Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 932 Жарлығы

Қолданыстағы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
және республикалық баспасөзде   
мазмұны жариялануға тиіс     

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған, Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттары бекітілсін:
      1) «Заңды тұлғаларды - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)»;
      2) «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын аккредиттеу»;
      3) «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға визалар беру туралы өтінішхат беру»;
      4) «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдары эмитенттерінің аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу»;
      5) «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының құжаттамасын қаржы орталығының органдарын қоспағанда, мемлекеттік органдарға беру үшін ағылшын тілінен мемлекеттік және орыс тілдеріне аудару».
      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2010 жылғы 4 наурыздағы
№ 932 Жарлығымен  
БЕКІТІЛГЕН    

«Заңды тұлғаларды - Алматы қаласының өңірлік қаржы
орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)»
мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Заңды тұлғаларды - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)» мемлекеттік қызмет көрсетудің осы Стандарты (бұдан әрі - қызмет (қызмет көрсету) заңды тұлға - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысын (бұдан әрі - қаржы орталығының қатысушысы) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) тәртібін бекітеді.
      2. Қызмет жартылай автоматтандырылған.
      3. Қызмет «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006  жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 1) тармақшасы негізінде көрсетіледі.
      4. Қызметті Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) мына мекенжай бойынша көрсетеді: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181, www.rfca.gov.kz.
      5. Қызметтің аяқталу нысаны заңды тұлға - қаржы орталығының қатысушысына мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік (бұдан әрі - мемлекеттік тіркеу туралы куәлік), статистикалық карточка, Қазақстан Республикасының салық төлеушісінің куәлігін беру болып табылады.
      6. Қызмет заңды тұлға - қаржы орталығының қатысушысын құруға шешім қабылдаған, Алматы қаласының аумағында тұрақты жұмыс істейтін органы - қаржы орталығы қатысушысының атқарушы органы бар жеке және (немесе) заңды тұлғаларға көрсетіледі.
      7. Қызмет осы Стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтінішті тапсырған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей көрсетіледі. Осы Стандарттың 17-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда қызмет көрсету мерзімі тоқтатыла тұруы мүмкін.
      Құжаттарды өткізу кезінде, сондай-ақ қызметтің нәтижелерін алу кезінде күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты 15 минут.
      8. Қызмет ақылы болып табылады. Алымның ставкасы Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген және 6,5 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткізу үшін бюджетке алым төлегені туралы түбіртек немесе оны растайтын өзге де құжат өтінішпен қоса беріледі.
      9. Осы Стандарт Агенттіктің www.rfca.gov.kz интернет-ресурсында, Агенттік ғимаратының дәлізінде, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады.
      10. Агенттіктің жұмыс уақыты: сенбі мен жексенбі күндерінен басқа, күн сайын сағат 9.00-дан - 18.00-ге дейін (сағат 13.00-ден - 14.00-ге дейін үзіліс). Қызмет алдын-ала жазылусыз көрсетіледі, жедел қызмет көрсетілім жоқ.
      11. Қызмет көрсету орны Агенттік ғимаратының бірінші қабатында орналасқан, Агенттіктің жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс істейтін № 107 кабинет болып табылады. Күту орны қажетті құжаттардың үлгілері бар тұғыр және күту үшін орынтақтар орналасқан Агенттіктің дәлізі болып табылады. Дене мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлар қарастырылған.

2. Қызмет көрсету тәртібі

      12. Қызметті алу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
      құрылтайшының немесе құрылтайшының уәкілетті тұлғасының қолы қойылған, қазақ және орыс тілдеріндегі белгіленген нысандағы мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
      құрылтай жиналысы хаттамасының немесе жалғыз құрылтайшы шешімінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі үш данасы;
      жарғының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі үш данасы;
      қаржы орталығы қатысушысының орналасқан жерін куәландыратын нотариалды куәландырылған құжат;
      заңды тұлғада - құрылтайшыда Қазақстан Республикасының аумағы бойынша салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы салымдары және әлеуметтік салымдар бойынша берешектерінің жоқ екендігі (бар екендігі) туралы салық органының анықтамасы;
      аударым операциясын жүргізген ұйым беретін заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден, сондай-ақ оларды қайта тіркеуден өткізгені үшін бюджетке алымның түскенін растайтын түбіртек немесе құжат;
      құжаттарды беру және алу құқығына сенімхат.
      Шетел қатысатын қаржы орталығының қатысушысын мемлекеттік тіркеу үшін осы тармақта көрсетілген құжаттардан басқа, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімшарттарда басқаша көзделмесе, қосымша мына құжаттардың бірі ұсынылады:
      сауда тізілімінен заңды көшірме немесе құрылтайшы - шетелдік заңды тұлға шетел мемлекетінің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын растайтын, мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен қоса, басқа да заңды құжат;
      құрылтайшының - шетелдік жеке тұлғаның паспортының көшірмесі немесе жеке басын куәландыратын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы бар басқа да құжат.
      Банктің еншілес ұйымын - қаржы орталығының қатысушысын мемлекеттік тіркеу кезінде қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген банктің еншілес ұйымды құруына рұқсат қосымша ұсынылады.
      Қайта құру (өзгерту, қосу, бөлу, бөліп шығару) нәтижесінде құрылатын қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу үшін осы тармақта көрсетілген құжаттардан басқа мынадай құжаттар ұсынылады:
      қаржы орталығы қатысушысының уәкілетті органының мөрімен бекітілген қайта құру туралы шешімі;
      қаржы орталығы қатысушысының мүлкі меншік иесі немесе қаржы орталығының қатысушысын қайта құру туралы шешім қабылдаған орган бекіткен, қайта құрылған қаржы орталығы қатысушысының міндеттемелері бойынша құқық мирасқорлығы туралы ережелері көрсетілетін өткізу актісі не бөлу балансы;
      қаржы орталығы қатысушысын қайта құру туралы, несие берушілердің талаптарын мәлімдеу тәртібі мен мерзімдері туралы ақпарат жарияланған баспасөз басылымының түпнұсқасы не қаржы орталығының қатысушысының қайта құру туралы несие берушілерді жазбаша хабардар етуін растайтын құжат;
      құрылтай құжаттары, қаржы орталығының қатысушысын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, Қазақстан Республикасының салық төлеушісінің куәлігі және статистикалық карточкасы;
      өзгертуге жататын қаржы орталығының қатысушысы мөрінің жойылуы туралы Алматы қаласының ішкі істер органы беретін құжат;
      акционерлік қоғам нысанындағы өзгертілетін қаржы орталығы қатысушысының акциялар шығарылымын жою туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның хабарламасы.
      Қаржы орталығының қатысушысын мемлекеттік қайта тіркеу үшін Агенттікке мынадай құжаттар ұсынылады:
      құрылтайшы не құрылтайшының уәкілетті тұлғасы қол қойған қайта тіркеу туралы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі белгіленген нысандағы өтініш;
      уәкілетті органның мөрі басылған, уәкілетті органның қаржы орталығының қатысушысын қайта тіркеу туралы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі шешімі (шешімінен үзінді);
      жаңа мазмұндағы құрылтай құжаттың не құрылтай құжатқа қосымша ретінде ресімделген өзгерістердің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі үш данасы. Егер заңнамалық актілерге сәйкес құрылтай құжаттар нотариалды куәландырылуы тиіс болса, онда оған енгізілетін өзгерістер де нотариалды тәртіпте куәландырылуы керек;
      қаржы орталығы қатысушысының орналасқан жерін куәландыратын нотариалды куәландырылған құжат;
      қаржы орталығы қатысушысының бұрынғы Жарғысы;
      қаржы орталығы қатысушысының мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, Қазақстан Республикасының салық төлеушісінің куәлігі және статистикалық карточкасы;
      аударым операциясын жүргізген ұйым беретін заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден, сондай-ақ оларды қайта тіркеуден өткізгені үшін бюджетке алымның түскенін растайтын түбіртек немесе құжат;
      құжаттарды беру және алу құқығына сенімхат.
      Қаржы орталығының қатысушысы - шаруашылық серіктестік қатысушыларының құрамының өзгеру негіздемесі бойынша мемлекеттік қайта тіркеу кезінде мынадай құжаттардың бірі қосымша ұсынылады:
      шаруашылық серіктестігінің құрамынан шыққан жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына және құрылтай құжаттарына сәйкес серіктестіктен шығатын қатысушының мүліктегі үлесін (жарғылық капиталда) иеліктен шығару (беру) немесе құқығының ауысуын растайтын құжат (шаруашылық серіктестік қатысушыларының тізілімін бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдер жүйесін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы жүргізетін шаруашылық серіктестіктерді қоспағанда);
      егер қаржы орталығы қатысушысының құрамына жаңа қатысушы - заңды тұлға кірген жағдайда, жаңа қатысушы - заңды тұлғаның салық берешегінің жоқ екендігі туралы салық органының анықтамасы.
      Қаржы орталығы қатысушысының құрылтай құжаттарына, қайта тіркеуге әкеп соқпайтын, енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды (бұдан әрі - өзгерістер) тіркеу үшін Агенттікке мынадай құжаттар ұсынылады:
      еркін нысанда жазылған өтініш;
      уәкілетті органының мөрі басылған, құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізу туралы уәкілетті органның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі шешімінің не шешімінен үзіндінің үш данасы;
      құрылтай құжатқа қосымша ретінде ресімделген өзгерістердің не жаңа мазмұндағы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі құрылтай құжаттың үш данасы. Егер заңнамалық актілерге сәйкес құрылтай құжаттар нотариалды куәландырылуы тиіс болса, онда оған енгізілетін өзгерістер де нотариалды тәртіпте куәландырылуы керек;
      қаржы орталығының қатысушысының бұрынғы Жарғысы;
      қаржы орталығы қатысушысының мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, Қазақстан Республикасының салық төлеушісінің куәлігі және статистикалық карточкасы;
      қаржы орталығы қатысушысының орналасқан жерін куәландыратын нотариалды куәландырылған құжат;
      құжаттарды беру және алу құқығына сенімхат.
      Қаржы орталығы қатысушысының бірінші басшысы ауысқан жағдайда келесі құжаттар ұсынылады:
      қаржы орталығы қатысушысының бірінші басшысы туралы толық мәліметтері бар еркін нысандағы хабарлама (тегі, аты, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен күні, Қазақстан Республикасының салық төлеушісінің тіркеу нөмірі);
      қаржы орталығы қатысушысының бірінші басшысын ауыстыру туралы құрылтайшының шешімі.
      Тарату негізінде қаржы орталығы қатысушысының қызметінің тоқтатылуын тіркеу үшін Агенттікке мынадай құжаттар ұсынылады:
      қаржы орталығы қатысушысының мүлкі меншік иесі (бұдан әрі - меншік иесі) немесе меншік иесінің уәкілетті тұлғасы қол қойған қызметтің тоқтатылуын тіркеу туралы белгіленген нысандағы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі өтініші;
      тарату туралы шешім қабылдаған органның мөрі басылған, меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның не құрылтай құжаттарымен өкілеттік берілген қаржы орталығының қатысушысы органының шешімі;
      құрылтай құжаттар, қаржы орталығы қатысушысының мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, Қазақстан Республикасының салық төлеушісінің куәлігі және статистикалық карточкасы;
      қаржы орталығының қатысушысы қызметінің тоқтатылуы туралы, несие берушілердің талаптарын мәлімдеу тәртібі мен мерзімдері туралы ақпарат жарияланған баспасөз басылымының түпнұсқасы;
      таратылатын қаржы орталығы қатысушысының мүлік құрамы, несие берушілер мәлімдеген шағымдар тізбесі, сондай-ақ оларды қарау нәтижелері туралы ақпаратты қамтитын аралық тарату балансы;
      тарату балансы;
      шешім қабылдаған органның мөрі басылған аралық және тарату баланстарын бекіту туралы қаржы орталығының қатысушысының тарату туралы шешім қабылдаған меншік иесінің немесе өзге органның шешімі;
      қаржы орталығы қатысушысының мөрінің жойылуы туралы Алматы қаласының ішкі істер органы беретін құжат;
      құрылтайшыда Қазақстан Республикасының аумағы бойынша салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы салымдары және әлеуметтік салымдар бойынша берешектердің жоқ екендігі (бар екендігі) туралы салық органының анықтамасы;
      акциялар шығарылымын жою туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның хабарламасы (акционерлік қоғамдар үшін);
      аударым операциясын жүргізген ұйым беретін заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден, сондай-ақ оларды қайта тіркеуден өткізгені үшін бюджетке алымның түскенін растайтын түбіртек немесе құжат;
      құжаттарды беру және алу құқығына сенімхат.
      13. Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) үшін өтініштердің үлгілері Агенттік ғимаратының дәлізінде, Агенттіктің www.rfca.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.
      14. Құжаттарды қабылдауды уәкілетті құрылымдық бөлімшенің сарапшысы Агенттік ғимаратында мына мекенжай бойынша жүргізеді: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181, № 107 кабинет, байланыс телефоны (727) 2 449-500.
      15. Құжаттарды тапсыру кезінде өтініш берушіге күні мен уақыты, оларды қабылдаушы адамның тегі мен аты-жөні көрсетіле отырып, талон беріледі және құжаттарды беру мерзімі айтылады.
      Тіркелген өтініш қоса берілген құжаттармен бірге Агенттік басшылығының қарауына беріліп, одан соң тиісті тапсырмамен Тіркеу департаментіне жолданады.
      Осы Стандарттың 7-тармағында қарастырылған мерзімде Тіркеу департаментінің жауапты орындаушысы:
      ұсынылған құрылтай және басқа құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкестігін тексереді;
      қаржы орталығының қатысушысын тіркеу (қайта тіркеу) туралы Агенттік төрағасының тиісті бұйрығының жобасын дайындайды және бұйрық жобасын ұсынылған құжаттармен қоса құқықтық сараптамаға Заң басқармасына жолдайды, сараптама екі сағаттың ішінде жүргізіледі;
      Заң басқармасымен және төрағаның қадағалаушы орынбасарымен келісілген бұйрықтың жобасы қол қою үшін Агенттік төрағасына ұсынылады;
      Агенттік төрағасының бұйрығы қол қойылған және тіркелгеннен кейін БСН беру, Заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтер енгізу үшін, қаржы орталығының қатысушысын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) жүргізілгені туралы статистика органын, Алматы қаласының салық органдарын хабардар ету үшін электрондық хабарлама даярлайды және заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің электрондық тіркелімінің байланыс арналары арқылы жібереді;
      қаржы орталығы қатысушысының атына тізімдеме бойынша статистика органынан және салық органдарынан тиісінше статистикалық карточка мен Қазақстан Республикасының салық төлеушісінің куәлігін алады;
      тіркеу нөмірі, БСН, тіркеу (қайта тіркеу) күні, атауы мен орналасқан жері көрсетілетін қаржы орталығы қатысушысын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті ресімдейді, Агенттік төрағасына қол қою үшін ұсынады, елтаңбалы мөрмен куәландырады;
      қаржы орталығының қатысушысы туралы мәліметтерді Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының мемлекеттік тізіліміне енгізеді;
      Осы Стандарттың 17-тармағында көзделген жағдайларда өтініш берушіге қызмет көрсетуден бас тартудың себебі туралы жазбаша нысанда хабарланады. Бас тартылған ретте өтініш берушіге өтініші мен кемшілігі бар құжаттар, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) үшін төленген алым қайтарылмайды.
      16. Қаржы орталығы қатысушысының басшысына не өкіліне (сенімхат бойынша) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, Қазақстан Республикасының салық төлеушісінің куәлігін және статистикалық карточканы беру мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181, № 107 кабинет.
      17. Қызмет көрсетуді тоқтату үшін негіздемелер:
      осы Стандарттың 12-тармағында көзделген құжаттардың бірінің болмауы;
      ұсынылған құжаттарда қарау барысында анықталған кемшіліктердің болуы.
      Жоғарыда аталған себептерді жойған жағдайда қызмет осы Стандартта белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.
      Бас тарту үшін негіздемелер:
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген қаржы орталығының қатысушысын құрудың немесе қайта құрудың тәртібін бұзу, қаржы орталығы қатысушысының құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес келмеуі;
      өткізу актісінде немесе бөлу балансында қайта құрылған қаржы орталығы қатысушысының құқық мирасқорлығы туралы ережелердің болмауы;
      бір айлық есептік көрсеткіштен астам салық берешегінің болуы;
      егер заңды тұлға - қаржы орталығы қатысушысының құрылтайшысы әрекет етпейтін заңды тұлға не әрекет етпейтін заңды тұлғалардың құрылтайшысы болып табылуы;
      егер қаржы орталығы қатысушысының басшысы қызметіне  әрекет қабілеттілігі жоқ немесе әрекет қабілеттілігі шектелген, немесе хабар-ошарсыз кеткен немесе қайтыс болды деп жарияланған, немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 192, 216, 217-баптарында көзделген қылмыстары үшін сотталған адам ұсынылуы немесе жеке басын куәландыратын жоғалған құжаттар ұсынылуы.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Агенттіктің қызметті ресімдейтін мемлекеттік қызметшілері өз қызметінде:
      1) қарапайымдылық танытып, өз лауазымын асыра көрсетпеуі және пайдаланбауы, сыпайы да әдепті болуы;
      2) құжаттарды қарау кезінде төрешілдік пен әбігерлік көріністеріне жол бермеуі, құжаттар бойынша белгіленген мерзімде қажетті шаралар қабылдауы;
      3) белгіленген мерзімде заңды тұлға алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуі;
      4) қызметті пайдаланушының жабық ақпаратын жеке мақсаттарға пайдалануға жол бермеуі тиіс.

4. Жұмыстың нәтижелері

      19. Өтініш берушілерге қызмет көрсетудің нәтижелері осы Стандарттың қосымшасына сәйкес сапа мен қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Қызметтің сапа мен қолжетімділік көрсеткіштерінің нысаналы бағыттарын жыл сайын Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары арасынан құрылатын жұмыс тобы бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Агенттіктің қызметті ресімдейтін мемлекеттік қызметшілерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпарат, шағымды дайындауға көмек алу үшін өтініш беруші мына мекенжайға хабарласа алады: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181, № 105 кабинет, байланыс телефоны: (727) 2 449-500.
      22. Өтініш беруші шағымды ауызша немесе жазбаша түрде мына мекенжай бойынша бере алады: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181, № 104 кабинет, байланыс телефоны: (727) 2 449-500.
      23. Агенттіктің уәкілетті құрылымдық бөлімшесі шағымды қабылдау кезінде өтініш берушіге белгіленген үлгідегі талон береді. Шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіп пен мерзімде қаралады.
      Шағымды қарау барысы туралы (727) 2 449-500 телефоны бойынша білуге болады.

6. Байланыстық ақпарат

      24. Байланыстық ақпараттар: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181, телефондар: Агенттік төрағасының қабылдау бөлмесі - (727) 2 449-490, Агенттік төрағасы орынбасарларының қабылдау бөлмесі - (727) 2 449-492, www.rfca.gov.kz.
      Агенттіктің жұмыс кестесі: сенбі және жексенбі күндерінен басқа, күн сайын сағат 9.00-ден - 18.00-ге дейін (сағат 13.00-ден - 14.00-ге дейін үзіліс).

«Заңды тұлғаларды - Алматы қаласының
өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын
мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)» 
мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
ҚОСЫМША               

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапа және қолжетімділік
көрсеткіштері

Сапа және қолжетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап қызмет көрсетуді белгіленген мерзімде көрсету пайызы (үлесі)

95 %

1.2. Қызмет көрсету барысында кезегін 40 минуттан көп емес күткен тұтынушылардың пайызы (үлесі)

90 %

2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету сапасына қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесі)

90 %

2.2. Құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс рәсімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және басқалар) пайызы (үлесі)

95 %

3. Қолжетімділігі

3.1. Қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат сапасына қанағаттанған тұтынушылар пайызы (үлесі)

80 %

3.2. Тұтынушы дұрыс дайындап, бірден тапсырылған жағдайдағы құжаттар пайызы (үлесі)

80 %

3.3. Ол туралы ақпаратқа Интернет желісі арқылы қолжетімді қызметтің пайызы (үлесі)

50 %

4. Шағымдану процесі

4.1. Көрсетілетін қызмет бойынша түскен шағымдардың қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына пайызы (үлесі)

0,1 %

4.2 Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізді шағымдар пайызы (үлесі)

95 %

4.3. Шағымданудың қазіргі тәртібіне қанағаттанған тұтынушылар пайызы (үлесі)

95 %

4.4. Шағымданудың мерзімі бойынша қанағаттанған тұтынушылар пайызы (үлесі)

90 %

5. Әдептілігі

5.1. Қызметкерлердің әдептілігіне қанағаттанған тұтынушылар пайызы (үлесі)

90 %

      Ескертпе: Көрсеткіштер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 02-01-02/172 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын анықтау жөніндегі модельдік әдістемелік нұсқаулықтарға сәйкес есептелген.

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2010 жылғы 4 наурыздағы
№ 932 Жарлығымен  
БЕКІТІЛГЕН    

«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының
қатысушыларын аккредиттеу»
мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын аккредиттеу» мемлекеттік қызмет көрсетудің осы Стандарты (бұдан әрі – қызмет (қызмет көрсету) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларын Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушылары (бұдан әрі – қаржы орталығының қатысушысы) ретінде аккредиттеу тәртібін бекітеді.
      2. Қызмет автоматтандырылмаған.
      3. Қызмет «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 1-1) тармақшасы негізінде көрсетіледі.
      4. Қызметті Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) мына мекенжай бойынша көрсетеді: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181, www.rfca.gov.kz.
      5. Қызметтің аяқталу нысаны қаржы орталығының қатысушысын аккредиттеу туралы куәлік беру болып табылады.
      6. Қызмет брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар, қаржы орталығының қатысушысы болуға ниет білдірген заңды тұлғаларға көрсетіледі.
      7. Қызмет көрсетудің мерзімі осы Стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініш тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнін құрайды.
      Құжаттарды өткізу кезінде, сондай-ақ қызметтің нәтижелерін алу кезінде күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты 15 минут.
      8. Қызмет ақысыз болып табылады.
      9. Осы Стандарт Агенттіктің www.rfca.gov.kz интернет-ресурсында, Агенттік ғимаратының дәлізінде, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады.
      10. Агенттіктің жұмыс уақыты: сенбі мен жексенбі күндерінен басқа, күн сайын сағат 9.00-дан - 18.00-ге дейін (сағат 13.00-тен - 14.00-ке дейін үзіліс). Қызмет алдын-ала жазылусыз көрсетіледі, жедел қызмет көрсетілім жоқ.
      11. Қызмет көрсету орны Агенттік ғимаратының бірінші қабатында орналасқан, Агенттіктің жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс істейтін № 107 кабинет болып табылады. Күту орны қажетті құжаттардың үлгілері бар тұғыр және күту үшін орынтақтар орналасқан Агенттіктің дәлізі болып табылады. Дене мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлар қарастырылған.

2. Қызмет көрсету тәртібі

      12. Қызметті алу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
      мемлекеттік және орыс тілдеріндегі белгіленген нысандағы аккредиттеу туралы өтініш;
      мыналардың:
      Жарғының,
      мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің,
      Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің,
      статистикалық карточканың,
      қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмелері;
      шетелдік жұмыс күшінің бар екендігі туралы белгіленген нысан бойынша мәліметтер;
      брокерлік және (немесе) дилерлік ұйымның орналасқан жерін растайтын нотариалды куәландырылған құжат;
      құжаттарды беру және алу құқығына сенімхат.
      13. Қаржы орталығының қатысушысын аккредиттеу туралы өтініштің және шетелдік жұмыс күшінің бар екендігі туралы мәліметтер нысанының үлгісі Агенттік ғимаратының дәлізінде, Агенттіктің www.rfca.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.
      14. Құжаттарды қабылдауды құрылымдық бөлімшенің сарапшысы Агенттік ғимаратында мына мекенжай бойынша жүргізеді: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181, № 107 кабинет, байланыс телефоны (727) 2 449-500.
      15. Құжаттарды тапсыру кезінде өтініш берушіге күні мен уақыты, оларды қабылдаушы адамның тегі мен аты-жөні көрсетіле отырып, талон беріледі және құжаттарды беру мерзімі айтылады.
      Тіркелген өтініш қоса берілген құжаттармен бірге Агенттік басшылығының қарауына беріліп, одан соң тиісті тапсырмамен Тіркеу департаментіне түседі.
      Осы Стандарттың 7-тармағында белгіленген мерзімде Тіркеу департаментінің жауапты орындаушысы:
      ұсынылған құрылтай және басқа да құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкестігін тексереді;
      қаржы орталығының қатысушысын аккредиттеу туралы Агенттік төрағасының тиісті бұйрығының жобасын дайындайды және бұйрық жобасын ұсынылған құжаттармен қоса құқықтық сараптамаға Заң басқармасына жолдайды, сараптама екі сағаттың ішінде жүргізіледі;
      Заң басқармасымен және төрағаның қадағалаушы орынбасарымен келісілген бұйрықтың жобасы қол қою үшін Агенттік төрағасына ұсынылады;
      қаржы орталығы қатысушының тіркеу нөмірі, аккредиттеу күні, атауы көрсетілген аккредиттеу туралы куәлікті ресімдейді;
      Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының мемлекеттік тізіліміне аккредиттелген қаржы орталығының қатысушысы туралы мәліметтерді енгізеді.
      Осы Стандарттың 17-тармағында көзделген жағдайларда өтініш берушіге қызмет көрсетуден бас тартудың себебі туралы жазбаша нысанда хабарланады. Бұл ретте өтініш берушіге өтінішті қоспағанда, ұсынылған құжаттар қайтарылады.
      16. Қаржы орталығы қатысушысының басшысына не өкіліне аккредиттеу туралы куәлік беру мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181, № 107 кабинет.
      17. Бас тарту негіздемелері:
      осы Стандарттың 12-тармағында көзделген құжаттардың бірінің болмауы;
      қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның өтініш берушінің брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясының күшін тоқтата тұруы не тоқтатуы немесе лицензиясынан айыруы.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Агенттіктің қызметті ресімдейтін мемлекеттік қызметшілері өз қызметінде:
      1) қарапайымдылық танытып, өз лауазымын асыра көрсетпеуі және пайдаланбауы, сыпайы да әдепті болуы;
      2) құжаттарды қарау кезінде төрешілдік пен әбігерлік көріністеріне жол бермеуі, құжаттар бойынша белгіленген мерзімде қажетті шаралар қабылдауы;
      3) белгіленген мерзімде заңды тұлға алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуі;
      4) қызметтi пайдаланушының жабық ақпаратын жеке мақсаттарға пайдалануға жол бермеуі тиіс.

4. Жұмыстың нәтижелері

      19. Өтініш берушілерге қызмет көрсетудің нәтижелері осы Стандарттың қосымшасына сәйкес сапа мен қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Қызметтің сапа мен қолжетімділік көрсеткіштерінің нысаналы бағыттарын жыл сайын Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары арасынан құрылатын жұмыс тобы бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Агенттіктің қызметті ресімдейтін мемлекеттік қызметшілерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпарат, шағымды дайындауға көмек алу үшін өтініш беруші мына мекенжайға хабарласа алады: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181, № 105 кабинет, байланыс телефоны: (727) 2 449-500.
      22. Өтініш беруші шағымды ауызша немесе жазбаша түрде мына мекенжай бойынша бере алады: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181, № 104 кабинет, байланыс телефоны: (727) 2 449-500.
      23. Агенттіктің уәкілетті құрылымдық бөлімшесі шағымды қабылдау кезінде өтініш берушіге белгіленген үлгідегі талон береді. Шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіп пен мерзімде қаралады.
      Шағымды қарау барысы туралы (727) 2 449-500 телефоны бойынша білуге болады.

6. Байланыстық ақпарат

      24. Байланыстық ақпараттар: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181, телефондар: Агенттік төрағасының қабылдау бөлмесі - (727) 2 449-490, Агенттік төрағасы орынбасарларының қабылдау бөлмесі - (727) 2 449-492, www.rfca.gov.kz.
      Агенттіктің жұмыс кестесі: сенбі және жексенбі күндерінен басқа, күн сайын сағат 9.00-дан – 18.00-ге дейін (сағат 13.00-тен - 14.00-ке дейін үзіліс).

«Алматы қаласының өңірлік қаржы
орталығының қатысушыларын 
аккредиттеу» мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына    
ҚОСЫМША           

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапа және қолжетімділіккөрсеткіштері

Сапа және қолжетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1 Құжатты тапсырған сәттен бастап қызмет көрсетуді белгіленген мерзімде көрсету пайызы (үлесі)

95 %

1.2 Қызмет көрсету барысында кезегін 40 минуттан көп емес күткен тұтынушылардың пайызы (үлесі)

90 %

2. Сапасы

2.1 Қызмет көрсету сапасына қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесі)

90 %

2.2. Құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс рәсімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және басқалар) пайызы (үлесі)

95 %

3. Қолжетімділігі

3.1 Қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат сапасына қанағаттанған тұтынушылар пайызы (үлесі)

80 %

3.2 Тұтынушы дұрыс дайындап, бірден тапсырылған жағдайдағы құжаттар пайызы (үлесі)

80 %

3.3. Ол туралы ақпаратқа Интернет желісі арқылы қолжетімді қызметтің пайызы (үлесі)

50 %

4. Шағымдану процесі

4.1. Көрсетілетін қызмет бойынша түскен шағымдардың қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына пайызы (үлесі)

0,1 %

4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізді шағымдар пайызы (үлесі)

95 %

4.3. Шағымданудың қазіргі тәртібіне қанағаттанған тұтынушылар пайызы (үлесі)

95 %

4.4. Шағымданудың мерзімі бойынша қанағаттанған тұтынушылар пайызы (үлесі)

90 %

5. Әдептілігі

5.1. Қызметкерлердің әдептілігіне қанағаттанған тұтынушылар пайызы (үлесі)

90 %

      Ескертпе: Көрсеткіштер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 02-01-02/172 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын анықтау жөніндегі модельдік әдістемелік нұсқаулықтарға сәйкес есептелген.

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2010 жылғы 4 наурыздағы
№ 932 Жарлығымен  
БЕКІТІЛГЕН     

«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметін жүзеге
асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға визалар беру
туралы өтінішхат беру»
мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға визалар беру туралы өтінішхат беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің осы Стандарты (бұдан әрі – қызмет (қызмет көрсету) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға визалар беру туралы өтінішхаттарды (бұдан әрі – өтінішхат) ресімдеудің тәртібін бекітеді.
      2. Қызмет автоматтандырылмаған.
      3. Қызмет «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы негізінде көрсетіледі.
      4. Қызметті Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) мына мекенжай бойынша көрсетеді: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181, www.rfca.gov.kz.
      5. Қызметтің аяқталу нысаны Агенттіктің жазбаша өтініш беруі болып табылады.
      6. Қызмет Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ егер олар шақырушы тарап болып табылса, заңды тұлғаларға көрсетіледі.
      7. Қызмет көрсетудің мерзімі осы Стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күнін құрайды.
      Құжаттарды өткізу кезінде, сондай-ақ қызметтің нәтижелерін алу кезінде күтудің жол берілген ең ұзақ уақыты 15 минут.
      8. Қызмет ақысыз болып табылады.
      9. Осы Стандарт Агенттіктің www.rfca.gov.kz интернет-ресурсында, Агенттік ғимаратының дәлізінде, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады.
      10. Агенттіктің жұмыс уақыты: сенбі мен жексенбі күндерінен басқа, күн сайын сағат 9.00-ден - 18.00-ге дейін (сағат 13.00-ден - 14.00-ке дейін үзіліс). Қызмет алдын-ала жазылусыз көрсетіледі, жедел қызмет көрсетілім жоқ.
      11. Қызмет көрсету орны Агенттік ғимаратының бірінші қабатында орналасқан, Агенттіктің жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс істейтін № 107 кабинет болып табылады. Күту орны қажетті құжаттардың үлгілері бар тұғыр және күту үшін орынтақтар орналасқан Агенттіктің дәлізі болып табылады. Дене мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлар қарастырылған.

2. Қызмет көрсету тәртібі

      12. Қызметті алу үшін мынадай мәліметтері бар өтініш беріледі:
      1) әр шетелдіктің және (немесе) азаматтығы жоқ адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);
      2) туылған күні мен жері;
      3) азаматтығы (шетел азаматтары үшін);
      4) резиденттік еліндегі лауазымы мен қызмет орны;
      5) білімі туралы мәліметтер;
      6) резиденттік елінде іс жүзінде тұрғылықты жерінің мекенжайы;
      7) Қазақстан Республикасында іс жүзіндегі тұрғылықты жерінің мекенжайы;
      8) болу кезеңі;
      9) виза еселілігі;
      10) паспорт мәліметтері немесе азаматтығы жоқ тұлға құжатының мәліметтері;
      11) виза алу орны;
      12) Қазақстан Республикасының аумағына келетін және Қазақстан Республикасынан тысқары шығатын көлік құралының түрі.
      Өтінішке осы тармақтың 1)-5) және 10) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді куәландыратын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
      13. Өтініштің үлгісі Агенттік ғимаратының дәлізінде, сондай-ақ Агенттіктің www.rfca.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.
      14. Құжаттарды қабылдауды уәкілетті құрылымдық бөлімшенің сарапшысы Агенттік ғимаратында мына мекенжай бойынша жүргізеді: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181, № 107 кабинет, байланыс телефоны (727) 2 449-500.
      15. Құжаттарды Агенттіктің уәкілетті құрылымдық бөлімшесіне тапсыру кезінде өтініш берушіге күні мен уақыты, оларды қабылдаушы адамның тегі мен аты-жөні көрсетіле отырып, талон беріледі және құжаттарды беру мерзімі айтылады.
      Тіркелген өтініш қоса берілген құжаттармен бірге Агенттік басшылығының қарауына беріліп, одан соң тиісті тапсырмамен Тіркеу департаментіне түседі.
      Осы Стандарттың 7-тармағында белгіленген мерзімде Тіркеу департаментінің жауапты орындаушысы:
      осы Стандарттың 12-тармағында көзделген мәліметтердің толықтығын тексереді;
      Агенттіктің тиісті өтінішхатының жобасын әзірлейді;
      төрағаның қадағалаушы орынбасарымен келісілген өтінішхатты қол қою үшін Агенттік төрағасына ұсынады;
      өтінішхатты тіркеуге және оны өтініш берушіге беру үшін уәкілетті құрылымдық бөлімшеге жібереді.
      Осы Стандарттың 17-тармағында көзделген жағдайларда өтініш берушіге қызмет көрсетуден бас тартудың себебі туралы жазбаша нысанда хабарланады.
      16. Өтінішхатты беру мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181, № 107 кабинет не ол визалар беру мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жолданады.
      17. Бас тарту үшін негіздемелер:
      өтініште өтінішхатты алу үшін осы Стандарттың 12-тармағында көзделген мәліметтердің болмауы;
      талап етілетін құжаттар көшірмелерінің болмауы.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Агенттіктің қызметті ресімдейтін мемлекеттік қызметшілері өз қызметінде:
      1) қарапайымдылық танытып, өз лауазымын асыра көрсетпеуі және пайдаланбауы, сыпайы да әдепті болуы;
      2) құжаттарды қарау кезінде төрешілдік пен әбігерлік көріністеріне жол бермеуі, құжаттар бойынша белгіленген мерзімде қажетті шаралар қабылдауы;
      3) белгіленген мерзімде заңды тұлға алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуі;
      4) қызметтi пайдаланушының жабық ақпаратын жеке мақсаттарға пайдалануға жол бермеуі тиіс.

4. Жұмыстың нәтижелері

      19. Өтініш берушілерге қызмет көрсетудің нәтижелері осы Стандарттың қосымшасына сәйкес сапа мен қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Қызметтің сапа мен қолжетімділік көрсеткіштерінің нысаналы бағыттарын жыл сайын Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары арасынан құрылатын жұмыс тобы бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Агенттіктің қызметті ресімдейтін мемлекеттік қызметшілерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпарат, шағымды дайындауға көмек алу үшін өтініш беруші мына мекенжайға хабарласа алады: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181, № 105 кабинет, байланыс телефоны: (727) 2 449-500.
      22. Өтініш беруші шағымды ауызша немесе жазбаша түрде мына мекенжай бойынша бере алады: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181, № 104 кабинет, байланыс телефоны: (727) 2 449-500.
      23. Агенттіктің уәкілетті құрылымдық бөлімшесі шағымды қабылдау кезінде өтініш берушіге белгіленген үлгідегі талон береді. Шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіп пен мерзімде қаралады.
      Шағымды қарау барысы туралы (727) 2 449-500 телефоны бойынша білуге болады.

6. Байланыстық ақпарат

      24. Байланыстық ақпараттар: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181, телефондар: Агенттік төрағасының қабылдау бөлмесі - (727) 2 449-490, Агенттік төрағасы орынбасарларының қабылдау бөлмесі - (727) 2 449-492, www.rfca.gov.kz.
      Агенттіктің жұмыс кестесі: сенбі және жексенбі күндерінен басқа, күн сайын сағат 9.00-ден – 18.00-ге дейін (сағат 13.00-тен - 14.00-ке дейін үзіліс).

«Алматы қаласының өңірлік қаржы   
орталығында қызметін жүзеге асыру  
үшін Қазақстан Республикасының   
аумағына келетін шетелдіктер мен  
азаматтығы жоқ адамдарға визалар беру
туралы өтінішхат беру» мемлекеттік 
қызмет көрсету стандартына     
ҚОСЫМША               

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапа және қолжетімділік
көрсеткіштері

Сапа және қолжетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап қызмет көрсетуді белгіленген мерзімде көрсету пайызы (үлесі)

95 %

1.2. Қызмет көрсету барысында кезегін 40 минуттан көп емес күткен тұтынушылардың пайызы (үлесі)

90 %

2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету сапасына қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесі)

90 %

2.2. Құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс рәсімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және басқалар) пайызы (үлесі)

95 %

3. Қолжетімділігі

3.1. Қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат сапасына қанағаттанған тұтынушылар пайызы (үлесі)

80 %

3.2. Тұтынушы дұрыс дайындап, бірден тапсырылған жағдайдағы құжаттар пайызы (үлесі)

80 %

3.3. Ол туралы ақпаратқа Интернет желісі арқылы қолжетімді қызметтің пайызы (үлесі)

50 %

4. Шағымдану процесі

4.1. Көрсетілетін қызмет бойынша түскен шағымдардың қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына пайызы (үлесі)

0,1 %

4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізді шағымдар пайызы (үлесі)

95 %

4.3. Шағымданудың қазіргі тәртібіне қанағаттанған тұтынушылар пайызы (үлесі)

95 %

4.4. Шағымданудың мерзімі бойынша қанағаттанған тұтынушылар пайызы (үлесі)

90 %

5. Әдептілігі

5.1. Қызметкерлердің әдептілігіне қанағаттанған тұтынушылар пайызы (үлесі)

90 %

      Ескертпе: Көрсеткіштер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 02-01-02/172 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын анықтау жөніндегі модельдік әдістемелік нұсқаулықтарға сәйкес есептелген.

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2010 жылғы 4 наурыздағы
№ 932 Жарлығымен   
БЕКІТІЛГЕН      

«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының
арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдары
эмитенттерінің аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу»
мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдары эмитенттерінің аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет көрсетудің осы Стандарты (бұдан әрі – қызмет (қызмет көрсету) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдары эмитенттерінің аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу (бұдан әрі – эмитентке аудитке жұмсалған шығындарын өтеу) тәртібін бекітеді.
      2. Қызмет автоматтандырылмаған.
      3. Қызмет «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 8) тармақшасының және «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдары эмитенттерінің аудитіне жұмсалған шығындарды өтеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 мамырдағы № 523 қаулысы негізінде көрсетіледі.
      4. Қызметті Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) мына мекенжай бойынша көрсетеді: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181, www.rfca.gov.kz.
      5. Қызметтің аяқталу нысаны эмитентке аудитке жұмсалған шығындарды өтеу туралы Агенттік төрағасының немесе оның орнындағы адамның бұйрығы болып табылады.
      6. Қызмет бұрын қаржылық есептілік аудитін жүргізбеген және қаржы құралдарын Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында орналастыруды жүзеге асырған қаржы құралдарының эмитенттері – заңды тұлғаларға (бұдан әрі – эмитент) көрсетіледі.
      7. Қызмет көрсетудің мерзімі осы Стандарттың 12-тармағына сәйкес құжаттар жиынтығы толық ұсынылған кезден бастап он бес жұмыс күнін құрайды.
      Құжаттарды өткізу кезінде, сондай-ақ қызметтің нәтижелерін алу кезінде күтудің ең ұзақ уақыты 15 минут.
      8. Қызмет ақысыз болып табылады.
      9. Осы Стандарт Агенттіктің www.rfca.gov.kz интернет-ресурсында, Агенттік ғимаратының дәлізінде, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады.
      10. Агенттіктің жұмыс уақыты: сенбі мен жексенбі күндерінен басқа, күн сайын сағат 9.00-дан - 18.00-ге дейін (сағат 13.00-тен - 14.00-ке дейін үзіліс). Қызмет алдын-ала жазылусыз көрсетіледі, жедел қызмет көрсетілім жоқ.
      11. Қызмет көрсету орны Агенттік ғимаратының бірінші қабатында орналасқан, Агенттіктің жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс істейтін № 107 кабинет болып табылады. Күту орны қажетті құжаттардың үлгілері бар тұғыр және күту үшін орынтақтар орналасқан Агенттіктің дәлізі болып табылады. Дене мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлар қарастырылған.

2. Қызмет көрсету тәртібі

      12. Қызметті алу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
      аудитке жұмсалған шығындарды өтеуге Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысандағы өтініш;
      аудиторлық ұйыммен қаржылық есептілігінің аудитін жүргізуге жасалған шарттың көшірмесі;
      аудитке жұмсалған шығындардың төленгендігі фактісін куәландыратын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі (құжат көшірмесінің шынайылығы тексерілгеннен кейін түпнұсқа эмитентке қайтарылады);
      аудиторлық ұйымның Агенттік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына қаржы құралдарын жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжаттар;
      эмитенттің қаржылық құралдарының шығарылымы проспектісінің көшірмесі, сондай-ақ олар бар болған жағдайда шығарылым проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар;
      аудиторлық ұйымның эмитентпен аффиллирленбегені туралы, сонымен қатар аудиторлық ұйым - Қазақстан Республикасының резиденті үшін Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудиторлық ұйымның аудит жүргізу құқығының шектеулерінің жоқтығы туралы жазбаша растау қағазы;
      халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жасалған қаржылық есептілігінің аудиторлық есебінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      биржалық куәліктердің көшірмелері;
      орталық депозитарийдің жазбаша растау қағазы;
      құжаттарды беру және алу құқығына сенімхат.
      Осы тармақта көрсетілген, бірнеше парақтан тұратын құжаттардың көшірмелері нөмірленіп, тігіліп және соңғы бетінің сырт жағында, ішінара тігілген беттері көрсетіле отырып тігіс түйініне желімделген жапсырманың үстіне эмитенттің лауазымды адамдарының қолымен және мөрімен куәландырылып ұсынылады.
      13. Өтініштің үлгісі Агенттік ғимаратының дәлізінде, сондай-ақ Агенттіктің www.rfca.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.
      14. Құжаттарды қабылдауды уәкілетті құрылымдық бөлімшенің сарапшысы Агенттік ғимаратында мына мекенжай бойынша жүргізеді: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181, № 107 кабинет, байланыс телефоны (727) 2 449-500.
      15. Құжаттарды тапсыру кезінде өтініш берушіге күні мен уақыты, оларды қабылдаушы адамның тегі мен аты-жөні көрсетіле отырып, талон беріледі және құжаттарды беру мерзімі айтылады.
      Тіркелген өтініш қоса берілген құжаттармен бірге Агенттік басшылығының қарауына беріліп, одан соң тиісті тапсырмамен Тіркеу департаментіне жолданады.
      Осы Стандарттың 7-тармағында белгіленген мерзімде Тіркеу департаментінің жауапты орындаушысы:
      ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкестігін тексереді;
      эмитентке аудитке жұмсалған шығындарды өтеу туралы Агенттік төрағасының тиісті бұйрығының жобасын дайындайды және бұйрық жобасын ұсынылған құжаттармен қоса құқықтық сараптамаға Заң басқармасына жолдайды, ол бес күн ішінде жүргізіледі;
      Заң басқармасымен және төрағаның қадағалаушы орынбасарымен келісілген бұйрықтың жобасы қол қою үшін Агенттік төрағасына ұсынылады;
      эмитентке аудитке жұмсалған шығындарды өтеудің белгіленген сомасын келесі қаржылық жылдың бюджеттік өтінімге енгізу үшін әкімшілік-қаржы департаментіне бұйрық жобасының көшірмесін жолдайды.
      Осы Стандарттың 17-тармағында көзделген жағдайларда, қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелерді анықтау кезінен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге бас тартудың себептері көрсетіле отырып, жазбаша түрде хабарланады.
      16. Эмитент басшысына немесе оның өкіліне (сенімхат бойынша) эмитентке аудитке жұмсалған шығындарды өтеу туралы Агенттік төрағасы бұйрығының көшірмесін беру үшін үш жұмыс күні ішінде мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181, № 107 кабинет.
      17. Бас тарту үшін негіздемелер:
      осы Стандарттың 12-тармағында көзделген құжаттардың бірінің болмауы;
      осы Стандарттың 12-тармағының он үшінші абзацы талаптарының сақталмауы.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Агенттіктің қызметті ресімдейтін мемлекеттік қызметшілері өз қызметінде:
      1) қарапайымдылық танытып, өз лауазымын асыра көрсетпеуі және пайдаланбауы, сыпайы да әдепті болуы;
      2) құжаттарды қарау кезінде төрешілдік пен әбігерлік көріністеріне жол бермеуі, құжаттар бойынша белгіленген мерзімде қажетті шаралар қабылдауы;
      3) белгіленген мерзімде заңды тұлға алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуі;
      4) қызметтi пайдаланушының жабық ақпаратын жеке мақсаттарға пайдалануға жол бермеуі тиіс.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Өтініш берушілерге қызмет көрсетудің нәтижелері осы Стандарттың қосымшасына сәйкес сапа мен қолжетімділік көрсеткіштерімен бағаланады.
      20. Қызметтің сапа мен қолжетімділік көрсеткіштерінің нысаналы бағыттарын жыл сайын Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары арасынан құрылатын жұмыс тобы бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Агенттіктің қызметті ресімдейтін мемлекеттік қызметшілерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпарат, шағымды дайындауға көмек алу үшін өтініш беруші мына мекенжайға хабарласа алады: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181, № 105 кабинет, байланыс телефоны: (727) 2 449-500.
      22. Өтініш беруші шағымды ауызша немесе жазбаша түрде мына мекенжай бойынша бере алады: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181, № 104 кабинет, байланыс телефоны: (727) 2 449-500.
      23. Агенттіктің уәкілетті құрылымдық бөлімшесінде шағым қабылдау кезінде өтініш берушіге оның шағымының қабылданғаны туралы белгіленген үлгідегі талон береді. Шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіп пен мерзімде қаралады.
      Шағымды қарау барысы туралы (727) 2 449-500 телефоны бойынша білуге болады.

6. Байланыстық ақпарат

      24. Байланыстық ақпараттар: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181, телефондар: Агенттік төрағасының қабылдау бөлмесі - (727) 2 449-490, Агенттік төрағасы орынбасарларының қабылдау бөлмесі – (727) 2 449-492, www.rfca.gov.kz.
      Агенттіктің жұмыс кестесі: сенбі және жексенбі күндерінен басқа, күн сайын сағат 9.00-дан – 18.00-ге дейін (сағат 13.00-тен – 14.00-ке дейін үзіліс).

«Алматы қаласының өңірлік қаржы
орталығының арнайы сауда алаңына
жіберілген қаржы құралдары  
эмитенттерінің аудитіне жұмсалған
шығындарды өтеу» мемлекеттік 
қызмет көрсету стандартына   
ҚОСЫМША            

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапа және қолжетімділік
көрсеткіштері

Сапа және қолжетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап қызмет көрсетуді белгіленген мерзімде көрсету пайызы (үлесі)

95 %

1.2. Қызмет көрсету барысында кезегін 40 минуттан көп емес күткен тұтынушылардың пайызы (үлесі)

90 %

2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету сапасына қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесі)

90 %

2.2. Құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс рәсімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және басқалар) пайызы (үлесі)

95 %

3. Қолжетімділігі

3.1. Қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат сапасына қанағаттанған тұтынушылар пайызы (үлесі)

80 %

3.2. Тұтынушы дұрыс дайындап, бірден тапсырылған жағдайдағы құжаттар пайызы (үлесі)

80 %

3.3. Ол туралы ақпаратқа Интернет желісі арқылы қолжетімді қызметтің пайызы (үлесі)

50 %

4. Шағымдану процесі

4.1. Көрсетілетін қызмет бойынша түскен шағымдардың қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына пайызы (үлесі)

0,1 %

4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізді шағымдар пайызы (үлесі)

95 %

4.3. Шағымданудың қазіргі тәртібіне қанағаттанған тұтынушылар пайызы (үлесі)

95 %

4.4. Шағымданудың мерзімі бойынша қанағаттанған тұтынушылар пайызы (үлесі)

90 %

5. Әдептілігі

5.1. Қызметкерлердің әдептілігіне қанағаттанған тұтынушылар пайызы (үлесі)

90 %

      Ескертпе: Көрсеткіштер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 02-01-02/172 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын анықтау жөніндегі модельдік әдістемелік нұсқаулықтарға сәйкес есептелген.

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2010 жылғы 4 наурыздағы
№ 932 Жарлығымен  
БЕКІТІЛГЕН    

«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының
құжаттамасын қаржы орталығының органдарын қоспағанда,
мемлекеттік органдарға беру үшін ағылшын тілінен
мемлекеттік және орыс тілдеріне аудару»
мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

1. Жалпы ереже

      1. «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының құжаттамасын қаржы орталығының органдарын қоспағанда, мемлекеттік органдарға беру үшін ағылшын тілінен мемлекеттік және орыс тілдеріне аудару» мемлекеттік қызмет көрсетудің осы Стандарты (бұдан әрі – қызмет (қызмет көрсету) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларына (бұдан әрі – қаржы орталығының қатысушысы) аударма қызметтерін көрсету тәртібін бекітеді.
      2. Қызмет автоматтандырылмаған.
      3. Қызмет «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының негізінде көрсетіледі.
      4. Қызметті Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) мына мекенжай бойынша көрсетеді: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181, www.rfca.gov.kz.
      5. Қызметтің аяқталу нысаны қаржы орталығының қатысушысына мемлекеттік органдарға беру үшін қағаздағы және электронды түрдегі құжаттама аудармасын беру болып табылады.
      6. Қызмет қаржы орталығының қатысушыларына көрсетіледі.
      7. Қызмет көрсетудің мерзімі осы Стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініш тіркелген күннен бастап жеті жұмыс күнін құрайды.
      Құжаттарды өткізу кезінде, сондай-ақ қызметтің нәтижелерін алу кезінде күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты 15 минут.
      8. Қызмет ақысыз болып табылады.
      9. Осы Стандарт Агенттіктің www.rfca.gov.kz интернет-ресурсында, Агенттік ғимаратының дәлізінде, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады.
      10. Агенттіктің жұмыс уақыты: сенбі мен жексенбі күндерінен басқа, күн сайын сағат 9.00-дан - 18.00-ге дейін (сағат 13.00-тен - 14.00-ке дейін үзіліс). Қызмет алдын-ала жазылусыз көрсетіледі, жедел қызмет көрсетілім жоқ.
      11. Қызмет көрсету орны Агенттік ғимаратының төртінші қабатында орналасқан, Агенттіктің жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс істейтін № 400 кабинет болып табылады. Күту орны қажетті құжаттардың үлгілері бар тұғыр және күту үшін орынтақтар орналасқан Агенттіктің дәлізі болып табылады. Дене мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлар қарастырылған.

2. Қызмет көрсету тәртібі

      12. Қызметті алу үшін мынадай мәліметтері бар өтініш беріледі:
      қаржы орталығы қатысушысының атауы, орналасқан мекенжайы және байланыс телефондары;
      аударылған құжаттама берілетін мемлекеттік органның атауы;
      ағылшын тілінде ұсынылған құжаттардың аударылуы қажет етілетін тіл (мемлекеттік және (немесе) орыс тілі);
      қосымшадағы беттер саны;
      қаржы орталығы қатысушысының бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушының қолы;
      қаржы орталығы қатысушысының мөрі.
      Өтінішке аударуға жататын құжаттама қағазда және электронды түрде қоса беріледі.
      Аударуға ұсынылған құжаттама мына өлшемдерге сай болуы қажет:
      тілі - ағылшын;
      қарпі - Times New Roman;
      қаріп мөлшері - 14.
      13. Құжаттаманы аудару туралы өтініш еркін нысанда жазылады.
      14. Құжаттарды қабылдауды уәкілетті құрылымдық бөлімшенің сарапшысы Агенттік ғимаратында мына мекенжай бойынша жүргізеді: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181, № 400 кабинет, байланыс телефоны (727) 2 449-500.
      15. Құжаттарды Агенттіктің уәкілетті құрылымдық бөлімшесіне тапсыру кезінде өтініш берушіге күні мен уақыты, оларды қабылдаушы адамның тегі мен аты-жөні көрсетіле отырып, талон беріледі және құжаттарды беру мерзімі айтылады.
      Тіркелген өтініш қоса берілген құжаттармен бірге Агенттік басшылығының қарауына беріліп, одан соң тиісті тапсырмамен әкімшілік-қаржы департаментіне түседі.
      Осы Стандарттың 7-тармағында белгіленген мерзімде әкімшілік-қаржы департаментінің жауапты орындаушысы құжаттаманың талап етілген аудармасын жүзеге асырады.
      Осы Стандарттың 17-тармағында көзделген жағдайларда өтініш берушіге қызмет көрсетуден бас тартудың себебі туралы жазбаша нысанда хабарланады.
      16. Қаржы орталығының қатысушысына аударылған құжаттаманы қағазда және электронды түрде беру мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181, № 400 кабинет не өтініш берушінің өтінішінде көрсетілген мекенжай бойынша пошта арқылы жіберіледі.
      17. Бас тарту үшін негіздемелер:
      өтініште аударуға жататын құжаттаманың болмауы; аударуға жататын, бірақ мемлекеттік органдарға беруге арналмаған құжаттаманың ұсынылуы.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Агенттіктің қызметті ресімдейтін мемлекеттік қызметшілері өз қызметінде:
      1) қарапайымдылық танытып, өз лауазымын асыра көрсетпеуі және пайдаланбауы, сыпайы да әдепті болуы;
      2) құжаттарды қарау кезінде төрешілдік пен әбігерлік көріністеріне жол бермеуі, құжаттар бойынша белгіленген мерзімде қажетті шаралар қабылдауы;
      3) белгіленген мерзімде заңды тұлға алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуі;
      4) қызметтi пайдаланушының жабық ақпаратын жеке мақсаттарға пайдалануға жол бермеуі тиіс.

4. Жұмыстың нәтижелері

      19. Өтініш берушілерге қызмет көрсетудің нәтижелері осы Стандарттың қосымшасына сәйкес сапа мен қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Қызметтің сапа мен қолжетімділік көрсеткіштерінің нысаналы бағыттарын Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары арасынан құрылатын жұмыс тобы бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Агенттіктің қызметті ресімдейтін мемлекеттік қызметшілерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпарат, шағымды дайындауға көмек алу үшін өтініш беруші мына мекенжайға хабарласа алады: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181, № 400 кабинет, байланыс телефоны: (727) 2 449-500.
      22. Өтініш беруші шағымды ауызша немесе жазбаша түрде мына мекенжай бойынша бере алады: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181, № 400 кабинет, байланыс телефоны: (727) 2 449-500.
      23. Агенттіктің уәкілетті құрылымдық бөлімшесі шағымды қабылдау кезінде өтініш берушіге белгіленген үлгідегі талон береді. Шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіп пен мерзімде қаралады.
      Шағымды қарау барысы туралы (727) 2 449-500 телефоны бойынша білуге болады.

6. Байланыстық ақпарат

      24. Байланыстық ақпараттар: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181, телефондар: Агенттік төрағасының қабылдау бөлмесі - (727) 2 449-490, Агенттік төрағасы орынбасарларының қабылдау бөлмесі – (727) 2 449-492, www.rfca.gov.kz.
      Агенттіктің жұмыс кестесі: сенбі және жексенбі күндерінен басқа, күн сайын сағат 9.00-дан – 18.00-ге дейін (сағат 13.00-тен – 14.00-ке дейін үзіліс).

«Алматы қаласының өңірлік қаржы   
орталығы қатысушыларының құжаттамасын 
қаржы орталығының органдарын қоспағанда,
мемлекеттік органдарға беру үшін   
ағылшын тілінен мемлекеттік және   
орыс тілдеріне аудару» мемлекеттік  