Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 21 сәуiрдегi N 367

Жаңартылған
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы (Мемтерминком) туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясының құрамы бекiтiлсiн.
      3. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 30 маусымдағы N 744 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 27, 304-құжат);

     "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 30
маусымдағы N 744 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 17 қазандағы N 1339  

P951339_

  қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 33, 414-құжат).
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Үкiметiнiң
                                       1998 жылғы 21 сәуiрдегi
                                       N 367 қаулысымен
                                       бекiтiлген
             Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы
                 Мемлекеттiк терминология комиссиясы
                        (Мемтерминком) туралы
                              ЕРЕЖЕ
                          1. Жалпы ережелер


      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы (бұдан әрi - Мемтерминком) экономиканың, ғылымның, техниканың, мәдениеттiң барлық салалары бойынша қазақ тiлiнiң терминологиялық лексикасы саласында ұсыныстар әзiрлейтiн консультациялық кеңесшi орган болып табылады.
      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiледi.
      4. Комиссия өз қызметiнде:
      байырғы қазақ лексикасы (кәсiби лексика, диалектизм, ескiрген лексика, ауызекi тiл үлгiлерi және т.б.) сөздерiнiң қорын барынша пайдалану;
      басқа түркi тiлдерiнiң оң тәжiрибесiн термин шығармашылығында пайдалану;
      халықтардың арасындағы экономикалық, мәдени, ғылыми-техникалық байланыстарды жүзеге асыру үшiн қажеттi интернационалдық терминдердi қолдану. Аталған принцип терминдердi қазақ орфографиясының заңдарына бағындыру жолымен iске асырылады;
      ғылымның, техниканың салалық аяларында семантикасы немесе нысаны бойынша тегi жағынан жақын терминдердiң қолданылуын үйлестiру, сондай-ақ ұлттық және интернационалдық терминдердiң табиғи тепе-теңдiгiн сақтау принциптерiн басшылыққа алады.

                  2. Негiзгi мiндеттерi мен өкiлеттiгi

      5. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен өкiлеттiгi:
      отырыстарда мақұлданған терминдер мен номенклатураларды қарау және бекiту;
      экономиканың, ғылымның, техниканың және мәдениеттiң түрлi салалары бойынша комиссия бекiткен терминдердi бюллетеньдер мен салалық терминологиялық сөздiктер түрiнде шығаруға ұсынымдар дайындау, сондай-ақ терминдердi республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
      Комиссияның құзыретiне кiретiн жекелеген мәселелердi қарау үшiн терминология секцияларының ғылыми хатшылары мен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң Тiлдердi дамыту жөнiндегi департаментi терминология және сөз мәдениетi бөлiмi қызметкерлерiнiң қатарынан жұмыс топтарын құру;
      терминдер мен номенклатуралардың практикалық пайдаланылуы мен қолданылуының дұрыстығы мен дәйектiлiгiн айқындау мақсатында, қажет болған жағдайда қазақ тiлiнiң терминологиясын құру және жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды дайындау үшiн ғалымдарды, газеттер мен журналдар редакцияларының, теледидар мен радио хабарын таратудың, кiтап баспаларының, сондай-ақ республиканың мүдделi министрлiктерi мен ведомстволарының қызметкерлерiн тарту;
      экономиканың, ғылымның, техниканың және мәдениеттiң тиiстi салалары бойынша терминология секцияларын құру.

                         3. Жұмысын ұйымдастыру

      6. Комиссияның отырысы оның төрағасы бекiтетiн жұмыс жоспарына сәйкес жүйелi түрде өткiзiледi.
      Егер оған мүшелерiнiң жартысынан көбi қатысса, отырыс күшi бар деп саналады.
      7. Комиссияның хатшысы отырыстың жұмыс жоспарын, күн тәртiбiн

жасайды, комиссия мүшелерiнiң өзара iс-қимылын ұйымдастырады және iс
қағаздарының жүргiзiлуiне жауап бередi.
     8. Комиссияның шешiмдерi отырысқа қатысушы мүшелердiң санының
көпшiлiк даусымен ашық дауыспен қабылданады.
     9. Комиссияның қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiне
жүктеледi.
     10. Комиссияның қызметiн оқу-әдiстемелiк қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының
А.Байтұрсынов атындағы Тiл бiлiмi институтына жүктеледi.
     11. Мемтерминком өз қызметiнде Қазақстан Республикасының
Үкiметiне есеп бередi.
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Үкiметiнiң
                                       1998 жылғы 21 сәуiрдегi
                                       N 367 қаулысына қосымша 
<*>

     
     ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.10.27. N 1621 қаулысымен.
               

P001621_

 
     Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.03. N 397 қаулысымен.  
               

P020397_

  
     
             Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы
           Мемлекеттiк терминология комиссиясы мүшелерiнiң
                                ҚҰРАМЫ
     
     Құл-Мұхаммед                  - Қазақстан Республикасының
     Мұхтар Абрарұлы                 Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
                                     келiсiм министрi, төраға
     
     Хұсайын                       - Қазақстан Республикасының Бiлiм
     Көбей Шахметұлы                 және ғылым министрлiгi
                                     А.Байтұрсынов атындағы Тiл бiлiмi
                                     институтының директоры, төрағаның
                                     орынбасары
     
     Нұрмаханов                    - Қазақстан Республикасының
     Арыстанбек Нұрмаханұлы          Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
                                     келiсiм министрлiгi Тiлдердi дамыту
                                     жөнiндегi департаментiнiң директоры,
                                     хатшы
     
                          Комиссия мүшелерi:
     Сапарғалиев                  - Қазақ академиялық университетiнiң
     Ғайрат Сапарғалиұлы            кафедра меңгерушiсi (келiсiм
                                    бойынша) 
<*>

     
     Бодаубаев Болат              - Қазақстан Республикасының Парламенті
     Қамиұлы                        Сенатының Аударма, редакциялау және
                                    Парламент кесімдерін шығару бөлімінің
                                    меңгерушісі, жазушы (келісім бойынша)
     
     Құрманбайұлы                 - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік
     Шерубай                        университетінің кафедра меңгерушісі,
                                    филология ғылымдарының докторы
                                    (келісім бойынша)
     
     Сейдімбек Ақселеу            - Л.Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік
                                    университетінің профессоры, филология
                                    ғылымдарының докторы (келісім бойынша)
     
     Абдрахманов                  - "Егемен Қазақстан" республикалық
     Сауытбек                       газетi" ашық акционерлiк қоғамының
                                    президентi (келiсiм бойынша)
      
     Кәрібайұлы                   - Қазақстан Республикасының
     Жандар                         Парламентi Сенатының депутаты
                                    (келiсiм бойынша)
     
     Тұяқбаев                     - Қазақстан Республикасы Премьер-
     Төрегелді Рахманбердіұлы       Министрiнiң Кеңсесi Бақылау және
                                    құжаттамалық қамтамасыз ету
                                    бөлiмiнiң сектор меңгерушiсi
            
     Юсуп                         - Қазақстан Республикасы Президентi-
     Кеңес Сләмханұлы               нiң Әкiмшiлiгi Баспасөз қызметiнiң
                                    бас сарапшысы (келiсiм бойынша)