шілдедегі № 106 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6381 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2010 жылғы 3 қарашада № 456 (26299) жарияланған).
5. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актiлерiне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 131 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының кейбір нормативтiк құқықтық актілеріне қаржы ұйымдары ұсынатын есеп беру нысанын жетілдіру бойынша енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар тiзбесiнің 15-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6554 тіркелген).