Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендиясына үмiткерлердi iрiктеу және оны тағайындау туралы ереже мен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2000 жылғы 12 қазан N 470

Қолданыстағы
      Шетелде кадрлар даярлауды одан әрi жетiлдiру және оңтайландыру мақсатында қаулы етемін:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендиясына үмiткерлердi iрiктеу және оны тағайындау туралы ереже;
      2) Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 қарашадағы N 1394 K931394_ "Шетелде кадрлар даярлау үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендияларын белгiлеу туралы" қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1993 ж., N 43, 515-құжат):
      1-тармақта:
      бiрiншi абзацта "250 халықаралық стипендиясы" деген сөздер

"халықаралық стипендиясы" деген сөздермен ауыстырылсын;
     екiншi абзацта "Министрлер Кабинетi" деген сөздер "Үкiметi" деген 
сөзбен ауыстырылсын;
     4-тармақта "Бiлiм министрлiгіне" деген сөздер "Бiлiм және ғылым 
министрлiгiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
     5-тармақтың күшi жойылды деп танылсын;
     2) "Шетелде кадрлар даярлау үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң 
"Болашақ" халықаралық стипендияларын белгiлеу туралы" Қазақстан 
Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 қарашадағы N 1394 қаулысын орындау 
iсiндегi елеулi кемшiлiктер туралы" 1997 жылғы 3 наурыздағы N 3375  

U973375_

 
Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 10, 68-құжат):
     7-тармақта:
     Аталған Жарлықпен бекiтілген Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi 
республикалық комиссияның құрамына:
Әбiқаев Нұртай           - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Әбiқайұлы                  iстер бiрiншi вице-министрi;

Аханов Серiк             - Қазақстан Республикасының Экономика
Ахметжанұлы                бiріншi вице-министрi;

Ахметов Әшiмжан          - Қазақстан Республикасының Білiм және
Сүлейменұлы                ғылым вице-министрi;

Коржова Наталья          - Қазақстан Республикасының Қаржы
Артемовна                  вице-министрі;

Ертiсбаев Ермұхамет      - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Қабиденұлы                 Әкiмшілігі Қоғамдық-саяси бөлiмiнiң
                           меңгерушiсi;

Ырсалиев Серiк           - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Азтайұлы                   ғылым министрлiгi Бiлiм беру мен
                           тестiлеудiң мемлекеттiк стандарттары
                           ұлттық орталығының директоры енгiзiлсiн;

     аталған комиссияның құрамынан:
     Қ.К. Тоқаев, Р.Қ. Тоқсейiтов, Ө.Е. Шүкеев, А.Х. Бижанов, Джон Петрофф 
шығарылсын;

"В.С. Школьник           - Қазақстан Республикасының Ғылым министрi -      
                           Ғылым академиясының президенті;

Б.Ә. Мұхаметжанов        - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 
                           Заң және сот жүйесі мәселелері жөніндегі        
                           бөлімінің меңгерушісі;
     
А.С. Судьин              - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 
                           Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің  
                           меңгерушісі"     

     деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

"Школьник Владимир       - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия 
Сергеевич                  және сауда министрi;

Мұхаметжанов Бауыржан    - Қазақстан Республикасы Президенті Әкiмшiлiгi 
Әлімұлы                    Басшысының орынбасары - Қазақстан Республикасы  
                           Президентi Әкiмшілiгiнiң Мемлекеттiк-құқық
                           бөлiмiнiң меңгерушiсi;
     
Судьин Александр         - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 
Сергеевич                  Кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі";     
     
     9-тармақтың күші жойылды деп танылсын.
     3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
            Президенті
     
                                                   Қазақстан Республикасы
                                                       Президентінің
                                                   2000 жылғы 12 қазандағы
                                                      N 470 Жарлығымен
                                                         бекітілген
     
         Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық        
        стипендиясына үміткерлерді іріктеу және оны тағайындау туралы 
                                    Ереже
     


      Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 қарашадағы N 1394 қаулысымен бекітілген, шетелде кадрлар даярлауға арналған Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендияларына (бұдан әрі - "Болашақ" стипендиясы) үміткерлерді іріктеу мен оны тағайындаудың тәртібін айқындайды.

                              1. Жалпы ережелер

      1. "Болашақ" стипендиясы дербес болып табылады және оны жыл сайын Қазақстанның конкурстық іріктеуден өткен неғұрлым талантты жастарына жарияланатын рейтингке сәйкес үздік көрсеткіштерге ие шетелдік жоғары оқу орындарында магистр (шебер) дәрежесінде жоғары білім алуға жәрдемдесу мақсатында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі - республикалық комиссия) тағайындайды.
      2. "Болашақ" стипендиясы жыл сайын республикалық бюджеттен төленеді және ол оқуға жұмсалатын шығыстардың барлық түрін төлеу, кіру және шығу визаларын ресімдеу, шетелдік жоғары оқу орындарының сұрақтама нысандарын сатып алу, қабылдаушы елдердің уәкілетті органдарында стипендиаттарды тіркеу, стипендиаттарды шетелдік жоғары оқу орындарында орналастыру жөніндегі шығыстарды төлеу, телефон, электрондық, пошта байланысы, шетелдік делдалдық ұйымдардың республикалық комиссияның жұмыс органымен шарттары бойынша олардың міндеттемелерін орындауына байланысты шығыстарын, баспанасына, тамақтануына, оқулық әдебиетке, медициналық сақтандыруға, оқуға түскен кезде Қазақстанда тұратын жерінен оқитын жеріне және оқуды бітіргеннен кейін қайтуға арналған шығыстардың барлық түрлерін қамтиды.
      Әрбір оқу орны бойынша стипендия мөлшерін шетелдік оқу орны, шетелдік әріптестері, Қазақстан Республикасының шетелдегі елшіліктері ұсынған және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісілген калькуляцияның негізінде республикалық комиссияның жұмыс органы белгілейді.
      3. "Болашақ" стипендиясы магистр (шебер) дәрежесіне оқытуға шетелдік оқу орнының оқу жоспарында көзделген мерзімнен аспайтын, 1 жылдан 2 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Осы Ереженің 6-тармағының екінші абзацында қарастырылған жағдайларда оқу мерзімі бір семестрге ұзарады. Стипендиаттар оқытудың бірінші жылынан кейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарына тәжірибеден өтуге жіберілуі мүмкін. Стипендия стипендиаттарға шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы мен стипендиат арасындағы жасалған келісім-шарт негізінде бөлінеді.

         2. "Болашақ" стипендиясының үміткерлеріне қойылатын талаптар

      4. "Болашақ" стипендиясына арналған конкурсқа қатысуға жоғары оқу орнын бітірген және алған мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс істеген, 35 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтарына, сонымен бірге әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің үздік оқу орындарында магистр бағдарламасына өз бетінше оқуға түскендерге рұқсат етіледі.
      5. Кандидаттар мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
      Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнын бітіргендегі орташа үлгерім балы 4,75-тен кем болмауға (әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің үздік оқу орындарында магистр бағдарламасына өз бетінше оқуға түскен тұлғаларға бұл талап қолданылмайды);
      қабылдаушы тараптың тиісті тестілері мен емтихандарын тапсырғаны туралы сертификаттарымен, тәуелсіз шетелдік сарапшы комиссияның тұжырымымен немесе басқа да құжаттармен расталған шет тілдерінің (ағылшын, неміс, француз және басқа) бірін еркін білуге;
      компьютерді пайдаланушы режимінде білуге;
      жарияланымдармен, авторлық куәліктермен, баяндамалар тезистерімен, дипломдармен, грамоталармен расталған ғылыми-зерттеу жұмысына белсене және нәтижелі қатысуға тиіс.
      Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің үздік оқу орындарында магистр бағдарламасына өз бетінше оқуға түскен тұлғалар:
      дәлелді өтінішін;
      үміткер оқып жатқан шетелдік жоғары оқу орнының кепілдемесін тапсыруға тиіс.
      6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар жүлдесінің иегерлері "Болашақ" стипендиясына арналған конкурсқа осы Ереженің 5-тармағында көзделген орташа баллдың болуы туралы талап ескерілмей-ақ қатысуға хақылы.
      Инженерлік және техникалық мамандықтар бойынша үміткерлердің "Болашақ" стипендиясына арналған конкурсқа осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген шет тілдердің бірін еркін білуі туралы талап ескерілместен қатысуға хақылы. Инженерлік және техникалық мамандықтар бойынша оқытуға арналған конкурстың жеңімпаздарына "Болашақ" стипендиясының есебінен шет тілі бойынша бір семестрлік даярлықтан өтуге рұқсат беріледі. Егер стипендиат шет тілін магистрлік бағдарлама бойынша оқу үшін қажетті көлемде меңгермеген жағдайда, "Болашақ" стипендиясымен оқуын одан әрі жалғастыру құқығынан айырылады және шет тілін алдын ала үйренуге жұмсалған шығындарды республикаға қайтаруы тиіс.

                   3. "Болашақ" стипендиясын тағайындауға
                        үміткерлерді іріктеудің тәртібі

      7. "Болашақ" стипендиясын алуға іріктеу:
      жоғары оқу орнын бітірген және алған мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс істеген, 35 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары үшін үш турдан;
      Әлем алдыңғы қатарлы елдерінің үздік оқу орындарында магистр бағдарламасына өз бетінше оқуға түскен азаматтар үшін бір турдан (соңғы үшінші тур) тұрады.
      Конкурстың бірінші туры жыл сайын қазанның 1 мен 15 аралығында жоғары оқу орындарында өткізіледі. Бірінші турға осы Ереженің 5, 6-тармақтарында баяндалған өлшемдерге сәйкес және аталған жоғары оқу орнының бейініне және республикалық комиссияның хаттамалық шешімімен айқындалған мамандықтар тізбесіне сәйкес салада маманданатын кез келген кандидат қатысуға хақылы.
      Жоғары оқу орындарының ректорлары мүмкіндігі бар үміткерлерді конкурстың мерзімі мен шарттары туралы хабардар ету жөнінде барлық шараларды қолдануы тиіс. Конкурстың нәтижелері жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесінің шешімі түрінде ресми түрде ресімделуі тиіс. Бірінші турдан өткен кандидаттардың осы Ереженің 5, 6-тармақтарында баяндалған конкурстың шарттары мен өлшемдеріне сай екендігіне ректор тікелей жауап береді. Республикалық комиссияның жұмыс органының өкілі конкурсты өткізудің барлық кезеңдеріне - кафедраның отырысынан Ғылыми кеңестің отырысына дейін қатысуға, "Болашақ" стипендиясына конкурсқа қатысы бар кез келген құжатпен танысуға хақылы. Конкурстың нәтижесі жергілікті мерзімді баспасөзде (газеттерде) жариялануға тиіс. Жоғары оқу орны конкурс өткізілгеннен кейін он күн ішінде республикалық комиссияның жұмыс органына ұсынылған екінші турға кандидаттардың тізімін жеке істерімен қоса және конкурстың екінші турына ұсынылған кандидаттардың тізімі жарияланған мерзімді баспасөздің бір данасын ұсынуға тиіс.
      Конкурстың екінші турын жыл сайын қарашаның 1 мен 15 аралығында тәуелсіз шетелдік сарапшы комиссия өткізеді. Тәуелсіз сарапшы комиссияның құрамы мен жұмысын ұйымдастыруды республикалық комиссияның жұмыс органы "Болашақ" стипендиаттарын оқуға қабылдайтын елдің уәкілетті ұйымымен бірлесе отырып айқындайды. Республикалық комиссияның жұмыс органы жоғары оқу орындары ұсынған "Болашақ" стипендиясына үміткерлердің тізімін тәуелсіз шетелдік сарапшы комиссияға тапсырады. Үміткерлерді шет тілдерінде тестілеу мен әңгімелесудің нәтижесінде сарапшылар әр кандидатура бойынша өзінің тұжырымын береді.
      Тұжырымға:
      шетелдің жоғары оқу орнында қосымша тіл дайындығынсыз оқу үшін тілді меңгеру дәрежесі көрсетілген шет тілін білу бағасын;
      үміткерлер дайындығының жалпы деңгейінің бағалануын, олардың деңгейінің шетелдің жоғары оқу орындары ұсынған талаптарға сәйкестігін;
      қабылдаушы тараптың тиісті стандарттық емтихандарын тапсыруға кепілдемесін;
      әрбір кандидатура бойынша оң не теріс кепілдемелерді жинақтап қорыту мен ресімдеуді енгізу керек.
      Әрбір кандидатура бойынша жеке тұжырымдар республикалық комиссияның жұмыс органына екінші тур аяқталғаннан кейін бір ай мерзімде тапсырылады.
      Тәуелсіз сарапшы комиссия ұсынған кандидатуралар шетелде оқу құқығы үшін қабылдаушы елдің ресми стандарттық емтихандарын тапсыруға тиіс. Емтихандардың нәтижелері ресми сертификаттардың көшірмелері немесе тәуелсіз сарапшы комиссияның ресми тұжырымы түрінде ресімделуге тиіс;
      Республикалық комиссияның жұмыс органы "Болашақ" стипендиясына кандидаттар жөніндегі шетелдік тәуелсіз сарапшылардың тұжырымдары мен ресми сертификаттардың көшірмелерін үміткерлердің жеке істерімен қоса үшінші турға ұсынады.
      Конкурстың үшінші турын республикалық комиссия өткізеді. Республикалық комиссия екі іріктеу турынан өткен үміткерлердің жеке ісін зерделейді және олармен жеке әңгімелесу өткізеді. Республикалық комиссия әңгімелесудің нәтижелері мен Қазақстан Республикасының мамандарға мұқтаждығына сәйкес стипендияға кандидаттарды іріктейді.
      8. Егер әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің үздік оқу орындарында магистр бағдарламасына өз бетінше оқуға түскен үміткерлер шетелден әңгімелесуге келе алмайтын жағдайда, ұсынылған құжаттар мен материалдарды зерделеп, талқылау жолымен сырттай шешім қабылдануы мүмкін.
      Бұл санаттағы үміткерлерге "Болашақ" стипендиясын тағайындау туралы шешім республикалық комиссия мүшелерінің ашық дауысымен қабылданады.
      9. Шетелде оқытуға ұсынылған үміткерлерге "Болашақ" стипендиясын тағайындау туралы түпкілікті шешімді республикалық комиссия қабылдайды. Шешім отырыстың хаттамасымен ресімделеді және оған комиссияның қатысып отырған мүшелерінің барлығы қол қояды.

              4. Шетелде оқыту үшін стипендиатпен келісім-шарт
                      міндеттемелерін жасасу мен орындау

      10. Республикалық комиссия "Болашақ" стипендиаттарының тізімін бекіткеннен кейін, республикалық комиссияның жұмыс органы стипендиатпен келісім-шарт жасасады.
      Келісім-шарт міндетті түрде:
      келісім-шарттың мәнін;
      тараптардың құқықтары мен міндеттемелерін;
      осы Ереженің 13-тармағында қарастырылған жағдайда стипендиаттың оны оқытуға жұмсалған қаражатты қайтаруы жөніндегі міндеттемелерін орындауын қамтамасыз етудің жолын;
      оқытудың мерзімі мен шарттарын;
      стипендиаттың міндетті түрде бес жыл бойы (шетелде оқуы аяқталғаннан кейін) мемлекеттік қызметте немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім ұйымдарында педагогикалық жұмыста, Қазақстан Республикасының мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарында ғылыми-зерттеу жұмысында, әскери қызметте, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құқық қорғау ұйымдарында қызметте болуы туралы шартты білдіруге тиіс.
      11. Келісім-шарт "Болашақ" стипендиаттарын оқытуға шетелдік

әріптестеріне қаржылай қаражат аудару үшін негізгі құжат болып табылады.
     12. Шетелдік әріптестерімен есеп айырысулар жүргізгеннен кейін, 
республикалық комиссияның жұмыс органы келісім-шартта көрсетілген мерзімде 
шетелдік жоғары оқу орындарында оқыту үшін стипендиаттарды жіберуді 
қамтамасыз етеді.
     13. Егер стипендиат оқу бағдарламасынан дәлелсіз себептермен шығып 
қалған, келісім-шартта белгіленген өзінің міндеттемелерін орындамаған 
жағдайда, ол оны оқытуға жұмсалған ақшаның барлық сомасын қайтаруға 
міндетті.
     
                                                  Қазақстан Республикасы
                                                      Президентінің
                                                 2000 жылғы 12 қазандағы
                                                     N 470 Жарлығымен
                                                        бекітілген
     
                    Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі
                      республикалық комиссия туралы
                                 Ереже
     
                           1. Жалпы ережелер
     


      1. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі - республикалық комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін кандидатуралар іріктеу мақсатында құрылған Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Республикалық комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері мен осы Ережені басшылыққа алады.
      3. Республикалық комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді. Республикалық комиссияны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы басқарады. Республикалық комиссияның хатшысы лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болып табылады.

                  2. Республикалық комиссияның міндеттері

      4. Республикалық комиссияның негізгі міндеттері:
      шетелде кадрлар даярлау жөніндегі жалпы стратегияны айқындау жөнінде ұсыныстар жасау;
      Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясына (бұдан әрі - "Болашақ" стипендиясы) іріктеудің жыл сайынғы жоспарын айқындау және бекіту;
      белгіленген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясына үміткерлерді іріктеу мен оны тағайындаудың ережесіне сәйкес "Болашақ" стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылдау;
      оқу жылының қорытындылары бойынша "Болашақ" стипендиаттарының оқу нәтижелерін қарау және олардың шетелде оқуды жалғастыруы (немесе тоқтатуы) туралы шешім қабылдау;
      "Болашақ" стипендиаттарын жұмысқа орналастыру жөнінде ұсынымдар дайындау;
      Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін, негізгі қызметі үшін қажетті басқа функцияларды жүзеге асыру болып табылады.

                  3. Республикалық комиссияның ұйымдастырылуы
                              мен қызметінің тәртібі

      5. Республикалық комиссияның төрағасы оның жұмысын ұйымдастырады және республиканың заңдары мен осы Ережеге сәйкес республикалық комиссияның қызметін қамтамасыз етеді.
      6. Республикалық комиссияның хатшысы жоғары оқу орындарының ректорлары мен шетелдік тәуелсіз сарапшы комиссиялар дайындаған құжаттар мен материалдарды республикалық комиссияның қарауына ұсынады.
      7. Республикалық комиссияның төрағасы мен мүшелері оның жұмысына қоғамдық негізде қатысады.
      8. Республикалық комиссияның отырыстары оның жоспарына сәйкес өткізіледі. Жоспардан тыс отырыстар қажеттігіне қарай республикалық комиссия төрағасының шешімі бойынша өткізіледі.
      Республикалық комиссияның отырыстары комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қатысқан жағдайда құқықтық күші болады.
      9. Республикалық комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелері санының төрттен үшінің дауысымен қабылданады.
      10. Республикалық комиссияның жұмыс органы мынадай функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі болып табылады:
      "Болашақ" стипендиясына арналған конкурсты өткізудің мерзімі мен шарттары туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етеді;
      Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясына үміткерлерді іріктеу мен оны тағайындаудың ережесіне сәйкес "Болашақ" стипендиясына үміткерлерді іріктеудің алғашқы екі турын өткізудің ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді;
      шет мемлекеттердің уәкілетті ұйымдарымен бірлесе отырып шетелдік

тәуелсіз сарапшы комиссиялардың құрамы мен екінші турдың өткізілу тәртібін 
айқындайды;
     "Болашақ" стипендиясына үміткерлердің жеке істерінің мазмұнына 
қойылатын жалпы талаптарды белгілейді;
     қажетті құжаттардың (келісім-шарт, шарт) халықаралық талаптарға 
сәйкес дайындалуын жүзеге асырады;
     шетелдің білім ұйымдарымен байланыс орнатады;
     "Болашақ" стипендиаттарын оқытуға бөлінген қаржылай қаражаттың 
жұмсалуы туралы шетелдік әріптестердің қаржы есебін беруін қамтамасыз 
етеді;
     шетелдің білім мекемелерімен бірлесе отырып "Болашақ" 
стипендиаттарының тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын, тамақтануын, медициналық 
қызмет көрсетуді жақсарту жөнінде шаралар қолданады.
     
                       4. Қызметінің тоқтатылу тәртібі
     
     11. Республикалық комиссияның қызметін тоқтату туралы шешімді 
Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.




     Оқығандар:
     
     Багарова Ж.А.
     Икебаева А.Ж.