Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы N 470 Жарлығы

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2005.05.04. N 1569 жарлығымен .

      Шетелде кадрлар даярлауды одан әрi жетiлдiру және оңтайландыру мақсатында қаулы етемін:
      1. Қоса берілген:
      1) Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегі республикалық комиссия туралы ереже;
      2) Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссияның құрамы бекітілсiн.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2005.05.04. N 1569 жарлығымен .
      1-1. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендиясына тағайындау үшiн үмiткерлердi iрiктеу ережелерiн бекiтсiн.
      Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2004.05.14. N 1368 жарлығымен , жаңа редакцияда - 2005.05.04. N 1569 жарлығымен .
      1-2. Қазақстан Республикасы орталық және жергілiктi атқарушы органдарының басшылары жыл сайын 1 қыркүйектен кешiктiрмей Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссияға Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша мамандар даярлауға өтiнiм берiп тұрсын.
      Ескерту. 1-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2005.05.04. N 1569 жарлығымен .
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 қарашадағы N 1394 "Шетелде кадрлар даярлау үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендияларын белгiлеу туралы" қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1993 ж., N 43, 515-құжат):
      1-тармақта:
      бiрiншi абзацта "250 халықаралық стипендиясы" деген сөздер "халықаралық стипендиясы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi абзацта "Министрлер Кабинетi" деген сөздер "Үкiметi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4-тармақта "Бiлiм министрлiгіне" деген сөздер "Бiлiм және ғылым министрлiгiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақтың күшi жойылды деп танылсын;
      2) күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң    
2000 жылғы 12 қазандағы
N 470 қаулысына   
ҚОСЫМША        

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2005.05.04 N 1569 , өзгерту енгізілді - 2008.02.08 N 531 , 2008.04.24 N 576 , 2008.11.12 N 689 Жарлықтарымен.

Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi
республикалық комиссияның
ҚҰРАМЫ
(лауазымдар бойынша )

Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк хатшысы             - төраға
Қазақстан Республикасы
Бiлiм және ғылым министрi       - төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы
Бiлiм және ғылым вице-министрi  - хатшы

Комиссия мүшелерi:

      Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрi
      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрi
      Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрi
      Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрi
      Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрi
      Қазақстан Республикасы Әділет министрi
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң төрағасы
      Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму комитетiнiң төрағасы
      Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсi Әлеуметтiк-мәдени даму комитетiнiң төрағасы
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлiмiнiң меңгерушiсi
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлігі Ішкі саясат бөлiмiнiң меңгерушiсi
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі
      "Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы түлектерінің қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің президенті

Қазақстан Республикасы       
Президентінің           
2000 жылғы 12 қазандағы      
N 470 Жарлығымен         
бекітілген            

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі
республикалық комиссия туралы
Ереже

      Ескерту. Мәтiн бойынша "республикалық комиссия" деген сөздер "Республикалық комиссия" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Президентінің 2004.05.14. N 1368 жарлығымен .

1. Жалпы ережелер

      1. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссия (бұдан әрі - Республикалық комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы (бұдан әрі - "Болашақ" халықаралық стипендиясы) мәселелері жөніндегі іс-шараларды іске асыру мақсатында құрылған Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 2008.02.08. N 531 Жарлығымен.
      2. Республикалық комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері мен осы Ережені басшылыққа алады.
      3. Республикалық комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді . Республикалық комиссияны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы басқарады. Республикалық комиссия төрағасының орынбасары Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрі, хатшысы - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым вице-министрі болып табылады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2005.05.04. N 1569 жарлығымен .
      3-1. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Республикалық комиссияның жұмыс органы болып табылады. P070984
      Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2004.05.14. N 1368 жарлығымен .

2. Республикалық комиссияның міндеттері

      4. Республикалық комиссияның негізгі міндеттері:
      1) шетелде кадрлар даярлау жөніндегі жалпы стратегияны айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      2) Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесіне (бұдан әрі - Іріктеу ережелері) сәйкес "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешімді, сондай-ақ "Болашақ" халықаралық стипендиясынан айыру және одан бас тартуды қабылдау туралы шешімді қабылдау;
      3) әрбір мамандық бойынша "Болашақ" халықаралық стипендиясының шекті санын анықтай отырып басым мамандықтардың жыл сайынғы тізбесін бекіту;
      4) Іріктеу ережелерімен айқындалған тұлғалар санатына "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін жыл сайынғы квотаны белгілеу;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, негізгі қызмет үшін қажетті өзге де функцияларды жүзеге асыру болып табылады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2008.02.08. N 531 Жарлығымен.

3. Республикалық комиссияның ұйымдастырылуы
мен қызметінің тәртібі

      5. Республикалық комиссияның төрағасы республиканың заңдары мен осы Ережеге сәйкес оның жұмысын ұйымдастырады және Республикалық комиссияның қызметiн қамтамасыз етедi.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2004.05.14. N 1368 жарлығымен , өзгеріс енгізілді - 2005.05.04. N 1569 жарлығымен .
      5-1. Республикалық комиссияның төрағасы болмаған жағдайда, оның функцияларын төрағаның орынбасары жүзеге асырады.
      Ескерту. 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2005.05.04. N 1569 жарлығымен .
      6. Республикалық комиссияның хатшысы жұмыс органы дайындаған құжаттар мен материалдарды Республикалық комиссияның қарауына ұсынады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2004.05.14. N 1368 , 2008.02.08. N 531 Жарлықтарымен.
      7. Республикалық комиссияның төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшы мен мүшелері оның жұмысына қоғамдық негізде қатысады.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2005.05.04. N 1569 жарлығымен
      8. Республикалық комиссияның отырыстары оның жоспарына сәйкес өткізіледі. Жоспардан тыс отырыстар қажеттігіне қарай Республикалық комиссия төрағасының шешімі бойынша өткізіледі.
      Республикалық комиссияның отырыстары комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қатысқан жағдайда құқықтық күші болады.
      9. Республикалық комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелері санының кем дегенде төрттен үшінің дауысымен қабылданады.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2008.02.08. N 531 Жарлығымен.
      10. Республикалық комиссияның жұмыс органы:
      1) "Болашақ" халықаралық стипендиясына үміткерлердің жеке істерінің мазмұнына қойылатын жалпы талаптарды белгілейді;
      2) Республикалық комиссияның қарауына және бекітуіне басым мамандықтар тізбесін енгізеді;
      3) "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде оқыту үшін ұқсас мамандықтар тізбесін, "Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерін оқыту және олардың ғылыми тағлымдамадан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, ғылыми орталықтарының және зертханаларының тізімін , "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін бағалар баламалылығы кестесін бекітеді ;
      4) "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша іс-шараларды іске асыруға республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде шет елдердің уәкілетті органдары және/немесе шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары, зертханалары және/немесе шет мемлекеттердің уәкілетті органдары айқындайтын оқытуды ұйымдастыру жөнінде қызмет көрсететін шетелдік ұйымдар ұсынған құжаттардың негізінде "Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің оқуы мен ғылыми тағлымдамасын ұйымдастыруға байланысты шығыстар нормаларын әзірлейді; V054001
      5) "Болашақ" халықаралық стипендиясына құжаттарды қабылдау және конкурс өткізу мерзімдерін бекітеді ;
      6) тәуелсіз сараптама комиссиясының дербес құрамын, жұмыс тәртібін және оны ұйымдастыруды бекітеді ;
      7) үміткерлер үшін мемлекеттік тілді білудің қажетті ең төменгі деңгейін, сондай-ақ шетелдік жоғары оқу орындарының, ғылыми орталықтарының, зертханаларының талаптарын ескере отырып, шет тілдерін білудің қажетті ең төменгі деңгейін белгілейді ;
      8) үміткерлердің материалдарын Республикалық комиссияның қарауына енгізеді;
      9) "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша іс-шараларды қамтамасыз ету және іске асыру үшін қажетті, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2008.02.08. N 531 Жарлығымен.

4. Қызметінің тоқтатылу тәртібі

      11. Республикалық комиссияның қызметін тоқтату туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.