Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 15 наурыздағы N 273 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 мамырдағы N 446 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1482 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 124 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн еткен соң, бірақ 2012.01.30 ерте емес қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Iшкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса берiлiп отырған сатып алу, сақтау, тасымалдау, әкелу және әкету iшкi iстер органдарының рұқсаты бойынша жүзеге асырылатын түрлi-түстi бейнедегі көбейту-көшіру техникасының тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
2005 жылғы 12 мамырдағы  
N 448 қаулысымен    
бекiтiлген    

  Сатып алу, сақтау, тасымалдау, әкелу және әкету iшкi
iстер органдарының рұқсаты бойынша жүзеге асырылатын
түрлi-түстi бейнедегi көбейту-көшiру техникасының
тiзбесi

      Айыру қабiлетi, оның iшiнде 1 дюймге (dpi) 1200 нүкте және одан жоғары интерполяция мүмкiндігі немесе 1 дюймге (lpi) 150 растрлық нүкте және одан жоғары линиатурасы бар төрт және одан да көп түстi пайдалана отырып, басудың мынадай:
      1) ксерографиялық;
      2) сублимациялық;
      3) балауыздың негiзiнде сиямен термиялық жазу;
      4) бүрiккiш технологиясы бар түрлi-түстi бейнедегі толық түстi көбейту-көшiру техникасы.