Қазақстан Республикасы Президентінің кейбiр актілерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1504 Жарлығы.


      "Актілер жинағында"

      жариялануға тиіс

      (ҮЗІНДІ)

      ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мынадай актілерiне өзгерiстер енгізілсiн:

      1) (Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.10.10. N 198 Жарлығымен )
      2) (Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.07.05. N 140 Жарлығымен)

      3) "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң Мемлекеттiк бейбiтшілiк және прогресс сыйлығының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 28 қыркүйектегi N 691 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2001 ж., N 32, 421-құжат; 2002 ж., N 44, 436-құжат; 2003 ж., N 45, 487-құжат; 2004 ж., N 21, 266-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығы туралы ереженiң 20-тармағындағы "Ақпарат министрлiгi" деген сөздер "Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi" деген сөздермен алмастырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң Мемлекеттік бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығын беру жөнiндегі комиссияның дербес құрамына мыналар енгізілсiн:

      Аманшаев - Қазақстан Республикасы Мәдениет,

      Ермек Әмiрханұлы ақпарат және спорт вице-министрi,

      хатшы,

      Қосыбаев - Қазақстан Республикасы Мәдениет,

      Есетжан Мұратұлы ақпарат және спорт министрi;

      аталған Комиссияның құрамынан: С.Абдрахманов, Ә.А.Асқаров, Д.Қ.Қасейiнов шығарылсын;

      4) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанында Құқықтық саясат жөнiндегi кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 19 ақпандағы N 303 өкiмiне (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2002 ж., N 6, 44-құжат; N 39, 396-құжат; 2003 ж., N 18, 180-құжат; 2004 ж., N 4, 50-құжат):

      жоғарыда аталған өкiммен бекiтілген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Құқықтық саясат жөнiндегi кеңестiң дербес құрамына мыналар енгiзiлсiн:

      Мұхаметжанов - Қазақстан Республикасы Президентi

      Бауыржан Әлiмұлы Әкiмшілiгi Басшысының орынбасары -

      Мемлекеттік-құқық басқармасының

      бастығы, төраға,

      Киселев - Қазақстан Республикасы Парламентi

      Сергей Владимирович Мәжілiсiнiң депутаты,

      Қосыбаев - Қазақстан Республикасы Мәдениет,

      Есетжан Мұратұлы ақпарат және спорт министрi;

      Жиреншин - Қазақ гуманитарлық-заң

      Қазбек Әбусағитұлы университетiнің проректоры,

      Қалмырзаев - Қазақстан Республикасы Экономикалық

      Сарыбай Сұлтанұлы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа

      қарсы күрес агенттігiнің (қаржы

      полициясы) төрағасы,

      Қоғамов - Қазақстан Республикасы Экономикалық

      Марат Шекiшұлы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа

      қарсы күрес агенттігінiң (қаржы

      полициясы) Қаржы полициясы

      академиясының бастығы;

      мына жол:

      "Сапарбаев - Қазақстан Республикасы Кедендiк

      Бердiбек Машбекұлы бақылау агенттiгiнiң төрағасы"

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сапарбаев - Қазақстан Республикасы Қаржы

      Бердiбек Машбекұлы вице-министрi - Кеден бақылау

      комитетiнiң төрағасы";

      аталған Кеңес құрамынан: И.И.Рогов, С.Абдрахманов, Б.А.Бұлғақбаев, Ж.Д.Егiмбаева, М.А.Құл-Мұхаммед, Р.Ж.Мұқашев, Ғ.С.Сапарғалиев, М.К.Сүлейменов шығарылсын;

      жоғарыда аталған өкiммен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанынан Құқықтық саясат жөнiндегi кеңес құру туралы ереженiң 4-бөлiмiнiң алтыншы абзацында "Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшілігінiң Мемлекеттік-құқық бөлiмi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгінің Мемлекеттік-құқық басқармасы" деген сөздермен алмастырылсын;

      5) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердiң қызмет этикасын сақтауы мәселелерi жөнiндегi комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 2 сәуiрдегі N 839 Жарлығына(Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2002 ж., N 10, 92-құжат; N 32, 339-құжат; 2003 ж., N 9, 92-құжат; 2004 ж., N 14, 92-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшiлердiң қызмет этикасын сақтауы мәселелерi жөнiндегi комиссия құру туралы ереженiң 16-тармағында "Мемлекеттік-құқық бөлiмi" деген сөздер "Мемлекеттiк-құқық басқармасы" деген сөздермен алмастырылсын;

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердiң қызмет этикасын сақтауы мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамына мыналар енгiзілсiн:

      Мұхаметжанов - Қазақстан Республикасы Президентi

      Бауыржан Әлiмұлы Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары -

      Мемлекеттiк-құқық басқармасының

      бастығы, төрағаның орынбасары,

      Дунаев - Қазақстан Республикасы Қаржы

      Арман Ғалиасқарұлы министрi;

      мына жолдар:

      "Федотов - Президент Әкiмшiлiгi

      Виктор Данилович Мемлекеттiк-құқық бөлiмiнiң

      мемлекеттiк инспекторы, Комиссия

      хатшысы"

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "Федотов - Қазақстан Республикасы Президентi

      Виктор Данилович Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттiк-құқық

      басқармасы Құқық қорғау қызметi

      бөлiмiнiң бас инспекторы";

      аталған Комиссия құрамынан: И.И.Рогов, Е.А.Досаев шығарылсын;

      6) Күші жойылды – ҚР Президентінің 05.06.2025 № 898 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      7) Күші жойылды - ҚР Президентінің 2012.05.08 № 325 Жарлығымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 08.05.2012 № 325; 05.06.2025 № 898 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының


Президенті