Қ.А.ИАССАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРIК УНИВЕРСИТЕТIНIҢ МӘСЕЛЕЛЕРI

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 15 наурыздағы N 273 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1482 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1482 қаулысымен.

      Қожа Ахмет Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрiк университетiн құру туралы Қазақстан Республикасы мен Түрiк Республикасы үкiметтерiнiң арасындағы келiсiмге, Қазақстан Республикасының "Жоғары бiлiм беру туралы" Заңына және Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрiк университетiнiң Жарғысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 

      1. Қазақстан Республикасынан Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрiк университетiне Өкiлеттi Кеңестiң құрамы бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).

      2. Өкiлеттi Кеңеске Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрiк университетiне жалпы басшылық жасау жүктелсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1994 жылдан бастап Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрiк университетiн (құрылымдық бөлiмшелердi: М.О.Әуезов атындағы педагогика институтын, политехника және медицина колледждерiн қоса) жеке нормативтер бойынша тiкелей қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы      
Министрлер Кабинетiнiң      
1994 жылғы 15 наурыздағы    
N 273 қаулысына         
Қосымша              

           Қазақстан Республикасынан Қ.А. Иассауи атындағы 
      Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Өкілетті Кеңесінің 
                           құрамы 

Жұмағұлов               - Қазақстан Республикасының Білім және
Бақытжан Тұрсынұлы        ғылым министрі, төрағаның орынбасары

Құрманғалиева           - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Аида Дәденқызы            сақтау вице-министрі

Пірәлиев                - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Серік Жайлауұлы           министрлігінің «Абай атындағы Қазақ ұлттық
                          педагогикалық университеті» республикалық
                          мемлекеттік кәсіпорнының ректоры

Мыңбай                  - Қазақстан Республикасы Президентінің
Дархан Қамзабекұлы        Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің
                          меңгерушісі (келісім бойынша)

Ташимов Лесбек
      Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚРМК-нің 1994.05.16 N 525, 1994.01.08 N 136, 1995.04.10 N 439, 1995.12.26 N 1862, 1996.05.17 N 611, 1998.02.26 N 149, 2001.07.14 N 957, 2001.11.26 N 1516, 2002.04.20 N 453, 2003.01.09 N 001, 2003.06.11 N 562, 2004.05.28 N 590, 2005.05.12 N 446, 2006.06.13 N 541, 2007.06.05 N 459,
2008.01.28 N 74, 2011.03.04 N 223 Қаулыларымен.