Қ.А.ИАССАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРIК УНИВЕРСИТЕТIНIҢ МӘСЕЛЕЛЕРI

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ. 15 наурыз 1994 ж. N 273

Жаңартылған

      Қожа Ахмет Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрiк университетiн құру туралы Қазақстан Республикасы мен Түрiк Республикасы үкiметтерiнiң арасындағы келiсiмге, Қазақстан Республикасының "Жоғары бiлiм беру туралы" Заңына және Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрiк университетiнiң Жарғысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

      1. Қазақстан Республикасынан Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрiк университетiне Өкiлеттi Кеңестiң құрамы бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).

      2. Өкiлеттi Кеңеске Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрiк университетiне жалпы басшылық жасау жүктелсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1994 жылдан бастап Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрiк университетiн (құрылымдық бөлiмшелердi: М.О.Әуезов атындағы педагогика институтын, политехника және медицина колледждерiн қоса) жеке нормативтер бойынша тiкелей қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы     
Министрлер Кабинетiнiң     
1994 жылғы 15 наурыздағы   
N 273 қаулысына        
Қосымша             

          Қазақстан Республикасынан Қ.А. Иассауи атындағы
      Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Өкілетті Кеңесінің
                           құрамы

Беркімбаева               - Қазақстан Республикасының Білім
Шәмша Көпбайқызы            және ғылым министрі,
                            Кеңес төрағасының орынбасары

Пірәлиев Серик            - Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық
Жайлауұлы                   Қазақ-Түрік университетінің ректоры

Қалиев Ғайни Әлiмұлы      - Қазақстан Республикасының
                            Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты

Жұмағұлов                 - Қазақстан Республикасы Премьер-
Бақытжан Тұрсынұлы          Министрінің Кеңсесі Әлеуметтік-
                            мәдени даму бөлімінің меңгерушісі

Исаев                     - Қазақстан Республикасының
Батырхан Арысбекұлы         Экономика және бюджеттік
                            жоспарлау вице-министрі

      Ескерту. Құрам өзгерді - ҚРМК-нің 1994.05.16. N 525 , 1994.01.08. N 136, 1995.04.10. N 439, 1995.12.26. N 1862  , 1996.05.17. N 611  , 1998.02.26. N 149  , 2001.07.14. N 957  , 2001.11.26. N 1516  , 2002.04.20. N 453  , 2003.01.09. N 001  
2003.06.11. N 562  қаулыларымен.