Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі № 140 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 қыркүйектегі № 647 Жарлығы

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 33-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі № 140 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 25, 254-құжат; 2007 ж., № 11, 119-құжат; 2007 ж., № 44, 515-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; 2012 ж., № 36, 476-құжат; 2012 ж., № 77-78, 1131-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты Ким Георгий Владимирович енгізілсін;

      көрсетілген комиссияның құрамынан Есім Ғарифолла шығарылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев