Қожа Ахмет Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрiк университетiн құру туралы Қазақстан Республикасы мен Түрiк Республикасы үкiметтерiнiң арасындағы келiсiмге, Қазақстан Республикасының "Жоғары бiлiм беру туралы" Заңына және Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрiк университетiнiң Жарғысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасынан Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрiк университетiне Өкiлеттi Кеңестiң құрамы бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
2. Өкiлеттi Кеңеске Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрiк университетiне жалпы басшылық жасау жүктелсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1994 жылдан бастап Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрiк университетiн (құрылымдық бөлiмшелердi: М.О.Әуезов атындағы педагогика институтын, политехника және медицина колледждерiн қоса) жеке нормативтер бойынша тiкелей қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 15 наурыздағы
N 273 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасынан Қ.А. Иассауи атындағы
Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Өкілетті Кеңесінің
құрамы
Түймебаев - Қазақстан Республикасы Білім және
Жансейіт Қансейітұлы ғылым министрі, төрағаның орынбасары
Құрманғалиева - Қазақстан Республикасының Экономика
Аида Дәденқызы және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Әлеуметтік сала шығыстарын жоспарлау
департаментінің директоры
Пірәлиев Серик - Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық
Жайлауұлы Қазақ-Түрік университетінің ректоры
Тұрысбеков - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
Мұхит Сексенбайұлы Оңтүстiк Қазақстан аумақтық мемлекеттiк
мүлiк және жекешелендiру комитетi
төрағасының орынбасары
Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚРМК-нің 1994.05.16. N 525, 1994.01.08. N 136, 1995.04.10. N 439, 1995.12.26. N
1862
,
1996.05.17. N
611
, 1998.02.26. N
149
, 2001.07.14. N
957
,
2001.11.26. N
1516
, 2002.04.20. N
453
, 2003.01.09. N
001
, 2003.06.11. N
562
, 2004.05.28. N
590
, 2005.05.12.
N 446
, 2006.06.13. N
541
, 2007.06.05. N
459
қаулыларымен.