Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 15 наурыздағы N 273 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 26 ақпандағы N 149 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1482 қаулысымен

      "Қазақстан Республикасының көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 12 қаңтардағы N 8 P980008_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң

1997 жылғы 21 қарашадағы N 1636  

P971636_

  қаулысына мынадай өзгерiстер
енгiзiлсiн:
     көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Еңбек
және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi туралы ережеге:
     "Миссиясы" деген кiрiспедегi "көшi-қон" деген сөз алынып
тасталсын;
     5-тармақтың алтыншы абзацы алынып тасталсын;
     6-тармақтың жетiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
     "Алматы қаласының әкiмi мен Қазақстан Республикасының Көшi-қон
және демография жөнiндегi агенттiгiнiң статистикалық есептерi мен
ақпараттарының деректерi бойынша еңбек көшi-қоны процесiне талдау,
болжау және реттеу жүргiзу";
     7-тармақта:
     он бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
     "еңбек көшi-қоны саласындағы халықаралық келiсiмдердiң жобаларын
әзiрлеуге қатысу";
     он алтыншы абзац алынып тасталсын;
     он сегiзiншi және он тоғызыншы абзацтардағы "көшi-қон" деген сөз
алынып тасталсын;
     8-тармақтың үшiншi абзацындағы "көшi-қон" деген сөз алынып
тасталсын.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi