Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қарашадағы N 1151 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 маусымдағы N 459 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Словакия Республикасының Үкіметі арасындағы Экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қарашадағы N 1151  қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақта "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі Владимир Сергеевич Школьникке" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Анатолий Григорьевич Дерновойға" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі