Қ.А.ИАССАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРIК УНИВЕРСИТЕТIНIҢ МӘСЕЛЕЛЕРI

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 15 наурыз 1994 ж. N 273

Жаңартылған
      Қожа Ахмет Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрiк университетiн құру туралы Қазақстан Республикасы мен Түрiк Республикасы үкiметтерiнiң арасындағы келiсiмге, Қазақстан Республикасының "Жоғары бiлiм беру туралы" Заңына және Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрiк университетiнiң Жарғысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасынан Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық

Қазақ-Түрiк университетiне Өкiлеттi Кеңестiң құрамы бекiтiлсiн
(қоса берiлiп отыр).
     2. Өкiлеттi Кеңеске Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық
Қазақ-Түрiк университетiне жалпы басшылық жасау жүктелсiн.
     3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1994 жылдан
бастап Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрiк университетiн
(құрылымдық бөлiмшелердi: М.О.Әуезов атындағы педагогика
институтын, политехника және медицина колледждерiн қоса) жеке
нормативтер бойынша тiкелей қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                      1994 жылғы 15 наурыздағы
                                          N 273 қаулысына
                                             Қосымша
     
            Қазақстан Республикасынан Қ.А. Иассауи атындағы 
         Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Өкілетті Кеңесінің 
                             құрамы 
<*>
 
     
     
     Беркімбаева               - Қазақстан Республикасының Білім
     Шәмша Көпбайқызы            және ғылым министрі,
                                 Кеңес төрағасының орынбасары
     
     Мусин                     - Қазақстан Республикасы Премьер-
     Ерік Мазанұлы               Министрінің Кеңсесі Әлеуметтік-
                                 мәдени даму бөлімінің меңгерушісі
     
     Сәбден Оразалы            - Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық 
     Сәбденұлы                   Қазақ-Түрік университетінің ректоры
     
     Коржова                   - Қазақстан Республикасының 
     Наталья Артемовна           Қаржы вице-министрі 
     
     Қалиев Ғайни Әлiмұлы      - Қазақстан Республикасының         
                                 Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты  
                           


      Ескерту. Құрам өзгерді - ҚРМК-нің 1994.05.16. N 525 , 1994.01.08. N 136, 1995.04.10. N 439, 1995.12.26. N 1862 P951862_ , 1996.05.17. N 611 P960611_ , 1998.02.26. N 149 Р980149_ , 2001.07.14. N 957 Р010957_ , 2001.11.26. N 1516 P011516_ , 2002.04.20. N 453 Р020453_ қаулыларымен.