Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде банктік шоттарды жүргізу және инкассалық өкімдерді орындау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 14 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында банктік есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 13 қазандағы N 395 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1304 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2000 жылғы 20 қараша - 3 желтоқсанда жарияланған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1711 тіркелген 2001 жылғы 16 қарашадағы N 439 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2445 тіркелген 2003 жылғы 4 шілдедегі N 204 және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3883 тіркелген 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95 қаулыларымен бекітілген өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақта:
1) тармақшада "және Қазақстан Республикасының аумағында банктік есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін" деген сөздер алынып тасталсын;
2) тармақшада "және Қазақстан Республикасының аумағында банктік есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында банктік есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесінде:
4-қосымшада түбіртек (зейнетақы төлемдеріне арналған) мынадай редакцияда жазылсын:«
" |
ТҮБІРТЕК (зейнетақы төлемдеріне арналған) Бенефициардың банкі_____________________ББК__________________ |
||
Төлемнің атауы |
КНП |
Сомасы |
|
Міндетті зейнетақы жарнасы |
010 |
||
Еркін зейнетақы жарнасы |
013 |
||
Өсімпұл |
019 |
||
БАРЛЫҒЫ (сомасы жазумен): Күні ___________ |
|||
Ақша жіберушінің аты-жөні _______________________________ Мөрдің орны (мөр болған жағдайда) |
|||
р/с |
Әлеуметтікжеке код |
Аты-жөні |
Аты-жөні (әлеуметтік жеке код алу үшін тіркеу карточкасында (өзгерген болса, көрсетілсін) |
Туған күні |
СТН |
Кезең |
Сомасы |
1. |
|||||||
2. |
|||||||
3. |
|||||||
Күні _______________ Ақша жіберушінің аты-жөні ____________________________ Қолы _______________ Мөрдің орны (мөр болған жағдайда) |
Кассир: |
ХАБАРЛАМА (зейнетақы төлемдеріне арналған) Ақша жіберуші_________________ СТН _____________ Ақша жіберушінің мекен-жайы мен телефоны Бенефициар_______________________________ Бенефициардың банкі______________ББК______________ |
||
Төлемнің атауы |
КНП |
Сомасы |
|
Міндетті зейнетақы жарнасы |
010 |
||
Еркін зейнетақы жарнасы |
013 |
||
Өсімпұл |
019 |
||
БАРЛЫҒЫ (жазумен сомасы): Күні ________ |
|||
Ақша жіберушінің аты-жөні ______________________________ Қолы _______________ Мөрдің орны (мөр болған жағдайда) |
р/с |
Әлеуметтік жеке код |
Аты-жөні |
Аты-жөні (әлеуметтік жеке код алу үшін тіркеу карточкасында (өзгерген болса, көрсетілсін) |
Туған күні |
СТН |
Кезең |
Сомасы |
|
1. |
||||||||
2. |
||||||||
3. |
||||||||
Күні _______________ Ақша жіберушінің аты-жөні ____________________________ Қолы _______________ Мөрдің орны (мөр болған жағдайда) |
". |
4. Осы қаулы 2006 жылғы 1 шілдеден бастап туындайтын қатынастарға қолданылатын 2-тармақтың жетінші және сегізінші азатжолдарын және 3-тармақтың алтыншы азатжолын және 2006 жылғы 10 шілдеден бастап туындайтын қатынастарға қолданылатын 2-тармақтың он екінші, он үшінші және жиырма бесінші азатжолдарын қоспағанда баспасөзде ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5. Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сотты басқару комитетіне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалардың бірлестігіне, екінші деңгейдегі банктерге, "Қазақстан Даму Банкі" АҚ-на және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Төлем жүйелері департаментінен жариялауға өтінімдерді алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.М.Сартбаевқа жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2006 жылғы 29 тамыз
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
2006 жылғы 21 тамыз
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Сот әкімшілігі
комитетінің төрағасы
2006 жылғы 31 тамыз