Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде банктік шоттарды жүргізу және инкассалық өкімдерді орындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 74 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 29 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 4407

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде банктік шоттарды жүргізу және инкассалық өкімдерді орындау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 14 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 сәуірдегі  N 179 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1155 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2000 жылғы 5-18 маусымда жарияланған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1379 тіркелген 2000 жылғы 29 желтоқсандағы  N 488 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1779 тіркелген 2002 жылғы 18 қаңтардағы  N 20 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2193 тіркелген 2003 жылғы 31 қаңтардағы  N 20 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2593 тіркелген 2003 жылғы 27 қазандағы  N 372 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2704 тіркелген 2004 жылғы 24 қаңтардағы  N 13 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3283 тіркелген 2004 жылғы 13 қарашадағы  N 150 және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3883 тіркелген 2005 жылғы 27 тамыздағы  N 95 қаулыларымен бекітілген өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      2-тармақта:
      1) тармақшада "және Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін" деген сөздер алынып тасталсын;

      2) тармақшада "және Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін" деген сөздер алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесінде:

      42-тармақта:
      сегізінші азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Салық органының міндетті зейнетақы жарнасы бойынша берешекті өндіріп алуға арналған инкассалық өкімінде "бенефициар" бағанында Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық көрсетіледі, "бенефициар банк" бағанында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тиісті бөлімшесі көрсетіледі.";

      тоғызыншы азатжолда "Монетарлық операцияларды есепке алу басқармасы (кастодиан)" деген сөздер "тиісті бөлімшенің атауы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "72. Төлем тапсырмасын орындау мүмкін болмаған жағдайда, делдал банк ақша жіберушінің банкіне бұл жөнінде осындай нұсқау алған күннен кейінгі келесі операциялық күннен кешіктірмей олардың арасындағы шартта белгіленген тәсілмен хабарлайды және оған төлем тапсырмасы негізінде ақшаны қайтарады.";

      120-тармақтың бірінші азатжолы "салық берешегін өндіріп алуға салық органдарының" деген сөздерден кейін "және атқару құжаттары бойынша атқарушылық іс жүргізу органдарының" деген сөздермен толықтырылсын;

      121-тармақтың бірінші азатжолында бірінші сөйлем мемлекеттік тілдегі мәтінде мынадай редакцияда жазылсын: "Салық берешегін өндіріп алуға салық қызметі органдарының және атқару құжаттары бойынша атқарушылық іс жүргізу органдарының ішінара орындалатын инкассалық өкімдерінің акцепті оның бірінші бетіне "Ішінара ақы төлеу" мөртабанын қою арқылы жүргізіледі";

      мынадай мазмұндағы 123-1-тармақпен толықтырылсын:
      "123-1. Алушы банкке ішінара орындалған салық берешегін өндіріп алуға инкассалық өкімді қайтарып алу туралы салық органының өкімі келіп түскен кезде, алушы банк ішінара орындалған инкассалық өкімді қайтарады.";

      мынадай мазмұндағы 124-3-тармақпен толықтырылсын:
      "124-3. Клиенттің банктік шотында тұрған ақшаға уәкілетті органның немесе лауазымды тұлғаның тиісті шешімдері негізінде тыйым салынған және кейіннен атқару құжаттарымен қоса инкассалық өкімді ұсынған жағдайда, ақша жіберуші банк:
      1) уәкілетті органның немесе лауазымды тұлғаның тыйым салу туралы шешімдерінде көрсетілген ақша жіберушінің деректемелері (атауы және СТН) инкассалық өкім ұсынылған негізде атқару құжаттарында көрсетілген деректемелермен сәйкес келуі;
      2) инкассалық өкім сомасы тыйым салынған ақша сомасынан аспауы;
      3) атқару құжатын және уәкілетті органның немесе лауазымды тұлғаның тыйым салу туралы шешімін бір атқарушылық іс жүргізу шеңберінде ұсыну шартымен тыйым салынған ақшаны пайдалана отырып, осындай инкассалық өкімді орындайды.
      Осындай инкассалық өкім орындалғаннан кейін банк шотында тұрған ақшаға тыйым салудың күші жойылды деп саналады.";

      NN1-5, 7 және 8 қосымшалардың оң жақтағы жоғарғы бұрышында:
      "N" белгісі алынып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 179 қаулысымен бекітілген" деген сөздер алынып тасталсын;

      5-қосымша мынадай сөздермен толықтырылсын:
      "Сыртқы жағы

      Инкассалық өкімді ішінара төлеу туралы мәлімет

Ішінара төлеу сомасына инкассалық өкімнің деректемелері

Ішінара төлем күні

Ішінара төлем сомасы

Инкассалық өкім сомасының қалдығы

Уәкілетті тұлғалардың қолдары







".

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында банктік есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 13 қазандағы N 395  қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1304 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2000 жылғы 20 қараша - 3 желтоқсанда жарияланған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1711 тіркелген 2001 жылғы 16 қарашадағы  N 439 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2445 тіркелген 2003 жылғы 4 шілдедегі  N 204 және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3883 тіркелген 2005 жылғы 27 тамыздағы  N 95 қаулыларымен бекітілген өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      2-тармақта:
      1) тармақшада "және Қазақстан Республикасының аумағында банктік есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін" деген сөздер алынып тасталсын;

      2) тармақшада "және Қазақстан Республикасының аумағында банктік есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін" деген сөздер алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында банктік есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесінде:
      4-қосымшада түбіртек (зейнетақы төлемдеріне арналған) мынадай редакцияда жазылсын:«

ТҮБІРТЕК (зейнетақы төлемдеріне арналған)
                              Резидент
                                Резидент емес
Ақша жіберуші____________________ СТН ______________________
Ақша жіберушінің мекен-жайы мен телефоны_____________________________________________________
_____________________________________________________________Бенефициар___________СТН________________ЖБК________________

Бенефициардың банкі_____________________ББК__________________

Төлемнің атауы

КНП

Сомасы

Міндетті зейнетақы жарнасы

010


Еркін зейнетақы жарнасы

013


Өсімпұл

019





БАРЛЫҒЫ (сомасы жазумен):              Күні ___________

Ақша жіберушінің аты-жөні _______________________________
Қолы _______________

                            Мөрдің орны (мөр болған жағдайда)

р/с

Әлеуметтікжеке код

Аты-жөні

Аты-жөні (әлеуметтік жеке код алу үшін тіркеу карточкасында (өзгерген болса, көрсетілсін)

Туған күні

СТН

Кезең

Сомасы

1.








2.








3.








Күні _______________

Ақша жіберушінің аты-жөні ____________________________

Қолы _______________

                                Мөрдің орны (мөр болған жағдайда)

                                    Кассир:

ХАБАРЛАМА (зейнетақы төлемдеріне арналған)
                       Резидент
                        Резидент емес 

Ақша жіберуші_________________   СТН _____________

Ақша жіберушінің мекен-жайы мен телефоны
__________________________________________________
__________________________________________________

Бенефициар_______________________________
СТН___________________ ЖБК_______________

Бенефициардың банкі______________ББК______________

Төлемнің атауы

КНП

Сомасы

Міндетті зейнетақы жарнасы

010


Еркін зейнетақы жарнасы

013


Өсімпұл

019





БАРЛЫҒЫ (жазумен сомасы):              Күні ________

Ақша жіберушінің аты-жөні ______________________________

Қолы _______________

                      Мөрдің орны (мөр болған жағдайда)

р/с

Әлеуметтік жеке код

Аты-жөні

Аты-жөні (әлеуметтік жеке код алу үшін тіркеу карточкасында (өзгерген  болса, көрсетілсін)

Туған күні

СТН

Кезең

Сомасы


1.








2.








3.








Күні _______________

Ақша жіберушінің аты-жөні ____________________________

Қолы _______________

                         Мөрдің орны (мөр болған жағдайда)

".

      4. Осы қаулы 2006 жылғы 1 шілдеден бастап туындайтын қатынастарға қолданылатын 2-тармақтың жетінші және сегізінші азатжолдарын және 3-тармақтың алтыншы азатжолын және 2006 жылғы 10 шілдеден бастап туындайтын қатынастарға қолданылатын 2-тармақтың он екінші, он үшінші және жиырма бесінші азатжолдарын қоспағанда баспасөзде ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      5. Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сотты басқару комитетіне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалардың бірлестігіне, екінші деңгейдегі банктерге, "Қазақстан Даму Банкі" АҚ-на және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.

      6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Төлем жүйелері департаментінен жариялауға өтінімдерді алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.

      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.М.Сартбаевқа жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

       "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы 
      Еңбек және халықты 
      әлеуметтік қорғау министрі 

      2006 жылғы 29 тамыз

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы 
      Қаржы министрі

      2006 жылғы 21 тамыз

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы 
      Жоғарғы Сотының Сот әкімшілігі
      комитетінің төрағасы

      2006 жылғы 31 тамыз