Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы (Мемтерминком) туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясының құрамы бекiтiлсiн.
3. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 30 маусымдағы N 744 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 27, 304-құжат);
"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 30 маусымдағы N 744 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 17 қазандағы N 1339 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 33, 414-құжат).
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 21 сәуiрдегi
N 367 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы
Мемлекеттiк терминология комиссиясы
(Мемтерминком) туралы
ЕРЕЖЕ
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы (бұдан әрi - Мемтерминком) экономиканың, ғылымның, техниканың, мәдениеттiң барлық салалары бойынша қазақ тiлiнiң терминологиялық лексикасы саласында ұсыныстар әзiрлейтiн консультациялық кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiледi.
4. Комиссия өз қызметiнде:
байырғы қазақ лексикасы (кәсiби лексика, диалектизм, ескiрген лексика, ауызекi тiл үлгiлерi және т.б.) сөздерiнiң қорын барынша пайдалану;
басқа түркi тiлдерiнiң оң тәжiрибесiн термин шығармашылығында пайдалану;
халықтардың арасындағы экономикалық, мәдени, ғылыми-техникалық байланыстарды жүзеге асыру үшiн қажеттi интернационалдық терминдердi қолдану. Аталған принцип терминдердi қазақ орфографиясының заңдарына бағындыру жолымен iске асырылады;
ғылымның, техниканың салалық аяларында семантикасы немесе нысаны бойынша тегi жағынан жақын терминдердiң қолданылуын үйлестiру, сондай-ақ ұлттық және интернационалдық терминдердiң табиғи тепе-теңдiгiн сақтау принциптерiн басшылыққа алады.
2. Негiзгi мiндеттерi мен өкiлеттiгi
5. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен өкiлеттiгi:
отырыстарда мақұлданған терминдер мен номенклатураларды қарау және бекiту;
экономиканың, ғылымның, техниканың және мәдениеттiң түрлi салалары бойынша комиссия бекiткен терминдердi бюллетеньдер мен салалық терминологиялық сөздiктер түрiнде шығаруға ұсынымдар дайындау, сондай-ақ терминдердi республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
терминдер мен номенклатуралардың практикалық пайдаланылуы мен қолданылуының дұрыстығы мен дәйектiлiгiн айқындау мақсатында, қажет болған жағдайда қазақ тiлiнiң терминологиясын құру және жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды дайындау үшiн ғалымдарды, газеттер мен журналдар редакцияларының, теледидар мен радио хабарын таратудың, кiтап баспаларының, сондай-ақ республиканың мүдделi министрлiктерi мен ведомстволарының қызметкерлерiн тарту;
экономиканың, ғылымның, техниканың және мәдениеттiң тиiстi салалары бойынша терминология секцияларын құру.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.02.20 N 208, 2005.04.01 N 295, 2008.06.11 N 577 Қаулыларымен.
6. Комиссияның отырысы оның төрағасы бекiтетiн жұмыс жоспарына сәйкес жүйелi түрде өткiзiледi.
Егер оған мүшелерiнiң жартысынан көбi қатысса, отырыс күшi бар деп саналады.
7. Комиссияның хатшысы отырыстың жұмыс жоспарын, күн тәртiбiн жасайды, комиссия мүшелерiнiң өзара iс-қимылын ұйымдастырады және iс қағаздарының жүргiзiлуiне жауап бередi.
7-1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Ескерту. Тарау 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2008.06.11 N 577 Қаулысымен.
8. Комиссияның шешiмдерi отырысқа қатысушы мүшелердiң санының көпшiлiк даусымен ашық дауыспен қабылданады.
9. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.02.20. N 208 қаулысымен.
10. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.02.20. N 208 қаулысымен.
11. Мемтерминком өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне есеп бередi.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 21 сәуiрдегi
N 367 қаулысына
қосымша
Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.10.27 N 1621, 2002.04.03 N 397, 2002.10.09 N 1099, 2003.05.23 N 486, 2004.02.20 N 208, 2005.04.01 N 295, 2006.06.27 N 588, 2007.10.04 N 897, 2008.06.11 N 577, 2008.12.31. N 1338, 2009.11.13 N 1834Қаулыларымен.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы
Мемлекеттiк терминология комиссиясы мүшелерiнiң
ҚҰРАМЫ
Құл-Мұхаммед - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Мұхтар Абрарұлы және ақпарат министрі, төраға
Төлебаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ғазиз Тұрысбекұлы және ақпарат вице-министрі, төрағаның
орынбасары
Алпысбаев - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Төлеубек Жұмагелдіұлы ақпарат министрлігінің Тіл комитеті
нормативтік-лингвистикалық проблемалар
басқармасының бастығы, хатшы
Комиссия мүшелерi:
Юсуп - Қазақстан Республикасы Президентi-
Кеңес Сләмханұлы нiң Әкiмшiлiгi Баспасөз қызметiнiң
бас сарапшысы (келiсiм бойынша)
Кекілбаев Әбіш - Қазақстан Республикасының
Парламенті Сенатының депутаты
(келісім бойынша)
Омашұлы Дәуітәлі - Қазақстан Республикасы
Парламентінің Мәжілісі
Аппаратының редакциялау және
аударма бөлімнің меңгерушісі
(келісім бойынша)
Айымбетов - Қазақстан Республикасының Парламентi
Мәди Сенатының Аппараты Редакциялау,
аударма және актiлер шығару
бөлiмiнiң меңгерушiсi (келісім
бойынша)
Абдрахманов - "Егемен Қазақстан" республикалық газеті"
Сауытбек акционерлік қоғамының президенті
(келісім бойынша)
Бейсенбайұлы - "Қазақ ақпарат агенттігі" ұлттық
Жарылқап компаниясын акционерлiк қоғамының
бас редакторы (келiсiм бойынша)
Момынова - Қазақстан Республикасы Бiлiм және
Бағдан Қапайқызы ғылым министрлігі Әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университетiнiң
профессоры
Қалиев - "Абылай хан атындағы Қазақ
Байынқол Қалиұлы мемлекеттiк халықаралық қатынастар
және әлем тiлдерi университетi"
акционерлiк қоғамының профессоры,
филология ғылымдарының докторы
Ахметов - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Мұхамедия сақтау министрлігінің Қазақ
мемлекеттік медицина академиясы
тағамтану кафедрасының
профессоры, медицина ғылымдарының
кандидаты
Құрманбайұлы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Шерубай министрлігі "А. Байтұрсынов атындағы Тіл
білімі институты" республикалық
мемлекеттік кәсіпорнының директоры,
профессор, филология ғылымдарының докторы
Айтбайұлы - "Қазақ тілі" халықаралық қоғамының
Өмірзақ президенті, Қазақстан Республикасы Ұлттық
ғылым академиясының академигі, филология
ғылымдарының докторы (келісім бойынша)
Ибраим - "Ана тілі" ұлт газетінің бас редакторы
Самат Бектенұлы (келісім бойынша)
Шаймерден - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Ербол Шаймерденұлы ақпарат министрлігі Тіл комитетінің
төрағасы