Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі N 140 Жарлығы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 15) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 33-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. Мыналар:

      1) 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы ереже;

      2) 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамы бекiтiлсiн.

      2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң азаматтарға кешiрiм жасауды жүзеге асыру тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 7 мамырдағы N 2975 Жарлығы ;

      2) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 13 қыркүйектегi N 3108 Жарлығы;

      3) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 13 қыркүйектегi N 3108 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 28 қаңтардағы N 3343 Жарлығы;

      4) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 7 мамырдағы N 2975 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 18 ақпандағы М 3841 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 4, 20-құжат);

      5) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 13 қыркүйектегi N 3108 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 1 сәуiрдегi N 3892 Жарлығы;

      6) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 7 мамырдағы N 2975 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 13 ақпандағы N 557 Жарлығы ;

      7) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 13 қыркүйектегi N 3108 және 1996 жылғы 18 маусымдағы N 3039 Жарлықтарына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 7 қарашадағы N 719 Жарлығының 1-тармағы;

      8) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 13 қыркүйектегi N 3108 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 6 наурыздағы N 821 Жарлығы;

      9) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 7 мамырдағы N 2975 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 4 ақпандағы N 1288 Жарлығы ;

      10) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1504 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасы;

      11) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 7 мамырдағы N 2975 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiнiң күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 16 мамырдағы N 1573 Жарлығының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2005 ж., N 20, 238-құжат).

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Президентi



  1-ҚОСЫМШA
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2006 жылғы 5 шiлдедегi
N 140 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы
Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы осы ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 15) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабының 6) тармақшасына және 33-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қызметінің және кешірім жасау туралы өтініштерді қараудың тәртібін белгілейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 22.04.2015 № 1036 Жарлығымен.

      2. Кешірім жасауды өзіне қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енген, сол сияқты шет мемлекет сотының үкімі бойынша тағайындалған жазаны Қазақстан Республикасының аумағында өтеп жатқан не өтеген адамның өтініші негізінде Қазақстан Республикасының Президенті жүзеге асырады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 22.04.2015 № 1036 Жарлығымен.

      3. Қазақстан Республикасының Президентi өз қарауымен сотталған немесе жазасын өтеген адамға кешiрiм жасай алады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 22.04.2015 № 1036 Жарлығымен.

      4. Кешірім жасау туралы өтініш сот үкімі (қаулысы) заңды күшіне енгеннен кейін ғана берілуі мүмкін.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 22.04.2015 № 1036 Жарлығымен.

      5. Кешiрiм жасау:

      1) өлім жазасын өмір бойына бас бостандығынан айырумен немесе белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айырумен алмастыру;

      1-1) өмір бойына бас бостандығынан айыруды белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айырумен алмастыру;

      2) жазаны одан әрi өтеуден босату не белгiлеген жазаның мерзiмiн қысқарту;

      3) сот белгілеген жазаны жазаның неғұрлым жеңіл түрімен алмастыру;

      3-1) қосымша жаза түрінен босату;

      4) жазасын өтеген немесе оны одан әрі өтеуден босатылған адамдардан сотталғандықты алып тастау түрінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 22.04.2015 № 1036 Жарлығымен.

2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы
Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия

      6. Кешiрiм жасау туралы материалдарды қарауды Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) жүзеге асырады.

      7. Комиссияның құрамын Президент бекiтедi .

      8. Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын төраға Комиссияны басқарады.

      Комиссияның құрамына лауазымы бойынша Бас Прокурордың жазаның орындалуы және азаматтарды ақтау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы кіреді. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы орнында болмаған жағдайда Комиссияның жұмысына дауыс беру құқығымен оның орынбасарларының біреуі қатыса алады.

      Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және өзге де адамдар кіруі мүмкін.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 22.04.2015 № 1036 Жарлығымен.

      9. Комиссия отырысында төраға болмаған жағдайда оның мiндетi Комиссия төрағасының орынбасарына жүктеледi.

      10. Комиссияның отырысы оның мүшелерiнiң үштен екiсi қатысқан ретте құқылы болып саналады.

      11. Комиссияның отырыстарына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Жоғарғы Соттың қадағалау сот алқаларының төрағалары, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағалары, Ішкі істер, Әділет министрлері немесе олардың орынбасарлары, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы қатысып, талқыланатын мәселелер бойынша сөз сөйлей алады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 10.10.2016 N 357 Жарлығымен.

      12. Комиссия өз отырыстарына оның құзыретіне жататын мәселелер бойынша қажетті ақпарат алу үшін мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін, сондай-ақ өзге де адамдарды шақыруға құқылы.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 22.04.2015 № 1036 Жарлығымен.

      13. Комиссияның шешiмi оның қатысып отырған мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады. Сотталған адам үшiн неғұрлым қолайлы мәселе дауысқа бiрiншi болып салынады. Комиссия мүшелерiнiң дауыстары тең бөлiнген жағдайда төрағалық етушiнiң дауысы шешушi болып табылады. Комиссияның шешiмi хаттамамен ресiмделiп, оған отырысқа қатысқан оның барлық мүшелерi қол қояды.

      14. Кешiрiм жасау туралы мәселе қаралған кезде:

      1) жасалған қылмыстың қоғамдық қауiптiлiк сипаты мен деңгейi, сотталған адамның жеке басы, оның мiнез-құлқы, еңбекке көзқарасы, бас бостандығынан айыру орындарындағы ынталы ұйымдардың жұмысына қатысуы, өтелмеген жаза мерзiмi, отбасы жағдайы және кешiрiм жасау туралы өтiнiштi қарау кезiнде маңызы бар басқа да жағдаяттар;

      2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының, Бас Прокурорының және Ішкі істер министрінің сотталған адамға қатысты кешірім жасауды қолданудың орындылығы туралы қорытындылары;

      3) жазаны орындайтын органдар әкімшіліктерінің, қоғамдық бірлестіктер мен еңбек ұжымдарының пікірлері (болған жағдайда);

      4) сотталған адамға кешірім жасау туралы жәбірленушінің не оның заңды өкілінің өтініші (болған жағдайда) зерделенеді және назарға алынады.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 22.04.2015 № 1036 Жарлығымен.

      15. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттік құқық бөлімі болып табылады, ол:

      1) кешiрiм жасау туралы материалдарды алдын ала қарауды, Комиссия мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауы үшiн қажеттi материалдарды дайындауды;

      2) Мемлекет басшысының кешiрiм жасау туралы жарлықтарының уақтылы орындалуын бақылауды;

      3) кешiрiм жасауды қолданудың практикасын қорытуды;

      4) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi туралы ережеде және осы Ережеде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің
      2008.04.24 N 576 Жарлығымен.

3. Кешiрiм жасау туралы өтiнiштi жолдау тәртiбi

      16. Сотталған адам жазбаша түрде кешірім жасау туралы өтінішпен Қазақстан Республикасы Президентінің атына жүгінеді.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 22.04.2015 № 1036 Жарлығымен.

      17. Өлім жазасына, бас бостандығынан айыруға, қамауға алуға сотталған адамның кешірім жасау туралы өтініші жазаны атқаратын мекеменің әкімшілігі арқылы беріледі.

      Гауптвахтада өтеумен қамауға алуға сотталған адамның (әскери қызметшінің) кешірім жасау туралы өтініші жазасын өтеу орны бойынша әскери полиция органдары арқылы беріледі.

      Жазаның өзге де түрлеріне сотталған, шартты түрде сотталған, жазаны өтеуі кейінге қалдырылған адамның кешірім жасау туралы өтініші тұрғылықты жері бойынша пробация қызметі арқылы беріледі.

      Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның кешірім жасау туралы өтініші тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдары арқылы беріледі.

      Жазаны өтеген не жазаны одан әрі өтеуден босатылған адам кешірім жасау туралы өтінішті Қазақстан Республикасы Президентінің атына өзі жолдайды.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 22.04.2015 № 1036 Жарлығымен.

      18. Алып тасталды - ҚР Президентінің 22.04.2015 № 1036 Жарлығымен.

      19. Алып тасталды - ҚР Президентінің 22.04.2015 № 1036 Жарлығымен.

      19-1. Алып тасталды - ҚР Президентінің 22.04.2015 № 1036 Жарлығымен.

      19-2. Алып тасталды - ҚР Президентінің 22.04.2015 № 1036 Жарлығымен.

      20. Өлім жазасына сотталған адамдар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде белгіленген мерзімдерде кешірім жасау туралы өтініш беруге құқылы.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 22.04.2015 № 1036 Жарлығымен.

      21. Өлiм жазасына сотталған адам кешiрiм жасау туралы өтiнiш беруден бас тартқан жағдайда кешiрiм жасау туралы өтiнiш беруден бас тартқаны туралы акт (бұдан әрi - бас тарту туралы акт) жасалады.

      22. Өлiм жазасына сотталған адамға қатысты үкiмнiң орындалуы кешiрiм жасау туралы өтiнiш немесе сотталған адамның кешiрiм жасау туралы өтiнiш беруден бас тартуы туралы материалдар қаралғанға дейiн тоқтатыла тұрады.

      23. Өлiм жазасын орындауға мораторийдiң қолданылуы кезеңiнде, сондай-ақ мораторийдiң күшi жойылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде сотталған адамның бұл туралы бұрын өтiнiш берген-бермегенiне қарамастан, кешiрiм жасау туралы өтiнiш жасауға құқығы бар. Бұл ретте үкiм кешiрiм жасау туралы өтiнiш немесе сотталған адамның оны беруден бас тартуы туралы материалдар қаралғаннан кейiн ғана және өлiм жазасын орындауға мораторийдiң күшi жойылған соң бiр жыл өткеннен кейiн орындалады.

      24. Мекемелердің, жазаны орындайтын органдардың әкімшілігі немесе ішкі істер органдары кешірім жасау туралы өтінішті тіркегеннен кейін он бес жұмыс күні ішінде оны осы Ереженің 25-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жолдауы тиіс.

      Кешірім жасау туралы өтініштің жолданғаны туралы үш жұмыс күні ішінде өтініш берген адамға хабарланады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 22.04.2015 № 1036 Жарлығымен.

      25. Мекеме әкімшілігі, ішкі істер органдары немесе жазаны орындайтын органдар арқылы берілген, сондай-ақ жазаны өтеген немесе жазаны одан әрі өтеуден босатылған адам жолдаған кешірім жасау туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) жеке басын куәландыратын құжаттың куәландырылған көшірмесі;

      2) сотталған адам оларға сәйкес жазасын өтеп жатқан (өтеген) сот актілерінің куәландырылған көшірмелері;

      3) мекеме, жазаны орындайтын органдар әкімшілігінің, ішкі істер органдарының пікірімен бірге кешірім жасау актісін қолданудың орындылығы туралы ұсынымы;

      4) мінездеме (кешірім жасау туралы өтінішті өзі жолдайтын адам тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарының мінездемесін қоса береді);

      5) денсаулық жағдайы туралы анықтама;

      6) талап арыздары және өтелмеген берешегі туралы анықтама;

      7) сотталған адамның, жазасын өтеген немесе жазаны одан әрі өтеуден босатылған адамның қалауы бойынша, сондай-ақ мекеме, жазаны орындайтын органдар әкімшілігінің, ішкі істер органдарының бастамасы бойынша кешірім жасауды қолдану туралы мәселені қарауда маңызы бар басқа да құжаттар.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 22.04.2015 № 1036 Жарлығымен.

      26. Кешірім жасау туралы өтінішке қоса берілген және мекемелер, ішкі істер органдары, жазаны орындайтын органдары арқылы жіберілген материалдарды тиісінше осы мекемелердің әкімшілігі, тиісті органдардың басшылығы куәландырады.

      Кешірім жасау туралы өтінішке қоса берілген және пробациялық бақылау қызметтері арқылы не жазаны өтеген немесе жазаны одан әрі өтеуден босатылған адам өзі жолдаған материалдарды нотариат куәландыруға тиіс.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 22.04.2015 № 1036 Жарлығымен.

      27. Алып тасталды - ҚР Президентінің 22.04.2015 № 1036 Жарлығымен.

      28. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің қарауы бойынша адамға кешірім жасау туралы шешімді қабылдаған жағдайда, Комиссияның жұмыс органы мекеме, жазаны орындайтын орган әкімшілігінен, ішкі істер органдарынан, не жазаны өтеген немесе жазаны одан әрі өтеуден босатылған адамнан қажетті құжаттарды сұратады.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 22.04.2015 № 1036 Жарлығымен.

      29. Кешiрiм жасау туралы өтiнiштi жолдаған мекеме әкiмшiлiгi немесе жазаны орындаушы орган:

      1) сотталған адам қайтыс болған;

      2) сотталған адам басқа мекемеге ауыстырылған;

      3) кешiрiм жасау туралы мәселенi шешуге ықпал ететiн өзге де жағдаяттар пайда болған жағдайда Комиссияны хабардар етуге тиiс.

4. Кешiрiм жасау туралы өтiніштердi қарау бойынша iс жүргiзу

      30. Кешірім жасау туралы өтініші бар келіп түскен материалдарды Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Жоғарғы Сотына және Ішкі істер министрлігіне жібереді, олар келіп түскен сәттен бір ай мерзімнен кешіктірмей қабылданған сот шешімдерінің мазмұнын, қылмыстың жасалу жағдаяттарын, сотталған адамның жеке басы туралы мәліметтерді және кешірім жасау туралы әрбір өтініштің мән-жайы жөнінде өз пікірлерін көрсете отырып, қорытындыларды ұсынады.

      Соттаудың негізсіздігі немесе заңдылықтың бұзылуы жөнінде тексеруді қажет ететін деректер келтірілген кешірім жасау туралы өтініштерді жұмыс органы не Комиссия тексеру үшін тиісті мемлекеттік органдарға жібереді.

      Кешірім жасау туралы өтінішпен қоса ұсынылған құжаттар тиісінше ресімделмеген жағдайда, Комиссияның жұмыс органы оларды пысықтауға қайтарады.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 22.04.2015 № 1036 Жарлығымен.

      31. Жұмыс органы кешірім жасау туралы өтініштері бар материалдарды зерделеу қорытындылары бойынша және тиісті мемлекеттік органдардың қорытындыларын алғаннан кейін Комиссияның қарауына енгізеді.

      Кешірім жасау туралы өтініштерді Комиссияның қарауына енгізуге негіздер болмаған жағдайда, жұмыс органы бұл туралы мекемелерге, жазаны орындайтын органдарға, ішкі істер органдарына кешірім жасау туралы өтініш берген адамды не осындай өтінішпен өзі жүгінген адамды кейіннен хабардар ету үшін хабарлайды.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 22.04.2015 № 1036 Жарлығымен.

      32. Комиссияның ұсыныстарын қараудың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Президенті кешірім жасау туралы жарлықтар шығарады, олар шағымдануға жатпайды.

      Кешірім жасау туралы өтініштерді қабылдамаған жағдайда, Комиссияның жұмыс органы бұл туралы кешірім жасау туралы өтініш берген адамды не осындай өтінішпен өзі жүгінген адамды кейіннен хабардар ету үшін мекемелерге, жазаны орындайтын органдарға, ішкі істер органдарына жазбаша хабарлайды.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 22.04.2015 № 1036 Жарлығымен.

5. Қорытынды ережелер

      33. Кешірім жасау туралы жарлықтар орындалу үшін:

      1) өлiм жазасына сотталған адамдарға қатысты - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына және Бас прокуратурасына;

      2) өзге адамдарға қатысты - Ішкі істер министрлігіне немесе жазаны орындайтын органдарға жіберіледі.

      Ескерту. 33-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 22.04.2015 № 1036 Жарлығымен.

      34. Қазақстан Республикасы Президентінің кешірім жасау туралы жарлықтарының орындалуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне өлім жазасына сотталған адамдарға қатысты - Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, ал жазаның өзге түрлеріне сотталған адамдарға қатысты Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі немесе жазаны орындайтын органдар ұсынады.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 22.04.2015 № 1036 Жарлығымен.

      35. Жаңадан белгiлi болған жағдаяттар бойынша немесе оларға кешiрiм жасау қолданылған сотталған адамдарға қатысты қадағалау тәртiбiмен үкiмдердiң күшi жойылған немесе олар өзгертiлген жағдайларда тиiстi соттар қабылданған шешiмдер туралы Комиссияны оның жұмыс органы арқылы хабардар етедi.

  2-ҚОСЫМШA
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2006 жылғы 5 шiлдедегi
N 140 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы
Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссияның
ҚҰРАМЫ

      Ескерту. Құрамға өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2007.04.12 N 313 , 2007.11.28 N 449 , 2008.04.24 N 576 , 2008.11.12 N 689 , 2009.05.22. N 815, 2012.03.13 N 284; 13.11.2012 N 427; 24.09.2013 № 647; 08.02.2016 N 191; 09.06.2016 N 275; 10.10.2016 N 357; 20.10.2017 № 568; 21.02.2018 № 642; 13.06.2018 № 701; 06.09.2019 № 149 Жарлықтарымен.

Рогов
Игорь Иванович

-

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары, төраға

Рақышева
Əлия Ғалымжанқызы

-

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары, төраға орынбасары

Комиссия мүшелерi:

Айтпаева
Сәуле Мұханбедианқызы

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Бұсырманов
Жұмабек Дүйсешұлы

-

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясының Сот құқықтық
және инновациялық жобалар ғылыми-зерттеу институтының директоры (келісім бойынша)

Мусин
Қанат Сергейұлы

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Тұрмағамбетова
Жемiс Өтегенқызы

-

"Адам құқығының хартиясы" қорының атқарушы директоры

Азимова
Эльвира Әбілқасымқызы

-

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (келісім бойынша)

Қаудыров
Төлеш Ерденұлы

-

Қазақстан Республикасынның Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры (келісім бойынша)

      Комиссияның құрамына лауазымы бойынша Бас Прокурордың орынбасары және Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы, ал Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы болмаған жағдайда оның орынбасарларының бірі кіреді.