Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 925 қаулысы.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2019 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 925 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі" деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі".

      2."Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысында:

      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы қаулының Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және оның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің), оның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласы әділет департаментінің, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласы әдiлет департаментінің Алматы ауданы әдiлет басқармасының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласы әдiлет департаментінің Сарыарқа ауданы әдiлет басқармасының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласы әдiлет департаментінің Есіл ауданы әдiлет басқармасының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласы әдiлет департаментінің Байқоңыр ауданы әдiлет басқармасының, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қолданысы 2019 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін тоқтатыла тұрсын.";

      3. "1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны және 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1453 қаулысында:

      1-тармақтың оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (келісу бойынша) – прокурор мен тергеу судьясының (сотының) санкциясын талап етпейтін қылмыстық істер және жедел-іздестіру іс-шаралары бойынша процестік іс-қимылдарды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша, сондай-ақ өзінің құзыретіне жатқызылатын құжаттар бойынша;".

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 14.09.2023 № 799 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.03.2020 № 142 қаулысымен.

      6. "Қылмысқа қарсы күрес саласындағы ақпарат алмасу туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 қарашадағы № 1899 қаулысында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі көрсетілген Келісімнің 1-бабының 3-тармағына сәйкес депозитарийге Қазақстан Республикасынан оны орындау жөніндегі құзыретті органдар Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қаржы министрлігінің қаржы мониторингі жөніндегі органдарының экономикалық тергеу қызметі болып табылатынын хабарласын.".

      7. "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 436 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен құрылған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:

      мына:

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша)"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша);

      Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары (келісу бойынша)".

      8. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 734 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      9. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 733 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. "Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 наурыздағы № 137 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 19, 95-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің тізбесінде:

      реттік нөмірі 11-жолдағы 4-баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі".

      11. Қызмет бабында пайдалану үшін.

      12. "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге пилоттық режимде еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 939 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 68-69-70, 434-құжат):

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы қаулының ережелері Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) және оның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша аумақтық органдарының құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын қызметкерлеріне қолданылмайды.";

      көрсетілген қаулыға 1 және 2-қосымшалар осы өзгерістер мен толықтыруларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:

      Пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне бонустар төлеу, материалдық көмек көрсету, сондай-ақ "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу қағидаларында:

      2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мемлекеттік органның нысаналы индикаторлары – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Қазақстан Республикасының Әділет министрі, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және Маңғыстау облысының әкімдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы арасында жасалған меморандумда белгіленген пилоттық органның нысаналы индикаторлары;".

      13. "Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 124 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 15, 65-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018–2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында:

      "1. Бағдарламаның паспорты" деген тарауда:

      бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      ескертпеде:

      аббревиатуралардың толық жазылуында:

      "МҚІСҚА – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі" деген жол алып тасталсын.

      14. "Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 125 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 16, 67-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Қайта даярлауды сәтті аяқтаған мемлекеттік қызметшілерге қайта даярлау курстарын аяқтағанын растайтын құжат қағаз және/немесе электронды түрде беріледі.

      Қайта даярлау курстарының аяқталғанын растайтын құжатта қайта даярлаудан өткен мемлекеттік қызметші туралы мәліметтер (тегі, аты, бар болса, әкесінің аты), мемлекеттік қызметші қайта даярлаудан өткен оқу орнының атауы, қайта даярлау курсының атауы, академиялық сағаттардың саны және қайта даярлау курстарының кезеңі, оқу орнының уәкілетті адамының лауазымы, тегі, аты, бар болса, әкесінің аты, қолы, қайта даярлау туралы куәліктің нөмірі, қайта даярлау өткізілген қала және оқу орнының мөрі көрсетіледі.

      Қайта даярлау курстарының аяқталғанын растайтын электронды түрде берілетін құжат оқу орынның уәкілетті адамының электронды цифрлық қолтанбасымен куәландырылады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Біліктілікті арттыруды сәтті аяқтаған мемлекеттік қызметшілерге біліктілікті арттыруды аяқтағанын растайтын сертификат қағаз және/немесе электронды түрде беріледі.

      Сертификатта біліктілікті арттырудан өткен мемлекеттік қызметші туралы мәліметтер (тегі, аты, бар болса, әкесінің аты), мемлекеттік қызметші біліктілігін арттырған оқу орнының атауы, біліктілікті арттыру бағыты, академиялық сағаттардың саны және біліктілікті арттыру кезеңі, оқу орнының уәкілетті адамының лауазымы, тегі, аты, бар болса, әкесінің аты, қолы, сертификаттың нөмірі, біліктілікті арттыру өткізілген қала және оқу орнының мөрі көрсетіледі.

      Электронды түрде берілетін сертификат оқу орнының уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтанбасымен куәландырылады.".

      15. "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің автокөлік құралдарын жымқыруға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасының орталық құзыретті органын және құзыретті органдарын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 2 мамырдағы № 231 қаулысында:

      1-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (келісу бойынша), Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (келісу бойынша), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі органдарының экономикалық тергеу қызметі – құзыретті органдар болып айқындалсын.".

      16. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Чех Республикасының Үкіметі арасындағы Қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасынан құзыретті органдарды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 722 қаулысында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (келісу бойынша), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісу бойынша), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі (келісу бойынша), Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (келісу бойынша), Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Экономикалық тергеу қызметі келісімді іске асыру бойынша Қазақстан Республикасынан құзыретті органдар болып белгіленсін.".

      17. "Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2019 – 2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 271 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2019 – 2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:

      реттік нөмірлері 4, 49, 50 және 54-жолдардың 4-бағанында "МҚІСҚА" деген аббревиатура "МҚІА" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      ескертпеде:

      аббревиатуралардың толық жазылуында:

      "МҚІСҚА – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "МҚІА – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі".

      18. "Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 309 қаулысында:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке) Жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (келісу бойынша) есепті жылдан кейінгі 15 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жоспардың "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл" бөлімі бойынша іс-шараларының орындалуына жүргізілген мониторинг және бағалау туралы жиынтық ақпарат берсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:

      реттік нөмірлері 10, 15, 19 және 41-жолдардың 4-бағанындағы "МҚІСҚА" деген аббревиатура "СҚА", "МҚІА" деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 13-жолдың 4-бағанда "МҚІСҚА" деген аббревиатура "МҚІА" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      реттік нөмірлері 16, 18, 30, 40, 43, 51, 53, 54, 56, 57, 58, 62, 63, 65, 66 және 67-жолдардың 4-бағанында "МҚІСҚА" деген аббревиатура "СҚА" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      ескертпеде:

      аббревиатуралардың толық жазылуында:

      мынадай жолдармен толықтырылсын:

      "МҚІА – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі;

      СҚА – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)".

      19. "Мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штаб құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 15 қыркүйектегі № 129-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен құрылған Мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабтың құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары (қаржы полициясы (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары (келісу бойынша)".

      20. "Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 7 қазандағы № 89-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, төрағаның орынбасары (келісу бойынша)".

      21. "Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 11-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша);

      Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары (келісу бойынша);".

      22. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 90-ө өкімінде:

      көрсетiлген өкiмге 1-қосымшада:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңестің құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы (келісу бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы (келісу бойынша)";

      көрсетiлген өкiмге 3-қосымшада:

      Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңестің құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары (келісу бойынша)";

      көрсетiлген өкiмге 6-қосымшада:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы (келісім бойынша)".

      23. Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері бойынша ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 3 қарашадағы № 111-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері бойынша ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі комиссия құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы (келісім бойынша);" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы (келісу бойынша);".

      24. "2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексін және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 9-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексін және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесінде:

      реттік нөмірлері 37 және 38-жолдардың 4-бағанында "МҚІСҚА" деген аббревиатура "СҚА" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      реттік нөмірлері 37, 38, 154, 155, 156, 157, 158, 159, 160, 161 және 164-жолдардың 5-бағанында "2019" деген сандар "2020" деген сандармен ауыстырылсын;

      ескертпеде:

      аббревиатуралардың толық жазылуында:

      "МҚІСҚА — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "СҚА – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)".

      25. "Түркістан облысын дамыту перспективалары жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 20 маусымдағы № 73-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен құрылған Түркістан облысын дамыту перспективалары жөніндегі комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша);

      Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары (келісу бойынша);".

      26. "Заңнаманы жүйелеу және оны жаңғырту жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 тамыздағы № 102-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен құрылған Заңнаманы жүйелеу және оны жаңғырту жөніндегі комиссиясының құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы (келісу бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары (келісу бойынша)".

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 925 қаулысына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 939 қаулысына
2-қосымша

Пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын деңгейлер мен функционалдық блоктар бойынша бөлу

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның атауы

Функционалдық блоктағы** деңгейлер*

SCS

A

B

C

1

2

3

4

5

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аппарат басшысы

15

-

-

-

Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппаратының басшысы

14

-

-

-

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департамент директоры
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) департамент директоры
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің департамент директоры

-

12

11

10

Астананың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының басшысы

-

12

-

-

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық органының басшысыҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласы әділет департаментінің басшысыОблыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының басшысы
Астананың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органы басшысының орынбасары
Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппараты басшысының орынбасарыОблыс ауданы, қаладағы аудан және облыстық маңызы бар қала әкімінің орынбасары

-

11

-

-

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департамент директорының орынбасары
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) департамент директорының орынбасары
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің департамент директорының орынбасары

-

11

10

9

Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкіміҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық органы басшысының орынбасарыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Әдеп жөніндегі кеңесі хатшылығының меңгерушісіҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласының әділет департаменті басшысының орынбасарыОблыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органы басшысының орынбасарыОблыстың ауданы, қаладағы аудан және облыстық маңызы бар қала әкімі аппаратының басшысы

-

10

-

-

Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппаратының Қазақстан халқы Ассамблеясы аппаратының (хатшылықтың) меңгерушісі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласы әділет департаментінің Алматы, Сарыарқа, Есіл, Байқоңыр аудандары әділет басқармаларының басшыларыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының кеңесшісі
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының кеңесшісі
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кеңесшісі
Астана әкімінің кеңесшісіЖергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органның бөлім басшысы

-

9

-

-

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі басқармасының (қызметінің) басшысы
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басқармасының (қызметінің) басшысы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі басқарма басшысыАстана әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесінің басшысыАстананың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының бөлім басшысы

-

9

8

7

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі

-

-

9

-

Облыс, республикалық маңызы бар қала әкімінің кеңесшісіЖергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органның бөлім басшыcының орынбасары Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің орынбасары

-

8

-

-

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық органының басқарма басшысы
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) аумақтық органының басқарма басшысы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласы әділет департаментінің басқарма басшысыҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласының әділет департаменті аумақтық бөлімінің басшысы – аға сот орындаушысы
Облыстың, республикалық маңызы бар қала әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесінің басшысы
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының бөлім басшысы

-

8

7

6

Астана әкімі аппаратының бас инспекторы

-

8

7

6

Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкіліАстана әкімі аппаратының баспасөз хатшысы

-

-

8

-

Облыс, республикалық маңызы бар қала әкімі аппаратының баспасөз хатшысы

-

-

7

-

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) аумақтық органының бөлім басшысы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласы әділет департаментінің бөлім басшысыҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласы әділет департаментінің Алматы, Сарыарқа, Есіл, Байқоңыр аудандары әділет басқармаларының бөлім басшыларыОблыс ауданы, қаладағы аудан және облыстық маңызы бар қала әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары

-

7

6

5

Облыс ауданы, қаладағы аудан және облыстық маңызы бар қала әкімінің кеңесшісі

-

7

-

-

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бас консультанты
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) бас консультанты
Облыс, республикалық маңызы бар қала әкімі аппаратының бас инспекторы
Облыс, республикалық маңызы бар қала әкімі аппаратының Қазақстан халқы Ассамблеясы аппаратының (хатшылығының) бас инспекторы

-

7

6

5

Облыс, қаладағы аудан және облыстық маңызы бар қала әкімі аппаратының бас инспекторы

-

6

5

4

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының көмекшісі
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының көмекшісі
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің көмекшісіАстана қаласы әкімінің көмекшісі

-

-

-

6

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің кеңесшісі

-

6

-

-

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы орган бөлімінің сектор меңгерушісіАудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшенің басшысы

-

6

5

4

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бас сарапшысы
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бас сарапшысы
Астана әкімі аппаратының бас маманыАстана әкімі аппаратының Қазақстан халқы Ассамблеясы аппаратының (хатшылығының) бас маманы
Астананың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының бас маманы

-

6

5

4

Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, облыс ауданы, қаладағы аудан және облыстық маңызы бар қала әкімінің көмекшісі

-

-

-

5

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық органының бас маманы
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) аумақтық органының бас маманы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласы әділет департаментінің бас маманы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласы әділет департаментінің Алматы, Сарыарқа, Есіл, Байқоңыр аудандары әділет басқармаларының бас мамандары
Облыс, республикалық маңызы бар қала әкімі аппаратының бас маманыОблыстық, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының бас маманыОблыс ауданы, қаладағы аудан және облыстық маңызы бар қала әкімі аппаратының бас маманыЖергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдар бөлімінің бас маманыҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласы әділет департаментінің аумақтық бөлімінің сот орындаушысы
Облыс, республикалық маңызы бар қала әкімі аппаратының Қазақстан халқы Ассамблеясы аппаратының (хатшылығының) бас маманы

-

5

4

3

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің көмекшісі

-

-

-

4

Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі аппаратының бас маманы

-

4

3

2

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сарапшысы
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) сарапшысы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сарапшысы

-

4

3

2

Астана әкімі аппаратының жетекші маманыАстананың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының жетекші маманыАстананың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының маманы

-

4

3

2

Облыс, республикалық маңызы бар қала әкімі аппаратының жетекші маманыҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласы әділет департаментінің Алматы, Сарыарқа, Есіл, Байқоңыр аудандары әділет басқармаларының жетекші мамандарыОблыстық, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының жетекші маманыҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық органының жетекші маманы
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) аумақтық органының жетекші маманы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласы әділет департаментінің жетекші маманыОблыс ауданы, қаладағы аудан және облыстық маңызы бар қала әкімі аппаратының жетекші маманыЖергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы орган бөлімінің жетекші маманыОблыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының маманы

-

3

2

1

Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі аппаратының жетекші маманы

-

2

1

-

      Ескертпе:

      * Деңгей – мемлекеттік әкімшілік лауазымның позициясын оны бағалау нәтижесіне байланысты айқындайтын және лауазымдық айлықақы белгілеу үшін қолданылатын көрсеткіш.

      Мемлекеттік әкімшілік лауазымды бағалау мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган бекіткен Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарды пилоттық режимде бағалау және деңгейлер мен функционалдық блоктар бойынша бөлу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүргізіледі.

      ** SCS функционалдық блогы (жоғары басқару персоналы) – "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары.

      А функционалдық блогы (негізгі персонал) – "Б" корпусының мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы (аясындағы) мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функциялар жүктелген мемлекеттік әкімшілік лауазымдары.

      Бұл блокқа пилоттық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары кеңесшілерінің лауазымдары, жұмылдыру дайындығы мен азаматтық қорғаныс жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің лауазымдары жатқызылуы мүмкін.

      В функционалдық блогы (жәрдемдесуші персонал) – негізгі немесе қосалқы персоналға жататын лауазымдарды қоспағанда, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары.

      Бұл блокқа ішкі аудит, жұртшылықпен байланыс, заңдық сүйемелдеу, қаржы, кадр және мемлекеттік органның қызметін ақпаратты-технологиялық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің лауазымдары, сондай-ақ әдеп жөніндегі уәкіл лауазымдары жатады.

      Егер көрсетілген қызмет түрлері мемлекеттік органның салалық қызметі болып табылған жағдайда, бұл лауазымдар "А" функционалдық блогына жатқызылады.

      С функционалдық блогы (қосалқы персонал) – "Б" корпусының әкімшілік-шаруашылық қызметті, мемлекеттік орган немесе жоғары тұрған орган тапсырмаларының орындалуын ішкі бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі функциялар жүктелген мемлекеттік әкімшілік лауазымдары.

      Бұл блокқа мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының көмекшісі лауазымдары да жатады.

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің басшысы құрылымдық бөлімшелерді және олардың қызметкерлерінің жекелеген лауазымдарын функционалдық блоктарға бөлуді, мемлекеттік органның алдында қандай да бір уақыт кезеңінде тұрған басым міндеттерге қарай дербес жүзеге асырады.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 925 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 939 қаулысына
1-қосымша

Пилоттық органдардың тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі.

      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша аумақтық органдары.

      3. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет).

      4. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша аумақтық органдары.

      5. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.

      6. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының әділет департаменті.

      7. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының әдiлет департаменті Алматы ауданының әдiлет басқармасы.

      8. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының әдiлет департаменті Сарыарқа ауданының әдiлет басқармасы.

      9. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының әділет департаменті Есіл ауданының әдiлет басқармасы.

      10. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының әділет департаменті Байқоңыр ауданының әдiлет басқармасы.

      11. Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті атқарушы органы.

      12. Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органы.

      13. Алматы қаласының жергілікті атқарушы органы.

      14. Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органы.