Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Республикалық терминология комиссиясы туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 21 сәуiрдегi N 367 Қаулысы

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 397 қаулысымен (24.04.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 24-1-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 397 қаулысымен (24.04.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Республикалық терминология комиссиясының құрамы;
      2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Республикалық терминология комиссиясы туралы ереже бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 397 қаулысымен (24.04.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
      2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 397 қаулысымен (24.04.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
      3. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 30 маусымдағы N 744 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 27, 304-құжат);
     "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 30 маусымдағы N 744 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 17 қазандағы N 1339 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 33, 414-құжат).

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы          
Үкiметiнiң               
1998 жылғы 21 сәуiрдегi         
N 367 қаулысымен             
бекiтiлген                

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы
Республикалық терминология комиссиясы туралы
ереже

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 397 қаулысымен (24.04.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) экономиканың, ғылымның, техниканың, мәдениеттің барлық салалары бойынша қазақ тілінің терминологиялық лексикасы саласында ұсыныстар әзірлейтін консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 397 қаулысымен (24.04.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiледi.
      4. Комиссия өз қызметiнде:
      байырғы қазақ лексикасы (кәсiби лексика, диалектизм, ескiрген лексика, ауызекi тiл үлгiлерi және т.б.) сөздерiнiң қорын барынша пайдалану;
      басқа түркi тiлдерiнiң оң тәжiрибесiн термин шығармашылығында пайдалану;
      халықтардың арасындағы экономикалық, мәдени, ғылыми-техникалық байланыстарды жүзеге асыру үшiн қажеттi интернационалдық терминдердi қолдану. Аталған принцип терминдердi қазақ орфографиясының заңдарына бағындыру жолымен iске асырылады;
      ғылымның, техниканың салалық аяларында семантикасы немесе нысаны бойынша тегi жағынан жақын терминдердiң қолданылуын үйлестiру, сондай-ақ ұлттық және интернационалдық терминдердiң табиғи тепе-теңдiгiн сақтау принциптерiн басшылыққа алады.

2. Негiзгi мiндеттерi мен өкiлеттiгi

      5. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен өкiлеттiгi:
      отырыстарда мақұлданған терминдер мен номенклатураларды қарау және бекiту;
      экономиканың, ғылымның, техниканың және мәдениеттiң түрлi салалары бойынша комиссия бекiткен терминдердi бюллетеньдер мен салалық терминологиялық сөздiктер түрiнде шығаруға ұсынымдар дайындау, сондай-ақ терминдердi республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
      терминдер мен номенклатуралардың практикалық пайдаланылуы мен қолданылуының дұрыстығы мен дәйектiлiгiн айқындау мақсатында, қажет болған жағдайда қазақ тiлiнiң терминологиясын құру және жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды дайындау үшiн ғалымдарды, газеттер мен журналдар редакцияларының, теледидар мен радио хабарын таратудың, кiтап баспаларының, сондай-ақ республиканың мүдделi министрлiктерi мен ведомстволарының қызметкерлерiн тарту;
      экономиканың, ғылымның, техниканың және мәдениеттiң тиiстi салалары бойынша терминология секцияларын құру.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.02.20 N 208, 2005.04.01 N 295, 2008.06.11 N 577 Қаулыларымен.

3. Жұмысын ұйымдастыру

      6. Комиссияның отырысы оның төрағасы бекiтетiн жұмыс жоспарына сәйкес жүйелi түрде өткiзiледi.
      Егер оған мүшелерiнiң жартысынан көбi қатысса, отырыс күшi бар деп саналады.
      7. Комиссияның хатшысы Комиссияның жұмыс жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етеді, отырыс хаттамаларын ресімдейді.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
      7-1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      Комиссияның жұмыс органы комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.
      Ескерту. Ереже 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2008.06.11 N 577 Қаулысымен, жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.
      8. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
      Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс.
      Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
      Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген кезде Комиссияның хатшысы дауыс беру парағын қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясымен қоса Комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.
      Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.
      8-1. Дауыс беру парақтарымен қоса, комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
      Ескерту. Ереже 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
      9. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.02.20. N 208 қаулысымен.
      10. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.02.20. N 208 қаулысымен.
      11. Мемтерминком өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне есеп бередi.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
1998 жылғы 21 сәуiрдегi 
N 367 қаулысымен      
бекітілген         

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі, төраға
      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі, төрағаның орынбасары
      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары, хатшы
      Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы
      «Астана» медициналық университетінің профилактикалық медицина және тамақтану кафедрасының профессоры (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Аппаратының Редакциялық-баспа бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Аппаратының Редакциялау және аударма бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Жалпы бөлімінің редакциялық сараптама және актілерді шығару секторының меңгерушісі (келісім бойынша)
      «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша)
      «Қазақстан Республикасы Заң шығару институты» мемлекеттік мекемесінің жетекші ғылыми қызметкері (келісім бойынша)
      «Назарбаев университеті» дербес білім беру ұйымының қазақ тілі кафедрасының профессоры (келісім бойынша)
      «Ана тілі» ұлттық газеті «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас редакторы (келісім бойынша)
      «Түркістан» газеті «Рауан баспалар үйі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас редакторы (келісім бойынша)
      жазушы, аудармашы(келісім бойынша).