Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының клиринг жүйесiнде операциялар жүргiзу ережесiн бекіту туралы" 1999 жылғы 3 шілдедегі N 1

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 193 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 28 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3406. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 262 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 қазандағы N 1527 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 наурыздағы N 226  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 10, 113-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақта:
      1) тармақшаның күші жойылды деп танылсын;
      2) тармақшадағы "Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетінің" деген сөздер "Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Жол саласының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 қазандағы N 1527  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 42, 49-құжат) 3-тармағының 2) тармақшасының және 4-1-тармағының қолданылуы 2004 жылғы 24 қарашадан бастап қайта қалпына келтірілсін.

      3. "Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жіктеу ережесі мен шарттарын және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 желтоқсандағы N 1809  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 54, 536-құжат) 4-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі