Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бөлімшелерінің арасында функцияларды бөлуге байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 17 қарашадағы N 147 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 26 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3993

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппараты құрылымының өзгеруіне және оның бөлімшелері орындайтын функцияларды нақтылауға байланысты, сондай-ақ консервация режимінде тұрған банктің корреспонденттік шотын жүргізуге байланысты мәселелерді реттеу мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бөлімшелерінің арасында функцияларды бөлуге байланысты мәселелер бойынша, сондай-ақ осы қаулының қосымшасына сәйкес консервация режимінде тұрған банктің корреспонденттік шотын жүргізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.Р.Елемесовке жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының   
Ұлттық Банкі Басқармасының  
2005 жылғы 17 қарашадағы   
қаулысына қосымша      

  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін
қаулыларының тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 21 қарашадағы N 242  қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 711 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспа басылымдарында 1999 жылғы 29 наурыз - 11 сәуірде жарияланған), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 16 тамыздағы  N 266 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 910 тіркелген), 2000 жылғы 16 мамырдағы  N 216 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1152 тіркелген), 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 106 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1538 тіркелген), 2002 жылғы 2 қыркүйектегі  N 362 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1999 тіркелген), 2003 жылғы 31 қаңтардағы  N 20 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2193 тіркелген), 2003 жылғы 27 мамырдағы  N 158 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2369 тіркелген), 2004 жылғы 15 мамырдағы  N 74 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2887 тіркелген) қаулыларымен бекітілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесінде:
      1-тармақтың екінші абзацындағы үшінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) жүйенің жұмыс істеу мониторингін жүзеге асырады.";

      3-тармақтың 5) тармақшасындағы "Ұлттық Банктің бөлімшесінде" деген сөздер "пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақта:
      сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Шарттың жекелеген ережелерін орындауды уақытша тоқтату негіздерінің бірі инкассалық өкімдерді орындау үшін пайдаланушының ақшасының болмауы немесе жетіспеуіне байланысты пайдаланушының активтік операцияларын тоқтату туралы Ұлттық Банктің хабарламасы болып табылады.";
      тоғызыншы абзац алынып тасталсын;

      11-тармақтағы "Ұлттық Банктің пайдаланушыны жүйе арқылы ақша аударумен байланысты төлем тапсырмасын жiберу құқығынан айыру туралы шешiмi" деген сөздер "ақша жіберушінің активтік операцияларын тоқтату туралы Ұлттық Банктің хабарламасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12-тармақтағы:
      төртінші - он бірінші абзацтар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым сондай-ақ Ұлттық Банкпен жасалған корреспонденттік шот шартының нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.";

      14-тармақ алынып тасталсын;

      22-тармақта:
      бірінші абзацтағы "Ұлттық Банк" деген сөздер "пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацтағы "Ұлттық Банк" деген сөздер "пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24 және 43-тармақтардағы "Ұлттық Банктің бөлімшесі" деген сөздер "пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      25 және 42-тармақтардағы "Ұлттық Банктің бөлімшесінен" деген сөздер "пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесінен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      26-тармақтағы "тәуекелдi басқару мақсатында" деген сөздер алынып тасталсын;

      35-тармақтағы "Ұлттық Банкке" деген сөздер "Ұлттық Банктің төлем жүйелері бөлімшесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      37-тармақтың:
      екінші абзацындағы "Ұлттық Банктің бөлімшесінде" деген сөздер "пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші абзацындағы "Ұлттық Банктің бөлімшесі" деген сөздер "пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      38-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "38-1. Пайдаланушының төлем құжаттарын өңдеуі немесе оны оларды Орталықпен алмастыруы техникалық себептер бойынша мүмкін болмаған ерекше жағдайларда, пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесі жүйені пайдаланушылардың өтініштері негізінде, бірақ бір сағаттан аспайтын уақытқа жүйенің операциялық күнін ұзартуға құқылы.
      Жүйенің операциялық күнін ұзарту туралы шешімді пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін бөлімшенің басшысы қабылдайды.
      Жүйенің операциялық күнін ұзарту туралы пайдаланушының өтініші еркін нысанда жасалады, жүйені пайдаланушының атауы, пайдаланушы жүйенің операциялық күнін ұзартуды сұрап отырған ұзарту себептері және уақыты көрсетіле отырып (алдын ала ауызша келісілгеннен кейін), пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банк бөлімшесіне жіберіледі.
      Пайдаланушының өтініші негізінде жүйенің операциялық күнін ұзарту кезінде және жүйеде осы пайдаланушы жіберген хабарлама болмағанда пайдаланушыдан Ұлттық Банк белгілеген мөлшерде ақы алынады.";

      38-2-тармақтың екінші абзацындағы "Ұлттық Банк бөлімшесіне" деген сөздер "пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 39-1-тармақпен толықтырылсын:
      "39-1. Ұлттық Банк Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен жүйенің жұмыс істеу мониторингін жүзеге асырады.";

      40-тармақтағы "Ұлттық Банк" деген сөздер "пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      41-тармақтағы "шотын жүргізетін" деген сөздер "шотына қызмет көрсететін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      44-тармақта:
      "Ұлттық Банктің бөлімшесінен" деген сөздер "пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Ұлттық Банктің бөлімшесіне" деген сөздер "пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      45-тармақта "Ұлттық Банктің бөлімшесі" деген сөздер "Пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тарау алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi мен екiншi деңгейдегi банктердiң, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттiк қатынастар орнату жөнiндегi ережелерді бекіту туралы" 1999 жылғы 28 наурыздағы N 37  қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 754 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспа басылымдарында 1999 жылғы 10-23 мамырда жарияланған) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 22 қыркүйектегі  N 355 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1274 тіркелген), 2001 жылғы 20 желтоқсандағы  N 542 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1744 тіркелген), 2002 жылғы 13 мамырдағы  N 172 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1888 тіркелген), 2003 жылғы 11 тамыздағы  N 293 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2489 тіркелген) және 2004 жылғы 25 қыркүйектегі  N 136 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3173 тіркелген) қаулыларымен бекітілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi мен екiншi деңгейдегi банктердiң, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттiк қатынастар орнату жөнiндегi ережелерде:

      3-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген ең аз резервтік талаптар туралы Ережеге" деген сөздер "екінші деңгейдегі банктердің ең төменгі резервтік талаптарды орындау тәртібін белгілейтін Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақтағы "Ұлттық Банкке" деген сөздер "Ұлттық Банктің төлем жүйелері бөлімшесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақта "уәкілетті органның" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тармақта:
      бірінші абзацтағы ", сондай-ақ ақша аударымының банкаралық жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "ұйымда қолданылатын ақпаратты санкция берілмеген кіруден қорғаудың ұйымдастыру және бағдарламалық-технологиялық шараларының сипаттамасы;
      бағдарламалық-техникалық құралдардың және ұйым пайдаланатын телекоммуникация желілерінің сипаттамасы.";

      8-2-тармақта ", сондай-ақ ақша аударымының банкаралық жүйесін ұйымдастыруға және жұмыс істеуге" деген сөздер алынып тасталсын;

      8-3-тармақта:
      бірінші абзацта "олар арнайы кітапқа тіркеледі" деген сөздер алынып тасталсын;
      екінші абзац мемлекеттік тілдегі мәтінде мынадай редакцияда жазылсын: "Банктік бірегейлендірілген кодын Ұлттық Банктің екінші деңгейдегі банктер мен ұйымдардың корреспонденттік шоттарын жүргізетін бөлімшесі (бұдан әрі - банктердің корреспонденттік шоттарын жүргізетін бөлімше) осы Ережелердің N 1 қосымшасына сәйкес береді.";
      мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "Банктердің корреспонденттік шоттарын жүргізетін бөлімше апта сайын Қазақстан Республикасы банктерінің анықтамалықтарына енгізілген өзгерістер (банктің атауы, банктік бірегейлендірілген кодты беру, түзету, жабу) бойынша жіберуді жүзеге асырады.";

      8-5-тармақ алынып тасталсын;

      8-7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8-7. Корреспонденттік шот шарты, сондай-ақ корреспонденттік шот ашу үшін екінші деңгейдегі банк не ұйым (бұдан әрі - банк) берген құжаттар Ұлттық Банктің төлем жүйелері бөлімшесінде әр клиент бойынша арнайы ашылған істе тігіледі және сақталады.
      Банк ақша аударудың банкаралық жүйесін пайдаланушы мәртебесін алғаннан кейін іске сондай-ақ банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысулар орталығы (бұдан әрі - Орталық) жасаған шартының көшірмесі де тігіледі.";

      19-тармақта "7" деген сан "17" деген санмен ауыстырылсын;

      21-тармақта "Ұлттық Банктің бөлімшесіне" деген сөздер "банктердің корреспонденттік шоттарын жүргізетін бөлімшеге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      22-тармақта:
      "Ұлттық Банк жіберуші банктің төлем тапсырмасын оның корреспонденттік есепшотын дебеттеу жолымен акцептейді" деген сөздер "Банктердің корреспонденттік шоттарын жүргізетін бөлімше жіберуші банктің төлем тапсырмасын оның корреспонденттік шотын дебеттеу жолымен акцептейді" деген сөздермен ауыстырылсын;
      ", осыған байланысты Ұлттық Банк" деген сөз "және" деген жалғаулықпен ауыстырылсын;

      24 және 36-тармақтарда "Ұлттық Банк", "Ұлттық Банкке" деген сөздер тиісінше "банктердің корреспонденттік шоттарын жүргізетін бөлімше", "банктердің корреспонденттік шоттарын жүргізетін бөлімшеге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      26-тармақта:
      екінші абзацта "Ұлттық Банктің тиісті құрылымдық бөлімшесі" деген сөздер "банктердің корреспонденттік шоттарын жүргізетін бөлімшесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші абзацта "Ұлттық Банк" деген сөздер "банктердің корреспонденттік шоттарын жүргізетін бөлімше" деген сөздермен ауыстырылсын;

      27-тармақта "Ұлттық Банк" деген сөздер "банктердің корреспонденттік шоттарын жүргізетін бөлімше" деген сөздермен ауыстырылсын;

      36-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Корреспонденттік шоттағы қалдық бойынша сәйкес келмеушіліктер мен алшақтықтар болған жағдайда банк осы сәйкес келмеудің және алшақтықтың туындау себептерін көрсете отырып ілеспе хат ұсынады.";

      37-тармақта:
      "Ұлттық Банктің уәкілетті адамы" деген сөздер "банктердің корреспонденттік шоттарын жүргізетін бөлімше" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "өз қолымен" деген сөздер "бөлімше басшысының қолымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "мөртабан" деген сөз "мөр" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-1 тараумен толықтырылсын:
      "3-1-тарау. Консервация режимінде тұрған банктің корреспонденттік шотын жүргізу тәртібі

      37-1. Уақытша әкімшілік (банкті уақытша басқарушы) уақытша әкімшіліктің (уақытша басқарушының) мүшелері қолдарының үлгілері және банк мөрінің таңбасы бар құжатты Ұлттық Банкке ұсынады.

      37-2. Банктің уәкілетті орган немесе уақытша әкімшілік (банкті уақытша басқарушы) шектеулер қойған бұрын қабылданған міндеттемелері бойынша банктің корреспонденттік шотына төлем талаптарын-тапсырмаларын ұсынған кезде, осы құжаттарды орындау мерзімі көрсетілген тұлғалардың банктің қызметіне шектеу қою туралы шешімінің күші жойылғанға дейін тоқтатылады.
      Банктің корреспонденттік шотына ақша жіберушінің акцептін талап ететін төлем талаптары-тапсырмалары ұсынылған жағдайда банктің корреспонденттік шоттарын жүргізетін бөлімше Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мерзімде акцептеу үшін оны банкке береді.

      37-3. Ақша жіберуші акцептеген төлем талаптары-тапсырмасы, сондай-ақ акцептеуді талап етпейтін, орындалу мерзімі тоқтатылған төлем талаптары-тапсырмалары банктердің корреспонденттік шоттарын жүргізетін бөлімшеде сақталады және Жүйеден тыс есепке алу журналында (6-қосымша) жүйеден тыс есепке алынады. Жүйеден тыс есепке алу журналы электрондық тәсілмен жүргізілуі мүмкін.
      Осы төлем құжаттарын жүйеден тыс есебіне қойған кезде банктердің корреспонденттік шоттарын жүргізетін бөлімше келесі жұмыс күнінен кешіктірмей уақытша әкімшілікке (банкті уақытша басқарушыға) тиісті хабарлама жібереді.

      37-4. Банктің корреспонденттік шотына ұсынылатын инкассалық өкімдер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен орындалады.

      37-5. Банктердің корреспонденттік шоттарын жүргізетін бөлімшеге жүйеден тыс есепте тұрған төлем талаптарын-тапсырмаларын орындау қажеттігі туралы соттың тиісті шешімі түскен кезде банктің корреспонденттік шотында ақша жеткілікті болған кезде осы талаптарды орындау олардың банктердің корреспонденттік шоттарын жүргізетін бөлімшеге түсу тәртібімен (күнтізбелік кезектілік) жүргізіледі.
      Банктің корреспонденттік шотында жүйеден тыс есептен шығарылған төлем талаптарын-тапсырмаларын орындау үшін ақша жеткіліксіз болған кезде осы тапсырмалар картотекаға түседі және картотекаға түскен күннен бастап бір жыл бойы сақталады.

      37-6. Картотекада тұрған төлем құжаттарын орындау Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген кезектілікпен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен орындалады. Бір кезекке жатқызылатын төлем құжаттарын орындау олардың банкке түскен уақыты бойынша кезектілікпен жүргізіледі.

      37-7. Банктің қаржылық жағдайының сауығуына байланысты оны консервациялау тоқтатылғаннан және уәкілетті органның немесе уақытша әкімшіліктің (банкті уақытша басқарушының) банкке оның қызметіне шектеу салу туралы шешімі күшін жойғаннан кейін ақша жеткілікті болған кезде бірінші кезектегі тәртіппен салық органдарының салық берешегі сомасын өндіріп алуға шығарылған инкассалық өкімі орындалады.
      Банктің корреспонденттік шотына қойылған қалған талаптарды орындау олардың банктің корреспонденттік шотына ұсынылған тәртібімен күнтізбелік кезектілікпен жүзеге асырылады. Төлем талаптары-тапсырмалары жүйеден тыс есептен шығарылады.

      37-8. Уәкілетті орган банкті мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі бойынша тарату комиссиясын тағайындаған кезде жүйеден тыс есепте және картотекада тұрған талаптарды банктердің корреспонденттік шоттарын жүргізетін бөлімше қабылдау-өткізу актісі бойынша тарату комиссиясына береді.";

      39-тармақта:
      "Ұлттық Банктің бөлімшесіне" деген сөздер "банктердің корреспонденттік шоттарын жүргізетін бөлімшеге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      ", факсимильдік байланыс құралдары немесе банктің уәкілетті адамы" деген сөздер алынып тасталсын;

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "40. Ұлттық Банк пен банк арасындағы электрондық байланыс арналарын пайдалану мүмкіндігі болмаған кезде ақша резервтеуге өтінім банктердің корреспонденттік шоттарын жүргізетін бөлімшеге факсимильдік байланыс құралдары немесе банктің уәкілетті адамы арқылы жіберіледі.
      Ақша резервтеуге алынған өтінім өтінімнің күнін және нөмірін, банктің атауын, банктің корреспонденттік шотында резервтелетін ақша сомасын көрсете отырып, арнайы журналда тіркеледі.";

      43, 45, 50 және 55 тармақтарда "Ұлттық Банктің бөлімшесі" деген сөздер "банктердің корреспонденттік шоттарын жүргізетін бөлімше" деген сөздермен ауыстырылсын;

      51-тармақта "Ұлттық Банктің бөлімшесі" деген сөздер "банктердің корреспонденттік шоттарын жүргізетін бөлімше" деген сөздермен ауыстырылсын;

      N 1 қосымшада:
      3) тармақшада "Ұлттық Банк филиалының реттік нөмері" деген сөздер "ауданның коды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақшада "Қаржы министрлігі қазынашылығының облыстық басқармалары" деген сөздер "Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      N 3 қосымшада "Төлем жүйесі басқармасының бастығы" және "Төлем жүйесі Басқармасы корреспонденттік қатынастар бөлімінің бастығы" деген сөздер тиісінше "Монетарлық операцияларды есепке алу басқармасының бастығы" және "Корреспонденттік шоттар мен төлемдерге қызмет көрсету бөлімінің бастығы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      N 4 қосымшада "Төлем жүйесі басқармасы" деген сөздер "Монетарлық операцияларды есепке алу басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      N 5 қосымшада:
      "Төлем жүйесі басқармасы" деген сөздер "Монетарлық операцияларды есепке алу басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Төлем жүйесі басқармасының бастығы" деген сөздер "Монетарлық операцияларды есепке алу басқармасының бастығы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 6-қосымшамен толықтырылсын:

                                    "Қазақстан Республикасы Ұлттық
                                      Банкі мен екінші деңгейдегі
                                      банктердің, сондай-ақ банк
                                       операцияларының жекелеген
                                       түрлерін жүзеге асыратын
                                          ұйымдардың арасында
                                      корреспонденттік қатынастар
                                      орнату жөніндегі ережелерге
                                                6-қосымша

                 Жүйеден тыс есепке алу журналы

N

Төлем
құжатын
есепке
алу үшін
қабылданған
күн

Төлем
құжа-
тының
нөмірі
және
күні

Ақша
жібе-
руші

Нұс-
қаудың
баста-
машысы

Төлем
құжатын
есепке
алу үшін
қабылдау
негізі

Төлем құжатын
орындаған/
картотекаға
түскен күні
және негізі





























                                                                  ".

         3. <*>
      Ескерту: 3-тармақтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 114 қаулысымен.

---------------Қаулыдан үзінді-----------------

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жаңа дизайндағы банкнота енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалдарының қолма-қол ақшамен жұмысын реттеу бөлігінде жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қосымшаға сәйкес кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      ...

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

                                           Қазақстан Республикасының
                                          Ұлттық Банкі Басқармасының
                                             2006 жылғы 27 қазандағы
                                                  N 114 қаулысына
                                                     қосымша

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      ...
      6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бөлімшелерінің арасында функцияларды бөлуге байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 17 қарашадағы N 147 қаулысының Қосымшасының 3-тармағы, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3993 тіркелген...
___________________________________________________________      

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар Республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның клиринг жүйесiнде операциялар жүргiзу ережесiн бекіту туралы" 1999 жылғы 3 шілдедегі N 157  қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 905 тіркелген, 1999 жылғы 27 қыркүйек - 10 қазанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспасөз басылымдарында жарияланған) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 мамырдағы  N 160 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2368 тіркелген), 2003 жылғы 27 қазандағы  N 369 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2590 тіркелген) және 2004 жылғы 29 желтоқсандағы  N 193 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3406 тіркелген) қаулыларымен бекітілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар Республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның клиринг жүйесiнде операциялар жүргiзу ережесінде:

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "33. Жүйеде жасалған төлемдер мониторингін, пайдаланушылардың таза позицияларының мониторингін жүзеге асыру үшін, сондай-ақ клиринг нәтижелері бойынша ақша аударымдарын бақылауды жүзеге асыру үшін Орталық Ұлттық Банктің төлем жүйелері бөлімшесіне және Ұлттық Банктің банктердің корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін бөлімшесіне клирингтің әрбір қатысушысының таза позициясы, Жүйедегі клиринг қатысушысының ақша сомасы туралы, сондай-ақ пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін бөлімшеде ашылған клиринг қатысушысының корреспонденттік шотындағы ақша сомасы туралы ақпаратты береді.
      Пайдаланушыда ақшаның жетіспеуіне байланысты төлем құжаттары жойылған кезде Ұлттық Банктің төлем жүйелері бөлімшесі осы пайдаланушыдан күші жойылған төлем құжаттарының кейіннен орындалуы туралы сұратуға құқылы.".

      5. Ескерту: 5-тармақтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 266 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 178  қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1150 тіркелген, 2000 жылғы 5 - 18 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспасөз басылымдарында жарияланған) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 3 қыркүйектегі  N 316 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1655 тіркелген), 2002 жылғы 18 сәуірдегі  N 138 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1860 тіркелген) қаулыларымен бекітілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу ережесінде:

      4-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын.

      7. <*>
       Ескерту: 7-тармақтың   күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 6 қарашадағы N 116 қаулысымен.

--------------Қаулыдан үзінді-----------------

      Қазақстан Республикасының "Жеке кәсіпкерлік туралы" Заңының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі...

      Ұлттық Банк
       Төрағасы

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2006 жылғы 6 қарашадағы 
№ N 116 қаулысына     
қосымша        

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
күші жойылды деп танылған
нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесі

      ...
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бөлімшелерінің арасында функцияларды бөлуге байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 17 қарашадағы N 147 қаулысына қосымшаның 7-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3993 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2005 жылғы 13 - 31 желтоқсанда жарияланған).
-------------------------------