Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 30 маусымдағы N 744 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 17 қазан N 1339. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.04.21. N 367 қаулысымен. ~P980367


     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
     1. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы
Мемлекеттiк терминологиялық комиссия туралы" Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 30 маусымдағы 
N 744 қаулысымен  

P940744_

  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., 
N 27, 304-құжат) бекiтiлген Мемлекеттiк терминологиялық комиссиясының
құрамына мыналар енгiзiлсiн:
     Тасмағамбетов И.Н.  - Қазақстан Республикасы
                           Премьер-министрiнiң орынбасары
                           (төраға)
     Көшербаев Қ.Е.      - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
                           Аппараты Басшысының орынбасары,
                           Iшкi саясат бөлiмiнiң меңгерушiсi
                           (комиссия мүшесi)
     Жұрынов М.Ж.        - Қазақстан Республикасының Бiлiм
                           министрi (комиссия мүшесi)
     2. Комиссияның құрамынан Т.Т. Жүкеев, Е.Ә. Мәмбетқазиев,
С.А. Абдрахманов шығарылсын.
            Қазақстан Республикасының
              Премьер-министрi