Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде банктік шоттарды жүргізу және инкассалық өкімдерді орындау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктердің, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттік қатынастар орнату жөніндегі ережелерді бекіту туралы" 1999 жылғы 28 наурыздағы N 37
қаулысына
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 754 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 1999 жылғы 10 - 23 мамырда жарияланған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1274 тіркелген 2000 жылғы 22 қыркүйектегі
N 355
, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1744 тіркелген 2001 жылғы 20 желтоқсандағы
N 542
, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1888 тіркелген 2002 жылғы 13 мамырдағы
N 172
, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2489 тіркелген 2003 жылғы 11 тамыздағы
N 293
, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3173 тіркелген 2004 жылғы 25 қыркүйектегі
N 136
, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3993 тіркелген 2005 жылғы 17 қарашадағы
N 147
қаулыларымен бекітілген өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
тақырыбында және 1-тармақта "екінші деңгейдегі" деген сөздер алынып тасталсын;
2 және 3-тармақтарда "және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережелерін" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктердің, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережелерінде:
тақырыбында "екінші деңгейдегі" деген сөздер алынып тасталсын;
2-тармақта:
"екінші деңгейдегі банктердің" деген сөздерден кейін "және "Қазақстан Даму Банкі" АҚ-ның (бұдан әрі - банктер)" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Ұлттық Банкте корреспонденттік шот ашу үшін банк ұсынған құжаттарды қарауды және корреспонденттік шот шартын жасау үшін оған жіберуді төлем жүйелері бөлімшесі толық құжаттар пакеті ұсынылған күннен бастап бір ай ішінде жүзеге асырады.";
8-тармақтың бірінші азатжолы "ұсынуға" деген сөздің алдынан "Ұлттық Банктің төлем жүйелері бөлімшесіне" деген сөздермен толықтырылсын;
8-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8-2. Төлем жүйелері бөлімшесі ұйым толық құжаттар пакетін ұсынған күннен бастап бір ай ішінде ұйым ұсынған құжаттар Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келген жағдайда Ұлттық Банк Басқармасының қарауына корреспонденттік шот ашу жөніндегі мәселені енгізеді не олар сәйкес келмеген жағдайда корреспонденттік шот ашудан бас тартады және қайтару себебін көрсете отырып, құжаттарды ұйымға қайтарады.
Төлем жүйелері бөлімшесі Ұлттық Банк Басқармасының осы ұйымның корреспонденттік шотын ашу туралы қаулысын алған осы күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде корреспонденттік шот шартын жасау үшін ұйымға жібереді.
Ұлттық Банктің еншілес ұйымымен корреспонденттік шот шартын жасау үшін Ұлттық Банк Басқармасының корреспонденттік шотын ашу туралы қаулысы талап етілмейді. Ұлттық Банкте корреспонденттік шот ашу үшін Ұлттық Банктің еншілес ұйымдары ұсынған құжаттарды қарауды және корреспонденттік шот шартын жасау үшін оған шартты жіберуді төлем жүйелері бөлімшесі толық құжаттар пакеті ұсынылған күннен бастап бір ай ішінде жүзеге асырады.";
8-3-тармақта:
бірінші азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
"Банкпен, ұйыммен не Ұлттық Банктің еншілес ұйымымен корреспонденттік шот шартын жасағаннан кейін Ұлттық Банк оларға банктік бірегейлендіру кодын және жеке бірегейлендіру кодын береді.";
мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:
"Корреспонденттік шот ашылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде банктердің корреспонденттік шоттарын жүргізетін бөлімше бұл жөнінде салық қызметінің тиісті органдарына хабарлайды.";
8-7-тармақта "Корреспонденттік шот шарты," деген сөздерден кейін "Ұлттық Банктің корреспонденттік шот ашу туралы салық қызметі органдарына хабарламасының көшірмесі," деген сөздермен толықтырылсын;
57-тармақ мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:
"Корреспонденттік шот жабылғаннан кейін банктердің корреспонденттік шоттарын жүргізетін бөлімше он күндік мерзімде бұл жөнінде салық қызметінің тиісті органдарына жазбаша хабарлайды. Ұлттық Банктің корреспонденттік шоттың жабылуы туралы салық қызметі органына хабарламасының көшірмесі клиенттің ісіне тігіледі және сол жерде сақталады.";
NN1-5 қосымшаларының оң жақтағы жоғарғы бұрышында:
"N" белгісі және "екінші деңгейдегі" деген сөздер алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 28 наурыздағы N 37 қаулысымен бекітілген" деген сөздер алынып тасталсын;
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 сәуірдегі
N 179
қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1155 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2000 жылғы 5-18 маусымда жарияланған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1379 тіркелген 2000 жылғы 29 желтоқсандағы
N 488
, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1779 тіркелген 2002 жылғы 18 қаңтардағы
N 20
, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2193 тіркелген 2003 жылғы 31 қаңтардағы
N 20
, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2593 тіркелген 2003 жылғы 27 қазандағы
N 372
, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2704 тіркелген 2004 жылғы 24 қаңтардағы
N 13
, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3283 тіркелген 2004 жылғы 13 қарашадағы
N 150
және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3883 тіркелген 2005 жылғы 27 тамыздағы
N 95
қаулыларымен бекітілген өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
2-тармақта:
1) тармақшада "және Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін" деген сөздер алынып тасталсын;
2) тармақшада "және Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесінде:
42-тармақта:
сегізінші азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
"Салық органының міндетті зейнетақы жарнасы бойынша берешекті өндіріп алуға арналған инкассалық өкімінде "бенефициар" бағанында Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық көрсетіледі, "бенефициар банк" бағанында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тиісті бөлімшесі көрсетіледі.";
тоғызыншы азатжолда "Монетарлық операцияларды есепке алу басқармасы (кастодиан)" деген сөздер "тиісті бөлімшенің атауы" деген сөздермен ауыстырылсын;
72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"72. Төлем тапсырмасын орындау мүмкін болмаған жағдайда, делдал банк ақша жіберушінің банкіне бұл жөнінде осындай нұсқау алған күннен кейінгі келесі операциялық күннен кешіктірмей олардың арасындағы шартта белгіленген тәсілмен хабарлайды және оған төлем тапсырмасы негізінде ақшаны қайтарады.";
120-тармақтың бірінші азатжолы "салық берешегін өндіріп алуға салық органдарының" деген сөздерден кейін "және атқару құжаттары бойынша атқарушылық іс жүргізу органдарының" деген сөздермен толықтырылсын;
121-тармақтың бірінші азатжолында бірінші сөйлем мемлекеттік тілдегі мәтінде мынадай редакцияда жазылсын: "Салық берешегін өндіріп алуға салық қызметі органдарының және атқару құжаттары бойынша атқарушылық іс жүргізу органдарының ішінара орындалатын инкассалық өкімдерінің акцепті оның бірінші бетіне "Ішінара ақы төлеу" мөртабанын қою арқылы жүргізіледі";
мынадай мазмұндағы 123-1-тармақпен толықтырылсын:
"123-1. Алушы банкке ішінара орындалған салық берешегін өндіріп алуға инкассалық өкімді қайтарып алу туралы салық органының өкімі келіп түскен кезде, алушы банк ішінара орындалған инкассалық өкімді қайтарады.";
мынадай мазмұндағы 124-3-тармақпен толықтырылсын:
"124-3. Клиенттің банктік шотында тұрған ақшаға уәкілетті органның немесе лауазымды тұлғаның тиісті шешімдері негізінде тыйым салынған және кейіннен атқару құжаттарымен қоса инкассалық өкімді ұсынған жағдайда, ақша жіберуші банк:
1) уәкілетті органның немесе лауазымды тұлғаның тыйым салу туралы шешімдерінде көрсетілген ақша жіберушінің деректемелері (атауы және СТН) инкассалық өкім ұсынылған негізде атқару құжаттарында көрсетілген деректемелермен сәйкес келуі;
2) инкассалық өкім сомасы тыйым салынған ақша сомасынан аспауы;
3) атқару құжатын және уәкілетті органның немесе лауазымды тұлғаның тыйым салу туралы шешімін бір атқарушылық іс жүргізу шеңберінде ұсыну шартымен тыйым салынған ақшаны пайдалана отырып, осындай инкассалық өкімді орындайды.
Осындай инкассалық өкім орындалғаннан кейін банк шотында тұрған ақшаға тыйым салудың күші жойылды деп саналады.";
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 179 қаулысымен бекітілген" деген сөздер алынып тасталсын;
5-қосымша мынадай сөздермен толықтырылсын:
"Сыртқы жағы
Инкассалық өкімді ішінара төлеу туралы мәлімет
Ішінара төлеу сомасына инкассалық өкімнің деректемелері |
Ішінара төлем күні |
Ішінара төлем сомасы |
Инкассалық өкім сомасының қалдығы |
Уәкілетті тұлғалардың қолдары |
|
|
|
|
|
|
". |
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында банктік есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 13 қазандағы N 395
қаулысына
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1304 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2000 жылғы 20 қараша - 3 желтоқсанда жарияланған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1711 тіркелген 2001 жылғы 16 қарашадағы
N 439
, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2445 тіркелген 2003 жылғы 4 шілдедегі
N 204
және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3883 тіркелген 2005 жылғы 27 тамыздағы
N 95
қаулыларымен бекітілген өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақта:
1) тармақшада "және Қазақстан Республикасының аумағында банктік есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін" деген сөздер алынып тасталсын;
2) тармақшада "және Қазақстан Республикасының аумағында банктік есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында банктік есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесінде:
4-қосымшада түбіртек (зейнетақы төлемдеріне арналған) мынадай редакцияда жазылсын:«
" |
ТҮБІРТЕК (зейнетақы төлемдеріне арналған)
Бенефициардың банкі_____________________ББК__________________ |
||
Төлемнің атауы |
КНП |
Сомасы |
|
Міндетті зейнетақы жарнасы |
010 |
|
|
Еркін зейнетақы жарнасы |
013 |
|
|
Өсімпұл |
019 |
|
|
|
|
|
|
БАРЛЫҒЫ (сомасы жазумен): Күні ___________ |
|||
Ақша жіберушінің аты-жөні _______________________________
Мөрдің орны (мөр болған жағдайда) |
|||
р/с |
Әлеуметтікжеке код |
Аты-жөні |
Аты-жөні (әлеуметтік жеке код алу үшін тіркеу карточкасында (өзгерген болса, көрсетілсін) |
Туған күні |
СТН |
Кезең |
Сомасы |
1. |
|
|
|
|
|
|
|
2. |
|
|
|
|
|
|
|
3. |
|
|
|
|
|
|
|
Күні _______________ Ақша жіберушінің аты-жөні ____________________________ Қолы _______________ Мөрдің орны (мөр болған жағдайда) |
Кассир: |
ХАБАРЛАМА (зейнетақы төлемдеріне арналған)
Ақша жіберуші_________________ СТН _____________
Ақша жіберушінің мекен-жайы мен телефоны
Бенефициар_______________________________
Бенефициардың банкі______________ББК______________ |
||
Төлемнің атауы |
КНП |
Сомасы |
|
Міндетті зейнетақы жарнасы |
010 |
|
|
Еркін зейнетақы жарнасы |
013 |
|
|
Өсімпұл |
019 |
|
|
|
|
|
|
БАРЛЫҒЫ (жазумен сомасы): Күні ________ |
|||
Ақша жіберушінің аты-жөні ______________________________ Қолы _______________ Мөрдің орны (мөр болған жағдайда) |
р/с |
Әлеуметтік жеке код |
Аты-жөні |
Аты-жөні (әлеуметтік жеке код алу үшін тіркеу карточкасында (өзгерген болса, көрсетілсін) |
Туған күні |
СТН |
Кезең |
Сомасы |
|
1. |
|
|
|
|
|
|
|
|
2. |
|
|
|
|
|
|
|
|
3. |
|
|
|
|
|
|
|
|
Күні _______________ Ақша жіберушінің аты-жөні ____________________________ Қолы _______________ Мөрдің орны (мөр болған жағдайда) |
". |
4. Осы қаулы 2006 жылғы 1 шілдеден бастап туындайтын қатынастарға қолданылатын 2-тармақтың жетінші және сегізінші азатжолдарын және 3-тармақтың алтыншы азатжолын және 2006 жылғы 10 шілдеден бастап туындайтын қатынастарға қолданылатын 2-тармақтың он екінші, он үшінші және жиырма бесінші азатжолдарын қоспағанда баспасөзде ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5. Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сотты басқару комитетіне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалардың бірлестігіне, екінші деңгейдегі банктерге, "Қазақстан Даму Банкі" АҚ-на және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Төлем жүйелері департаментінен жариялауға өтінімдерді алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.М.Сартбаевқа жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2006 жылғы 29 тамыз
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
2006 жылғы 21 тамыз
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Сот әкімшілігі
комитетінің төрағасы
2006 жылғы 31 тамыз