1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы (Мемтерминком) туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясының құрамы бекiтiлсiн.
3. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 30 маусымдағы N 744 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 27, 304-құжат);
"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 30 маусымдағы N 744 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 17 қазандағы N 1339 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 33, 414-құжат). Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 21 сәуiрдегi N 367 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы (Мемтерминком) туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы (бұдан әрi - Мемтерминком) экономиканың, ғылымның, техниканың, мәдениеттiң барлық салалары бойынша қазақ тiлiнiң терминологиялық лексикасы саласында ұсыныстар әзiрлейтiн консультациялық кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiледi.
4. Комиссия өз қызметiнде:
байырғы қазақ лексикасы (кәсiби лексика, диалектизм, ескiрген лексика, ауызекi тiл үлгiлерi және т.б.) сөздерiнiң қорын барынша пайдалану;
басқа түркi тiлдерiнiң оң тәжiрибесiн термин шығармашылығында пайдалану;
халықтардың арасындағы экономикалық, мәдени, ғылыми-техникалық байланыстарды жүзеге асыру үшiн қажеттi интернационалдық терминдердi қолдану. Аталған принцип терминдердi қазақ орфографиясының заңдарына бағындыру жолымен iске асырылады;
ғылымның, техниканың салалық аяларында семантикасы немесе нысаны бойынша тегi жағынан жақын терминдердiң қолданылуын үйлестiру, сондай-ақ ұлттық және интернационалдық терминдердiң табиғи тепе-теңдiгiн сақтау принциптерiн басшылыққа алады.
2. Негiзгi мiндеттерi мен өкiлеттiгi
5. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен өкiлеттiгi:
отырыстарда мақұлданған терминдер мен номенклатураларды қарау және бекiту;
экономиканың, ғылымның, техниканың және мәдениеттiң түрлi салалары бойынша комиссия бекiткен терминдердi бюллетеньдер мен салалық терминологиялық сөздiктер түрiнде шығаруға ұсынымдар дайындау, сондай-ақ терминдердi республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
Комиссияның құзыретiне кiретiн жекелеген мәселелердi қарау үшiн терминология секцияларының ғылыми хатшылары мен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң Тiлдердi дамыту жөнiндегi департаментi терминология және сөз мәдениетi бөлiмi қызметкерлерiнiң қатарынан жұмыс топтарын құру;
терминдер мен номенклатуралардың практикалық пайдаланылуы мен қолданылуының дұрыстығы мен дәйектiлiгiн айқындау мақсатында, қажет болған жағдайда қазақ тiлiнiң терминологиясын құру және жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды дайындау үшiн ғалымдарды, газеттер мен журналдар редакцияларының, теледидар мен радио хабарын таратудың, кiтап баспаларының, сондай-ақ республиканың мүдделi министрлiктерi мен ведомстволарының қызметкерлерiн тарту;
экономиканың, ғылымның, техниканың және мәдениеттiң тиiстi салалары бойынша терминология секцияларын құру.
3. Жұмысын ұйымдастыру
6. Комиссияның отырысы оның төрағасы бекiтетiн жұмыс жоспарына сәйкес жүйелi түрде өткiзiледi.
Егер оған мүшелерiнiң жартысынан көбi қатысса, отырыс күшi бар деп саналады.
7. Комиссияның хатшысы отырыстың жұмыс жоспарын, күн тәртiбiн
жасайды, комиссия мүшелерiнiң өзара iс-қимылын ұйымдастырады және iс қағаздарының жүргiзiлуiне жауап бередi. 8. Комиссияның шешiмдерi отырысқа қатысушы мүшелердiң санының көпшiлiк даусымен ашық дауыспен қабылданады. 9. Комиссияның қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiне жүктеледi. 10. Комиссияның қызметiн оқу-әдiстемелiк қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының А.Байтұрсынов атындағы Тiл бiлiмi институтына жүктеледi. 11. Мемтерминком өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне есеп бередi. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 21 сәуiрдегi N 367 қаулысына қосымша <*> ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.10.27. N 1621 қаулысымен. P001621_ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы мүшелерiнiң ҚҰРАМЫ А.С.Сәрсенбаев - Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрi (төраға) Е.Ш.Шәймерденов - Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Тiлдердi дамыту жөнiндегi департаментiнiң директоры, (төрағаның орынбасары) Комиссия мүшелерi: Ө.А.Айтбаев - халықаралық "Қазақ тiлi" қоғамының вице-президентi Н.Блиев - Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы Математика және механика институтының директоры У.Қалижанов - "Егемен Қазақстан" газетiнiң бас редакторы Б.Қалиев - Қазақ мемлекеттiк халықаралық қатынас және әлем тiлдерi университетiнiң кафедра меңгерушiсi М.Б.Қасымбеков - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Кеңсесiнiң меңгерушiсi (келiсiм бойынша) Ә.Н.Нысанбаев - Қазақ энциклопедиясының бас редакторы Ғ.С.Сапарғалиев - Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы Заң институтының директоры Әбділдин Жабайхан - Қазақстан Республикасының Парламенті Мүбәракұлы Сенатының депутаты, академик, философия ғылымдарының докторы (келісім бойынша) Әлісжанов Сарқыт - Л.Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік Қалымұлы университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты, комиссия хатшысы (келісім бойынша) Бодаубаев Болат - Қазақстан Республикасының Парламенті Қамиұлы Сенатының Аударма, редакциялау және Парламент кесімдерін шығару бөлімінің меңгерушісі, жазушы (келісім бойынша) Дәленов Ерболат - Ақмола медицина академиясының профессоры, Дербісәліұлы медицина ғылымдарының докторы (келісім бойынша) Ерғожин Еділ - Қазақстан Республикасының Білім және Ерғожаұлы ғылым вице-министрі, академик, химия ғылымдарының докторы Есқожин Жәдігер - С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық Зарлықұлы университетінің доценті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша) Жолдасбеков - Л.Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік Мырзатай университетінің ректоры, филология Жолдасбекұлы ғылымдарының докторы (келісім бойынша) Құрманбайұлы - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Шерубай университетінің кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы (келісім бойынша) Мұртаза Шерхан - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның халық жазушысы (келісім бойынша) Сапарбекова Әлия - Қазақстан Республикасының Президенті Әдейханқызы Әкімшілігінің Редакциялық сараптама секторының меңгерушісі (келісім бойынша) Сейдімбек Ақселеу - Л.Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы (келісім бойынша) Серғалиев - Л.Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік Мырзатай университетінің кафедра меңгерушісі, Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, филология ғылымдарының докторы (келісім бойынша)