Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі N 140 Жарлығы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Конституциясының  44-бабының  15) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының  33-бабы  2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. Мыналар:
      1) 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы ереже;
      2) 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамы бекiтiлсiн.

      2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң азаматтарға кешiрiм жасауды жүзеге асыру тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 7 мамырдағы N 2975  Жарлығы ;

      2) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 13 қыркүйектегi N 3108 Жарлығы;

      3) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 13 қыркүйектегi N 3108 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 28 қаңтардағы N 3343 Жарлығы;

      4) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 7 мамырдағы N 2975 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 18 ақпандағы М 3841  Жарлығы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 4, 20-құжат);

      5) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 13 қыркүйектегi N 3108 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 1 сәуiрдегi N 3892 Жарлығы;

      6) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 7 мамырдағы N 2975 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 13 ақпандағы N 557  Жарлығы ;

      7) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 13 қыркүйектегi N 3108 және 1996 жылғы 18 маусымдағы N 3039 Жарлықтарына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 7 қарашадағы N 719  Жарлығының  1-тармағы;

      8) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 13 қыркүйектегi N 3108 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 6 наурыздағы N 821 Жарлығы;

      9) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 7 мамырдағы N 2975 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 4 ақпандағы N 1288  Жарлығы ;

      10) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1504  Жарлығының  1-тармағының 2) тармақшасы;

      11) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 7 мамырдағы N 2975 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiнiң күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 16 мамырдағы N 1573  Жарлығының  1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2005 ж., N 20, 238-құжат).

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

1-ҚОСЫМШA      

      Қазақстан Республикасы
Президентiнiң   
2006 жылғы 5 шiлдедегi
N 140 Жарлығымен  
БЕКIТIЛГЕН    

  Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы
Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) туралы осы ереже Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 15) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының  19-бабының  6) тармақшасына және 33-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия қызметiнiң тәртiбiн белгiлейдi.

      2. Кешiрiм жасауды республика соттары соттаған немесе республика соты шығарған соңғы үкiм бойынша жазасын өтеп жатқан адамдардың өтiнiштерi негiзiнде Қазақстан Республикасының Президентi жүзеге асырады.

      3. Қазақстан Республикасының Президентi өз қарауымен сотталған немесе жазасын өтеген адамға кешiрiм жасай алады.
      Бұл жағдайда қажеттi құжаттарды алдын ала рәсiмдеу және оларды одан әрi қарау осы Ереженiң 28, 30 және 31-тармақтарында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

      4. Кешiрiм жасау туралы өтiнiштер сот үкiмi (қаулысы) заңды күшiне енгеннен кейiн ғана қаралады.

      5. Кешiрiм жасау:
      1) өлiм жазасын өмiр бойына бас бостандығынан айырумен немесе жиырма бес жылға бас бостандығынан айырумен алмастыру;
      2) жазаны одан әрi өтеуден босату не белгiлеген жазаның мерзiмiн қысқарту;
      3) сот белгiлеген жазаны неғұрлым жеңiл жазамен алмастыру;
      4) соттылықты алып тастау түрiнде жүзеге асырылады.

  2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы
Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия

      6. Кешiрiм жасау туралы материалдарды қарауды Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) жүзеге асырады.

      7. Комиссияның құрамын Президент бекiтедi.

      8. Комиссияны Мемлекет басшысы тағайындайтын төраға басқарады. Комиссияның құрамына лауазымы бойынша Бас прокурордың жазаның орындалу заңдылығын қадағалау және азаматтарды ақтау жөнiндегi орынбасары және Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң төрағасы не оның орынбасарлары кiредi. Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары, үкiметтiк емес ұйымдардың өкiлдерi және өзге де адамдар кiруi мүмкiн.

      9. Комиссия отырысында төраға болмаған жағдайда оның мiндетi Комиссия төрағасының орынбасарына жүктеледi.

      10. Комиссияның отырысы оның мүшелерiнiң үштен екiсi қатысқан ретте құқылы болып саналады.

      11. Комиссияның отырыстарына Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасы, Жоғарғы Сотының Төрағасы, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасы, Iшкi iстер министрi, Әдiлет министрi, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгiнiң төрағасы немесе олардың орынбасарлары қатысып, талқыланатын мәселелер бойынша сөз сөйлей алады.

      12. Комиссия өз отырыстарына кешiрiм жасау туралы өтiнiш бойынша қажеттi қосымша ақпарат алу yшiн кез келген мемлекеттiк органдар мен қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерiн, басқа да адамдарды шақыруға хақылы.

      13. Комиссияның шешiмi оның қатысып отырған мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады. Сотталған адам үшiн неғұрлым қолайлы мәселе дауысқа бiрiншi болып салынады. Комиссия мүшелерiнiң дауыстары тең бөлiнген жағдайда төрағалық етушiнiң дауысы шешушi болып табылады. Комиссияның шешiмi хаттамамен ресiмделiп, оған отырысқа қатысқан оның барлық мүшелерi қол қояды.

      14. Кешiрiм жасау туралы мәселе қаралған кезде:
      1) жасалған қылмыстың қоғамдық қауiптiлiк сипаты мен деңгейi, сотталған адамның жеке басы, оның мiнез-құлқы, еңбекке көзқарасы, бас бостандығынан айыру орындарындағы ынталы ұйымдардың жұмысына қатысуы, өтелмеген жаза мерзiмi, отбасы жағдайы және кешiрiм жасау туралы өтiнiштi қарау кезiнде маңызы бар басқа да жағдаяттар;
      2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының және Бас прокурорының сотталған адамға қатысты кешiрiм жасауды қолданудың орындылығы туралы қорытындылары;
      3) түзеу мекемесi әкiмшiлiгiнiң, қоғамдық бiрлестiктер мен еңбек ұжымдарының пiкiрлерi;
      4) сотталған адамға кешiрiм жасау туралы жәбiрленушiнiң өтiнiшi (болған жағдайда) зерделенедi және назарға алынады.

      15. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттік құқық бөлімі болып табылады, ол:
      1) кешiрiм жасау туралы материалдарды алдын ала қарауды, Комиссия мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауы үшiн қажеттi материалдарды дайындауды;
      2) Мемлекет басшысының кешiрiм жасау туралы жарлықтарының уақтылы орындалуын бақылауды;
      3) кешiрiм жасауды қолданудың практикасын қорытуды;
      4) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi туралы ережеде және осы Ережеде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
       Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің
2008.04.24  N 576  Жарлығымен.

  3. Кешiрiм жасау туралы өтiнiштi жолдау тәртiбi

      16. Кешiрiм жасау туралы өтiнiш Қазақстан Республикасының Президентiне жазбаша түрде жолданады.

      17. Өлiм жазасына, бас бостандығынан айыруға, қамауға алуға сотталған адамның кешiрiм жасау туралы өтiнiшi тиiстi түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi арқылы жолданады.

      18. Әскери қызмет бойынша шектелуге, тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауға, қамауға алуға сотталған адамның (әскери қызметшiнiң) кешiрiм жасау туралы өтiнiшi тиiсiнше әскери бөлiмшенiң, тәртiптiк әскери бөлiмшенiң командованиесi, гауптвахтаның бастығы арқылы жолданады.

      19. Жазаның басқа түрлерiне сотталған, шартты түрде сотталған, жазаны өтеуi кейiнге қалдырылған адамның кешiрiм жасау туралы өтiнiштерi олардың тұрғылықты жерi бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы арқылы жолданады.
       Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 2007.11.28.  N 449  Жарлығымен.

      19-1. Шартты-мерзімнен бұрын босатылған адамдардың кешірім жасау туралы өтініштері Қазақстан Республикасының Президентіне тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдары арқылы жіберіледі.
       Ескерту. 19-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2007.11.28.  N 449  Жарлығымен.

      19-2. Сот тағайындаған жазаны өтеген адамдарға кешірім жасау туралы өтініштерді Қазақстан Республикасы Президентінің атына олар өз бетінше жібереді.
       Ескерту. 19-2-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2007.11.28.  N 449  Жарлығымен.

      20. Өлiм жазасына немесе өмiр бойына бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың сот үкiмi (қаулысы) заңды күшiне енген кезден бастап бiр жыл iшiнде кешiрiм жасау туралы өтiнiш беруге құқығы бар.

      21. Өлiм жазасына сотталған адам кешiрiм жасау туралы өтiнiш беруден бас тартқан жағдайда кешiрiм жасау туралы өтiнiш беруден бас тартқаны туралы акт (бұдан әрi - бас тарту туралы акт) жасалады.

      22. Өлiм жазасына сотталған адамға қатысты үкiмнiң орындалуы кешiрiм жасау туралы өтiнiш немесе сотталған адамның кешiрiм жасау туралы өтiнiш беруден бас тартуы туралы материалдар қаралғанға дейiн тоқтатыла тұрады.

      23. Өлiм жазасын орындауға мораторийдiң қолданылуы кезеңiнде, сондай-ақ мораторийдiң күшi жойылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде сотталған адамның бұл туралы бұрын өтiнiш берген-бермегенiне қарамастан, кешiрiм жасау туралы өтiнiш жасауға құқығы бар. Бұл ретте үкiм кешiрiм жасау туралы өтiнiш немесе сотталған адамның оны беруден бас тартуы туралы материалдар қаралғаннан кейiн ғана және өлiм жазасын орындауға мораторийдiң күшi жойылған соң бiр жыл өткеннен кейiн орындалады.

      24. Мекеме әкiмшiлiгi немесе жазаны атқарушы орган кешiрiм жасау туралы өтiнiштi немесе бас тарту туралы актiнi тiркегеннен кейiн он бес күн iшiнде оны Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiне жолдауы тиiс. Кешiрiм жасау туралы өтiнiштiң жолданғандығы туралы үш күн iшiнде өтiнiш берген адамға хабарланады.

      25. Мекеме әкiмшiлiгi немесе жазаны атқарушы орган арқылы берiлген кешiрiм жасау туралы өтiнiшке (бас тарту туралы актiге) мынадай құжаттар қоса тiркеледi:
      1) сотталған адам оларға сәйкес жазасын өтеп жатқан (өтеген) сот актiлерiнiң көшiрмелерi;
      2) мекеме әкiмшiлiгiнiң немесе жазаны атқарушы органның кешiрiм жасау актiсiн қолданудың орындылығы туралы ұсынымы (егер ол қабылданса);
      3) мiнездеме;
      4) денсаулық жағдайы туралы анықтама;
      5) талап ақылар және өтелмеген қарыздар туралы анықтама (олар болған жағдайда);
      6) сотталған адамның немесе жазасын өтеп жатқан адамның сұрауы бойынша, сондай-ақ мекеме әкiмшiлiгiнiң, жазаны атқарушы органның бастамасы бойынша кешiрiм жасауды қолдану туралы мәселенi қарауда маңызы бар басқа да құжаттар.

      26. Кешірім жасау туралы өтінішке қоса берілген және түзеу мекемелері, ішкі істер органдары арқылы жіберілген материалдарды тиісінше осы мекемелердің әкімшілігі (қолбасшылығы), тиісті ішкі істер органдарының басшылығы куәландырады.
       Ескерту. 26-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 2007.11.28.  N 449  Жарлығымен.

      27. Кешiрiм жасау туралы өтiнiшке тiркелген және қылмыстық-атқарушы инспекциялар арқылы жолданған материалдар нотариалды куәландырылады.

      28. Қазақстан Республикасының Президентi өз қарауы бойынша кешiрiм беру конституциялық құқығын iске асырған жағдайда Комиссияның жұмыс органы мекеме әкiмшiлiгiнен не жазаны атқарушы органнан қажеттi құжаттарды, соның iшiнде сотталған адамның кешiрiм жасау туралы өз өтiнiшiн сұратады.

      29. Кешiрiм жасау туралы өтiнiштi жолдаған мекеме әкiмшiлiгi немесе жазаны орындаушы орган:
      1) сотталған адам қайтыс болған;
      2) сотталған адам басқа мекемеге ауыстырылған;
      3) кешiрiм жасау туралы мәселенi шешуге ықпал ететiн өзге де жағдаяттар пайда болған жағдайда Комиссияны хабардар етуге тиiс.

  4. Кешiрiм жасау туралы өтiніштердi қарау бойынша iс жүргiзу

      30. Мекеме әкiмшiлiгiнен немесе жазаны атқарушы органнан келiп түскен кешiрiм жасау туралы өтiнiштерi (бас тарту туралы актiлерi) бар материалдарды Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттік құқық бөлімі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына, Бас прокуратурасына және Әдiлет министрлiгiне жiбередi, олар бiр ай мерзiмнен кешiктiрмей қабылданған сот шешiмдерiнiң мазмұнын, қылмыстың жасалу жағдаяттарын, сотталған адамның жеке басы туралы мәлiметтердi және кешiрiм жасау туралы әрбiр өтiнiштiң (бас тарту туралы актiнiң) мән-жайы жөнiнде өз пiкiрлерiн көрсете отырып, қорытындыларды табыс етедi.
      Соттаудың негiзсiздiгi немесе заңдылықтың бұзылуы жөнiнде тексерудi қажет ететiн деректер келтiрiлген кешiрiм жасау туралы өтiнiштердi жұмыс органы не Комиссия тексеру үшiн тиiстi органдарға жiбередi.
      Кешiрiм жасау туралы өтiнiштердi Комиссияның қарауына енгiзуге негiздер болмаған жағдайда жұмыс органы бұл туралы өтiнiш берушiге хабарлайды.
       Ескерту. 30-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің
2008.04.24  N 576  Жарлығымен.

      31. Кешiрiм жасау туралы өтiнiштердi Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттік құқық бөлімі алдымен Комиссияның қарауына, содан кейiн барып Мемлекет басшысының қарауына енгiзедi.
       Ескерту. 31-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің
2008.04.24  N 576  Жарлығымен.

      32. Комиссияның ұсыныстарын қараудың нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасының Президентi кешiрiм жасау туралы немесе кешiрiм жасау туралы өтiнiштердi қабылдамау туралы жарлықтар шығарады. Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi шағымдануға жатпайды.

  5. Қорытынды ережелер

      33. Кешiрiм жасау туралы немесе кешiрiм жасау туралы өтiнiштердi қабылдамау туралы жарлықтар орындау үшiн:
      1) өлiм жазасына сотталған адамдарға қатысты - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына және Бас прокуратурасына;
      2) өзге адамдарға қатысты - оларды атқаруды басқаратын органдарға жiберiледi.

      34. Өлiм жазасына сотталған адамдарға қатысты үкiмдердiң орындалуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне Қазақстан Республикасының Бас прокуроры, ал Мемлекет басшысының өзге де адамдарға қатысты жарлықтарының орындалуы туралы ақпаратты өздерiне осы жарлықтарды орындау жүктелген мемлекеттiк органдар табыс етедi.

      35. Жаңадан белгiлi болған жағдаяттар бойынша немесе оларға кешiрiм жасау қолданылған сотталған адамдарға қатысты қадағалау тәртiбiмен үкiмдердiң күшi жойылған немесе олар өзгертiлген жағдайларда тиiстi соттар қабылданған шешiмдер туралы Комиссияны оның жұмыс органы арқылы хабардар етедi.

2-ҚОСЫМШA      

      Қазақстан Республикасы
Президентiнiң   
2006 жылғы 5 шiлдедегi
N 140 Жарлығымен  
БЕКIТIЛГЕН    

       Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы
     Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссияның
                        ҚҰРАМЫ

       Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің
2007.04.12 N  313 , 2007.11.28  N 449 , 2008.04.24  N 576  Жарлықтарымен.

Федотова                  - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Зинаида Леонтьевна          жанындағы Мемлекеттiк басқару
                            академиясының профессоры, төрайым

Донақов                   - Қазақстан Республикасы Президенті
Талғат Советбекұлы          Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімінің
                            меңгерушісі, төрағаның орынбасары

                    Комиссия мүшелерi:

Әбдiманапов               - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
Сәрсенғали Әбдiғалиұлы      университетiнiң ректоры

Әбдіқалықова              - Қазақстан Республикасы Президентінің
Гүлшара Наушақызы           кеңесшісі - Қазақстан Республикасы
                            Президентінің жанындағы Отбасы
                            істері және гендерлік саясат жөніндегі
                            ұлттық комиссияның төрайымы

Бурлаков                  - Қазақстан Республикасы Парламентi
Леонид Николаевич           Сенатының депутаты

Ораз                      - "Жаңа Сарыарқа" журналының бас
Нұрғожа Нарынбайұлы         редакторы

Самақова                  - Қазақстан Республикасы Парламенті
Айткүл Байғазықызы          Мәжілісінің депутаты

Тұрмағамбетова            - "Адам құқығының хартиясы" қорының
Жемiс Өтегенқызы            атқарушы директоры

Чиркалин                  - Қазақстан Республикасы Парламентi
Иван Федорович              Мәжiлiсiнiң депутаты

Шәкіров                   - Қазақстан Республикасындағы Адам
Асқар Оразалыұлы            құқықтары жөніндегі уәкіл

      Комиссияның құрамына лауазымы бойынша Бас прокурордың жазаны орындау заңдылығын қадағалау және азаматтарды ақтау жөнiндегі орынбасары және Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесі комитетiнiң төрағасы не оның орынбасарлары кiредi.