Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 20.12.2022 № 1038 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған барлық органдарының қызметкерлерін лауазымдық (қызметтік) мiндеттерiн тиiсiнше орындағаны үшiн көтермелеу жүйесiн реттеу, сондай-ақ олардың функциялары мен міндеттерін уақтылы әрі сапалы орындауға материалдық мүдделілiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 12.12.2018 № 827 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс) қаулысымен.
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 20.12.2022 № 1038 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.1-1. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және олардың лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларының 27 және 28-тармақтарының ережелері 2021 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы құқықтық қатынастарға қолданылады деп белгіленсін.
Ескерту. Қаулы 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.03.2023 № 192 қаулысымен.2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Осы қаулының Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және оның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және оның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша аумақтық органдарының, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Қарағанды, Маңғыстау және Павлодар облыстарының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қолданылуы 2021 жылғы 30 маусымды қоса алғанға дейін тоқтатыла тұрсын.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 939 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі - 31.12.2019 дейін қолданыста болады); 12.12.2018 № 827; 13.12.2019 № 925; 18.02.2020 № 68 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 928 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 29 тамыздағы
N 1127 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидалары
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 20.12.2022 № 1038 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.
Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған барлық органдарының қызметкерлеріне лауазымдық (қызметтік) мiндеттерiн тиiсiнше орындағаны үшiн көтермелеу жүйесiн реттеу, сондай-ақ олардың функциялары мен міндеттерін уақтылы әрі сапалы орындауға материалдық мүдделілiгiн арттыру мақсатында әзiрлендi және еңбегiне ақы төлеу "Мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646 қбп қаулысы негiзiнде жүргiзiлетiн мемлекеттік бюджет есебiнен қамтылған барлық органдардың қызметкерлеріне қолданылады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 20.12.2022 № 1038 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.1-1. Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгiлеу бюджеттік бағдарламаны, (кішi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиісті көзделген мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.12.31. N 1385 , 2004.05.13. N 532 қауілысымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.09.11. N 793 ; 29.01.2026 № 54 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.1-2. Қызметкерлерге сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақы белгілеу:
1) мемлекеттік орган басшысы – бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) әкімшісінің, мемлекеттік мекеме басшысының не оларды алмастыратын тұлғалардың;
2) мемлекеттік органның басшысымен келісу бойынша аппарат басшысының шешімі бойынша жүргізіледі деп белгіленсін.
Ескерту. 1-2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.01.2026 № 54 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.2. Орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын өзге органдардың бірінші басшыларының не оларды алмастыратын тұлғалардың осы Қағидаларды басшылыққа ала отырып қызметкерлерге сыйлықақы беру туралы нұсқаулықты дербес әзірлеуге және бекітуге құқығы бар.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.01.2026 № 54 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.2-1. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) бонус – әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге олардың қызметінің тиімділігін бағалау нәтижесі бойынша белгіленетін ақшалай төлем;
2) бонустық қор – мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге олардың қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша бонустар төлеуге арналған, жоспарланатын бюджет қаражаты;
3) есепті кезең – қорытындысы бойынша мемлекеттік әкімшілік қызметші қызметінің қорытынды бағасы қалыптастырылатын күнтізбелік жыл;
4) сыйлықақы – біржолғы ақшалай сыйақы түріндегі көтермелеу нысаны.
Ескерту. Қағидалар 2-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 20.12.2022 № 1038 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.01.2026 № 54 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.Сыйлық беру шарттары
3. Осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес қызметкерлерге сыйлықақы беру лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны, белгілі бір кезеңдегі жұмыс нәтижелері, жалпы осы органның немесе оның жекелеген бөлімшелерінің одан әрі қалыпты (іркіліссіз) жұмыс істеуі кезек күттірмейтін және алдын ала болжанбаған жұмыстардың шұғыл орындалуына байланысты болғанда сол жұмыстарды орындағаны, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстары жоспарының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және Премьер-Министрінің актілері мен тапсырмаларының іс-шараларын уақтылы және сапалы орындағаны, егер осы өкілеттіктер қызметкерлердің лауазымдық міндеттеріне кірмесе, заң жобаларын, конвенцияларды, келісімдерді, шарттарды, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлегені және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың қызметін бағалаудың нәтижелері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген негіздерде сыйлықақы беру мереке күндеріне, мереке және мерейтой күндеріне, қызметкерлердің мерейтойларына орайластырылуы мүмкін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.01.2026 № 54 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.4. Қызметкерге:
1) оның алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде;
2) мемлекеттік орган, оның ішінде жойылған (таратылған) не қайта ұйымдастырылған мемлекеттік орган функцияларының, өкілеттіктерінің және (немесе) штат бірліктерінің басқа мемлекеттік органға берілуіне байланысты лауазымға қайта тағайындау жағдайларынан басқа сыйлықақы төлеу туралы шешім қабылданған күнге мемлекеттік органның ведомстволарын, сондай-ақ олардың аумақтық органдары мен бөлімшелерін, олардың қарамағындағы мемлекеттік мекемелерді қоса алғанда, тиісті мемлекеттік органда қызметкер ретінде (еңбегiне ақы төлеу "Мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646 қбп қаулысы негiзiнде жүргiзiлетiн) күнтізбелік отыз күннен кем жұмыс істеген болса;
3) сынақ мерзімінен өту кезеңінде;
4) ол жалақысы сақталмайтын демалыстан, оқу демалысынан және бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыстан шығып, бұл демалыстардың ұзақтығы алты ай және одан көп болса және сыйлықақы төлеу туралы шешім қабылданған күнге ол күнтізбелік отыз күннен кем жұмыс істеген болса, сыйлықақы берілмейді.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.01.2026 № 54 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Лауазымдық жалақысына үстемеақылар белгілеу
шарттары
5. Қызметкердің лауазымдық жалақысына үстемеақы белгілеу:
1) қысқартылған қызметкерлердің және (немесе) бос/уақытша бос лауазымдардың функцияларын өзінің негізгі жұмысынан босатылмай орындағаны;
2) уақытша болмаған қызметкерлердің міндеттерін (функцияларын) өзінің негізгі жұмысынан босатылмай орындағаны;
3) оған ауқымы кеңейтілген міндеттердің жүктелгені;
4) кәсіптік жоғары деңгеймен және құзыреттілікпен ұштасатын жұмыстағы жеткілікті тәжірибесі (өтіл) мен машығын практикада табысты қолданғаны;
5) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын құжаттармен жұмыс үшін олардың орындалған көлеміне қарай;
6) қызметкер жалақысы төмен лауазымға жұмыста мертігуіне, кәсіптік ауруға шалдығуына немесе осы мемлекеттік органда еңбек міндеттерін орындауына байланысты денсаулығына өзге зақым келуіне орай ауыстырылғаны (тағайындалғаны) үшін еңбекке жарамдылығы қалпына келгенге не мүгедектік белгіленгенге дейін, сондай-ақ органның басқару құрылымының өзгеруіне орай –ауыстырылған (тағайындалған) күнінен бастап бір жылға дейін жүзеге асырылуы мүмкін.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.01.2026 № 54 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.6. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.01.2026 № 54 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
7. <*>
Ескерту. 7-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің
2004.11.15. N 1197 қаулысымен .
Материалдық көмек көрсету ережелері
8. Қызметкерге материалдық көмек көрсету:
1) оның жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары қайтыс болған;
2) өзі некеге тұрған;
3) баласы туған, оның бала асырап алған;
4) өзі қосымша қаржы шығындарын талап ететін ем қабылдаған (санаторийде емделуден басқа, күнтізбелік он және одан көп күн стационарлық немесе амбулаторлық емделуі);
5) оған қатысты құқыққа қарсы іс-қимыл жасалуы (тонау, ұрлық және басқалары), сондай-ақ дүлей зілзала (өрт, су тасқыны, жер сілкінісі және т.б.) салдарынан мүліктік зиян келтірілген;
6) ол зейнеткерлiкке шыққан жағдайларда жүзеге асырылады.
Қызметкерге материалдық көмек көрсету аталған жағдайлар осы мемлекеттік мекемеде жұмыс істеген кезеңде туындаған болса жүзеге асырылуы мүмкін.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.01.2026 № 54 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Қызметкерлерге сыйлықты бекіту және төлеу, материалдық
көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар
белгілеу тәртібі
9. Қызметкерлерге сыйлықақы беру және лауазымдық жалақысына үстемеақы белгілеу дербес құрылымдық бөлімшелер басшыларының, тікелей басшылардың (дербес құрылымдық бөлімшенің басшысы болмаған жағдайда), лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға құқығы бар тұлғалардың немесе мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің басшысы айқындайтын тұлғалардың жазбаша ұсынымының негізінде осы Қағидалардың 1-2-тармағында санамаланған тұлғалардың бұйрығымен жүргізіледі.
Ведомстволардың, аумақтық бөлімшелердің, мемлекеттік мекемелердің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларына сыйлықақы беру және үстемеақы белгілеу жоғары тұрған лауазымды тұлғалардың ұсынымдарының негізінде жүргізіледі.
Орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына сыйлықақы беру және үстемеақы белгілеу жоғары тұрған лауазымды тұлғалардың ұсынымы негізінде жүргізіледі не осы Қағидалардың 1-2-тармағында санамаланған тұлғалар өздері жүргізеді.
Орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың басшылары (басшылардың орынбасарлары) үшін сыйлықақы берудің өзге рәсімдері көзделуі мүмкін.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.01.2026 № 54 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.10. Ұсынымда қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, сыйлықақы (үстемеақы) беру үшін негіз және мөлшері (қажет болған жағдайда) көрсетіледі.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.01.2026 № 54 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.11. Қызметкерге материалдық көмек көрсету туралы бұйрықты қызметкердің жазбаша өтінішінің негізінде не осы органда құрылатын тиісті комиссияның қорытындысы бойынша осы Ереженің 1-2-тармағында санамаланған тұлғалар қабылдайды.
Материалдық көмек төлеу қызметкер өтініш берген күннен бастап бір жыл ішінде жүргізіледі, бұл ретте төлем жүзеге асырылатын күні қызметкер тиісті мемлекеттік мекемемен еңбек қатынастарында тұруы шарт.
Материалдық көмек көрсету туралы өтініш осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген жағдайлар басталған күннен бастап екі ай ішінде беріледі, ал осы Қағидалардың 8-тармағының 6) тармақшасында көзделген жағдай бойынша өтініш ол басталғанға дейін кемінде бір ай бұрын беріледі.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.09.11. N 793 ; 29.01.2026 № 54 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.12. Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беруге, материалдық көмек көрсетуге және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеуге мемлекеттiк бюджет қаражатын бөлу Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің нормативтік құқықтық кесімдерімен айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасы органдарының бюджеттiк бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу жолымен жүргізіледі. <*>
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің
2003.12.31. N 1385 қаулысымен.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.05.13. N 532 қаулысымен.
13. Сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және үстемеақы белгілеу шығыстардың мынадай түрлері бойынша үнемдеу есебінен:
1) мына:
ел iшiндегi iссапарлар мен қызметтiк сапарлар;
елден тыс жерлерге iссапарлар мен қызметтiк сапарлар;
үй-жайды жалдауға ақы төлеу;
коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу;
байланыстың көрсетілетін қызметтерiне ақы төлеу;
көлiктiк көрсетілетін қызмет көрсетулерге ақы төлеу;
электр энергиясына ақы төлеу;
жылытуға ақы төлеу;
ғимараттарды, үй-жайларды, жабдықтарды және басқа да негізгі құралдарды ұстау, оларға қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу;
өзге көрсетілген қызметтер;
ерекше шығындар;
өзге ағымдағы шығындар бойынша жыл бойы үнемделген мемлекеттік бюджет қаражатының жалпы көлемінің 30 %-ынан асырмай, ал желтоқсанда – бір жылда үнемделген қаражаттың толық көлемінде;
2) мына:
жалақы;
өтемақы төлемдері;
жұмыс берушiлердiң жарналары;
әлеуметтік салық;
көлік құралдары иелерінің міндетті азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шығындары;
мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің мемлекеттік міндетті жеке сақтандыру шығындары;
өзге де қорларды сатып алу;
қосымша ақшалай төлемдер бойынша үнемделген мемлекеттік бюджет қаражатының толық көлемінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.01.2026 № 54 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.13-1. Ведомстволарын, сондай-ақ олардың аумақтық органдары мен бөлімшелерін, қарамағындағы мемлекеттік мекемелерді қоса алғанда, мемлекеттік орган қызметкерлерінің штат санын қысқарту туралы шешім қабылданған жағдайда мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз етуге көзделген және штат санын қысқарту нәтижесінде босаған қаражат есебінен толық көлемде үстемеақы белгілеу жүзеге асырылады.
Ескерту. 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2007.09.11. N 793 Қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.01.2026 № 54 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.14. Шығыстардың қалған түрлері бойынша мемлекеттік бюджет қаражатын үнемдеуден сыйлық беруге, материалдық көмек көрсетуге және үстемеақылар белгілеуге жол берілмейді. <*>
Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.05.13. N 532 қаулысымен .
Мемлекеттiк органдар орталық аппараттарының
мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшілерiне бюджеттiк
бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру
жоспары бойынша тиiстi органды ұстауға
көзделген мемлекеттiк бюджет қаражаты
есебiнен сыйлықақы төлеу тәртiбi
Ескерту. Тараумен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.12.31. N 1385 қаулысымен; алып тасталды - ҚР Үкіметінің 20.12.2022 № 1038 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу тәртібі
Ескерту. Қағидалар тараумен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 20.12.2022 № 1038 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.
16. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне бонус төлеу "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7617 болып тіркелген) бекітілген "А" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне (бұдан әрі – әдістеме) сәйкес жүргізілетін бағалау нәтижелері негізінде тағайындалады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.01.2026 № 54 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.17. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне бонус төлеу "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7617 болып тіркелген) бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне (бұдан әрі – үлгілік әдістеме) сәйкес жүргізілетін бағалау нәтижелері негізінде тағайындалады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.01.2026 № 54 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.17-1. Бағалау деректерді бағалаудың автоматтандырылған жүйесі арқылы өтетін мемлекеттік органдарда бонустар төлеу осы мемлекеттік органдардың ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. Қағидалар 17-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.03.2023 № 192 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.18. Бонустарды төлеу мемлекеттік органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің бірыңғай еңбегіне ақы төлеу жүйесінде бонустық қорды қалыптастыруға көзделген қаражат есебінен жүргізіледі.
19. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу жыл қорытындысы бойынша олардың қызметін бағалау нәтижелері бойынша жүзеге асырылады, ал жұмыстан шығу, еңбек қатынастарын бұзу, ротациялау болған жағдайда мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу жұмыс істеген уақытына пропорционалды түрде қызметін бағалау нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
19-1. Мемлекеттік әкімшілік қызметшімен еңбек қатынастары тоқтатылған жағдайда жергілікті атқарушы органдарда, тексеру комиссияларында және мәслихат аппараттарында 2021 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы жұмыс кезеңдері үшін бонустар төлеу қызметті бағалау нәтижелері болған және бонустар төлеу туралы өтінішпен және банк деректемелерін көрсетіп мемлекеттік органға өзі жүгінген кезде 2023 жылғы 20 желтоқсанды қоса алғанға дейін жүзеге асырылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік органдарды қоспағанда, мемлекеттік органдарда мемлекеттік әкімшілік қызметшімен еңбек қатынастары тоқтатылған жағдайда 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы жұмыс кезеңдері үшін бонустар төлеу қызметті бағалау нәтижелері болған және бонустар төлеу туралы өтінішпен және банк деректемелерін көрсетіп мемлекеттік органға өзі жүгінген кезде 2023 жылғы 20 желтоқсанды қоса алғанға дейін жүзеге асырылады.
Бонустар төлеу туралы өтініш 2023 жылғы 1 қарашаға дейін беріледі.
Мемлекеттік әкімшілік қызметші қайтыс болған жағдайда қызметті бағалау нәтижелері болған кезде мұрагерден өтемақы төлемдері болып табылатын бонустарды төлеу туралы оның (мұрагердің) банктік деректемелері көрсетілген өтініш қабылданады. Аударылған бонустарды мұрагерлер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ала алады.
Ескерту. Қағидалар 19-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.03.2023 № 192 қаулысымен.19-2. Мемлекеттік әкімшілік қызметшімен еңбек қатынастары тоқтатылған жағдайда 2023 жылғы 1 қаңтардан басталатын жұмыс кезеңі үшін бонустар төлеу қызметті бағалау нәтижелері болған және бонустар төлеу туралы өтінішпен және банк деректемелерін көрсетіп мемлекеттік органға өзі жүгінген кезде есепті жылдан кейінгі жылдың 20 желтоқсанына дейін жүзеге асырылады.
Бонустар төлеу туралы өтініш есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қарашасына дейін беріледі.
Ескерту. Қағидалар 19-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.03.2023 № 192 қаулысымен.20. Бонустарды төлеу осы Қағидалардың 19-1 және 19-2-тармақтарында көрсетілген адамдарды қоспағанда, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін қорытынды бағалау аяқталған кезден бастап бір ай ішінде жүргізіледі.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.03.2023 № 192 қаулысымен.21. Бонустарды есептеген кезде тиісті лауазым бойынша есепті кезеңде жұмыс істеген нақты күндер саны пайдаланылады.
22. Мемлекеттік әкімшілік қызметшіге бонустар төлеу қызметті бағалау жүргізілген мемлекеттік органда жүзеге асырылады, ал мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған және (немесе) таратылған (қысқартылған) жағдайда азаматтық заңнаманың ережелері қолданылады.
23. Мемлекеттік әкімшілік қызметші есепті кезең ішінде мемлекеттік орган ішінде бір лауазымнан басқа лауазымға немесе бір мемлекеттік органнан басқа мемлекеттік органға ауысқан жағдайда, бонус бұдан бұрын атқарған лауазымы бойынша, сондай-ақ атқарып отырған жаңа лауазымы бойынша есепті кезеңде нақты жұмыс істеген уақытына пропорционалды түрде есептеледі.
24. Осы Қағидалардың 23-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, есепті кезең ішінде лауазымдық айлықақы өзгерген жағдайда бонус есепті кезең ішінде қолданыста болған лауазымдық айлықақының ең үлкен мөлшері негізге алынып есептеледі.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.01.2026 № 54 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.25. Бонустар төлеу туралы шешімді:
1) "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін мемлекеттік органның басшысы не оны алмастыратын тұлға;
2) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін мемлекеттік органның басшысы не ол өкілеттік берген мемлекеттік органның аппарат басшысы қабылдайды.
26. Мемлекеттік әкімшілік қызметші бонусының мөлшері мемлекеттік органның мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің есепті кезеңдегі қорытынды бағасының нәтижелері бойынша мемлекеттік әкімшілік қызметшінің бонусын түзету нәтижесінде айқындалады.
Мемлекеттік органның мемлекеттік әкімшілік қызметшісі бонусының мөлшерін есептеу үшін мынадай формула пайдаланылады:
БМ = ЛА × 2 × ҚБп × НЖУ, мұндағы:
БМ – бонус мөлшері;
ЛА – тиісті мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық айлықақысы;
ҚБп – есепті кезеңде әдістемеге және (немесе) үлгілік әдістемеге сәйкес пайызбен айқындалатын мемлекеттік әкімшілік қызметшінің қызметін қорытынды бағалау нәтижесі;
НЖУ – мемлекеттік әкімшілік қызметшінің нақты жұмыс істеген уақыты пайызбен.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.01.2026 № 54 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.27. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің қойылған түйінді нысаналы индикаторларды орындау пайызы (Тп) мынадай қағидат бойынша айқындалады:
1) "тиімді" деп бағаланған кезде түйінді нысаналы индикаторларды орындау 80 %-дан 100 %-ға дейінгі деңгейде белгіленеді;
2) "қанағаттанарлық" деп бағаланған кезде түйінді нысаналы индикаторларды орындау 60 %-дан 80 %-ға дейінгі деңгейде белгіленеді.
28. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің қойылған түйінді нысаналы индикаторларды орындау пайызы (Тп) мынадай қағидат бойынша айқындалады:
1) "өте жақсы" деп бағаланған кезде түйінді нысаналы индикаторларды орындау 100 % деңгейінде белгіленеді;
2) "тиімді" деп бағаланған кезде түйінді нысаналы индикаторларды орындау 80 % деңгейінде белгіленеді;
3) "қанағаттанарлық" деп бағаланған кезде түйінді нысаналы индикаторларды орындау 60 % деңгейінде белгіленеді.
28-1. Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің қызметін қорытынды бағалау (ҚБп) нәтижесі пайызбен мынадай формула бойынша айқындалады:
![]()
ҚБ – қорытынды (орташа қорытынды) баға.
Ескерту. Қағидалар 28-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.03.2023 № 192 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.01.2026 № 54 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.29. Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің нақты жұмыс істеген уақыты мына формула бойынша айқындалады:
![]()
А – жұмыс уақыты;
В – күнтізбелік жылдағы жұмыс күндерінің саны.
Жұмыс уақыты – жұмыс берушінің актілеріне сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметші еңбек міндеттерін орындайтын есепті кезеңдегі уақыт, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, осы Қағидаларға, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, жұмыс берушінің актісіне сәйкес жұмыс берушінің актісімен жұмыс уақытына жатқызылған есепті кезеңдегі өзге де уақыт кезеңдері.
Жұмыс уақыты:
жыл сайынғы кезекті ақылы демалыста болған уақытты;
қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарында болған кезеңді;
іссапарда болған кезеңді;
осы мемлекеттік мекемеде еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау үстінде жұмыста мертігу немесе кәсіптік ауруға шалдығу салдарынан еңбекке уақытша қабілетсіздік туындап, толық көлемде есепке алынатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік әкімшілік қызметші еңбекке уақытша қабілетсіздігіне байланысты нақты жұмыс істемеген, бірақ есепті кезеңдегі күнтізбелік 20 күннен аспайтын уақытты (бұл ретте күнтізбелік күндерді есептеу есепті кезеңдегі еңбекке уақытша қабілетсіздік туындаған бірінші күннен бастап жүзеге асырылады);
жалақысы сақталмайтын демалыста болған, бірақ есепті кезеңде күнтізбелік 5 күннен аспайтын уақытты (бұл ретте күнтізбелік күндерді есептеу есепті кезеңдегі жалақысы сақталмайтын демалыстың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады) қамтиды.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің нақты жұмыс істеген уақытын есептеуді мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін орындау жүктелген өзге құрылымдық бөлімше (тұлға) жүзеге асырады.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.01.2026 № 54 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.30. Мемлекеттік әкімшілік қызметшіге:
1) мемлекеттік әкімшілік қызметшіде және (немесе) жұмыстан шығарылған мемлекеттік әкімшілік қызметшіде есепті кезеңде мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар үшін алынбаған тәртіптік жазасы болса;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес бонустар төлеу басталғанға дейін мемлекеттік қызметті тоқтату үшін негіз болып табылатын қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған мемлекеттік әкімшілік қызметшіге және (немесе) қызметтен шығарылған мемлекеттік әкімшілік қызметшіге бонустар төленбейді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшіге бонустар төлеу оған қатысты қылмыстық іс бонустар төлеу басталғанға дейін қозғалған жағдайда және қылмыстық іс тоқтатылғанға дейін немесе қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы сот актісі шығарылғанға дейін тоқтатыла тұрады;
3) есепті кезеңде мемлекеттік әкімшілік қызметшінің қызметі қанағаттанарлықсыз бағаланған кезде бонустар төленбейді.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.03.2023 № 192 қаулысымен.31. Ақтап үкім шығарылған немесе қылмыстық іс тоқтатылған жағдайда мемлекеттік әкімшілік қызметшіге және (немесе) жұмыстан шығарылған мемлекеттік әкімшілік қызметшіге бонус олардың қызметін бағалау нәтижелері бойынша төленеді. Бұл жағдайда нақты жұмыс істелген уақыт есепті кезеңдегі қылмыстық іс қозғалған кезден бастап ақтау үкімі шығарылғанға немесе қылмыстық іс тоқтатылғанға дейінгі уақытты да қамтиды.
Ескерту. Қағидалар 31-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.03.2023 № 192 қаулысымен.