Қ.А.ИАССАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРIК УНИВЕРСИТЕТIНIҢ МӘСЕЛЕЛЕРI

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 15 наурыз 1994 ж. N 273

Қолданыстағы
      Қожа Ахмет Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрiк университетiн құру туралы Қазақстан Республикасы мен Түрiк Республикасы үкiметтерiнiң арасындағы келiсiмге, Қазақстан Республикасының "Жоғары бiлiм беру туралы" Заңына және Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрiк университетiнiң Жарғысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасынан Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық

Қазақ-Түрiк университетiне Өкiлеттi Кеңестiң құрамы бекiтiлсiн
(қоса берiлiп отыр).
     2. Өкiлеттi Кеңеске Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық
Қазақ-Түрiк университетiне жалпы басшылық жасау жүктелсiн.
     3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1994 жылдан
бастап Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрiк университетiн
(құрылымдық бөлiмшелердi: М.О.Әуезов атындағы педагогика
институтын, политехника және медицина колледждерiн қоса) жеке
нормативтер бойынша тiкелей қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1994 жылғы 15 наурыздағы
                                           N 273 қаулысына
                                            Қосымша
     
            Қазақстан Республикасынан Қ.А. Иассауи атындағы 
         Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Өкілетті Кеңесінің 
                             құрамы 
<*>
 
     
     Бектұрғанов                       - Қазақстан Республикасының 
     Нұралы Сұлтанұлы                    Білім және ғылым министрі, 
                                         Кеңес төрағасының орынбасары; 
     
     Жоламан                           - Қазақстан Республикасының 
     Рүстем Қабидоллаұлы                 Премьер-Министрі Кеңсесінің 
                                         бөлім меңгерушісі; 
     
     Жұмағұлов                         - Қазақстан Республикасының 
     Бақытжан Тұрсынұлы                  Білім және ғылым бірінші 
                                         вице-министрі; 
     
     Коржова                           - Қазақстан Республикасының 
     Наталья Артемовна                   Қаржы вице-министрі; 
     
     Сәбден Оразалы Сәбденұлы 
     


      Ескерту. Құрам өзгерді - ҚРМК-нің 1994.05.16. N 525 , 1994.01.08. N 136, 1995.04.10. N 439, 1995.12.26. N 1862 P951862_ , 1996.05.17. N 611 P960611_ , 1998.02.26. N 149 Р980149_ , 2001.07.14. N 957 Р010957_ қаулыларымен.