Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бөлімшелерінің арасында функцияларды бөлуге байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 17 қарашадағы N 147 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 26 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3993

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппараты құрылымының өзгеруіне және оның бөлімшелері орындайтын функцияларды нақтылауға байланысты, сондай-ақ консервация режимінде тұрған банктің корреспонденттік шотын жүргізуге байланысты мәселелерді реттеу мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бөлімшелерінің арасында функцияларды бөлуге байланысты мәселелер бойынша, сондай-ақ осы қаулының қосымшасына сәйкес консервация режимінде тұрған банктің корреспонденттік шотын жүргізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.Р.Елемесовке жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының   
Ұлттық Банкі Басқармасының  
2005 жылғы 17 қарашадағы   
қаулысына қосымша      

  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін
қаулыларының тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 21 қарашадағы N 242  қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 711 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспа басылымдарында 1999 жылғы 29 наурыз - 11 сәуірде жарияланған), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 16 тамыздағы  N 266 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 910 тіркелген), 2000 жылғы 16 мамырдағы N 216(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1152 тіркелген), 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 106 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1538 тіркелген), 2002 жылғы 2 қыркүйектегі  N 362 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1999 тіркелген), 2003 жылғы 31 қаңтардағы  N 20 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2193 тіркелген), 2003 жылғы 27 мамырдағы  N 158 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2369 тіркелген), 2004 жылғы 15 мамырдағы  N 74 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2887 тіркелген) қаулыларымен бекітілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесінде:
      1-тармақтың екінші абзацындағы үшінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) жүйенің жұмыс істеу мониторингін жүзеге асырады.";

      3-тармақтың 5) тармақшасындағы "Ұлттық Банктің бөлімшесінде" деген сөздер "пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақта:
      сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Шарттың жекелеген ережелерін орындауды уақытша тоқтату негіздерінің бірі инкассалық өкімдерді орындау үшін пайдаланушының ақшасының болмауы немесе жетіспеуіне байланысты пайдаланушының активтік операцияларын тоқтату туралы Ұлттық Банктің хабарламасы болып табылады.";
      тоғызыншы абзац алынып тасталсын;

      11-тармақтағы "Ұлттық Банктің пайдаланушыны жүйе арқылы ақша аударумен байланысты төлем тапсырмасын жiберу құқығынан айыру туралы шешiмi" деген сөздер "ақша жіберушінің активтік операцияларын тоқтату туралы Ұлттық Банктің хабарламасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12-тармақтағы:
      төртінші - он бірінші абзацтар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым сондай-ақ Ұлттық Банкпен жасалған корреспонденттік шот шартының нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.";

      14-тармақ алынып тасталсын;

      22-тармақта:
      бірінші абзацтағы "Ұлттық Банк" деген сөздер "пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацтағы "Ұлттық Банк" деген сөздер "пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24 және 43-тармақтардағы "Ұлттық Банктің бөлімшесі" деген сөздер "пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      25 және 42-тармақтардағы "Ұлттық Банктің бөлімшесінен" деген сөздер "пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесінен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      26-тармақтағы "тәуекелдi басқару мақсатында" деген сөздер алынып тасталсын;

      35-тармақтағы "Ұлттық Банкке" деген сөздер "Ұлттық Банктің төлем жүйелері бөлімшесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      37-тармақтың:
      екінші абзацындағы "Ұлттық Банктің бөлімшесінде" деген сөздер "пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші абзацындағы "Ұлттық Банктің бөлімшесі" деген сөздер "пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      38-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "38-1. Пайдаланушының төлем құжаттарын өңдеуі немесе оны оларды Орталықпен алмастыруы техникалық себептер бойынша мүмкін болмаған ерекше жағдайларда, пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесі жүйені пайдаланушылардың өтініштері негізінде, бірақ бір сағаттан аспайтын уақытқа жүйенің операциялық күнін ұзартуға құқылы.
      Жүйенің операциялық күнін ұзарту туралы шешімді пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін бөлімшенің басшысы қабылдайды.
      Жүйенің операциялық күнін ұзарту туралы пайдаланушының өтініші еркін нысанда жасалады, жүйені пайдаланушының атауы, пайдаланушы жүйенің операциялық күнін ұзартуды сұрап отырған ұзарту себептері және уақыты көрсетіле отырып (алдын ала ауызша келісілгеннен кейін), пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банк бөлімшесіне жіберіледі.
      Пайдаланушының өтініші негізінде жүйенің операциялық күнін ұзарту кезінде және жүйеде осы пайдаланушы жіберген хабарлама болмағанда пайдаланушыдан Ұлттық Банк белгілеген мөлшерде ақы алынады.";

      38-2-тармақтың екінші абзацындағы "Ұлттық Банк бөлімшесіне" деген сөздер "пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 39-1-тармақпен толықтырылсын:
      "39-1. Ұлттық Банк Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен жүйенің жұмыс істеу мониторингін жүзеге асырады.";

      40-тармақтағы "Ұлттық Банк" деген сөздер "пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      41-тармақтағы "шотын жүргізетін" деген сөздер "шотына қызмет көрсететін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      44-тармақта:
      "Ұлттық Банктің бөлімшесінен" деген сөздер "пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Ұлттық Банктің бөлімшесіне" деген сөздер "пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      45-тармақта "Ұлттық Банктің бөлімшесі" деген сөздер "Пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тарау алынып тасталсын.

      2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 14 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 114 қаулысымен.

---------------Қаулыдан үзінді-----------------

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жаңа дизайндағы банкнота енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалдарының қолма-қол ақшамен жұмысын реттеу бөлігінде жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қосымшаға сәйкес кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      ...

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

                                           Қазақстан Республикасының
                                          Ұлттық Банкі Басқармасының
                                             2006 жылғы 27 қазандағы
                                                  N 114 қаулысына
                                                     қосымша

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      ...
      6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бөлімшелерінің арасында функцияларды бөлуге байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 17 қарашадағы N 147 қаулысының Қосымшасының 3-тармағы, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3993 тіркелген...
___________________________________________________________      

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар Республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның клиринг жүйесiнде операциялар жүргiзу ережесiн бекіту туралы" 1999 жылғы 3 шілдедегі N 157  қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 905 тіркелген, 1999 жылғы 27 қыркүйек - 10 қазанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспасөз басылымдарында жарияланған) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 мамырдағы  N 160 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2368 тіркелген), 2003 жылғы 27 қазандағы  N 369 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2590 тіркелген) және 2004 жылғы 29 желтоқсандағы  N 193 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3406 тіркелген) қаулыларымен бекітілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар Республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның клиринг жүйесiнде операциялар жүргiзу ережесінде:

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "33. Жүйеде жасалған төлемдер мониторингін, пайдаланушылардың таза позицияларының мониторингін жүзеге асыру үшін, сондай-ақ клиринг нәтижелері бойынша ақша аударымдарын бақылауды жүзеге асыру үшін Орталық Ұлттық Банктің төлем жүйелері бөлімшесіне және Ұлттық Банктің банктердің корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін бөлімшесіне клирингтің әрбір қатысушысының таза позициясы, Жүйедегі клиринг қатысушысының ақша сомасы туралы, сондай-ақ пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін бөлімшеде ашылған клиринг қатысушысының корреспонденттік шотындағы ақша сомасы туралы ақпаратты береді.
      Пайдаланушыда ақшаның жетіспеуіне байланысты төлем құжаттары жойылған кезде Ұлттық Банктің төлем жүйелері бөлімшесі осы пайдаланушыдан күші жойылған төлем құжаттарының кейіннен орындалуы туралы сұратуға құқылы.".

      5. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 266 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      6. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 199 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. <*>
       Ескерту: 7-тармақтың   күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 6 қарашадағы N 116 қаулысымен.

--------------Қаулыдан үзінді-----------------

      Қазақстан Республикасының "Жеке кәсіпкерлік туралы" Заңының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі...

      Ұлттық Банк
       Төрағасы

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2006 жылғы 6 қарашадағы 
№ N 116 қаулысына     
қосымша        

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
күші жойылды деп танылған
нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесі

      ...
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бөлімшелерінің арасында функцияларды бөлуге байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 17 қарашадағы N 147 қаулысына қосымшаның 7-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3993 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2005 жылғы 13 - 31 желтоқсанда жарияланған).
-------------------------------