Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 қарашадағы N 449 Жарлығы

       ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы құқығын қамтамасыз ету және Республика Президентінің кейбір актілерін Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 21 қыркүйектегі N 413  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 34, 372-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы құқығын іске асыру ережелерінде:

      8-тармақта:
      бірінші абзац ", сондай-ақ ғылыми сараптамаға жіберілуі мүмкін" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзацта "келісудің" деген сөзден кейін "немесе ғылыми сараптамаға жіберудің" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "Қаржы қаражаттарын талап ететін немесе мемлекеттік кірістерді қысқартуды көздейтін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі және Республикалық бюджет комиссиясы қарайды.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті