Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 21 сәуiрдегi N 367 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы (Мемтерминком) туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясының құрамы бекiтiлсiн.
      3. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 30 маусымдағы N 744 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 27, 304-құжат);
     "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 30 маусымдағы N 744 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 17 қазандағы N 1339 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 33, 414-құжат).

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы          
Үкiметiнiң               
1998 жылғы 21 сәуiрдегi         
N 367 қаулысымен             
бекiтiлген                

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы
Мемлекеттiк терминология комиссиясы
(Мемтерминком) туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы (бұдан әрi - Мемтерминком) экономиканың, ғылымның, техниканың, мәдениеттiң барлық салалары бойынша қазақ тiлiнiң терминологиялық лексикасы саласында ұсыныстар әзiрлейтiн консультациялық кеңесшi орган болып табылады.
      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiледi.
      4. Комиссия өз қызметiнде:
      байырғы қазақ лексикасы (кәсiби лексика, диалектизм, ескiрген лексика, ауызекi тiл үлгiлерi және т.б.) сөздерiнiң қорын барынша пайдалану;
      басқа түркi тiлдерiнiң оң тәжiрибесiн термин шығармашылығында пайдалану;
      халықтардың арасындағы экономикалық, мәдени, ғылыми-техникалық байланыстарды жүзеге асыру үшiн қажеттi интернационалдық терминдердi қолдану. Аталған принцип терминдердi қазақ орфографиясының заңдарына бағындыру жолымен iске асырылады;
      ғылымның, техниканың салалық аяларында семантикасы немесе нысаны бойынша тегi жағынан жақын терминдердiң қолданылуын үйлестiру, сондай-ақ ұлттық және интернационалдық терминдердiң табиғи тепе-теңдiгiн сақтау принциптерiн басшылыққа алады.

2. Негiзгi мiндеттерi мен өкiлеттiгi

      5. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен өкiлеттiгi:
      отырыстарда мақұлданған терминдер мен номенклатураларды қарау және бекiту;
      экономиканың, ғылымның, техниканың және мәдениеттiң түрлi салалары бойынша комиссия бекiткен терминдердi бюллетеньдер мен салалық терминологиялық сөздiктер түрiнде шығаруға ұсынымдар дайындау, сондай-ақ терминдердi республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
      терминдер мен номенклатуралардың практикалық пайдаланылуы мен қолданылуының дұрыстығы мен дәйектiлiгiн айқындау мақсатында, қажет болған жағдайда қазақ тiлiнiң терминологиясын құру және жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды дайындау үшiн ғалымдарды, газеттер мен журналдар редакцияларының, теледидар мен радио хабарын таратудың, кiтап баспаларының, сондай-ақ республиканың мүдделi министрлiктерi мен ведомстволарының қызметкерлерiн тарту;
      экономиканың, ғылымның, техниканың және мәдениеттiң тиiстi салалары бойынша терминология секцияларын құру.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.02.20 N 208, 2005.04.01 N 295, 2008.06.11 N 577 Қаулыларымен.

3. Жұмысын ұйымдастыру

      6. Комиссияның отырысы оның төрағасы бекiтетiн жұмыс жоспарына сәйкес жүйелi түрде өткiзiледi.
      Егер оған мүшелерiнiң жартысынан көбi қатысса, отырыс күшi бар деп саналады.
      7. Комиссияның хатшысы отырыстың жұмыс жоспарын, күн тәртiбiн жасайды, комиссия мүшелерiнiң өзара iс-қимылын ұйымдастырады және iс қағаздарының жүргiзiлуiне жауап бередi.
      7.1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      Ескерту. Тарау 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2008.06.11 N 577 Қаулысымен, жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.03 N 569 Қаулысымен.
      8. Комиссияның шешiмдерi отырысқа қатысушы мүшелердiң санының көпшiлiк даусымен ашық дауыспен қабылданады.
      9. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.02.20. N 208 қаулысымен.
      10. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.02.20. N 208 қаулысымен.
      11. Мемтерминком өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне есеп бередi. 

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
1998 жылғы 21 сәуiрдегi 
N 367 қаулысымен      
бекітілген         

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы
Мемлекеттiк терминология комиссиясының
ҚҰРАМЫ

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.03 N 569 Қаулысымен.

Мыңбай                    - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Дархан Қамзабекұлы          және ақпарат министрі, төраға

Қырықбаев                 - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Арман Оразбайұлы            және ақпарат вице-министрі, төрағаның
                            орынбасары

Құрманбайұлы              - Қазақстан Республикасы Мәдениет
Шерубай                     және ақпарат министрлiгi Тiл комитетi
                            төрағасының орынбасары, хатшы

Бұрханов                  - Қазақстан Республикасының Парламенті
Камал Низамұлы              Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Сарыбай                   - Қазақстан Республикасы Сыртқы
Қайрат Шораұлы              істер министрінің орынбасары

Сқақов                    - Қазақстан Республикасы Мәдениет
Мақсат Нұрлыбекұлы          және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің
                            төрағасы

Демеш                     - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Кеңесбек Мыңжасарұлы        Сенаты Аппаратының редакциялық-баспа
                            бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша)

Омашұлы                   - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Дәуітәлі                    Мәжілісі Аппаратының редакциялау және
                            аударма бөлімінің меңгерушісі (келісім
                            бойынша)

Әбдірахманов              - "Егемен Қазақстан" республикалық
Сауытбек Әбдірахманұлы      газеті" акционерлік қоғамының президенті
                            (келісім бойынша)

Өмірзақ                  - "Қазақ тілі" халықаралық қоғамының
Айтбайұлы                   президенті, Қазақстан Республикасы Ұлттық
                            ғылым академиясының академигі, филология
                            ғылымдарының докторы (келісім бойынша)

Ахметов                   - "Астана" медицина университеті"
Мұхамбедия                  акционерлік қоғамының профессоры,
                            медицина ғылымдарының кандидаты (келісім
                            бойынша)

Ақаев                     - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Спандияр Телғозыұлы         министрлігі "Қазақ мемлекеттік қыздар
                            педагогикалық университеті" республикалық
                            мемлекеттік кәсіпорнының филология
                            факультеті қазақ тілі кафедрасының
                            профессоры, филология ғылымдарының
                            докторы, химия ғылымдарының кандидаты
                            (келісім бойынша)

Әбішев                    - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының
Хабылсаят Әзімбайұлы        аға көмекшісі – Парламенттегі өкілі, заң
                            ғылымдарының кандидаты, доцент (келісім
                            бойынша)

Әбдірәсілов               - Қазақстан Республикасы Бiлiм және
Ербол Құралбайұлы           ғылым министрлiгi "Л.Н. Гумилев атындағы
                            Еуразия ұлттық университетi"
                            республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының
                            профессоры, филология ғылымдарының
                            докторы (келісім бойынша)

Әлісжанов                 - "Назарбаев университеті" акционерлік
Сарқыт Қалымұлы             қоғамының қазақ тілі кафедрасының
                            профессоры, филология ғылымдарының
                            докторы (келісім бойынша)

Бейсенбайұлы              - "Қазақ ақпарат агенттігі" ұлттық
Жарылқап                    компаниясы" акционерлік қоғамының бас
                            редакторы (келісім бойынша)

Ибраим                    - "Ана тілі" ұлт газетінің бас
Самат Бектенұлы             редакторы (келісім бойынша)

Пәттеев                   - "Түркістан" газетінің бас
Шәмшидин Әшенқожаұлы        редакторы (келісім бойынша)

Юсуп                      - жазушы, аудармашы (келісім
Кеңес Сләмханұлы            бойынша)